Жалпы ережелер

Туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, әке (ана) болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін өзгерту азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда, ал мұндай органдар жоқ жерлерде аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте - тиісті әкім аппаратында тіркелуге тиіс.

Азаматтық хал актілерін тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдер, ал мұндай бөлімдер жоқ жерлерде жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Азаматтық хал актілері жазбаларың өзгерту, қалпына келтіру және күшін жою
тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарының нысанын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысанын, акт кітаптарын сақтаудың тәртібі мен мерзімін Қазақстан Республикасының ‡кіметі белгілейді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу ережелері, сондай-ақ некеге тұратын адамдардың денсаулық жағдайы мен отбасы жағдайы туралы бірін-бірі хабардар ету, олардың болашақ ерлі-зайыптылар және ата-аналар ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндіру тәртібі тиісті Заңмен және Қазақстан Республикасының ‡кіметі бекітетін Азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібі туралы нормативтік құқықтық актімен белгіленеді.

Тууды тіркеу, әке болуды анықтау, бала асырап алу, неке қию, некені бұзу, тегін, атын және әкесінің атын, ұлтын және жынысын өгерту үшін, сондай-ақ туу, неке, некені бұзу, қайтыс болу туралы актілердің жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзету мен қалпына келтіруге байланысты куәліктер және азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталап куәліктер беру үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мөлшерде мемлекеттік баж алынады.

Қайтыс болуды тіркеу, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателерге байланысты куәліктер беру Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес мемлекеттік баж алынбай жүргізіледі.

Жеткілікті негіздер болған жағдайда және мүдделі адамдардың арасында дау тумаған жағдайда азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар жүргізеді. Мүдделі адамдардың арасында дау туған жағдайда азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу, оларды түзету мәселелері сот тәртібімен шешіледі. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы арыздар арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республи-
касы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркелген және шетелде тұрақты
тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшіліктеріне немесе консулдық мекемелеріне беріледі. Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді жазба жазылған жер бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган жүргізеді. Азаматтық хал актілерін жазуға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.

Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбаларын қалпына келтіру туралы арыз сол арызды берушінің тұрақты тұратын жері бойынша азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне беріледі. Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғанын растайтын құжаттар болған жағдайда немесе сот шешімінің негізінде жасалады.

Азаматтық хал актілері жазбасының жоғалғаны сол жоғалған жазба болған жер бойынша азаматтық хал актілері жазбасының облыстық (қалалық) архиві растауға
тиіс. Азаматтық хал актілерін жазатын органдардың жоғалған жазбаны қалпына келтіруі мүмкін болмаған жағдайда азаматтық хал актілерін тіркеу фактісі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген ережелер бойынша сот тәртібімен анықталады. Азаматтық хал актілерінің қалпына келтірілген жазбаларын тіркеуді жоғалған жазба болған жердегі азаматтық хал актілерін жазатын орган жүргізеді.

 

Азаматтық хал актілеріндегі жазбаларды жою:

Сот шешімінің негізінде;

Мүдделі адамдардың арызы бойынша;

Жойылуға тиісті бастапқы, қалпына келтірілген немесе қайталап жазылған жазбаны тапқан азаматтық хал актілерін жазатын органның бастамасымен жойылуы мүмкін.

 

Азаматтық хал актілері жазбаларын жою туралы арыз сол арыз берушінің тұрақты тұратын жері бойынша — сотқа немесе азаматтық хал актілерін жазатын органға, ал шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, азаматтық хал актілері Қазақстан Республикасының азаматтық хал актілерін жазатын органдарында тіркелген және шетелде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдардың арыздары Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшіліктеріне немесе консулдық мекемелеріне беріледі. Азаматтық хал актілері жазбаларын жою жойылуға тиісті жазба болған жерде жүргізіледі.

Лауазымды адамдар азаматтық хал актілерін тіркеуден негізсіз бастартқаны үшін, халықтың табиғи қозғалысын есепке алу жөніндегі мәліметтерді белгіленген мерзімде тапсырмағаны немесе теріс мәліметтер тапсырғаны үшін, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін заңда белгіленген тәртіппен жауап беруге тиіс.

Некеге тұруға кедергі келтіретін мән-жайларды жасырғаны немесе азаматтық хал актілерін жазатын органдарға жалған мәліметтер бергені үшін азаматтар заңдарға
сәйкес жауап береді.

 

Тууды тіркеу тәртібі

Балалардың тууын тіркеуді азаматтық хал актілерін жазатын органдар баланың туған жері бойынша немесе ата-анасының не олардың біреуінің тұрғылықты жері бойынша жүргізеді. Туу туралы арызды ата-аналары немесе олардың біреуі, ал ата-аналары қайтыс болған, науқастанған жағдайда немесе басқа да себептермен арыз беру мүмкін болмаған ретте мүдделі адамдар немесе бала туған кезде шешесі жатқан емдеу мекемесінің әкімшілігі жазбаша немесе ауызша түрде береді. Арызға емдеу мекемесінің анықтамасы, ал бала үйде туған жағдайда дәрігердің, басқа бір медицина қызметкерінің немесе олар болмаған жағдайда кемінде екі куәнің арызы қоса беріледі. Азаматтық хал актілері жазылатын кітаптарға ата-анасын, ата-анасының атын, әкесінің атын, тегін, ұлтын жазу заң талаптарына сәйкес жүргізіледі. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласын тіркеу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.

Некеде тұрған кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе і неке бұзылғаннан кейін не неке заңсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын тіркеу, егер әкесі қайтыс болған немесе неке бұзылған не ол заңсыз деп танылған күннен екі жүз жетпіс күннен аспаған болса, жалпы негізде жүргізіледі.

Туу туралы арыз азаматтық хал актілерін жазу органдарына бала туған күннен, бастап екі айдан, ал бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бес тәуліктен кешіктірмей жасалуға тиіс.

Тауып алынған баланың туылғаны, егер ол бұрын тіркелмеген болса, оны тауып алған адамның, балалар мекемесі әкімшілігінің немесе ішкі істер органдарының мәлімдемесі бойынша тауып алынған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей тіркелуге тиіс. Мәлімдемеге бала тауып алынған уақытты, орынды және мән-жайларды көрсетіп, ішкі істер органы немесе аудандық (қалалық) атқарушы органдар жасаған хаттама қоса тіркеледі.

Ата-аналардың тілегі бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың тууын салтанатты жағдайда — азаматтық хал актілерін жазу органының үй-жайында, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазатын органдар мен жаңа туған баланың ата-аналарының келісімімен өзге жерде тіркеуді азаматтық хал актілерін тіркеу тәртібіне сәйкес қамтамасыз етеді.

Баланың туу туралы жазбалар кітабына баланың туған уақыты, туған жері, жынысы, оған қойылған аты, тегі, әкесінің аты, сондай-ақ ата-аналарының аты, әкесінің аты, тегі олардың тұрақты тұратын жері және ата-ананың тілегі бойынша олардың ұлты жазылуға тиіс. Жазылған жазбаға сәйкес тууы туралы куәлік беріледі. Бала өлі туған жағдайда туу туралы жазбалар кітабындағы ерекше бағанада тиісті белгі жасалады.

 

Әке болуды анықтауды тіркеу

Әке болуды анықтауды тіркеу Заңда көзделген жағдайларда ата-ананың біреуі тұратын жер бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдарында, ал Заңның 47-бабында көзделген жағдайларда әке болуды анықтау туралы сот шешімі шығарылған жердегі азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі. Кәмелетке толған адамдар жөнінде әке болуды анықтауды тіркеуге олардын келісімімен ғана жол беріледі.

Әке болуды анықгауды тіркеген кезде азаматтық хал актілерін жазу органдары әке болуды анықтау туралы актілерді тіркеу кітабына бала, оның анасы мен әкесі туралы мәліметтерді жазады, әке болуды анықгау туралы куәлік және баланың тууы туралы жаңа куәлік береді.

 

Некені тіркеу

Некесін тіркегісі келетін адамдар арыз берушінің біреуі тұратын жердегі не өздерінің ата-аналары тұратын жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына арыз береді.

Некеге тұратын адамдар:

Жеке басын куәландыратын кұжаттарды;

Белгіленген неке жасын кеміту қажет екенін растайтын, құжаттарды;

Бұрынғы некелері туралы мәліметтерді;

Балалары туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

 

Некені тіркеу азаматтық хал актілерін жазу органдарында (бөлімдерінде), ал мұндай органдар жоқ жерлерде — аудандық маңызы бар қалада, кентте, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округте — әкім аппаратында жүргізіледі.

Жоғарыда аталған органдардың лауазымды адамы:

- некеге тұру ниеті туралы берілген арыздарды жария етеді;

- некелесушілерге болашақ жұбайлардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

- некеге туруға келісетінін және жұбайлардың қалап алатын тектерін анықтайды.

Неке қиюға кедергі жоқ болған жағдайда азаматтық хал актілері жазылатын кітапқа неке туралы жазба жасалады, оған некеге тұратындар қол қояды және оны азаматтық хал актілерін жазу органының лауазымды адамы қол қойып бекітеді.

 

Некені тіркеу салтанатты жағдайда — азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені салтанатты түрде тіркеуге арнайы белгіленген үй-жайларында, сондай-ақ азаматтық хал актілерін жазу органдары мен некеге отыратын адамдардың келісуі бойынша езге жерлерде де жүргізілуі мүмкін.

Неке туралы жазба жасалғанға дейін некені тіркеу үшін кедергілер бар екендігі туралы арыз түскен жағдайда лауазымды адам жазбаны тоқтата тұруға және арыз берушіден белгіленген мерзімде тиісінше деректі айғақтар беруді талап етуге міндетті. Бұл мерзім бір айдан аспауы керек. Некені тіркеу өткізілгеннен кейін ерлі-зайыптыларға неке туралы куәлік беріледі.

 

Сот шешімі бойынша некенің бұзылуын тіркеу

Некенің тоқтатылуын соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде тіркеу сот шешімі шығарылған жердегі азаматтық хал актілерін жазу органында некенің бұзылғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі және сот шешімі бойынша ендіріп алынуға тиісті соманың төленгені туралы түбіршектің негізінде жүргізіледі. Кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некенің бұзылуын тіркеу ерлі-зайыптылардың екеуі немесе біреуі тұратын жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына некені бұзу туралы ерлі-зайыптылардың бірлесіп берген арызы негізінде жүргізіледі. Некенің бұзылуын рәсімдеу және некенің бұзылғаны туралы куәлікті ерлі-зайыптыларға беру олар өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жүргізіледі.

Хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некенің бұзылуын тіркеуді екінші жұбайдың арызы мен соттың заңды күшіне енген шешімінің немесе үкімінің көшірмесін не шешім немесе үкімнен алынған үзіндіні көрсету негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы жүргізеді. Азаматтық хал актілерін жазу органы арыз түскен күннен бастап бір апта мерзімде қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен жұбайдың мүлкіне қорғаншыға хабарлама алынған күннен бастап он бес күн мерзім белгілей отырып хабарлауға міндетті, осы мерзім ішінде олар арыз бойынша өздерінің арасында дау бар екені туралы хабарлауға құқылы.

Некенің бұзылуын тіркеу жасалғаннан кейін тараптардың әрқайсысына олардың арызы бойынша некені бузылғаны туралы куәлік беріледі. Егер неке сот тәртібімен бұзылса, некенің бұзылуы туралы куәлікте некенің
бұзылуы туралы сот шешімінің занды күшіне енгізілетін күні көрсетілуге тиіс.

Бала асырап алуды тіркеу

Бала асырап алу соттың заңды күшіне енген бала асырап алу туралы шешімі негізінде бала асырап алу азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеледі. Бала асырап алуды тіркеу бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылған жерде жүргізіледі. Азаматтық хал актілерін жазу органдары бала асырап алу туралы куәлік береді. Асырап алынған баланың тегін, атын және әкесінің атын өзгерткен жағдайда, сондай-ақ туу туралы жазбалар кітаптарына бала асырап алушыны асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазғанда туу туралы жаңа куәлік беріледі.

Бала алу туралы жазба бала асырап алудың күшін жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жойылады. Егер бала асырап алудың күші олардың өтініші бойынша жбйылса, бала асырап алуды жою туралы өтінішті баланың ата-анасы, егер оның талап етуі бойынша бала асырап алудың күшін жою жасалса, қорғаншы немесе қамқоршы орган береді.

 

Атын, әкесінің атын және тегін өзгертуді тіркеу

Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін, атын, әкесінің атын өзгертуіне олар он алты жасқа толғаннан кейін рұқсат беріледі. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді және оны тіркеуді арыз берушінің тұрғылықты жеріндегі азаматтық хал актілерін жазу органдары жүргізеді. Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуден бас тарту жөнінде сотқа заңда белгіленген мерзімде шағым жасалуы мүмкін. Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы өтініштерді қарау Қазақстан Республикасының ‡кіметі белгілейтін тәртіппен жүргізіледі.

Қайтыс болу жағдайы, сондай-ақ азаматты өлді деп жариялау туралы және өлу фактісін анықтау туралы сот шешімдері азаматтық хал актілерін жазу органдарында
тіркеледі. Қайтыс болуды тіркеу өлген адамның тұрған жеріндегі немесе ол қайтыс болған жердегі азаматтық хал актілерін жазу органдарында жүргізіледі. Адамды өлді деп жариялау туралы және өлу фактісін анықтау туралы сот шешімдерін тіркеу шешім шығарылған жерде жүргізіледі. Қайтыс болу туралы мәлімдеме жеті тәуліктен кешіктірмей, ал адам зорлықпен өлтірілсе, өзін-өзі өлтірсе, жазатайым жағдайдан өлсе; сондай-ақ өлік табылған жағдайда өлген немесе өлік табылған кезден бес күннен кешіктірмей берілуге тиіс.

Қайтыс болу туралы мәлімдемені өлген адаммен бірге тұрған адамдар, ал ондай адамдар болмаған жағдайда көршілері, тұрғын үй пайдалану ұйымдарының қызметкерлері немесе адам қайтыс болған жердегі мекеменің әкімшілігі немесе өлікті тапқан ішкі істер органы жазбаша немесе ауызша түрде жасайды.

Қайтыс болу туралы мәлімдемеде мәлімдеуші өлген адам туралы мына мәліметтерді: өлген адамның аты, әкесінің аты, тегі, туған жылы, соңғы тұрған жері және оның отбасылық жағдайы, қайтыс болған жылы, айы мен күні, қайтыс болу себебі, сондай-ақ қайтыс болу туралы мәлімдеме жасаған адамның аты, әкесінің аты, және тұрғылықты жері көрсетіледі.

 

Қайтыс болу фактісін куәландыру

Қайтыс болу фактісі дәрігердің куәлігімен, ал оны беру мүмкін болмаған жағдайда екі куәнің айғағымен куәландырылады. ¤ліктің табылғаны туралы мәлімдемеге тиісті мемлекеттік органдар хаттама қоса тіркеледі.

14 тақырып. Акт кітаптарын сақтау тәртібі және мерзімдері

14.1.Акт кітаптарын сақтау тәртібі.

14.2.Акт кітаптарын сақтау мерзімі.

 

Азаматтық хал актілерін жазу бланкілері азаматтық хал актілерін тіркеудің жеке кітаптарына топтастырылады. Кітаптың соңында парақтардың саны жазумен көрсетіледі. Кітаптар бауланады және АХАЖ органының мөрімен бекітіледі. Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптары акт жазуы бланкілерінің бірінші және екінші жыртылып алынатын даналарынан тұрады.

Акт жазуы бланкілерінің бірінші және екінші даналары бір мезгілде толтырылады және сол реттік нөмірлермен нөмірленеді. Азаматтық хал актілерін тіркеу кітаптарында акт жазуын нөмірлеу бірінші нөмірден басталады және реттілікпен жыл бойы — бірінші қаңтардан отыз бірінші желтоқсанға (қоса есептегенде) дейін жүйелі түрде жүргізіледі. Әр түрі бойынша жеке нөмірлеу жүргізіледі.

Акт жазбасының бүлінген бланкісі (бірінші және екінші даналары) сызылады және актілерді тіркеу кітабында қалдырылады. Бүлінген бланкіде қойылған акт жазуының нөмірі акт жазуы жүргізілетін келесі бланкіге көшіріледі. Бланкілердегі барлық бағаналар тиянақты жауаптармен, қысқартуларсыз
жалпы қолданылатын қысқартуларды қоспағанда), сиямен, мұқият, анық жазумен толтырылады. Жекелеген сөздерді қалдыруға немесе қысқартуға, сондай-ақ түзетулерге және өшірулерге жол берілмейді.

Сұрақтарға теріс жауаптар берілетін бағаналар "жоқ' деген сөздермен толтырылады. Тектері, аттары, және әкелерінің аттары ұсынылған құжаттарға сәйкес толық жазылады. Адамның ұлты паспорты, жеке куәлігі бойынша көрсетіледі. Шетел азаматының азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде ұлтынан басқа ол азаматы болып табылатын (азаматтығын алған) мемлекеттің аты, сондай-ақ оның азаматтығы көрсетіледі. Азаматтығы жоқ адамдардың ұлты "азаматтығы жоқ адам" деген сөздермен қоса жазылып көрсетіледі.

Азаматтық хал актілерін жазудың тиісті бағаналарында туған, турған және қайтыс болған жері туралы мәліметтер қазіргі әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша ал егер оны белгілеу мүмкін болмағанда бұрын болған әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша беріледі.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікте көрсетілген мәліметтер азаматтық хал актілеріндегі жазуда көрсетілген деректермен дәлме-дәл сәйкес келуі тиіс. Актілердің және метрикалық кітаптардың негізінде АХАЖ органдары
аумақтық әділет органдарының АХАЖ бөлімдерінің мұрағаттары азаматтарға олардың арыздары бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәлік бере алады.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазу кімдерге қатысты жасалса, сол адамдарға қайтадан куәліктер беріледі. Он алты жасқа дейінгі балалардың тууы туралы қайта берілген куәліктері қайтадан ата-аналарына, қорғаншыларына, бала (қыз) асырап алушыларға, қамқоршыларына және сол балаларды тәрбиелеп отырған балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі.

Қайтыс болу туралы қайтадан берілетін куәліктер қайтыс болған адамның мұрагерлері болып саналатын туыстарына беріледі, ерекше жағдайларда, жеке басын куәландыратын құжат алмаған 16 жастан асқан, бірақ 18 жасқа толмаған балаларға ата-аналарының біреуінің не қорғаншысының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қайтадан куәліктер беріледі.

Жеке арыз жасаған азаматтарға қайтадан куәліктер беру паспорт немесе жеке куәлік көрсетуіне сәйкес сол күнде берілуге тиіс. Азаматтардың куәліктерді қайтадан беру туралы арыз-тілектері он бес күннен кешіктірілмей орындалады. Қаладан тыс жерден келген арыз-тілектер бойынша қайтадан берілетін куәліктер арыз берушінің тұрған жеріне жолдама хаттармен жіберіледі. Арыз берушілердің қайтадан берілген куәлікті қашан, қай АХАЖ жібергені, оның сериясы мен нөмірі хабарланады.

Ауданда шалғайдағы елді мекендерде болған кезде қайтадан берілетін куәліктер азаматтарға селолық, кенттік округтер арқылы жіберілуі мүмкін. Әскери қызметшілерге қайтадан берілген куәліктер — әскери бөлімнің ко-
мандирінің атын, бас еркінен айыру орындарында отырған адамдарға еңбекпен түзету колониясының бастығының атына жіберіледі.

Куәліктерді қайтадан беру туралы арыздарда мыналар көрсетілуге тиіс:

Арыз берушінің тегі, аты, әкесінін аты мен мекен-жайы;

Куәлікті сұратып отырған адамның тегі, аты мен әкесінің аты;

Қандай куәліктің сұралатыны;

Акт жазуының қашан және қай АХАЖ бөлімінде немесе селолық, кенттік округте (қаласы, селосы, ауданы, облысы, өлкесі, республикасы көрсетіле отырып) жүргізілгені;

Қайтадан берілетін куәліктің қандай мақсат үшін сұралғаны;

Арызданушының жеке басын анықтайтын құжаттың мәліметтері.

Егер тууы туралы куәлік сұратылса, онда аталған мәліметтерден басқа әкесі мен анасының тегі, аты мен әкесінің аты керсетіледі. Некені қию және бұзу туралы куәліктер сұратылғанда некенің кіммен тіркегені немесе кіммен бұзылғаны керсетіледі. Қайтадан берілетін куәліктер акт (тууы туралы) жазуларына сәйкес жазылып беріледі.

Жер атаулары бұрынғы әкімшілік бөліністерге сәйкес, ал тіркеу орындары болып осы жерге қызмет көрсететін АХАЖ органы көрсетіледі. Егер акт (тууы туралы) жазуында ұлты туралы мәліметтер болмаса, қайтадан берілетін куәліктердің тиісті бағаналары толтырылмайды сызық қойылады. Куәліктері басқа елді мекендерге жолданатын азаматтардың арыздарында
куәліктің сериясы мен нөмірі, куәлік жіберілген АХАЖ органының немесе әскери бөлімнің атауы және жіберілген күні көрсетіледі. Қайтадан куәліктер беру туралы арыздарды тексеру арызда көрсетілген жылдағы акт (тууы туралы) кітаптары бойынша, сондай-ақ арызда көрсетілпен азаматтық хал актілері тіркелген жылдан бұрынғы екі және кейінгі екі жыл аралығында
жүргізіледі.

Егер АХАЖ органында акт жазуы болмаса, жеке арыз берушіге арызды аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімінің мұрағатына акт жазуының екінші даналары бойынша тексеру үшін жолдау ұсынылады. Қаладан тыс жерлерден келген арыздар-
ды аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімінің мұрағатына АХАЖ органы өзі жібереді. Екі жағдайда да қайтадан куәлік беру туралы арыздың арғы бетінде "... АХАЖ органында акт жазуы жоқ″ деген белгі түсіріледі, оны АХАЖ органының қызметкері
растайды. Егер акт жазуы аумактық әділет органының АХАЖ бөлімі мұрағатында да болмаса, арызданушыға акт жазуының болмағандығы туралы анықтама беріледі (салып жіберіледі).

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер бланкілерінің есебі үшін мынадай тиісті кітаптар жүргізіледі:

Аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімдерінде—куәліктер бланкілерінің кіріс және шығыс есебі жөніндегі кітап және сондай-ақ салтанатты тіркеу сарайлары мен үйлерінің де
куәліктер бланкілерінің берілуі мен жұмсалуын есепке алу жөніндегі жеке шоттар кітабы;

Азаматтық хал актілерін тіркеумен айналысатын АХАЖ органдарында - куәліктер бланкілерінің кіріс және шығыс есебі жөніндегі кітап және куәліктер бланкілерін беру және жұмсау есебі жөніндегі жеке шоттар кітабы;

Азаматтық хал актілерін тіркеумен айналысатын селолық, кенттік, ауылдық (селолық) әкімшіліктерде — куәліктер-бланкілерінің кіріс және шығыс есебі жөніндегі кітап.

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер бланкілерін аумақтық әділет органының АХАЖ бөлімі оларды дайындаған органының құжаты бойынша қабылдап алады.

Ақаулы бланкілер (қорғағыш тор сызықтарының, басылған мәтіннің жоқтығы немесе бүлінуі, қайталанған нөмірлердің болуы және тағы басқа), бумалардағы куәліктер бланкілері жетіспеген немесе сериялары мен нөмірлері Мемлекеттік Белгі жапсырмасымен сәйкес келмеген жағдайларда екі данада акт жасалады.

Кенттік, ауылдық (селолық) әкімшіліктердің лауазымды адамдары әр тоқсан сайын АХАЖ органдарына, ал АХАЖ органдары әр тоқсан сайын аумақтық әділет
органының АХАЖ органдарына өткен тоқсанда куәліктер бланкілерінің жұмсалуы туралы есеп береді.

Аумақтық әділет органының АХАЖ органы жыл сайын есепті жылдан кейінгі бесінші қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне барлық түрдегі куәліктер бланкілерінің жұмсалуы туралы № 23 нысанда есеп береді.

Мыналар жоюға жатады:

1) азаматтық хал актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізуге байланысты, сондай-ақ жазулардың күші жоюға байланысты тапсырылған куәліктер;

Орнына қайтадан куәліетер берілген, жарамсыз болған куәліктер;

Тауып алынған куәліктер;

Басқа АХАЖ органдары жіберген және азаматтар бір жыл бойы алмаған қайтадан берілген куәліктер;

Толтыру кезінде бүлінген куәліктердің бланкілері.

Аталған куәліктерді жою АХАЖ органының немесе аумақтық әділет органының АХАЖ мұрағаттарының жұмысын тексеру кезінде акт жасап жағып жіберу жолымен жүргізіледі.

Кенттік, ауылдық (селолық) округтердің лауазымды адамдары жоюға куәліктерді жазбалардың екінші даналарымен бірге АХАЖ органдарына жібереді.

 

15 тақырып. Неке-отбасы заңдары нормаларының шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылуы

15.1. Қазақстан аумағында неке қию.

15.2.Ата-ана мен балалардың құқықтары мен міндеттері.

 

Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың нысаны мен тәртібі Қазақстан Реепубликасының заңдарымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының аумағында неке қиюдың ережелері, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, некеге тұратын адамдардың әрқайсысының некеге тұратын кезде қай мемлекеттің азаматы болса, сол мемлекеттің заңдарымен, «Неке және отбас туралы» Заңның 9-11 -баптарының неке қиюға кедергі болатын мән-жайлар жөніндегі талаптарын сақтай отырып белгіленеді.

Азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында некесін қию ережелері сол адамның тұрақты тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары арасындағы неке Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде қиылады. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің елшіліктерінде немесе консулдық мекемелерінде шетелдіктер арасында қиылған некелер, егер адамдар некелескен кезде Қазақстан Республикасындағы елшісін немесе консулын тағайындаған шет мемлекеттің азаматтары болып табылса, екі жаққа бірдей болу шартымен Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында қиылған некелер және Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың арасында қиылған некелер олар аумағында неке қиылған мемлекеттің заңын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды ден танылады. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдіктер арасында қиылған некелер, олар аумағында жасалған мемлекеттің заңдарын сақтай отырып қиылса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде жасалған некенің заңсыздығы неке қию кезінде қолданылған заңдармен айқындалады.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында
шетелдіктер арасындағы некені бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан
Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жұбайымен некені оның азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының сотында бұзуға құқылы. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес некені
азаматтық хал актілерін жазу органдарында бұзуға жол берілетін жағдайда неке Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде бұзылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде шетелдіктер арасындағы некені бұзу тиісті шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса, Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.

Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері аумағында екеуінің бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен, ал екеуінің бірге тұратын жері болмаған жағдайда — аумағында екеуінің бірге тұрған соңғы жері болған мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Бұрын бірге тұрған жері болмаған ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.

Әке (ана) болуды анықтау және даулау бала туған кезде азаматы болған мемлекеттің заңдарымен айқындалады. Әке (ана) болуды анықтаудың және даулаудың тәртібі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында азаматтық хал актілерін жазу органдарында әке (ана) болуды анықтауға жол берілсе, баланың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тұратын тым болмаса біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-анасы әке (ана) болуды анықтау туралы Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріне арыз беруге құқылы.

Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері, соның ішінде ата-аналардың балаларын асырап-бағу жөніндегі міндеті аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Ата-аналар мен балалардың бірге тұратын жері болмаған жағдайда ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері бала азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Талапкердің талап етуі бойынша алименттік міндеттемелерге және ата-ана мен балалардың арасындағы басқа да қатынастарға аумағында бала тұрақты тұратын мемлекеттің заңдары қолданылуы мүмкін.

Кәмелетке толған балалардың ата-аналарының пайдасына алименттік міндеттемелері, сондай-ақ басқа да отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді. Бірге тұратын жері болмаған жағдайда мұндай міндеттемелер алимент алуға құқығы бар адам азаматы болып табылатын мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.

Қазанстан Республикасының аумағында шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алуы, соның ішінде бала асырап алудың күшін жою жоғарыда алдыңғы тақырыптарда өткен талаптарды сақтай отырып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік болып табылатын баланы асырап алған жағдайда баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ егер аталған мемлекеттің заңдарына сәйкес талап етілетін болса, асырап алуға баланың да келісімін алу қажет.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті орган жүргізген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кеткенге дейін баланың тұратын аудандық (қалалық) атқарушы органнан немесе оның ата-анасынан (олардың біреуінен)
бала асырап алуға алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.

Егер бала асырап алудың нәтижесінде баланың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген құқықтары бұзылса, бала асырап алудың күші сот тәртібімен жойылуға тиіс. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тәртібін Қазақстан Республикасының ‡кіметі белгілейді.

Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды Қазақстан республикасының шетелдік мекемелері жүзеге асырады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдік
мекемелерінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде азаматтық хал актілерін
тіркеу кезінде, егер мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болса, Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жөнінде тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын шет мемлекеттердің құзыретті органдары берген құжаттар консулдық негізде ресмилендірілген жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

Басқа мемлекеттердің неке-отбасы заңдарының нормалары оларды қолдану Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда қолданылмайды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарында белгіленгенінен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданыл