МЕСТ 2.311-68.

Лекция

Лекция

Лекция

Беттердің өзара қиылысуы. Көмекші қиюшы сфералар әдісі.

Кез-келген екі айналу беттерінің қиылысу сызықтарын анықтағанда, айналу беттеріне ғана тән қасиеттерін пайдаланған тиімді, яғни бірості айналу беттері (ортақ айналу остері бар беттер) барлық жағдайда айналу осіне перпендикуляр орналасқан шеңбер бойымен қиылысады. Егер беттердің остері проекциялар жазықтығына параллель болса, онда осы жазықтыққа шеңбер айналу осінің проекцияларына перпендикуляр орналасқан түзуге проекцияланады (сурет 1).

 
 

 

Бірості беттердің қиылысуының ерекшелігі, беттердің қиылысу сызығын анықтағанда, аралық бет ретінде берілген беттермен бірості сфераны пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған мәліметтер бойынша, қиюшы сфералар әдісі келесі шарттар орындалған жағдайда қолданылады: 1. Қиылысушы беттер айналу беттері болуы керек. Бұл беттердің остері өзара қиылысуы және проекциялар жазықтығының біріне параллель орналасуы тиіс.
  Сурет 1

Көмекші сфералар әдісін төмендегіі есептерді шешкенде толығырақ қарастырамыз.

Есеп. q-тор және Q конус беттері p1 және p2 жазықтықтарында өздерінің очерктерімен берілген (сурет 2).

Осы беттердің қиылысу m сызығын саламыз. Берілген q және Q беттері бірі-бірімен сфералар әдісін (сурет 2) қолдануға мүмкіндік беретін шарттар орындалатын жағдайда орналасқан. Біз іздеп отырған m-сызығы, жалпы жағдайда қисық. Оны графикалық түрде анықтау үшін сызбада нүктелердің дискретті жиынын {E, F, E¢, F¢, E¢¢, F¢¢, ... En, Fn } табу жеткілікті.

Еi, Fi нүктелерін қиюшы сфералар әдісімен табу алгоритмін қарастырайық. q және Q беттерінің айналу остерінің қиылысу нүктесі О1 қиюшы сфераның центрі болады.

1. О1 нүктесінен көмекші Yi сферасын жүргіземіз. Осындай сфералардың әрқайсысы p1 жазықтығында шеңбер түрінде кескінделінеді және q және Q беттерімен бірості болады. Бұл сфераның беттердің әрқайсысын шеңбер бойымен қиып өтетінін көрсетеді.

2. hi шеңберін саламыз, бұл шеңбер бойымен көмекші сфера Yi тор-q бетімен қиылысады. p1 жазықтығында hi шеңбері hi (hi = q ∩ y i) хордасына проекцияланады.

3. Q (¦i = Q ∩ Y i) конус бетімен аралық Yi сфераның қиылысу ¦i сызығын саламыз. Ол ¦i жазықтығында ¦ i 1.-хорда түрінде кескінделеді.

4. hi және ¦i шеңберлерінің қиылысу Еi және Fi нүктелерін саламыз. Еi және Fi нүктелерінің горизонталь проекцияларын салу үшін, осы нүктелер бойында жататын тор бетінің hi параллельдерін пайдаланамыз. Бұл параллельдер p2 жазықтығына бұрмаланусыз проекцияланады.

  А және В нүктелері m қисығының ерекше нүктелері. Ол нүктелер q және Q беттерінің очерктерінің қиылысу нүктелері түрінде анықталады.   Yi көмекші сфералардың радиустарының өзгеру шектерін анықтау үшін О1 центрінен ең алыс ерекше нүкте В1 –ге тең [О1, В1] кесіндісін таңдап аламыз. [О1, В1] кесіндісі сфераның ең үлкен радиусы болады. Сфераның ең кіші радиусы етіп, О1 центрінен қиылысатын беттердің очерктеріне дейінгі қысқа арақашықтықты анықтайтын [О1, N1] және [О1, М1] кесінділерінің үлкенін аламыз, яғни Rmin = [О1, М1]. Сфераның қалған радиустары келесі шартты қанағаттандыруы тиіс: [О1, М1] < Ryi < [О1, B1]. Сфераларды қайталап жүргізе отырып, m сызығын анықтайтын нүктелер жиынын аламыз. Егер беттердің біреуі проекциялаушы болып орналасса, онда екі беттің қиылысу сызығын табу анағұрлым жеңілдер еді.
Сурет 2

 

Проекциялаушы беттің жинақтаушы қасиетінің негізінде ізделінген сызықтың бір проекциясын сызбада қосымша салуларсыз көрсетуге болады.

Есеп.Сызбада өздерінің очерктерімен берілген q сфера және проекциялаушы Q цилиндр беттерінің m-қиылысу сызығын салу керек (сурет 3). Q цилиндр беті проекциялаушы, яғни Q2*-шеңбері оның горизонталь проекциясы. Ізделінген m сызығының горизонталь проекциясы белгілі-(m2): m2 Ì Q2*. (m) қисығының (m1) фронталь проекциясын оның нүктелерінің сфера бетіне тиістілігі шарты арқылы саламыз.

Жалпы жағдайда, екінші реттегі беттердің қиылысу сызығы кеңістік қисық болады. Енді кеңістік қисықтың екі жазық қисыққа бөлінетін жағдайын қарастырайық. Бұл Монж теоремасы орындалғанда мүмкін: егер екінші ретті екі бет екінші ретті үшінші беттің жанында немесе іштей сызылған болса, олар екі жазық қисық бойынша қиылысады.

4 суретте сфера бойымен сызылған, конустық және цилиндрлік айналу беттердің қиылысуы түрінде мысал келтірілген. Олардың қиылысу сызығы p1 жазықтығында түзуге проекцияланатын m және ℓ екі эллипске бөлінеді. Бөлінген сызықтың горизонталь проекциясын нүктелердің конустық бетке тиістілігі арқылы салуға болады. Екі беттің мұндай дербес жағдайдағы қиылысуы көптеген техникалық есептерді шешкенде кең қолданылады.

 

   
Сурет 3 Сурет 4

 

Есептерді шешіңіздер:

в) q - конус a - цилиндр   г) q - сфера a - призма
     

 

Метрикалық есептер. Жазықтық пен түзудің перпендикулярлығы. Проекция жазықтықтарын алмастыру әдісі.

 

Метрикалық есептерге кесінділердің, бұрыштардың және жазық фигуралардың аудандарының нақты шамаларын анықтауға арналған есептер жатады.

Метрикалық есептерді шешу кезінде түзулер мен жазықтықтардың перпендикуляр болу шарттарының үлкен маңызы бар.

Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы. Екі жазықтықтың және екі түзудің перпендикулярлығы. Тік бұрыштың проекциясы.

 
 

 


p2

 

Егер жазық бұрыштың екі жағы да проекция жазықтығына параллель болса, онда оның жазықтыққа нақты шамасымен кескін-делінеті белгілі. Тік бұрышқа төмендегі тео-рема дәл сипаттама береді: Егер тік бұрыштың бір жағы проек-циялар жазықтығына параллель болса, ал екінші жағы оған перпендикуляр болмаса, онда екі түзудің арасындағы тік бұрыш жазықтыққа өзгеріссіз проекцияланады (1-сурет).
  1-cурет

Есеп. А нүктесі арқылы h (h || p2) түзуіне перпендикуляр ℓ түзуін жүргізу керек.

 

       
 
   
 

 


А2
К2
2
h1
1
К1
А1

Анализ: h || p2 болғандықтан, h түзуі мен ℓ перпендикулярының арасындағы бұрыш p2 жазықтығына өзгеріссіз кес-кінделінеді (2-сурет). ГША: 1. ℓ2 ' А2 Ù ℓ2 ^ h2 2. K2 = ℓ2 ∩ h2 3. K1­ K2 Ù K1 Î h1 4. (A1K1) = ℓ2  
  2-cурет

Анықтама: Жазықтықта жататын және деңгейлік түзулердің біріне перпендикуляр орналасқан түзуді ең үлкен көлбеу сызық деп атайды.

Есеп. a {a ∩ b} жазықтығының ең үлкен көлбеу сызығын - ℓ салу керек (3-сурет).

 

       
   
А1
 
 

 

 


b2
h2
А2
K2
2
a2
a1
K1
h1
1

Анықтамаға сәйкес ℓ - ізделінген сызығы берілген a жазықтығының h горизонталына перпендикуляр болуы керек. КША: 1. h É a; h || p2 2. ℓ ' A; ℓ ^ h. Ең үлкен көлбеу сызығы a жазықтығының p2 жазықтығына көлбеулігін анықтауға мүмкіндік береді.
  3-сурет

Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығы

Егер түзу жазықтықтың екі өзара қиылысушы түзулеріне перпендикуляр болып орналасса, онда ол түзу сол жазықтыққа перпендикуляр болады.

Өзара қиылысушы түзулер ретінде h горизонталь және ¦ фронталь түзулерді алған ыңғайлы. Онда түзу мен жазықтықтың перпендикулярлығын былай жазуға болады: ℓ ^ h Þ ℓ ^ h Ù ℓ ^ ¦.

 

    4-сурет Есеп.D нүктесінен a {ABC} жазықтығына перпендикуляр ℓ түзуін түсіріп, оның К табанын табу керек (4-сурет). КША: 1. ℓ ' D; ℓ ^ a 2. K = ℓ ∩ a Есептің шешу алгоритмін кеңірек қарастырайық. 1. D нүктесінен a жазықтығына ℓ - перпендикуляр түсіру үшін, жазықтықта өзара қиылысушы түзулер фронталь ¦ {¦1¦2} және горизонталь h {h1h2} түзулерін жүргіземіз. Одан кейін ℓ {ℓ12}: ℓ1 ^ ¦1; ℓ2 ^ h2 түзуінің проекцияларын жүргіземіз. 2. Перпендикулярдың К табанын ℓ түзуі мен a жазықтығының қиылысу нүктесі ретінде табамыз.

Өзара перпендикуляр жазықтықтар

Екі жазықтықтың біреуі екіншісіне перпендикуляр түзу арқылы өтсе, онда бұл екі жазықтық өзара перпендикуляр болады.

 

       
   
A1
 
 

 

 


m2
h2
n2
h1
¦2
¦1
n1
m1

A2
Есеп. m түзуін a {h ∩ ¦} жазықтығына перпендикуляр b жазықтығына айналдыру керек (5-сурет).

Анықтамаға сәйкес, ізделініп отырған b жазықтығында a {h ∩ ¦} жазықтығына перпендикуляр орналасқан кем дегенде бір түзу болуы тиіс. Сондықтан, b жазықтығын өзара қиылысатын m және n түзулерімен аламыз, бұл жерде n түзуі a жазықтығына перпендикуляр болуы керек

ГША: 1. b {m ∩ n}; m ∩ n = A

2. n1 1; n2 ^ h2.

    5-сурет

Жалпы жағдайда орналасқан екі түзудің перпендикулярлығы

Егер бір түзу арқылы екіншісіне перпендикуляр жазықтық жүргізуге болатын болса, онда бұл екі түзу өзара перпендикуляр болады.

    Нүкте арқылы берілген түзуге перпендикуляр көп түзу жүргізуге болады, бірақ олардың біреуі ғана бұл түзумен қиылысады. А нүктесінен ℓ түзуіне перпендикуляр m түзуін жүргізу үшін: 1. А нүктесі арқылы ℓ түзуіне перпендикуляр a^ℓ жазықтығын жүргіземіз; 2. ℓ түзуімен a жазықтығының қиылысу К – нүктесін анықтаймыз;
6-сурет

3. А және К нүктелері ізделінген m түзуін анықтайды.

 
 

 

 

Есеп.А нүктесінен ℓ түзуіне перпендикуляр m түзуін түсіріп және оның табанын К нүктесін табу керек (7-сурет).   Бұл есепті шешу үшін жоғарыдағы келтірілген алгоритмді қолданамыз. КША: 1. a {¦ ∩ h} ' A, a ^ ℓ; 2. K = ℓ ∩ a; 3. m = A È K.
  7-сурет

Кешенді сызбаны түрлендіру

Егер берілген элементтердің біреуі дербес жағдайда орналасқан болса, онда позициялық есептердің көпшілігін шешу едәуір жеңілдер еді.

 

     
  8-cурет   9-cурет

8 және 9-суреттерде ℓ түзуімен a жазықтығының К қиылысу нүктесін табуға арналған есептер келтірілген. Бірақ 8-суретте a жазықтығы дербес жағдайда орналасқандықтан оңай шешіледі.

Метрикалық және позициялық есептерді шешуді жеңілдету үшін кешенді сызбаны түрлендірудің әртүрлі тәсілдері қолданылады. Осындай түрлендіруден кейін ортогональ сызбаның жаңа проекциялары графикалық құралдардың ең аз мөлшерін қолдана отырып шешуге мүмкіндік береді.

Түрлендіру тәсілдері, әдетте негізгі екі принципке негізделінеді:

1. Проекциялау және проекция жазықтығының өзара орналасуының өзгеруі;

2. Проекциялау бағыттарының өзгеруі.

Бірінші принцип проекцияланатын объектінің орнын өзгеріссіз қалатындай етіп жаңа проекциялар жазықтығын таңдау жолымен (проекциялар жазықтығын алмастыру әдісі) немесе қозғалмайтын проекциялар жазықтығына қарағанда объектіні жаңа орынға ауыстыру (жазық параллель орын ауыстыру және әртүрлі остерін төңірегінде айналдыру тәсілдері). Бұл тәсілдер негізінен метрикалық есептерді шешу кезінде қолданылады.

Екінші принцип қозғалмайтын проекциялар жазықтығына қарағанда проекциялау бағытын өзгертуге негізделінген (қиғашбұрышты көмекші проекциялау тәсілі). Бұл тәсіл көп жағдайда позициялық есептерді шешуге пайдаланылады. Проекциялау жазықтығын алмастыру әдісі.

Проекциялар жазықтығын алмастыру әдісінде берілген заттың орны өзгермей, тек проекциялар жазықтықтары есепті шешу үшін ыңғайлы жаңа жазықтықпен алмастырылады.

жазықтықтар жүйесінде А нүктесі А1 және А2 проекцияларымен берілген болсын. p4 ^ p2 жаңа жазықтығын алып (10-сурет), А нүктесінің проекциясын жазықтықтарының жүйесіне саламыз. Бұл жерде АА4 ^p3 және |А1А12| = |АА2| = |А4А2,4| екен ескеруіміз керек. Осы ерекшелікті ескере отырып, А нүктесінің А2 және А4 проекцияларын эпюрде саламыз (11-сурет).

       
   
 
 

 

 
10-сурет 11-сурет

Кейбір есептерді шешу үшін проекциялар жазықтығын екі рет алмастыруға тура келеді. Осы жағдайды мысалда қарастырайық.

Есеп. Кесіндінің нақты шамасын анықтау керек.

АВ кесіндісіне параллель және p2 проекциялар жазықтығына перпендикуляр орналасқан жаңа p4 проекциялар жазықтығын аламыз. АВ кесіндісі жаңа жазықтықтар жүйесінде деңгейлік сызықтар жағдайында орналасып, p4 жазықтығына нақты шамаға кескінделінеді. Бұл жағдайда жаңа жазықтықтар жүйесінің осі х24 АВ кесіндісінің горизонталь проекциясына параллель болады (х24 || А2В2).

 

       
   
 
 

 

 
  12-сурет   13-сурет

Бұл жерде | А4В4| кескінінің х24 осіне көлбеулік бұрышы АВ кесіндісінің горизонталь проекциялар жазықтығына көлбеулік бұрышы болады.

проекциялар жазықтықтар жүйесінің х12 осі АВ кесіндісінің А1В1 проекциясымен беттесіп, ал проекциялар жазықтықтар жүйесінің х24 осі кесіндінің А2В2 горизонталь проекциясы арқылы өткен бұл есептің дербес жағдайы тікбұрышты үшбұрыш әдісі деп аталады (13-сурет).

Есеп. Жазық фигураның нақты шамаcын анықтау.

14-суретте эллипстің жазықтығы проекциялар жазықтығы жүйесінде фронталь – кескіндеуші жағдайда орналасқан. p1 проекциялар жазықтығына перпендикуляр және эллипс жазықтығына параллель орналасқан жаңа p4 проекциялар жазықтығын ендіреміз. проекциялар жазықтықтар жүйесінің осі эллипстің фронталь проекциясына параллель болуы керек.

 

       
   
 
 


 

 
14-сурет 15-сурет

 

Жазықтықта жалпы жағдайда орналасқан АВС үшбұрышының нақты шамасын табу үшін, кезекпен проекциялар жазықтықтарын екі рет алмастыруды орындау керек:

1. проекциялар жазықтықтар жүйесінен жүйесіне өтеміз, бұл жаңа жүйеде АВС үшбұрышы кескіндеуші жағдайда орналасады, яғни a{АВС} ^ p4. Бұл жүйенің х24 осі a{АВС} жазықтығының h горизонталының горизонталь проекциясына перпендикуляр болуы керек: х24 ^ h2.

2. жүйесінен, АВС үшбұрышының жазықтығы деңгейлік жағдайда орналасатын жүйесіне өтеміз, a{АВС} || p5. жүйесінің х45 осі a{АВС} жазықтығының p4 проекциялар жазықтығындағы a4* ізіне параллель болуы қажет. АПР:

1. ®; 2. ®;

х24 ^ h2 x45 || a4*

Машинажасау сызуы. Бұрандалық қосылыстар

Машинажасау сызуының теориялық негізі сызба геометрия мен проекциялық сызу болып табылады.

Машина жасау сызуындағы заттарды кескіндеуге керекті жобалаушылық құжаттардың бірыңғай жүйесінің стандарттарында келтірілген қосымша мәліметтер ықшамдаулар мен шарттылықтарды құрайды.

Мысалы, машинажасау сызбаларында кескіндеу жазықтықтарының координаталық остері, проекциялық байланыс сызықтары көрсетілмейді. Бөлшектердің машинажасау сызбалары кескінге үлкен көрнекілік беру және оны орындауға кететін уақытты үнемдеу үшін көрінбейтін қарам (контур) сызықтарының аз санымен, ықшамдаулармен орындалады.

Машинажасау сызбаларында бұйымды дайындау, бақылау, жинау және құрастыру үшін керекті негізгі кескіндерден басқа да қажетті барлық мәліметтер беріледі (мысалы, өлшемдері, материалдың маркасы, техникалық талаптар, беттердің сапасы және т.б.).

Машинажасау сызбаларын оқып-үйренудің мақсаты:

- сызбаларда кескіндерді салудың ережелерімен танысу;

- кескінделінетін бұйымның ерекшеліктері мен пішінін жақсы қабылдауға септігін тигізетін шарттылықтар мен ықшамдауларды қолдану;

- құрастыру бірліктерінің, схемалардың, бөлшектердің жұмыс сызбаларын және нобайларды орындауға дағдылыну;

- сызбаларды оқу, негізгі құрылымдаушылық құжаттарды құрастыру тәжірибесін жинақтау;

- бөлшектер мен олардың элементтерінің параметрлерін анықтайтын стан-дарттармен танысу;

- машина жасауда қолданылатын материалдармен танысу.

Жаңа техниканың дамуы инженерлік-техникалық еңбектің қарқындатуына, жобалаушылық құжаттардың сапасының артуына себеп болады, бұл құрылымдаушылық -жобалау жұмыстарын орындауды автоматтандыруға өтуді, қазіргі заманғы есептеуіш машиналарды, олармен байланысты бейнелегіш құрылғыларды пайдалануды талап етеді.

Сызбаларды және басқа құрылымдаушылық құжаттарды орындағанда тиісті стандарттардың талабын мүлтіксіз орындау керек.

Бұйымдардың түрлері

Өнеркәсіпте жасалатын зат немесе заттардың жиынтығын бұйым деп атаймыз, мысалы автомобиль немесе кескішұстағыш.

МЕСТ 2.101-68 бұйымдардың келесі түрлерін тағайындайды: бөлшектер, құрастыру бірліктері, кешендер, жинақтар.

Құрама бөліктерінің бар-жоғына байланысты бұйымдар мына түрлерге бөлінеді:

- спецификацияланбайтын – құрама бөліктері болмайтын (бөлшектер).

- спецификацияланатын– екі немесе одан көп бөлшектерден тұратын, бұйымның құрамын, оны жасап шығару үшін керекті жобалаушылық құжаттардың құрамын анықтайтын, сипаттізімді орындауды қажет ететін құрастыру бірліктері, кешендер, жинақтар.

Бөлшекдегеніміз құрастыру амалдарын қолданбай, атауы және таңбасы біртектес материалдан жасалған бұйым.

Құрастыру бірлігіқұрама бөліктері бір-бірімен құрастыру амалдары арқылы бірігетін бұйым.

Құрастыру бірліктері негізгі бөлшектерден және оларды біріктіретін көмекші бөлшектерден тұрады.

Біріктірулер ажыратылатын және ажыратылмайтын болады.

Ажыратылатын біріктірулер біріктіруші бөлшектерді бұзбай бөлшектеуге (бұрандалы, бұрамалы, кілтекті және т.б. біріктірулер), ал ажыратылмайтын біріктірулер – бұзылып ажыратылады (пісірмелі, тойтармалы).

Техникада ең көп тараған ажыратылатын біріктірулер бұранда арқылы іске асырылады.

қ
Бұранда

Êåñ

Егер цилиндрлік немесе конустық бетке арнайы ұшталған кескішпен бұрандалық жыра кесіліп салынған болса, онда бұл бетте бұранда түзіледі (1-сурет). Кескіштің кесуші қырының формасына байланысты әр түрлі пішінді бұрандалар алынады – үшбұрышты, трапе-цеидальды, тік бұрышты, дөңгелек және т.б.
1- сурет  

Бұрандаларды жіктеу

Тағайындалуына байланысты бұрандалар бекітпе және жүрістік болып бөлінеді. Бекітпе бұрандалар қозғалмайтын бұрандалық біріктірулер үшін - қосылатын бөлшектерді бірінің біріне қатысты орналасуын белгілейтін біріктірулер үшін қолданылады. Жүрістік (немесе кинематикалық) бұрандалар бір бөлшектің екінші бөлшекке қатысты орын ауыстыруына мүмкіндік береді.

Бет пішіні бойынша бұрандалар цилиндрлік және конустық болып бөлінеді.

Беттегі орналасуына қарай бұрандалар сыртқы (сырық бетіндегі) және ішкі (тесік ішіндегі) болуы мүмкін.

Пішін қалпына қарай бұрандалар үш бұрышты, трапециялық, тік бұрышты, дөңгелек және арнайы болып бөлінеді. Үшбұрышты бұранда метрикалық, құбырлық және дюймдік, ал трапециялық бұранда трапецеидальды, тіректік және күшейтілген тіректік болып бөлінеді.

Адымының шамасына қарай бұрандалар ірі, майда, арнайы болып ажыратылады.

Иірімдер санына қарай бұрандалар біржүрістіжәне көпжүрісті болып бөлінеді.

Бұранданың негізгі параметрлері.

 
 

 


d – бұранданың сыртқы диаметрі, d1 – бұранданың ішкі диаметрі, Р бұранда адымы – бұрамалық беттің жасаушысы бойымен өлшенген көршілес иірімдер ара-қашықтығы. Рh – бұранда жүрісі – жасаушысы бойымен өлшенген бір бұрамалық сызық көршілес иірім-дерінің арақашықтығы. Бір жүрісті бұранда үшін р адымы оның жүрісіне тең h: p = h. Көп жүрісті бұрандалар үшін: h = z × p, мұнда z – бұранда жүрістер саны (2-сурет).
Рh
Р

 

2- сурет

Бұрандалардың сызбаларда кескінденуі.

Бұрандалар пішініне тәуелсіз, тағайындалуы әр түрлі болғанымен барлық сызбаларда шартты түрде МЕСТ 2.311-68-ге сәйкес бірдей кескінделеді.

Сырық бойында – сыртқы диаметрі d бойынша негізгі тұтас, ішкі диаметрі d1 бойынша тұтас жіңішке сызықтармен бейнеленеді (3-сурет).

 

               
   
Ішкі диаметрі d1 бойынша,шамамен шеңбер доғасының ¾ бөлігіндей жіңішке тұтас сызық жүргізіледі.  
 
   
 
 
 
   


Қиықжиек шекарасы

 
3-сурет    
    Тесіктердегі бұрандаларды (тіліктерде)d1 ішкі диаметрі бойынша негізгі тұтас, ал сыртқы d диаметрі бойынша тұтас жіңішке сызықтармен (4- сурет) кескіндейді. Тесік шеңбер болып проекцияланатын кескінде сыртқы диаметр сызығын шеңбер ұзындығының ¾ бөлігіндей жіңішке тұтас сызықпен кескіндейді.
4-сурет
         

Арнайы құрылымдық тағайындалуы жоқ бұрандалы сырықта және бұрандалы тесікте қиықжиектер кескінделмейді (3,4-суреттегі сол жағынан қарағандағы көріністерде).

Метрикалық бұранда

Үшбұрышты, бекітпе, стандартты бұранда. Метрикалық бұранданың пішіні төбесіндегі бұрышы 600 болатын тең бүйірлі үшбұрыш.

 

Бұранданы бұрап шығару кезінде сыналанып қалмау үшін пішін төбелері кесілген. (5-cурет). Метрикалық цилиндрлік бұр-анданың пішіні және оның эле-менттерінің өлшемдері МЕСТ 9150 – 81-де келтірілген. Негізгі параметрлері: d – сыртқы диаметр р – бұранда адымы.
5-cурет

 

Метрикалық бұранда адымы ірі және майда болып жасалады. Майда адымды бұранда жіңішке қабырғалы бөлшектерде, құралдар мен аппараттарда дәл реттеу үшін қолданылады. Әр стандартты бұранда диаметріне бір ірі адым-ды бұранданы немесе бірнеше (1 ¸ 5) майда адымды бұранда кесуге болады. Ірі адым белгіленуде көрсетілмейді. Жалпы тағайындаулы метрикалық цилиндрлік бұранданың диаметрлері мен адымдарын МЕСТ 8724 – 81, ал негізгі өлшем-дерін – МЕСТ 24705 – 81 орнатады.

Метрикалық бұранданың сызбада шартты белгілеуінің мысалдары.

М20 – 6g – диаметрі 20 мм, ірі адымды, оң бағытты, бір жүрісті, сыртқы, дәлдік класы орта, шақтама өрісі дәлдік шегі 6g, метрикалық бұранда.

М18 х 1,5LH – 6H – Сыртқы диаметрі 18 мм, сол бағытты, 1,5 мм майда адымды, бір жүрісті, ішкі, дәлдік класы орта, шақтама өрісі 6Н, метрикалық бұранда.

Көп жүрісті бұрандалардың сызбада белгіленуінде жүрістер санын көрсетіп, адымды жақша ішінде Р әріпімен бірге жазады. Мысалы:

М42 х 3(Р1,5) – 6g – сыртқы диаметрі 42 мм, үш жүрісті, адымы 1,5 мм, оң, сыртқы, дәлдік класы орта, шақтама өрісі 6g, метрикалық бұранда.

Сызбаларда метрикалық цилиндрлік бұрандалардың өлшемдері сыртқы диаметрі бойынша қойылады. (6-сурет).

           
   
   
 
 
 

 

   
  6-сурет.  

Құбырлық цилиндрлік бұранда. Үшбұрышты, бекітпе-тығыздағыш, стандартты бұранда. Пішіні - шыңында бұрышы 550 болатын тең бүйірлі үшбұрыш. Пішін шыңдары біріктіру герметикасын қамтамасыз ету үшін дөңгелектелген (7-сурет).

 

 
 

Құбырлық бұранданы майда адымды етіп жасайды, себебі ол, негізінен жұқа қабырғалы бөлшектерде ойылады. Құбырлық цилиндрлік бұранданың пішінін, негізгі өлшемдерін және дәлдік шегін МЕСТ 6357 – 81 орнатады. Сыртқы бетінде бұранда жасалған құбырдың ішкі диаметрі құбырлық бұранданың негізгі параметрі болып табылады (8-сурет).  
7-сурет
  Бұл параметр Dу деп белгіленіп, шартты өткел деп аталады. Бұранданың барлық басқа параметрлері– d, d1, Р және құбырлардың, құбыр желілерінің құрылымды өлшемдері Dу-ға байланысты алынады.
    8-сурет

 

Құбырлық цилиндрлік бұранда үшін А және В екі дәлдік класы белгіленген.

 

 
 

 

Құбырлық цилиндрлік бұранданың сызбада белгіленуінің мысалы: G1 – A, мұнда G – құбырлық цилиндрлік бұранданың әріптік белгіленуі, 1 – Dу шартты өткелінің дюйммен көрсетілген шамасы (1 дюйм – 25,4 мм), А – дәлдік класы. Сызбада құбырлық цилиндрлік бұранда өлшемі шығару сызығының сөресінде белгіленеді. (9- сурет).  
    9-сурет.

 

Трапецеидальды бұранда. Трапециялық жүрістік, стандартты бұранда.

Негізінен, ілгерілеме-қайтымды қоз- ғалысты және остік күштерді беру үшін арналған. Шыңында бұрышы 300 болатын тең бүйірлі үшбұрыш-трапецеидальды бұранда пішінін МЕСТ 9484–81 тағайындайды. (10-сурет). Трапецеидальды бұранданың негізгі параметрлерін: МЕСТ 24738-81; МЕСТ 24737-81; МЕСТ 9562-81 және МЕСТ 24739-81 орнатады.
10-сурет

Трапециялық бұранданың сызбада шартты белгіленуі Тr - әріптік белгіленуден, бұранда номиналды диаметрі мәнінен, жүріс сан мәнінен (көп жүрісті бұрандалар үшін), адым шамасынан және дәлдік дәрежесінің белгіленуінен тұрады. Мысалы:

Тr 40 х 6 – 7е - трапецеидалды, сыртқы диаметрі 40 мм, адымы 6 мм, оң бағытты, шақтама өрісі 7е болатын бұранда.

Сызбаларда трапецеидалды бұранда сыртқы диаметрі бойынша белгіленеді (11-сурет).

 
11-сурет

Бұрандамалар.

Бұрандама басы
Бұрандама -бір ұшында бұранда, ал екінші ұшында алты қырлы (немесе басқа типті) басы болатын сырық (12-сурет).

           
   
Бұрандама сырығы
 
   
бұранда
 
Қиықжиек
 


 

   
12-сурет 13-сурет

13-суретте сәйкес стандарттар орнатқан нақты өлшемдерімен салынған бұрандама сызбасы келтірілген. Қалыпты дәлдікті көп тараған бұрандамалардың құрылымы мен өлшемдерін МЕСТ 7798 – 70* орнатады. Құрастыру сызбаларында бұрандамалар МЕСТ 2.315-68-ге сәйкес ықшамдатылып кескінделеді. Бұрандамаларды