Желілі-жолды байланыс

Желілі-жолды байланыс жол шаруашылығы құрылғыларын, сондай-ақ теміржол көлігі жұмыстарының жалпы процесінде, жол дистанциясы жұмысшыларының қызметтік сөйлесулерін жедел басқаруға арналған.

Жол шаруашылығы құрылғыларын жедел басқару процессін жол дистанциясының кезекші инженері орындайды.

Желілі-жолды байланыс аранасын жол дистанциясы шегінде ұйымдастыруға болады. Егер дистанция шегарасы аралықта болатын болса, онда байланыс арнасын көрші жол дистанция шегінде орналасқан ең жақын станцияға дейін жеткізеді. ЛПС арналарының санын теміржол учаскесінің конфигура­цисы мен абоненттер саны арқылы анықтайды, ол 20-дан аспау керек.

ЛПС арнасына бастықтарда және жол дистанциясының конторларында, жол және көпір мастерлері мен жол бригадирлерінінің пәтерлерінде, жол тексерушілердің пәтерлерінде, ерекше бақылауды қажет ететін учаскелерде, переезд кезекшілерінде, сонымен қатар жол дистанциясының шегараларына және ерекше бақылауды қажет ететін учаскелерге жақын орналасқан станциялардағы ДСП-лерде аралық пункт аппараттары орнатылады. Желілі-жолды байланыс аралықтағы жұмыс орнымен байланыс үшін және РМТС-пен қызметтік сөйлесулер үшін станция кезекшілеріндегі КАСС–қа қосылады.

ЛПС арналарын әуе және кабельді байланыс жолдарының екісымды тізбектерімен абоненттерді параллельді қосу арқылы ұйымдастырады. ЛПС-ті диспетчерлік басқару әдісіне қарай, диспетчерлік, постанциялық байланыс приципімен немесе аралас принциппен ұйымдастырады.

Жол дистанциясындағы ЛПС-тің ауысымдағы инженерлерінің тәулік бойымен кезекшілігін, диспетчерлік байланыс принципін ұйымдастырады. Диспетчерлік байланыстың басқарушы станциясын не жол станциясына (РСДТ-1М), не ЛАЦ-та орнатады. Абонентте аралық пункт байланысының ППС-Д аппаратурасын, ал РМТС-те – ПТВ-Д-М тональді шақыру қабылдағышын орнатады.

Аралықтағы жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары орнындағы байланыс, ЛПС-тің аралық байланыстың сәйкес арнасына қосылуымен іске асырылады, оны шегара станцциясындағы ДСП немесе дистанциялық басқару орындайды.

Жол дистанциясының жұмысшыларымен өндірістік жиналыс (планерка) өткізу үшін, дистанция басшысында, жиналыс өту уақытында қосылатын, өзінің басқарушы станция жинағы орнатылады.

Диспетчерлік байланыс болмаған кезде ЛПС арнасын постанциялық байланыс принципін ұйымдастырады және шақыруларға қызмет көрсету үшін РМТС-ке қосады. Ауысым инженерінің тәулік бойғы кезекшілігі мүмкін болмаған жағдайда немесе рационалды емес кезде, ЛПС-ті аралас принциппен ұйымдастырады, яғни ЛПС күндізгі уақытта ДС жүйесі секілді, ал түнгі уақытта – ПС жүйесі секілді жұмыс істейді.

Пойызды станцияаралық байланыс

Пойызды станцияаралық байланыс (МЖС) көршілес бөлек пункттердің кезекшілері арасындағы пойызды қабылдау және жіберу сұрақтары бойынша жүргізілетін қызметтік сөйлесулерге арналған. Пойызды жіберу және қабылдау процессі техникалық пайдалану ережелерімен (ПТЭ) келісілген (регламентирован). Осы құжаттар бойынша айтар болсақ, егер теміржол учаскесі автоблокировка жүйесімен немесе диспетчерлік орталықпен жабдықталған болмаса, пойызды жөнелту үшін, көрші станциядағы ДСП-ның келісі керек. Ал ДСП болса, өзінің станциясына пойыздың келгені туралы да дәлел айту керек.

Автоблокировка мен диспетчерлік орталықтары бар учаскелерде, пойыз ДНЦ-нің бұйрығымен, көрші станциядағы ДСП-ның келісімінсіз (егер тұрақты кезекші бар болса) жөнелтіледі. Дұрыс емес жолмен жүргенде ғана, ДСП-ның келісімінсіз пойызды жөнелтуге тыйым салынады.

Сонымен, МЖС - автоблокировка мен диспетчерлік орталықтар болмаған жайдайда және учаскелерде көрсетуші құрылғылары бар жедел жайдайларда әрқашан керек.

Баяндалған талаптарға сәйкес және ПТЭ-мен келісе отырып, МЖС көршілес бөлек пункттер арасында ұйымдастырылады. Оған тек станция кезекшілерінің телефон аппараттарын ғана қосуға болады. Станцияаралық байланыс аппараты - станциялық байланыс аппараттары жинағының (КАСС) бөлек блоктары түрінде жасалған.