Темір жол желілері

 

Темір жол көлігінің қарқынды дамуы қозғалысты ұйымдастырумен, жылжымалы құрамның, жолдың, электрмен қамтамасыз ету құрылғыларының және басқа да техникалық құралдардың пайдаланымға берілуімен айналысатын бөлімшелер мен қызмет орындарының ашық қарым-қатынасын талап етеді.

Технологиялық байланыстың ролі, әсіресе тікелей пойыз қозғалысын басқаруда, жүк ағымдарын реттеу мен жылжымалы құрамның әлдеқайда тиімді қолданылуын ұйымдастыруда өте зор. Әр түрлі темір жол қызметтерінің (жолаушылар, локомотивті, вагонды тасымалдау қызметтері, жолдарды, сигнал беруді және байланысты электрмен қамтамасыз ету және т.б.) тәртіппен және тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін, технологиялық байланыс желісі құрылады.

Технологиялық байланыс пойыз қозғалыстарын басқаруда, жүктерді сұрыптауда, жол жөндеу жұмыстарын басқаруда шешуші роль атқарады және темір жол көлігін басқарудағы технологиялық процестің ажыратқысыз бөлігі болып табылады.

Көлік және коммуникациялар министрлігіндегі байланыс желілерінің негізі болып, біріншілік желі табылады. Біріншілік желі – темір жол көлігінде басқару иерархиясына сәйкес келетін тарату арналарының желілік желісін құратын түйіндердің, желілік станциялар мен тарату жолдарының жиынтығынан құралады. Біріншілік желі магистральді, жолды, бөлімшелік, жергілікті және станциялық желілер болып, 5 түрге топтастырылады.

Магистральді біріншілік желі министрлік пен РГП арасындағы екіншілік электр байланыс желілерін ұйымдастыруға арналған, сондай-ақ РГП өзара байланыстыруға арналған топтық трактілер мен тональді жиілік (ТЧ) арналарының құрылуын қамтамасыз етеді.

Жолды біріншілік желі жол басқармалары мен бөлімшелері арасында екіншілік желіні ұйымдастыруға арналған, сондай-ақ бөлімшелерді бір-бірімен байланыстыруға арналған топтық трактілер мен тональді жиілік (ТЧ) арналарынан тұрады.

Бөлімшелік біріншілік желі жол бөлімшесі шегінде екіншілік желілерді ұйымдастыруға арналған тональді және төмен жиілікті арналардың, топтық трактілердің құрылуын қамтамасыз етеді.

Станциялық байланыс желілерінің құрамына темір жол станциясы шегінде ұйымдастырылатын жергілікті және жедел-технологиялық байланыстар кіреді.

 

 

3.2 сурет – Технологиялық байланыс түрлерінің құрылымдық сұлбасы

 

Темір жол көлігінде біріншілік желіні қамтамасыз ету үшін әуе, кабельді (соның ішінде талшықты-оптикалық) және радиорелелік байланыс жолдары қолданылады.

Қолданылу аймағына қарай екіншілік технологиялық желілер: жалпы қызметтік және жедел-технологиялық байланыс желілері болып бөлінеді (3.2 сурет).

Жалпы қызметтік қолданыстағы байланыс пен жергілікті телефон байланысының желілері темір жол көлігінің бөлімшелеріндегі жұмыстарды ортақ басқаруға арналған, және де жалпы қолданыстағы телефон желісіне (ТфОП) шығыстары болуы керек.

Берілетін ақпараттар түріне қарай, технологиялық байланыстың екіншілік желілері: телефонды (сөз), телеграфты (әріпті-санды тескт жіберуге арналған), мәліметтер таратушы, телемеханикалық (телебасқару және телебақылау сигналдарын таратуды қамтамасыз ететін) болып бөлінеді. Сонымен қатар, көлікте технологиялық радиобайланыс желілері жұмыс жасайды. Сымды және радиобайланыс желілері өздерінің тағайындалуы бойынша ортақ технологиялық байланыс желісін құрайды.

Станциялық технологиялық байланыс желісін мәліметтерді беру желісімен толықтырады, ол темір жол көлігінің басқару жүйесін авматтандырылған жүйемен (АСУЖТ), сондай-ақ темір жол желісінің кез-келген пункттері арасында қызметтік телеграфты хабарларды беру үшін қызмет ететін, технологиялық телеграфты байланыс желісімен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.