Тақырып. Мәдениет әлеуметтануы

Лекцияның мақсаты: Қазақстанның қоғамның жаңару жағдайындағы мәдени процестердің даму мәселелері және оның зерттеудегі социология ғылымынң ролін анықтау

Негізгі ұғымдар:Мәдениет, субмәдениет, контрмәдениет

Дәріс жоспары:

1.Мәдениет социологиясы ұғымы, құрылымы және функциялары.

2.Мәдениетттің негізгі элементттері мен формалары.

3.Мәдениеттің әлеуметтік қызметі.

4.Қазақстанның қоғамның жаңару жағдайындағы мәдени процестердің даму мәселелері және оның зерттеудегі социология ғылымының ролі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мәдениет адамның еркіндік, бостандық саласы, өйткені мәдениет адамды өзін қоршаған басқа адамдарға конформистік еліктеу шаблоны мен стереотиптерінен босатады, өз бетінше әрекет етуге кепіл болады, оның тұлғасын егеменді етеді. Мәдениет адамның өз ісінің шебері болуына, кәсіби кызметтің ең биік деңгейіне дейін көтерілуіне мүмкіндік береді. Ол адамның саяси қызметінің бостандығын қамтамасыз етеді — саяси партиялар мен қозғалыстардың көп түрлі бағдарламалары мен платформаларын талдап түсіну қабілетін қалыптастырады. Қоғамның әрбір адамын, оның жынысына,ұлтына, нәсіліне қарамай мәдени процестерге тікелей қатынастыру, олардың шығармашылық қабілетін арттыру үшін барлық қолдан келетін әлеуметтік жағдайларды жасау қажет. Мұның өзі әрбір адамды жан-жақты дамытудың, өз кәсібімен қоса компьютерді жетік, әрі шет тілдерін де терең меңгерген, адамгершілік қасиеттері жоғары адамды қалыптастырудың негізгі шарты болады.

“Мәдениет” деген ұғым латын тіліндегі “Сultura”сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналардыбілдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.

Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерлеп, дамиды,мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байданысты.

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.

1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т.б.;

2. Рухани- бұл ғылым,өнер, әдебиет,;

Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі бір шартқа (жағдайға) байланысты. Дегенмен, олардың арасында тығыз байланы, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар, тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника, сайсан, басқа да құрал-жабдық түріне айналады, ал, жаңадан пайда ой-пікірлер, тұжырым, теория жасауға мүмкіндік туғызыады.

Адамдар күнделікті өмірде мәдине құбылыстардың әр түрлі түсінеді.

Біреулер мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе,екіншілері- қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның саяси, құқықтық, кәсіби (мамандық), эстетикалық, т.б. мәдениетті адамның туралы әңгіме қозғайды; үшіншілері, мәдениетті адамның шығармашылық қабілетімен, оның білгіштігімен, көркем әдебиетті, өнерді, басқа тілдерді білумен, кішіпейілдігімен, өзін-өзі ұстап білумен, құқықтың жауапкершілігімен ұштастырады.

Бұл анықтамаларда мәдениет ұғымы бір жақты қаралып бұрмаланған. Шынын айтсақ, бұл жерде жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының нақтылы, негізгі жолдары туралы айтылмақ. Жеке адамның мәдени мұралар мен мұраттарды, яғни алуан түрлі құндылықтарды, ережелерді, нұсқауларды, жоғары адамгершілік қасиеттерді, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, бүкіл адамзаттың озық тәжірибесін жан-жақты меңгеріп, бойына сіңіруі, адамдардың бұларға жаппай тартылуын, оларға белсенді, жауапты қатынасын, араласын, білім мен тәрбинің тығыз байланыстығы туралы айтылмаған. Ол ол ма, жеке адамның мәдениетін, санасын, белсенділігін, жауапкершілігін неғұрлым жоғары дәрежеде арттыратын қоғамдағы өндіргіш күштердің, ғылым мен қоғамды ғылыми басқаруға, мдемократияны дамытуға, күнделікті материалдық тұрмыс-жағдайында, адамның үйлесімді дамуына осылардың тікелей немесе жанама тигізетін әсері туралы да ештеңе айтылмаған. Ақыр аяғында бұл факторлар адамның әлеуметтану процесін құрайтыны естен шығарылған. Қазіргі уақытта мәдениеттің 300-ден астам анықтамалары бар. Осылардың әрқайсысына тоқталмай-ақ, оның негізгі мынандай үш анықтамасына тоқтауды жөн көрдік.

Мәдениет- адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының,еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәжірибесінің негізінде жинақталған және адамгершілік қасиеттерінің, ғылымының, білімінің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б. мұраттардың жиынтығы.