Одновенцовое зубчатое колесо с центральным (посадочным) отверстием.

Отын

Отын деп көміртегі немесе сутегінің органикалық қосындыларын айтады. Қай күйде отын жағылу үшін, ошаққа түсетін қүйін жұмыстық отын деп айтады. Отын құрамында: Сжжж+Nж+Sжор+к+Aж+Wж=100%. Мұндағы Wж–отынның құрамындағы ылғал, Aж–күл. Ылғал мен күл отындағы балласт. Егер отын құрамынан ылғалды алып тастасақ қалғаны отынның құрғақ құрамы болып есептеледі Сқққ+Nқ+Sқор+к+Aқ=100%. Егер отын құрамынан ылғал мен күлді алып тастасақ отынның жанатын құрамы болып есептеледі Сжанжанжан+Nжан+Sжанор+к=100%.

Отынның құрамында О2 мен N2 аз болғандықтан бұл екі элементті жану құрамына шартты түрде енгізген. Отынның негізгі қасиеттеріне отынның тұтану температурасы, жылу бөлу мүмкідігі және жану температурасы жатады. Отынның тұтану температурасы деп отынның тұтана бастаған кездегі температурасы айтады. 1кг қатты, сұйық немесе 1н м3 газ тәрізді отын толық жанғанда ол отыннан бөлініп шығатын жылу мөлшерін ол отынның жылу шығару мүмкіндігі деп айтады.

Жылу техникасында төменгі жылу шығару мүмкіндігі және жоғарғы шығару мүмкіндігі кездеседі. Отынның төменгі жылу шығару мүмкіндігі деп отын толық жанған кездегі бөлінген жылу және отынның құрамындағы суды булану үшін қажет жылудың қосындысы. Ал жоғарғы жылу шығару мүмкіндігі деп отын толық жанған кездегі бөлінген жылу бірақ отынның құрамындағы суды булану үшін қажет жылу ескерілмейді.

 

Отынның жану процессі

Отынның жануы дегеніміз отынның құрамында жанатын элементтердің О2 мен қосылып өтетін химиялық реакцияларды айтады. Бұл реакция кезінде жылу бөлінеді.

С+О2=СО2+402МДж/кмоль

22=2Н2О+442,5МДж/кмоль

Отынның жануы гомогендік және гетерогендік болып бөлінеді. Егер отынмен тотықтырғыш бір күйде (газ күйінде) мұндай жануды гомогендік жану деп айтады. Егер жану процессі қатты дененің сырт бетінде өтетін болса, мұндай жануды гетерогенді деп айтады. Мысалы: көмірдің жануы.

Отын үздіксіс жану үшін 3 шарт керек.

1шарт: отын мен тотықтырғыш толық араласуы керек.

2шарт: жану ошағына үздыксіс жылу келіп туру керек.

3шарт: жану өнімдерін үздіксіз ол жерден айыру керек.

Егер жану процессі теориялық қажет мөлшердегі ауамен өтетін болса, бұл жағдайда толық жану болады. Жану процессіне қатысатын ауа мөлшерін теориялық қажетті мөлшерден кем болса, отын толық жанбайды. Әрқашанда жану процессінің алдында тұтану процессі болады. Онда әр бір газдың ауамен аралысқанда тұтанатын төменгі және жоғарғы шегі болады. Мысалы: метан мен ауаның төменгі тұтану шегі 5-6%, жоғарғы шегі 12-16%.

Газ қоспаларының төменгі және жоғарғы тұтану шегін Ле-Шателье теңдеу арқылы анықтайды: мұндағы с1, с2, ... сn, –қоспадағы әрбір газдың % мөлшері; ℓ1, ℓ2, ... ℓn–қоспадағы әр газдың төменгі немесе жоғарғы тұтану шегі.

 

Іс жүзінде жану процессін теориялық қажетті ауаның мөлшерін толық жандыру қиынға түседі. Сондықтан іс жүзінде жану процессіне ауаны теориялық мөлшерден көбірек береді: Vн/Vт

Vн –іс жүзінде қатысатын ауа мөлшері;

Vт –теория жүзінде қатысатын ауа мөлшері;

α –ауаның молдық коэффициенті.

α ауаның молдық коэффициентінің мөлшері ошақ ішіндегі температура деңгейіне, отынның түріне, отынмен ауаны араластыру процессіне байланысты. Жалпы жағдайда: α=1,01–1,5.

Отынның толық жану уақытысы физикалық және химиялық уақыттан тұрады.

τ1фх

τф –отынның ауаның араласу уақыты,

τх –химиялық процесстін өту уақытысы.

τф, τх химиялық қатынасына байланысты диффузиялық немесе кинетикалық жану процесі болады. Егер τф»τх болса, диффузиялық жану жалын ұзындығы үлкен болады. Егер τф«τх болса, онда кинетикалық жану болады.

 

Отынның жану процессін есептеу теориялық қажет ауаның мөлшерін анықтау

Отынның жану процессін мына жағдайларда есептейді: жаңа қондырғыны жоспарлаған кезде, жұмыс жасап тұрған қондырғы отынның бір түрінде екінші түріне өткенде, қазан қондырғыларының жұмысын бақылау кезінде. Теориялық қажетті ауа мөлшері сұйық немесе 1нм3 газ күйіндегі отынды толық жағуға теориялық қажетті ауа мөлшері химиялық реакция негізінде анықталады.

22=2Н2О 32/4=8кг/кг

С+О2=СО2 32/12=8/3 кг/кг

Бұл реакцияда былай деуге болады: 1кг сутегінің толық жануына 8кг О2 керек.

1кг көміртегінің толық жануына 8/3кг О2 керек.

Осы тәртіппен отынның құрамындағы басқа жанатын элементтеріне қажетті О2 салмағын анықтауға болады.

Отынның құрмы және ондағы әр элементтің проценттік мөлшері негізінде белгілі болса, жоғарыдағы көрсетілген мысал негізінде 1кг берілген отынның толық жануына керекті ауаның теориялық мөлшерін былай анықтауға болады.

3/кг]

мұндағы МО2 –1кг отын толық жану үшін қажетті О2 салмағы.

1,29–ауаның тығыздығы;

0,23–ауадағы О2–ның салмақ үлесі.

 

Ошақ

Ошақ дегеніміз қазан қондырғысының бір бөлігі. Ошақта отын жанып бөлінген жылуды сәулелі энергия ретінде қазанның су казанның су жылытатын беттеріне береді. Ошақ қабатты, құйынды, камералы болып бөлінеді.

Қабатты ошақта отынның қатты түрлері жанады. Қабатты ошақ түбі жылжымайтын, жылжитын және көлбеу болып бөлінеді. Көлбеу ошақта ылғалы мол отын түрлері жандырылады. Түбі жылжымайтын ошақтар құаты аз (аз бу шығаратын) қазандарға орнатылады. Қазанның құаты артқан сайын (шығарылатын, будың немесе жылу, судың мөлшері көбейген сайын) ошақтың ауданы көбейеді. Бұл жағдайда қазанға түбі жылжымалы ошақ арнатылады.

Камералық ошақта газ немесе майда ұсакталған отын жағылады.

Құйынды ошақта өте майда ұсатылмаған (ірі ұсатылған) қатты отын түрлері жағылады.

Аталған ошақтардың негізгі көрсеткіші көлемдік жылу кернеуі және табан ауданының жылу кернеуі болып табылады.

Көлемдік жылу кернеу деп ошақтың 1м3 көлемінен бір уақытта алынатын жылу мөлшерін айтады.

МДж/сағ

мұндағы –төменгі жылу шығару мөлшері,

В–жанылған от мөлшері,

V–ошақ көлемі.

F–ошақтың табан ауданы.

 

Қазан қондырғысы

1–ошақ; 2–су қайнайтын құбыр; 3–арттағы экран (фестон); 4–бу қыздырғыш; 5–экономайзер (жылу өнімдегіш); 6–ауа қыздырғыш; 7–қоректі насос; 8–барабан (бу жинағыш); 9–су түсетін құбыр; 10–вентилятор.

Бу немесе ыстық су түрінде жылу беретін құралдардың жинағын қазан қондырғысы деп айтады.

Қазан қондырғысы ж-қ, өндірістік және тұрмыстқ болып бөлінеді. Жұмыстық қазан қондырғысынан жоғарғы параметрлі бу алынады. Бұл бу турбинада пайдаланып электр энергиясы шығарылады. Өндірістңк қазан қондырғысы үлкен бір өндіріс жанына орнатылып шығарылған бу мен ыстық су өндіріске пайдаланады. Тұрмыстық қондырғы қала негізді поселкаларда немесе жаңа салынған микрорайондарда орнатылып, шығарылған ыстық су пәтерлерді жылытуға және тұрмыстық жағдайларға пайдаланады.

 

Қазандағы су айналымы

Қазандық суды тазарту жолдары

Су айналу жүйесі бойынша қазан қондырғысы бөлінеді: табиғи айналыс, жасанды айналыс, тура ағымды айналыс. Табиғи айналыс су қайнататын құбырдағы және су түсетін құбырдағы бу араласу сумен және судың меншікті салмақтарының айырмашылығынан болатын қысымның нәтіжесінде жүреді.

Бұл қысым мөлшері мына теңдеу арқылы анықталады: Р=qh(γсу –γбу).

Табиғи айналыс қазандық қондырғыда айналыс дәрежесі с=40¸50 тең с=В/Д мұндағы В–бір уақытта қазан жүйесінен өтетін су мөлшері; Д–қазанның бу өнімділігі.

 

Заготовка: калиброванный пруток; 1. Сверление отверстия, подрезание торца, растачивание отверстия, обтачивание наружных поверхностей, отрезка; 2. Протягивание шлицев; З Чистовое обтачивание и подрезка торцов; 4. Чистовое подрезание или шлифование торцов; 5.Нарезание зуба; 6.Закругление зуба; 7.Шевингование зуба; 8.Термическая обработка; 9.Шлифование отверстия (выступов шлицев); 10. Притирка зуба; 11. Испытания на шум; 12. Контроль ОТК