Материалдар есебі.

А/ш-да мынандай өнімдерді де материалдардың қатарына жатқызылады: тұқым, тұқымдық, көшеттер, жем-шөп, тыңайтқыштар, мал және өсімдік ауруларына қарсыкүресуге жұмсалатын әртүрлі дәрі-дәрмектер.

55 тақырып. А/ш-қ өнімдерінің жіктелуі, биологиялық активтер.

 

Өсірілудегі негізгі құралдардың есебі.

1. Өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың есебінің ерекшелігі және олардыбағалау.

2. Өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың қозғалысын, өнімін құжаттау.

3. Өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың есебін есептік топтар б/ша ұйымдастыру.

Негізгі табынға өткізілген өнім беретін немесе күш көліктері ретінде пайдалануға болатын ересек малдарды 2521 (өнім беретін және күш көліктері) аралық шотында өндіріс құралы ретінде олардың баланстық немесе бастапқы құны б/ша ақпараттарын жинақтап, есебін жүргізеді.

Малдар еңбек заттары ретінде есептік топтары б/ша ақпараттарын жинақтау үшін олардың жастарына және жыныстарына қарай 2523 (өсірілудегі жас малдар және бордақылаудағы малдар) аралық шотын ашып, өсу үрдісін, бордақылаудың нәтижесін, тірілей салмағының артуын, алынған қосымша салмақ және қосымша өсу салмағы арқылы, өсу үрдісін тіркеу арқылы оларды бағалаудың нәтижесінде құнының артқандығын көрсететін ақпаратттарын жинақтап, есебін жүргізеді.

Негізгі табын және өсірілудегі, бордақылаудағы малдарды күтіп-бағу шығындары 8100 (негізгі өндіріс) шотының (мал шаруашылығы) аралық шотында есепті кезең шығындары жинақталады.

Өсірілу, бордақылау үрдісінде есептік топтары б/ша олардан алынатын өнімқосымша салмақ және қосымша өсу салмағы болып табылады.Өсірілудегі және бордақылаудағы малдарды күтіп-бағудың нәтижесінде жұмсалған шығындарының көлемінде өсірілу және бордақылау шығындарын

Өсірілу, бордақылау үрдісінің нәтижесінде алынған өнімдерін (қосымша салмақ) шыққан шығынның көлемінде бағалап, " Өсірілу және боқылау б/ша шығын-дары " шотының Дт-те, Негізгі өндірістің" Кт-тен көрсетіледі.

Алынған өнімнің нәтижесінде өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың тірілей салмағының артқанын және сол қосқан салмақтың құнына, құнының артқанын " Өсірілудегі жас малдар мен бордақылаудағы малдар" аралық шотының Дт-де " Өсірілу және бордақылау б/ша шығындар" аралық шотының Кт-нен көрсетіледі.

Қосымша салмақты анықтау әдістері :

1.таразыға тарту

2. есептеу арқылы

Бухгалтерлік есепте алынған қосымша салмақты мынандай формула арқылыанықтайды:

Қос. салмақ = Есепті кезең соңындағы салмағы + есепті кезең соңында шығыс болған малдар - кірістелген малдар - есепті кезеңнің басындағы салмағы.

Өсірілудегі және бордақылаудағы малдардың есебімен бірге осы топта

құстардың, аңдардың, қояндардың, бал араларының есебі де жүргізіледі.Есептік топтарда алынған қосымша салмақтың және қосымша өсу

салмағының жұмсалған шығынның көлемінде құнының артқанын және тірідей салмағының артқанын шотын Дт-п, шотын Кт-у арқылы көрсетеміз:

Бух.есепте 2524 шотта ақпараттары жинақталатын өсірілудегі және

бордақылаудағы малдар мынандай есептік топтар бойынша есебі жүргізіледі:

1. Жас малдар

2. Бордақылаудағы малдар

3. Құстар

4. Аңдар

5. Қояндар

6. Бал ара ұялары

Аналитикалық есепті өндірістік және жасына қарай топтар бойынша жүргізеді. Мысалы: ірі қара

·2 жасқа дейінгі тайыншалар мен құнажындар

·2 жастан жоғары құнажындар (телки)

·өгізшелер, т.б.

Шошқалар:

·тексерілетін аналық шошқалар

·2 айға дейінгі торайлар

·2 айдан 4 айға дейінгі торайлар

·алмастырылатын торайлар

·бордақылаудағы жас торайлар

Әрбір есептік топ бойынша есебін жүнінің сапасы бойынша жүргізеді:

·биязы жүнді

·қылшық жүнді

·жартылай биязы жүнді

·жартылай қылшық жүнді

Қояндар:

·тері беретін

·ет беретін

 

Егін шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын анықтау.

Франколь - өзіндік құнды анықтайтын жинау орны. Өнімдердің өзіндік құнын белгілеу мерзімдеріне байланысты а/ш-да 3 түрге бөледі:

- жоспардағы өзіндік құн

- болжамды өзіндік құн (ожидаемый)

- нақты өзіндік құн (жылдың соңында бухгалтерлік нәтижелердің көмегімен анықталады)

А/ш-да өнімнің бағасының өсуі инфляцияға алып келеді. А/ш ұйымдарының қаражаттарының орамды айналымдар сатыларының қатысына қарай өнімнің өзіндік құнын 3 түрге бөлеміз:

- бригадалық (звенолық) өзіндік құндар

- өндірістік өзіндік құндар - бөлімшелердің барлығы жинақталып, шаруашылық б/ша өзіндік құнын анықтау

- толық өзіндік құн - барлық өндірістік шығындар мен коммерциялық шығындар қосылады.

56 тақырып. Өндіріс пен басқаруды ұйымдастыру бойынша шығындар.

Егін шаруашылығы дақылдарының көпшілігінен екі немесе одан да көп негізгі өнімдер (қосарланған өнімдер) алынады. Сонымен қатар барлық дақылдардан жанама өнімдер алынады. Сондықтан өзіндік құн көрсеткіштерінің нақтылығы шығындарды өнімдердің түрле -ріне дұрыс үлестіруге тікелей байланысты. Есеп тәжірибесінде а/ш өнімдерінен алынатын өнімдердің технологиялық сипаттарына қарай шығындарды өнімдердің түрлеріне таратудың бірнеше әдістері бар:

1. Жалпы шығындардың сомасынан жанама өнімдердің тұрақты бағасымен бағаланған құндарын шығарып, қалғанын негізгі өнімдердің өзіндік құнына апару.

2. Шығындарды өнімдердің аударма коэффициенттерін қолдану арқылы бір негізге келті -рілген көрсеткіштерінің үлес салмағына қарай тарату.Алынған өнімді шартты өнімге айналдыру. Бұндай жағдайда негізгі өнімдердің біреуішартты өнім бірліктеріне аударылып, олардың жалпы жиынтығы шығарылады. Сонанс оң шартты өнім бірліктерінің жалпы (шығындары) жиынтықтағы өнімдердің әр түрінің үлес салмағын анықтап, шығындарды сол үлес салмақтарға сәйкес үлестіреді немесе бір шартты бірліктің өзіндік құнын анықтап, оны өнімдердің әр түрінің шартты өнім бірлігіне көбейтіп, шығындарды өнімдердің түрлеріне қарай таратуға болады.

Жалпы шығын / шартты өнім = шартты бірліктің өзіндік құны.

3. Шығындардың жалпы сомасын өнімдердің сатылу бағасымен бағаланған құндарына сәйкес тарату, бұндай жағдайда өнімдерді сатылу бағасымен бағалап, жалпы құнынтабады да, шығындардың жалпы сомасын сату құнына бөліп, шығындардың үлесін анықтайды. Оны өнімдердің әр түрінің сату құнына көбейтіп, шығындарды өнімдерді әр түріне үлестіреді.

4. Шығындарды өнімдердің түрлеріне, олардың құрамындағы маңызды белгініңсанына сәйкес тарату.

5. Өнімдердің белгілі түрлеріне шығындарды тікелей апарып жалпы шығындарды ғана белгілі бір ортақ көрсеткіштеріне сәйкес өнімдердің түрлеріне тарату.

6. Шығындардың өнімдердің жеке түрлеріне тиесілі үлесін сараптау жолымен анықтап,шығындарды сол салыстырмалы көрсеткіштер арқылы тарату.

А/ш-да есеп объектісі - дақылдар мен дақылдар топтары,калькуляциялау объектісі - алынған өнімдер.

Дәнді дақылдардың (жүгеріден басқа ) өзіндік құнын анықтау

Дәнді дақылдардың өнімдерінің өзіндік құндарын анықтау обьектілері болып негізгі өнім – дән және жанама өнім болып – сабан табылады. Егер дәнді дақылдар азық-түлік мақсатында егілген болса, онда өнімдердің өзіндік құндарын анықтау мынандай тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

1. Өндірістік есептердегі көрсеткіші бойынша таратылатын шығындарды жазғаннан кейін әрбір дәндік дақылдардың барлық шығындары мен өнімдердің барлық көрсеткіштерін белгілейді.

2. Шығындардың жалпы сомасының шаруашылықта сабанның үлесіне алдын-ала белгіленген шығындардың нормативіне сәйкес сабанға тиесілі соманы шығарады.

3. Зертхананың көрсеткіштерінің негізінде астық қалдықтарындағы дән құрамының пайыздық көрсеткіштері бойынша астық қалдықтарын шартты толық бағалы дәндердің болмыстық көрсеткішіне қосып, шартты толық бағалы дәннің жалпы толық көлемін анықтайды.

4. Толық бағалы дәндерге тиесілі өндіріс шығындарын шартты бағалы дәннің жалпы болмыстық көрсеткішінің жалпы санына бөліп, толық бағалы дәннің бір өлшем бірілгінің өзіндік құнын анықтайды.

5. Анықталған толық бағалы дәннің өлшем бірлігінің өзіндік құнын толық дәнге аударылған баламасына көбейтіп, жалпы шығынды таратады.

6. Таратқан сомаларды өнімдердің әр түрінің болмыстық салмақ бірліктеріне бөліп, өнімдердің өзіндік құнын анықтайды.

Шаруашылық операцияларының мазмұны Дт Кт Тип
Еншілес кәсіпорыннан сатып алынған төл беретін ересек мал кіріске алынды   ІІІ
Сатылған жас малдың өзіндік құны есептен шығарылады:   ІІІ
Бағып күтіп өсіру үшін жас мал сатып алынды:     ІІІ
Жабдықтаушылардан жем – шөп келіп түсті:   ІІІ
Есепті кезең ірі қара малдың сауын табынан сүт кіріске алынды І
Негізгі цех ғимаратына тозу есептелінді І
Өндірісте қолданылған негізгі құралдарға тозуы есептелінеді ІV
Негізгі цех станогына тозу есептелінді :   І
Өндіріс машинасының тозу сомасы есептелінді: І
Есепті кезең ірі қара малдың сауын табынан сүт кіріске алынды І

57 тақырып. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні.

Қазіргі жағдайда туризмнің дамуы қарқын алып келеді. Ол туристік қызмет көрсету нарығын қалыптастырып, туристік бизнесті жолға қойды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында туристік нарық мына бағыттарда бөлінеді:

• келу туризмі- Қазақстанға келген шетелдіктерге қызмет көрсетуге

бағытталған;

• кету туризмі- Қазақстан Республикасы азаматтарының алыс-жақын

шетелдерге сапарын ұйымдастыру;

• шоп-туризмі- «желқайықтармен» («челноктармен») қызмет ету;

• ішкі туризм- мемлекеттің әлеуметтік мұқтаждықтарға бөлетін

қаражатынан демеу көрсетілетін саяхат;

• өздігінен (самодеятельный)- туристердің өз беттерінше ұйымдастыратын

жылжудың белсенді тәсілдерін пайдаланатын сапары.

Бұған қоса, туристік бизнестің өзінің ерекше терминологиясы бар:

• турист- уақытша 24 сағаттан 6 айға дейін қатар келетін немесе бір түнеп

қана қайтатын, денсаулығын түзеуге, ел көріп, жер тануға, кәсіби іссапармен, спорттық, діни немесе ешқандай мақсатсыз, бірақ ақысы төленгендіктен елге келетін азамат;

• туристтік ресурстар- табиғат, тарихи орындар, туристерге көрсетуге

арналған әлеуметтік-мәдени объектілер, сондай-ақ туристердің рухани қажетін өтейтін, олардың күш-жігерін молайтуға ықпал ететін басқа объектілер;

• туристік индустрия-қонақүйлер мен басқа да орналастыру құралдарының,

көлік құралдарының, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық құралдары мен объектілерінің, танымдық, іскер, емдеу, спорт және басқа тағайындаудағы объектілердің және туроператорлық пен турагенттік қызметті жүзеге асыратын субъектілердің, сондай-ақ экскурсиялық қызмет көрсету мен жолбасшы-аудармашылардың қызмет көрсету субъектілерінің жиынтығы;

• тур- туристерді орналастыру, жүктерін тасу, тамақтандыру бойынша

қызмет көрсетудің, экскурсиялық қызмет көрсетудің, сондай-ақ жолбасшы-аудармашылардың қызмет көрсетуі мен сапардың мақсатына қарай болатын басқа да қызмет көрсетудің кешені;

• туристік азық-түлік- туристерге өткізуге арналған турға құқық;

• туристік азық-түліктің жылжуы- туристік азық-түлікті өткізуге

бағытталған шаралар кешені (жарнама, мамандандырылған көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу, туристік жобаларды сату, каталог, буклет шығару және т.б. бойынша туристік ақпарат орталығын ұйымдастыру);

• туроператорлық қызмет- заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің

(туроператордың) лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын туристік азық-түлікті қалыптастыру, жылжыту және өткізу қызметі;

• турагенттік қызмет- заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің

(турагенттің) лицензиясының негізінде жүзеге асырылатын туристік азық-түлікті жылжыту және өткізу қызметі;

• туристік жолдама- туристік азық-түлікті тапсыру фактісін растайтын

құжат;

• туристік кепілхат (ваучер)- тур құрамына кіретін қызмет көрсетуге

туристің құқын белгілейтін және оны көрсету фактісін растайтын құжат;

• туристік кәсіпорын- туристік азық-түлікті өндіру және өткізу бойынша бір

немесе бірнеше қызметті орындайтын заңды тұлға, ерекшеленген шаруашылық бірлігі.

Турбизнес кәсіпорындарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

 

«Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заң бойынша (15-бап) Қазақстан Республикасында туристердің құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтер, туризмнің нұсқаушылық қызмет көрсетулері лицензияланады. Лицензиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.09.2001ж. №1213 «Туристік қызметті лицензиялау тәртібі» қаулысында сәйкес жүзеге асырылады. Лицензия туралы, туроператорлар және турагенттер туралы деректер туристік саладағы мемлекеттік тізілімге енгізіледі. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі төрағасының 09.01.2002ж. №06-2-2-/3 бұйрығымен лицензияны алу үшін туристік қызметтерді лицензиялау құжаттарының формалары бекітілген.

Туроператорлар мен турагенттер лицензияны алу үшін азаматтық-құқық сақтандыру келісімшартын бекітіп, он мың бір айлық есептік көрсеткішінен кем емес сақтандыру сомасын әкелуі керек.

Туристік бизнестегі субъектілердің қалыптасқан шаруашылық жүргізу жағдайында бухгалтерлік есеп жүйесін нақты ұйымдастыруы керек, қаржылық есеп берулерді пайдаланушыға уақтылы және шынайы жасап ұсынуы қажет, активтер мен тапсырмалардың жағдайы туралы мәліметтерді уақтылы алу.

Туризм- Қазақстан Республикасы азаматының уақытша кетуі (саяхаты), шетелдік азаматтардың және тұрақты мекен-жайы мен азаматтығы жоқ тұлғалардың емделу, танымдық, кәсіби-іскерлік және т.б. сапарлары.

Туристік бизнестегі бухгалтерлік есептің жүргізу тәртібі ҚР Конституциясында, ҚР Азаматтық кодексінде, 2001-ші жылдың 13-ші маусымындағы №211-II «Қазақстан Республикасында туристік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңында реттемеленген. Қаржылық есеп берудің жалпы қабылданған Халықаралық стандартына сәйкес принциптердің екі тобы бөлініп көрсетіледі:

• негізгі принциптер (есептеу және үздіксіз қызмет);

• ақпараттардың сапалы сипаттамалары (түсініктілігі, орындылығы,

сенімділігі және салыстырылуы).

Бұған қоса олар ҚЕХС 1 «Қаржылық есеп берулерді табыс ету» реттемеленіп, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берулер туралы» Заңда белгіленген принциптерге және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес субъектілер әзірлеп, пайдаланатын кәсіпорындарындағы «Есепті саясатқа» қабылданады.

Есептік саясатта мыналар қарастырылуы керек: туристік бизнестегі олрадың есептік ерекшеліктері; шоттардың жұмыс жоспары; шаруашылық операцияларын ресімдеуге қолданылатын бастапқы құжаттардың формалары; түгендеуді жүргізу тәртібі және тауарлы-материалдық қорларды, мүлікті және тапсырмаларды бағалау әдістері; құжат айналымы тәртібі, есептік ақпараттарды өңдеу технологиясы және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға аса қажетті басқа шешімдер.

Есептік саясатты субъект басшысы бекітеді. Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп пен есеп берулер туралы» заңының 7-бабына сәйкес басшысы есептік жүйені жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Басшы есептік жұмыстың мөлшеріне қарай бухгалтерлік қызметті бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлімшелерге құрылтайшы болып, бас бухгалтер қызмет штатын ашады, алғашқы келісімшартпен мамандандырылған бухгалтерлік фирмаға бухгалтерлік есепті жүргізуді тапсырады немесе маман бухгалтерге бухгалтерлік есепті жүргізуге береді.

Бас бухгалтер (бухгалтер) субъектінің жалпы бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есеп берудің формаларын сақтайды.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жалпы әдістемелік басшылығын Бухгалтерлік есептің әдістемелік департаменті және ҚР Қаржы министрлігі аудитта жүзеге асырылады.

 

58 тақырып. Турөнімінің бағасының қалыптасу саясаты.

Туристік азық-түліктердің өзіндік құнына қосылатын шығын құрамы ҚЕХС №2 «Тауарлы-материалдық қор есебі» және оған әдістемелік ұсыныспен реттемеленеді. Осы құжаттарға сәйкес туристік азық-түліктердің құны табиғи ресурстар, шикізат, материалдар, отын, энергия, негізгі құрал, еңбек ресурстары, сондай-ақ басқа шығындардың өндірістік процесінде пайдалану бағаларының құнын білдіреді.

Туристік азық-түліктердің өндірістік өзіндік құнына тікелей және жанамаға бөлінген шығындар қосылады.

Тікелей шығындар- бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына тікелей қосылуы мүмкін шығындар (туристік азық-түліктердің өндіру және өткізумен байланысты қызметкерлердің еңбекақысы, аударым және әдеттегінше шығын элементтерінің қимасында (в разрезе)) ескеріледі.

Жанама шығындар- бұл туристік азық-түліктердің өзіндік құнына оның бөлінуі бойынша қосылатын шығындар (халықаралық телефонмен сөйлесу шығындары, Интернетке кіргізудің қызмет көрсету төлемі, жарнамалық (каталогтар) және сувенирлік өнімдерді дайындау, жалдық ақы). Өндірістегі процестегі қызметтік рөлі бойынша айрықшаланатын олар кешенді баптарды (бірнеше экономикалық элементтерді қосып) қалыптастырады.

Туристтік азық-түліктерді өндіру шығындарын топтастыру экономикалық мазмұнына және ҚЕХС 2 «Тауарлы-материалдық қор есебі» мен оған әдістемелік ұсынысқа сәйкес жүзеге асырылады:

а) экономикалық элементтермен:

• материалдық шығындар;

• еңбекақы шығындары;

• аударым;

• құралдардың тозуы;

• басқадай шығындар,

ә) шығын баптары бойынша:

• материалдар;

• еңбекақы;

• аударым;

• үстеме шығындар.

Туристік азық-түліктерді өндірудің шығын есебіне 8110«Негізгі өндіріс», 8310«Қосалқы өндіріс» калькуляциялық шоттар, 84110«Үстеме шығындар» жинау-бөлу шоты және «Алдағы кезең шығындары» 1610 бөлімше шоты пайдаланылады. Дебет бойынша бұл шоттармен бір элементті шоттарға алдын ала жиналған шығындар ескеріледі, ал кредит бойынша есептен шығарылады. 8110,8310,8410 шоттардың сальдосы жоқ және айдың бітуі бойынща бұл шоттарға дебет бойынша жиналған шығындар шығындар «Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны» 7010 шот дебетінде есептен шығарылады.

ҚЕХС 2 «Тауарлы-материалдық қор есебі» және оған әдістемелік ұсынысқа сәйкес туристік азық-түліктердің өзіндік құнына мыналар қосылады:

1) туристік субъектілерді туристік азық-түлікті қалыптастыратын жұмысшы күшімен (қызметкермен) қамтамасыз ету шығындары;

2) аударым (әлеуметтік салық);

3) көлік шығындары: тасымалдап қызмет көрсетулер (әуе, темір жолдары, су жолы);

4) туристік фирмалардың асырау, қызмет ету және басқару шығындары;

5) жаңа туристік азық-түлікті әзірлеу және игеру шығындары;

6) турды жүзеге асыру бойынша қызмет көрсеткені үшін басқа жақтағы субъектілерге (тұлғаларға) төлемақылар;

7) контрагенттерге комиссиялық сыйақы;

8) басқадай шығындар мен төлемдер.

Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі. Еңбекақы шығыны нормаланбайды және туристік кәсіпорындарда қабылданған есептік саясаттың тәртібіне сәйкес әрекет ететін туристік азық-түліктердің өзіндік құнына қосылады.

Туристік субъектілер еңбекақының формасын, жүйесін және мөлшерін ҚРЗ №493-1 «Қазақстан Республикасында еңбек туралы» ҚР Заңына, еңбекақының формасы (мерзімдік және кесімді) мен жүйесі (жай мерзімді, мерзімдік-сыйлықақылы, тікелей кесімдіақы, кесімді-сыйлықақылы, ілгері-кесімдіақы, жанамалы кесімдіақы, аккордтық) белгіленген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 12.05.2000ж. №111-п. Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.12.2000ж. №1942 «Қызметкерлердің орташа еңбекақысын есептеу тәртібі туралы нұсқау» және «ҚР еңбек мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар>» қаулысына сәйкес дербес белгілейді.

Туристік субъектілерді жұмысшы күшімен (қызметкермен) қамтамасыз ету шығыны мына жазу бойынша бухгалтерлік есепте көрініс табады:

8112«Өндіріс жұмысшыларына еңбекақы» шот дебеті

3350«Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті 60000.

Аударым (әлеуметтік салық) Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ шетелдік азаматтардың және Қазақстанда тұрақты тіршілік ететін азаматтығы жоқ тұлғалардың еңбекақы қорынан Қазақстан Республикасы «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Еңбекақы қорынан аудару (әлеуметтік салық) сомасына бухгалтерлік есепте мына жазулар жазылады:

8113,8313,8413«Еңбекақыдан аудару» шоттар дебеті

«Әлеуметтік салық» шот кредиті.

Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жарнасын төлеу 20.06.97ж. №136-1 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңмен, ҚР Үкіметінің 16.09.97ж. №1342 «Зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталыққа Қазақстан Республикасы азаматтарына Әлеуметтік жеке код иемдену тәртібін бекіту туралы» қаулысымен, ҚР Үкіметінің 15.03.99ж. №245 «Жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарнасын ұстау және аудару Ережесін бекіту туралы» қаулысымен және қызметкерлердің еңбекақысының басқа да нормативті құжаттарымен реттеледі.

Мұнда мына жазулар жазылады:

3430«Еңбекақы бойынша қызметкермен есеп айырысу» шот дебеті

3220«Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша есеп айырысу» шот кредиті 6000.

Негізгі құралдар амортизациясына байланысты шығындар туристік фирмалардағы есептік саясатқа қабылданған әдістермен анықталып, көрініс табады:

7210«Жалпы және әкімшілік шығындар», 7110«Өнімді өткізу шығындары», 8415«Негізгі құралдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы» шоттар дебеті

2421-2429«Негізгі құралдардың тозуы» шот кредиті 1820.

Жалпы шаруашылықтың шығындарына келсек, туристік азық-түліктердің өзіндік құнындағы субъектілерге қосылмай, қорытынды табысты кеміту есебінен орны толтырылатын кезең шығындары (есептік кезеңге көшірілетін шығындар) ретінде танылады. Олар өндіріс көлеміне тәуелді емес және нақты туристік өнім түрлерімен байланысты жоқ тұрақты шығындар ретінде анықталады.

• Көлік шығындары: тасымалдаушының (көшірушінің) қызмет

көрсетулері (әуе, темір жолдары, су, ауа жолдары және т.б. төленген комиссиялық сыйақыны қосқандағы турға қосылатын жол құжаттары) мұнда мындай жазу жүзеге асырылады:

а) алынған жол құжаттарының сомасына (комиссиялық сыйақыны қосқанда):

8418«Басқадай» үстеме шығындар шот дебеті

4110«Төленуге тиісті шоттар», 4240«Басқадай кредиторлық берешек» шоттар кредиті 459000,

ә) жол құжаттарының төлемақысы:

4110«Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті

1030«Ағымдық шоттағы ақш», 1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 1060«Чек кітапшасындағы ақша», 1251«Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шоттар кредиті 459000.

• Туристік фирманың асырау, қызмет ету және басқару шығындары.

1. Материалдық шығындар:

7210«Жалпы және әкімшілік шығындар» шот дебеті

1310-1315,1317«Материалдар» шоттар кредиті.

2. Басқарушы қызметкерге еңбекақы есептеледі:

7210«Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті

3430«Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шот кредиті.

3. Басқарушы қызметкердің еңбекақы қорына аудару сомасына (әлеуметтік салық):

7210«Жалпы және әкімшілік шығындары» шот дебеті

3150«Әлеуметтік салық» шот кредиті.

4. Жарнама және туристік азық-түліктерді нарықта жылжыту шығындары: 7110«Тауарларды (жұмыс, қызмет) өткізу шығындары» шот дебеті

4110«Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті.

• Турды жүзеге асыруға қызмет көрсеткені үшін басқа жақтың

субъектісіне (тұлғасына) төлемақылар.

Туристерді орналастыруға қызмет көрсетулер- қонақ үйлермен, пансионаттармен, санаторийлермен, демалыс үйлермен және т.б. көрсету, оның шығынын туристік фирмалар серіктестік туралы келісімшартқа сілтеме жасай отырып, тариф бойынша орнын толтырады:

а) тұрғаны үшін:

8114«Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті

4110«Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті 3060000,

ә) орналастыру және тұрғызу бойынша көрсеткен қызметі үшін берешектерді төлеу:

4110«Төленуге тиісті шоттар» шот дебеті

1030«Ағымдық шоттағы ақша», 1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 1060«Чек кітапшасындағы ақша», 1251«Есеп беретін адаммен есеп айырысу» шоттар кредиті 3060000.

• Жаңа туристік азық-түліктерді дайындау және игеру шығындарына

менеджерлерге таныстыру турының шығындары, қызметкерлерге тіл үйрету курсының шығындары, басшылардың келісімшартқа қол қоюына қызметтік іссапар шығындары және т.б. шығындар жатады.

а) жүзеге асырылған шығындар сомасына:

1620«Басқадай» алдағы кезең шығындары шот дебеті

4110«Төленуге тиісті шоттар» шот кредиті

ә) есептеу принциптеріне сәйкес алдағы кезеңдерге жолдаманы өткізу шығындары жолдама сол уақытта сатылғандықтан есептік кезең шығындары деп танылады:

8114«Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті

1620«Басқадай» алдағы кезең шығындары шот кредиті.

• Мыналарды жүзеге асырған контрагенттерге комиссиялық сыйақы:

а) туристік азық-түліктерді сату:

8114«Басқадай тікелей шығындар» шот дебеті

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті

ә) комиссия келісімшарты бойынша сыйақы төлеу:

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

1030«Ағымдық шоттағы ақша», 1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар», 1060«Чек кітапшасындағы ақша», 1251«Есеп беретін адаммен есеп айырысу» шоттар кредиті.

• Басқадай шығындар мен төлемдер.

Визалық (рұқсатнамалық) қызмет көрсету- туристік фирмалар әдетте туристік азық-түліктердің құнын қоспай, туристерден консульдық алымды өндіріп алады. Мұнда мына жазулар жүзеге асырылады:

а) туристерден консульдық алымды өндіріп алу сомасына:

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті

ә) консульдық алымды төлеуге курьерге аванс беруде:

1251«Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шот дебеті

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот кредиті

б) аванстық есеп берудің негізінде:

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

1251«Есеп беретін адамдармен есеп айырысу» шот кредиті.

• Ерікті сақтандыру бойынша қызмет көрсетулер агенттері туристік

агенттік болып табылатын сақтандыру компаниялары туристерге қызмет көрсетеді. Агенттік келісім- жеке немесе заңды тұлғаның біреудің атынан орындалғаны туралы және сенімхат боыйынша принципал атынан операцияны жүзеге асыратын белгілі бір міндеті түрлеріндегі принципиал мүддесіндегі келісімшарт түрі. Агенттік келісімге қол қоюда агентке сақтандыру полисының бланкілері беріледі. Бланкінің жылжу есебі қатаң есеп берумен арнайы журналда жүргізіледі. Агенттің берешегі мен комиссиондығын сақтандыру келісімшартын бекіту туралы хабарлайтын құжат- бордероны алудағы келісімге сәйкес сақтандыру компаниясы есептейді. Сақтандыру компаниясы қойған шоттардың негізінде келісімде белгіленген мерзімде тараптардың өзара есеп айырысуы болады. Мұнда мына жазулар жазылады:

• туристерден өндіріп алған сақтандыру сыйлықақы сомасына:

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот кредиті

• туристерден өндіріп алған комиссиялық сыйақы сомасына:

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

6010«Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті.

• сақтандыру компаниясы төлеген берешектер сомасына:

4170«Басқадай кредиторлық берешек» шот дебеті

1010 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот кредиті.

 

Туристік азық-түліктерді өткізуден түскен табыстар мен шығындар есебі

22.02.02ж. №296-II «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» заңда белгіленгендей, туристік қызмет көрсету қолданыстағы заңға сәйкес жазбаша түрде бекітілген келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Туристік азық-түліктің сатылу құнын дұрыс есептеу үшін мына есеп айырысуларды келтіруге болады:

Туристік азық-түліктер сатылу бағасының есеп айырысуы:

1. Туристік азық-түліктердің құны 2208000.

2. Туристік компаниялардың шығыны (7110-7210) 180000 .

3. Жоспарлы рентабельділік-10% 220800.

4. Үстеме 400800.

Үстемелер деңгейі- 18%

5. Туристік азық-түліктерді өткізу бойынша салық салынатын айналым

2608000.

6. Салық салынатын айналымдағы ҚҚС 417408.

7. Сату көлемі 3025408.

Туристік жолдамаларды өткізуде мына бухгалтерлік жазулар жүзеге

асырылады:

а) туристік азық-түліктердің өзіндік құны есептен шығарылады:

7010«Сатылған дайын өнімдердің (тауарлар, жұмыс, қызмет) өзіндік құны» шот дебеті

8110«Негізгі өндіріс» шот кредиті 2208000,

ә) сатып алушыға шотты ұсынғанда:

1210«Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті

6010«Дайын өнімдерді (тауарлар, жұмыс,қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті 2608000,

б) ҚҚС сомасына:

1210 «Алынуға тиісті шоттар» шот дебеті

Шот кредиті 3130«ҚҚС» 417408,

в) сатып алушыдан төлемдер кеп түсті:

1030«Ағымдық шоттағы ақша», 1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шоттар дебеті

1210«Алынуға тиісті шоттар» шот кредиті 3025408.

Қолма-қол есеп айырысумен туристік жолдамаларды өткізуде:

а) сатудан түскен түсім сомасына:

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

6010«Дайын өнімдерді (тауарлар,жұмыс,қызмет) сатудан алынатын табыстар» шот кредиті 2608000, ә) ҚҚС сомасына:

1010«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшалар» шот дебеті

3130«ҚҚС» шот кредиті 417408,

б) бюджетке аударылған ҚҚС сомасына:

3130«ҚҚС» шот дебеті

1040«Ағымдағы шоттағы ақша» шот кредиті 417408.

Есептік кезеңнің соңында:

а) қорытынды табысты кеміту шығындары есептен шығарылады:

5420«Жиынтық табыс» шот дебеті

7010«Сатылған дайын өнімдердің (тауарлар,жұмыс,қызмет) өзіндік құны» шот кредиті 2208000,

ә) жиынтық табысты көбейтетін табыс есептен шығарылады:

6010«Дайын өнімдерді сатудан алынатын (тауарлар,жұмыс,қызмет) табыстар» шот дебеті

5420«Жиынтық табыс» шот кредиті 2608000,

б) қорытынды табысты кемітудің кезеңдік шығындары есептен шығарылады:

«5420Жиынтық табыс» шот дебеті

7210«Жалпы және әкімшілік шығындары», 7110«Тауарларды (жұмыс,қызмет) сату шығындары» шоттар кредиті 180000, в) корпоративтік табыс салығы есептелді- 30%

7710«Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар» шот дебеті

3110«Төлеуге ағымдағы корпоративтік табыс салығы» шот кредиті 66000,

г) жиынтық табысты кемітуге табыс салығы бойынша шығындар есептен шығарылады:

5420«Жиынтық табыс» шот дебеті

7710«Жиынтық табыс салығы бойынша шығындар» шот кредиті 66000,

ғ) таза табыс анықталып, есептен шығарылады:

5420«Жиынтық табыс» шот дебеті

5410«Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)» шот кредиті 154000.

 

59 тақырып. Автокөліктік қызмет көрсетулер және олардың мәні.

 

Автомобильмен тасмалдаудың өзіндік құны- автокөлік субъектісінің жұмыс тиімділігі мен сапасының ең маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі әрі жинақтау көздерінің бірі. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өзіндік құнды төмендктуге ұмтылады. Оның үстіне, тасмалдаудың өзіндік құүнын төмендетуге ұмтылады. Оның үстіне тасмалдаудың өзіндік құнын төмендету жылдамалы көліктік пайдаланатын субъектінің өндіріс шығындарын кемітетін тарифтің азаюын қамтамасыз етеді.

Өндірістік өзіндік құнды қалыптастыратын шығынды жоспарлауда есепте талдауда (Тауарлы материалдық қорлыр есебі) бухгалтерлік есеп стандартына сәйке топтастырудың әр түрі қолданылады.

1.шығынның пайда болу орны бойынша

2.жұмыс, қызмет түрлері бойынша. Шығындар жекелеген тасмалдау түрлерінің өзіндік құнына қосылады.

3.шығын түрлері бойынша- колькуляция элементтер мен баптары бойынша. Элементтік бойынша тасмалдауға қандай шығын жұмсалғанын көрсетсе, ал колбкуляция баптары бойынша- жекелеген тасмалдау түрлерін есептейді;

4.өнімнің өзіндік құнына жатқызу әдісі бойынша шығындар тікелей және жанама деп бөлінеді.

Тікелей шығындар -жекелеген тасмалдар түрлерінің өзіндік құнына тікелей қосылады.

Жанама шығындар- нақты тасмалдау түрінің өзіндік құнына тікелей салынбайды, ол қосылу алдында қандай да бір базаға (автошаруашылықтығы күндерінің санына) үйлесімді яғни пропорционалды бөлінеді.

60 тақырып. Автокөлік ұйымындағы негізгі құралдар, материалдық құндылықтар есебі.

Кәсіпорындар өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансыннан негізгі құралдарды есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың іскс жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күр-елі жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комис-сияның құрамында мынадай қызметкерлер болуы тиіс:

кәсіпорынның басшысы немесе оның орынбасары (комиссияның төрағасы ретінде);

бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері;

негізгі құралдың сақталуына жауапты адам;

негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;

мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер көлік құралын есептен шығаратын жағдайда);

-тағы да басқа жұмысшы қызметкерлер болуы мүмкін.

Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында құрылған комиссия ұйымда мынадай жұмыс мен міндетті атқарады:

- Есептен шығарылатын негізгі құралдарды толық тексеріп, сонымен қатар оның техникалық құжаттары мен төлқұжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы объектіні қалпынакелтіруге болатындығын немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын немесе жарамайтындығын анықтайды.

-Объектіні есептен шығарудың нақтылы себебін анықтайды (сапалық тозғандығы, табиғи тозғандығы, апат болғандығына байланысты, дұрыс пайдаланбағандықтан, ұрланғандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта құруға байланысты, табиғи апаттар жағдайынан, тағы да басқа жағдайлардан).

-Негізгі құралдар белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті бёлгіленген пайдалану мерзімінен бұрын істен (есептен) шығарылатын жағдайда оның себебін анықтайды. Олардың істен шығарылуына кінәлі түлғаны (адамдарды) заңдарға сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігі жөнінде ұсыныс жасайды.

-Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерін, детальдарын, материалдарын анықтап, олардың бағасын белгілейді.

-Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының, сонымен қатар олардың ішінде қымбат және түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дұрыс анықтап, тиісті орындарға (қоймаларға) тапсырылуын қадағалап отырады. Кәсіпорындарда негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 "Негізгі құралдарды есептен шығару актісі" немесе үлгілі түрі НҚ-4 "Көлік құралдарын есептен шығару актісінің" тиістілері толтырылады. Бұл жоғарыда айтылған актілерде негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:

-объектінің салынып біткен (өндірістен шығарылған) уақыты (күні, айы, жылы);

-ұйымға келіп түскен, кіріске алынған уақыты

(күні, айы, жылы);

-пайдалануға берілген уақыты (күні, айы, жылы);

-объектінің бастапқы құны (қалпына келтіру қүны);

-бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептелген тозу сомасы;

-жөндеулердің жүргізілген уақыты (күні, айы, жылы);

-көлік құралын есептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген жолы (км) көрсетіледі;негізгі құралдардың істен шығарылу себебі және оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;

-аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;

-сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады.

Комиссия жұмысының нәтижесінде жасалған негізгі құралдарды есептен шығару актісін кәсіпорынның басшысы бекітеді. Акт екі (2) дана етіліп толтырылады. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарды есептен шығару үшін ұйымның бухгалтериясына табыс етіледі, ал актінің екінші данасы негізгі құралдарға жауапты адамға беріліп, негізгі құралдарды бұзғаннан алынатын іске жарайтын бәлшектерді, детальдарды, металл сынықтарын тағы да басқаларды қоймаға тапсыру үшін негіздеме болады. Негізгі құралдарды есептен шығару актісі бекітілгенге дейін негізгі құралдарды бұзуға, бөлшектеуге рұқсат етілмейді. Негізгі құралдарды бұзғаннан, есептен шығарудан алынған іске жарайтын бөлшектер комиссияның бағалаған бағасы бойынша бухгалтерлік есепке алынады.

Кәсіпорынның негізгі құралдарды сатқаннан немесе бұзғаннан алған материалдары мен алынған сомаларынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандағы қалған қалдығы ұйымның өзінде қалады. Ұйымдарда есептен шығарылған негізгі құралдардың құны "Негізгі құралдарды сату бойынша шығын-дар" шотының дебитіне, "Негізгі құралдар" деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдардың есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған (есептелген) тозу сомасына "Негізгі құралдардың тозуы" деп аталатын шоттың тиістілері дебиттелініп, "Негізгі құралдар" деп аталатын шоттың тиістісі кредиттелінеді.

Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске жарайтын материалдар мен басқа бөлшектердің құны: "Материалдар" деп аталатын шоттың тиістілерінің дебитіне, "Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс" шотының кредитіне жазылады.

Кәсіпорындарда негізгі құралдарды сатқаннан алынатын табыс "Дебиторлық борыштар мен басқа да активтер" және "Ақшалар" деп аталатын бөлім шоттарының тиістілерінің дебитін, "Негізгі құралдарды сатудан алынатын табыс" деп аталатын шотының кредитіне жазылады. Негізгі құралдарды есептен шығару операциясының соңында одан алынған кірістер мен шыққан шығыстар "Жиынтық кіріс (шығын)" шотына апарылады.

Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін берілетін негізгі құралдарға үлгілі түрі НҚ-1 "Қабылдау табыс ету (ақысыз) актісі екі дана етіліп толтырылады. Оның біреуі негізгі құралдарды берушіде қалдырылып, ал екінші данасы негізгі құралдарды алушыға табыс етіледі. Осы актінің негізінде басқа жске немесе заңды тұлғаларға берілген негізгі құралдардың түгендеу (инвентарлық) карточкасына тиісті мәліметтер толтырылып, ол карточка актімен бірге негізгі құралдарды алушыға беріледі. Негізгі құралдың және оның түгендеу карточкасының басқа жеке немесе заңды тұлғаға берілуі жайлы негізгі құралдардың жұмыс істеп тұрған жері бойынша жасалған инвентарлық карточкаларының тізіміне тиісті мәліметтер жазылады.

Негізгі құралдарды беруші ұйым оны тегін алушыға берілген негізгі құралдардың бастапқы құны мен тозу сомасын көрсетіп, хат (авизо) жолдауы керек. Бүл хат, яғни авизо 4 (төрт) дана етіліп толтырылады. Негізгі құралдарды алған жеке немесе заңды тұлғаның бухгалтериясы негізгі құралды алғандығын білдіріп, авизоның екі данасына қол қойып және оларға мөр басып, негізгі құралды берушіге қайтарып береді.

Сонымен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін берілген негізгі құралдар баланстан «Қабылдау табыс ету» актісімен оны алушының дәлелдейтін хатына (авизиоға) негізделіп шығарылады.

Кәсіпорындарда негізгі құралдарды басқаларға тегін беруге жазылатын бухгалтерлік жазу негізгі құралдарды басқадай жолмен есептен шығаруға жазылатын жазулармен бірдей жазылады.

61 тақырып. Саудадағы қаржылық есептің ұйымдастыру ерекшелігі, сауда ұйымының түрлері.

Көптеген халық қайта құру саясатын жүргізген кезде, сауданың жеке меншік қолға өтуі, бірденінен барлық мәселелерді, яғни сауда орындарының тек қана сапалы тауарлармен толуы ғана емес, оған қоса халықты алдап-арбау, артық ақша алу т.б сияқты сауда кемсіктері жойылады деп сенген еді. Бірақ жаңа шарттар ескі мәселелерді шешіп қана қоймай, оған қоса жаңа жолдардың шығуына негіз болды. Негізінде меншікке айналу, халықтың жұмысбастылық құрылымындағы өзгерістер саудаға үлкен мөлшердегі кәсіпшілік дайындығы жоқ адамдар ағысын алып келді. Енді сауда орталығында тек қана ықылассыздықтан ғана емес, тағы квалификациясы жоқ, іс-әрекеттерден қорғану қажет болды. Шын мәнісінде де кәсіпорындардың ең басты негізгі мақсаты өнімнен үлкен пайда түсіру, ал ол үшін тұтынушының көңілінен шығатын өнімдердің сапасы мен бағасы сай келуі қажет екенін енді түсіне бастаған сияқтымыз. Міне сондықтан да қазір сауда жасауға лицензия өте қажет.

Лицензия мемлекеттік іс-әрекеттерді тәртіпке салушы жаңа шарттардың бір түрі. Оның ең басты міндеті сауда орталығына сапасы жоқ тауарлар мен кәсіби және материалды дайындығы жоқ кәсіпкерлердің қызметінен, сонымен қатар сауда орталығынан тәртіпті бұзушылардың, ережені сақтамаушылардың көзін жою болып табылады.

Біздің ойымызша, лицензия мемлекеттік ортадағы, сауданы тәртіпке салу жолындағы демократиялық әдіс, өйткені, ол тұтынушылардың, өнеркәсіптің және мемлекеттің құқығын бірігіп қорғауға мүмкіндік береді. Тұтынушылар лицензиясы бар кәсіпорындарға барып толық кепілді квалификациялық қызметті көре алады. Ал кәсіпорын болса ықылассыз бәсекеліктен сақталып қалады. Лицензия өнеркәсіптің дамуына шек қояды деген мағлұматты жиі ести бермейміз. Лицензияны әркімге бере бермейді. Бірақ олардың санында шек жоқ, Сондықтан да қандай да болса кәсіпкер, егерде толығымен қажетті талаптарға сай келсе, онда ол лицензия ала алады. Сөйтіп, лицензия өнеркәсіп квалификациясының дамуына жағдай жасайды. Егерде оның өсуі шектелген болатын болса, онда көптеген меншік иелеріне жақсы болып қалар еді. Сол немесе басқа сауда әрекетіне берілетін лицензияның мөлшері оның қандай өріс алғанына байланысты.

Тауарларды қабылдап алу, өткізу жұмыстарын құжаттарды дайындау.

Әр түрлі көтерме компанияларда тауарларды қоймаға қабылдап алу әр түрлі жүргізіледі, ол жабдықтаушыларға, тауарлардың түрі, қоймаға келіп түсуге байланысты екендігі айтылды. Сонымен, бұл операцияларды жүзеге асыру үшін жалпы жұмыс түрлерін анықтауға болады. Оларға жататындар :

-тауарларды түсіру;

- тауарлар саны бойынша тексеру;

- Қабылдап алынған тауарлар бос қоймаға ауыстыру;

- Тауарларды қаптау;

-Тауарларды сапасы бойынша тексеру;

- Тауарларды сақтау орнына жеткізу;

-Қабылдап алу, өткізу құжаттарын толтыру;

-Қабылдап алынған тауарларды тіркеу.

 

Тауарларды қабылдап алу және тексеру

Әдетте тауарлардың жолда жүруі мен олардың қабылдап алу-өткізу құжаттары көлік жүргізушілерге жүктеледі. Тауарларды түсірген соң, көлік жүргізушісі көтерме кәсіпорынның қабылдап алушысына жүк накладнойын береді. Осы жүк накладнойы арқылы тауар саны анықталады. Ыдыстардағы тауарлар жүк орнымен қабылдап алынады. Тауар қабылдап алынғаны туралы жүк накладнойында тауар қабылдап алған тұлға қолымен расталады. Сол кезден бастап сақтығы көлік жүргізушіден қабылдап алған адамға жүктеледі. Түсірілген тауар саны жүк накладнойында берілген мәліметтермен тура келмесе, сонымен қатар контейнерлердің немесе қаптаулардың бұзылғаны анықталса, онда жүк накладнойына белгіленеді. Тауарлардың сапасы қаптауларды ашқан соң ғана тексеруге мүмкіндік бар. Қабылдап алған тауарларды тіркеу керек. Қабылдап алған тауарларды тіркеу журналы қоймаға келіп түскен тауарларды растайтын құжат болып табылады. Қабылдап алынған тапсырысты журналға тіркеу нөмерімен жазылады. Сонымен қатар тіркеу нөмірі жүк накладнойларында немесе тауарды қабылдап алу квитанцияларында жазылады және ол қоймадағы тауарларды қайта жасау бойынша келешекте жасалатын операциялары бойынша анықтама ретінде қызмет етеді.

Тауарларды тексеру әдістері

Бұл операциялардың негізгі көтерме кәсіпорындарының тауарларға берген тапсырысы бойынша нақты келіп түсуінде. Мұндай тексерулер келіп түскен тауар саны мен сапасын анықтауға және осы тексерулердің нәтижесін салыстыруға мүмкіндік береді.

Біздің практикамызда тауарларды тексерудің келесі әдістері қолданылады:

-накладной бойынша тексеру;

-соқыр тексеру әдісі;

- толық емес соқыр тексеру әдісі.

Накладной бойынша тексеру әдісі- тексерудің нәтижелері жабдықтаушылардың накладнойымен тексеріліп, салыстырылуымен сиаптталады.

Соқыр тексеру әдісі накладноймен жұмыс істемейді және тауар санын анықтаумен алынған мәліметтердің қабылдау журналында тіркелуін және тауар қабылдап алғаны жөнінде есеп берумен рәсімделеді.

Толық емес тексеру әдісі- накладной арқылы тек тауар түрі бойынша тексеру. Тексеру жүргізілгеннен кейін олардың саны накладнойға жазылады. Бұл әдіс арнайы наладноймен жұмыс істеуді талап етеді. Бұл накладнойда жабдықтаушы жіберілген тауар түрін жазады. Қойма меңгерушісі келіп түскен тауарлардың накладнойымен сәйкестігін тексеріп, санын есепте жабдықтаушы накладнойына жазып береді.

62 тақырып. Көтерме және бөлшек тауар айналымының есебі.

Бөлшек сауда- тауарлардың өндіріс саласынан жеке адамның тұтыну саласына дейін қозғалыста болу процесінде тамандайтын буын. Мұндай халықтың ақшалай табыстарна айбарыс ретінде оларға тауарлар сатылады.

Бөлшек сауда тауарлардың қозгалысын үш саты турінде ұшыратуға болды. Бұлардыңәрқайсысының өзіндік мазмұны бар.

Запаста болуы
Тауарлардың шыгарылуы
Түсуі

 

 


төлеу жолда

сатылу
басқа да
(аладын ала төлеу)

қоймада

консигниация бір-бірлеп бүлінуі

сауда залында ұсақ таб кемуі

көтерменемен

ұрлануы

Сауда кәсіпордарының сауданың (азық-түлік,көкеніс , өнеркәсіптік, маталар, құрылыс, элетр тұрмыс бұйымдары және т.б) мамандандырылуына (тұтынуына) қарай оларды не тікелей сатылатын орынға , жекелеген қоймаларға орналастыруды жоспарлайды. Жеткізушілерден (басқа жақтан жергілікті жерден) тауарлақ-материалдық құндылықтар қабылған кезде кіріс құжаттарына сәйкес жекелеген материалдық жағынан жауапты адамдар тарапынан немесе коммиссиялық жолмен сандық және сапалық қабылдаулар жасалады. Тауарлар мен қаптама туралы нақты деректердің ілеспе құжатқа сәйкес келмеуі солар бойынша үйлеспеушілік айқындамалар бойынша ғана актімен ресімделеді. Тауарлардың сапасын біліктілікпен бағалау қажет болған жағдайда, қабылдау сәтінде Сауда-өнеркәсіп палатасының сарапшылары шақырылады.

Тауарларды қоймаға немесе тікелей бөлшек сауда кәсіпорынның бөлмесіне кіріске алу қолдағы бар фактісі бойынша алыну (сатып алыну) бағасы бойынша жүргізіледі. Жеткізіп беруші шегерім жасаған жағдайда, кіріске алу «Алынған тауарлар» шотында шегерімді алып тастау арқылы жүргізіледі. Ішкі алмастыру тәртібімен тауарлардың түсуі (немесе босатылуы) тіркемемен құжатталады, шотта қалдық қалдырылмайды, есепте шығыс және кіріс қалыптастырылмайды. Бухгалтерлік есеп шоттарында тауарлардың қозғалысын көрсету ерекшіліктері кәсіпорынның есеп саясатында көрініс табуға тиіс. Бұл тексерген кезде тауарлардың сатылу сәтіне айқын көрсету үшін қажет.

Бөлшек сауда дүкеніндегі бухгалтерлік есеп пен салық салу

Бухгалтерлік есеп шоттарындағы тауарлар қозғалысының көрсету схемасын төмендегі мысал арқылы аңғаруға болады.

Меншік иесі құқығы жағдайында тауарды өткізу жөніндегі бухгалтерлік жазбалар

Жеткізіп берушіде

Шаруашылық операцияның мазмұны Дт Кт Тип
1.Босату бағалары бойынша дүкенге жөнелтілген тауар құны көрсетілген ІІІ
2.Салық шот-фактурасындағы бөлінген 12 % сомасына ІІІ
3.Өткізілген тауардың нақты өзіндік құны есептен шығарылған І
4.Дүкеннен сатылған тауар үшін алынған төлем І

Бөлшек сауда дүкенінде

Сату бағаларында (Үстеме баға шотын пайдаланып )

1.Жеткізушінің бағасы (сатып алу) бойынша қоймаға кіріске алынған тауар ІІІ
2.Салық шот фактура бойынша 10% ҚҚС сомасына ІІІ
3.Қоймадан бөлімге (ішкі алмастыру) берілген тауар І
4.Сауда кәсіпорынының үстеме бағасына І
5. Тауар бағасына 12%ҚҚС сомасына   І
6. Жеткізіп берушіге тауар үшін төленгені   IV
7. Есептеме құны (сатып алу) бойынша тауардың есептен шығарылған бөлігі   I
8.Тауар бағасындағы 12% ҚҚС сомасына   I
9. Сатудан түскен түсім(кіріс)     III
10. Өткізуден бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сомасына     III
11. Есеп айырысу шотына аударылған түсім   I

 

1.Жеткізушілердің бағасы бойынша қоймаға кіріске алынған тауар     III
2.Есепке алуға қабылданған 12% ҚҚС сомасы     III
3.Қоймадан бөлімге (ішкі алмастыру) берілген тауар     I
4.Есептеме құны бойынша тауардың есептен шығарылған бөлігі     I
5.Есептен шығарылған тауарды өткізуден кассаға түскен түсім (кіріс)   III
6. Есеп айырысу шотына аударылған түсім   I
7.Тауар үшін жеткізуші шотына төленгені   IV
8.Өткізілген тауарлардың өзіндік құны жиынтық кіріске (жыл бойынша) есептен шығарылды.   IV
9.Сатудан болған кіріс жиынтығына (жыл бойына) есептен шығарылды.   II

Қызметтің негізгі сәттерінің бірі сауда дүкенінде салық салу болып табылады. Бұл ретте салынатын айналымды есептеу тәртібін ( ҚҚС-ты есептеу мен төлеу тәртібі туралы № 37 Нұсқаулықты) басшылыққа

 

63 тақырып. Қоғамдық тамақтандыру есебінің ерекшеліктері.

Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың жұмысын анықтау үшін бухгалтерлік есеп енгізілген. Бір жағынан, ол өндіріс процесін көрсетеді, ал екінші жағынан – сатылу процесін көрсетеді. Сонымен қоса, меншікті өндірістің өнімімен бірге (жеңіл тамақтар, бірінші, екінші, үшінші тағам, жартылай фабрикаттармен және т.б.) аспаздық болып келеді. Ал егер шығын сатылған тауардың түріне және уақыт мерзіміне қатысты болса, онда ол кезең шығындарына жатады. Осыған сәйкес, өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу мүмкін емес болады.

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» заңына сәйкес талап ету, міндетті ұйымдастыруды орындау, азық – түлік сферасында қызмет ететін кәсіпкерлер, меншікті және ведомстволық бағынушылыққа тәуелсіз формалары бойынша «Ішкі сауданың ережелері» қайта өңделген.

Қоғамдық азық – түлікпен қамтамасыз ететін өндірістің қызметтері тек бұйрық пен өндіруге рұқсат етілген лицензияның негізінде ғана және өнімді сату және тұтынуды ұйымдастырған кезде ғана жүзеге асырылады.

Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз ететін кәсіпорындары категория бойынша бөлінеді. Олар: мейрамханалар, кафелер, барлар және асханалар.

Қазақстан Республикасының «Саудалық қызметті реттеу туралы» заңына сәйкес қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз ететін нысандар төмендегі категориялар бойынша бөлінеді:

1)Мейрамхана – бұл тағамның түрлі ассортиментін ұсынатын, тапсырыстық пен фирмалық өнімдерді қоса, сонымен қатар алкогольді өнімді ұсынатын қоғамдық демалық және тамақтану нысаны;

2)Кафе – тамақтардың түрлі ассортиментін және алкоголь өнімдерін, тез дайындалатын тағам түрлерін ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалыс нысаны;

3)Бар – тұтынушыларға жеңіл тамақтар, десерттер және кондитерлік өнімдер, сонымен қатар алкогольдік сусындар ұсынатын қоғамдық тамақтану және демалу нысаны;

4)Асхана - әрбір тұтынушы өз - өзіне қызмет көрсететін ерекшелігімен ерекшеленетін қоғамдық тамақтану нысаны.

 

Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз етудегі

бағалардың пайда болуы және калькуляциялануы.

Баға – тауардың ақшалай көрінісі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында бағаның көрінісі келесі элементтерден тұрады: өндірілген өнімнің өзіндік құны және кірістер. Экономиканың басқа салаларынан ерекшелігі, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында өндірілген өнімнің өзіндік құны есептен шығарылмайды. Сол себепті қоғамдық тамақтаныдару кәсіпорындарының өнімдерінің бағасы өзіне тек шикізаттың құнын қосады, ал басқа элементтері – сатудың үстеме шығындары арқылы жанама бағада шығандар мен табыстар көрініс табады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының дайын өнімінің бағасы калькуляциялау әдісімен анықталады. Сол кезде өнімнің өзіндік құны емес, оның сатылу құны есептелінеді. Оның есебі әрбір тамаққа немесе асхананың әрбір өніміне жеке калькуляциялық карточкада жүргізіледі. Барлық өнімдер және қызмет көрсетулер қоғамдық тамақтандыруда санитарлық – гигиеналық және техникалық талаптарға, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігіне, экономикалық қауіпсіздігіне және т.б. жағдайларға деген қауіпсіздіктерге сай келуі тиіс.

Өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің сұранымға ие болуы, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің басты мақсаты. Шынымен кейінгі кездері өндірілген өнім нарық алаңына жетпей жатыр. Мемлекет бөлген субцидия қайтарымсыз қалуда. Сұранымға сараптама, тіпті болжам жасалмайтын тәрізді. Азық-түлік қауіпсіздігі де елеусіз қалуда. Еліміз азық-түлік өнімдерінің 60 пайызын сырттан тасымалдайды. Өзімізде өндірілген өнімдердің бағасы қымбат. Неге? Тиімді шешімдер тауып, елімізде өндірілетін өнімнің сапасын арттыру - бүгінгі күннің басты талабы. Сатылу бағалары калькуляциялық карточкада әрбір тамақ түріне немесе сатып алу бағасы бойынша асхана өнімдеріне жүргізіледі.

Үстеме баға шикізат жиынына немесе шикізаттың әрбір түріне жүргізіледі.

Әрбір өнімнің бағаларының есебінің дұрыстығына өндіріс басшысы немесе калькуляциялауды жүргізген субъект жауапты болады. Калькуляциялау карточканың дайындалуы және сатылу бағасының анықталуы ас мәзірі бойынша, яғни меню бойынша әрбір тамақтың түріне жүргізіледі.

Тағайындалған бағалардың дұрыстығына жауапты тұлғалар қол қойғаннан кейін калькуляциялық карточкалар арнайы реестрде тіркеледі.

Гарнирлердің, соустардың, шалафабрикаттардың және аспаздық өнімдердің бағасы да калькуляциялау әдісімен есептеледі.

Буфеттерден сатылып алынатын тауарлардың бағасы сатылу құны мен үстеме бағасының сомасы арқылы есептелінеді. Дәмдеуіштердің, тұздықтар мен т.б. тамақтың дәмін немесе басқа да жағынан әрлендіретін қоспалардың есебі қарастырылмаған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібі экономиканың негізгі бір саласы ғана емес, сонымен бірге ол еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі де болып табылады. Бұл саланың дамуы елдің қоғамдық-саяси тұрақтылығына да тікелей байланысты. Әлемдік нарықта туындаған азық-түлік дағдарысы мен оның салдары қайта өңдеу өнеркәсібінің маңыздылығын бұрынғыдан да арттыра түсті.

Ал азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына айналды. Азық-түлік тапшылығын сезіне бастағаннан-ақ әлемнің барлық елдері бұл салаға мемлекет тарапынан жасалатын қолдауды күшейтіп, саяси маңызы зор өзгерістер жасады. Әсіресе, өндіріс көлемін арттыру, ішкі азық-түлік нарығын тұрақтандыру сияқты мәселелерге ерекше мән беріп отыр.

Осыған орай, біз де әлемдік азық-түлік нарығындағы жағдайға байланысты қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы күрделі мәселелерді қайта қарап, заман талабына сай стратегиялық бағыттарына жаңа қырынан келіп, өзгерістер енгізуіміз қажет. Бұрын жасалып, қазір жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік аграрлық саясатты жалғастыра отырып, біз оны еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қоймаларындағы тауарлар, шикізаттар мен өнімдердің есебі

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары азық – түлік пен тауарларды делдалдар арқылы, сонымен қатар базарлар мен дүкендер арқылы сатып ала алады. ТМҚ – ды делдалдардан сатып немесе қабылдап алған кезде көрсетілген кезде міндетті түрде сатып алу немесе қабылдап алу процесі сенімхат арқылы жүреді. Ол дегеніміз, яғни сатушы немесе делдал тауарды немесе шалафабрикатты сату барысында өзінің куәлігін көрсетуі тиіс және осыған сәйкес сатып алушы немесе қабылдап алушы тауарларды немесе шалафабрикаттарды қатылдап алу барысында тауарды жеткізушінің куәлігін мұқият қарап шығып, тексеріп, дұрыстығын анықтауы тиіс. Бұл, яғни кейін басқа келеңсіз жағдайларды тудырмас үшін қажет. Алайда, егер тауарды қабылдап алушы мен тауарды жөнелткен субъект арасында бұрын – соңды немесе қазіргі кезде коммерциялық қарым – қатынасы болса, онда жоғарыдағы қарастырылған процесс сенімхатсыз да жүргізіле береді.

ТМҚ – ны әмбебап дүкендерден немесе базардан және т.б. жақтан сатып алған кезде «Сатып алу актісі» жасалады. Бұл актіде кәсіпкерліктің қызметінің формасы туралы мәлімет (патент, куәлік), РНН және т.б. мәліметтері көрсетілуі тиіс.

Сатып алу актісі дұрыс жүргізілуі және құжаттың қаржылық деңгейі болуы үшін міндетті түрде ТМҚ – лар сатып алынған әмбебап дүкеннің немесе базардың атын (сол дүкеннің немесе базардың мөрі немесе әкімшілігінің штампы басылуы керек), тауарға ақша төленгенін куәландыратын квитанцияның нөмірі немесе куәліктің нөмірі, сапасын белгілейтін куәлігі, лабораториялық анықтамасы жазылуы тиіс.

Аспаздық өңдеуге арналған қоймалардағы шикізат пен тауарлар үстеме бағасыз есептелінеді.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қоймаларындағы бухгалтерлік есеп жедел – бухгалтерлік (сальдо бойынша) әдіспен жүргізіледі. Бұл әдістің мәні, негізінен, бухгалтерлік есеп өнімнің немесе тауардың орнын, ақшалай көрінісін көрсетеді. Қоймалардағы азық – түлік пен тауарлардың есебін материалды жауапты тұлға жүргізеді.

Тауарлардың сорттарына немесе азық – түліктердің атауына байланысты әрқайсысына жеке карточка жасалады және тауарлар туралы кітабына жазылады. Қоймада жүргізілетін есепке жауапты тұлға нөмірленген тауарлар туралы кітапты бухгалтерияға қолхат жазу арқылы ала алады. Кітаптар толығымен толтырылған соң, оларды аналитикалық есеп пен басқа да бухгалтерлік құжаттар сияқты регистрлерде сақтау үшін бухгалтерияға өткізіледі.

Материалды жауапты тұлғаның құндылықтардың кірісі мен шығысы және олардың қалдығы туралы тауарлар туралы кітабына жазған соң, мәліметтердің дұрыстығын міндетті түрде бухгалтер тексеріп, қадағалап отырады.

Айдың соңында өнімдердің қалдығына байланысты ведомость жасалады.

Жедел – бухгалтерлік есепте материалды жауапты тұлғалар тауарлардың тіркелгені, олардың қабылдап – тапсырылғандығы, жөнелткендігі және т.б. туралы мәліметтерді жинақтап, есеп береді. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары тек өнімдерді сатумен ғана айналыспайды, сонымен қатар өндірісті ұйымдастыру және өнімді тұтынумен де айналысады. Өндірістік – сату бірліктеріне қоймалармен қоса шалафабрикаттар мен кондитерлік өнімдерін өңдеуге арналған цехтар да кіреді.

Өндірістегі өнімдерге материалды жауаптылық өндіріс меңгерушісі және оның көмекшісіне жүктеледі.

Қоғамдық азық – түлікпен қамтамасыз ететін кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептің тағы бір ерекшелігі, бұл өнімді кіріске алу кезінде өңделмеген шикізаттың массасы қолданылады, шалафабрикаттарды шығару – нетто масса бойынша, ал өткізілген тауарларды көшіру шикізаттың есептік бағасы бойынша жүргізіледі. Бұл есептік бағалар өнімге салынған мөлшерлер бойынша калькуляциялық карточкаларда анықталады.

Қоғамды азық – түлікпен қамтамасыз ететін кәсіпорындар өндірісте өнімді өндіруді әр күнгі ас мәзірі жоспарына сүйене отырып жоспарлайды. Ас мәзірінде тағамдардың тізімі және тағамдар мен гарнирлердің мөлшері мен қысқаша мінездемесі көрсетіледі. Ас мәзірінің жоспарын өндіріс меңгерушісі жасайды. Ас мәзірінің жоспарында тағам түрлеріне (жеңіл, салқын тағамдар, бірінші, екінші, үшінші тамақтар және т.б.) байланысты бөлініп жазылады.

Ас мәзірінің жоспарына сәйкес асханаға қаншалықты тәулік бойына өнім керек екендігі анықталады. Ас мәзірінің жоспарына сәйкес бухгалтерияда тағамдардың сатылу бағалары орнатылады және тұтынушылар үшін ас мәзірі жасалады. Ас мәзірінде калькуляциялық карточкада есептелгендей тағамдардың тек аталуы мен бағалары ғана жазылып қоймайды, сонымен қатар дайын өнім болып шыққандағы салмағы көрсетіледі.

Қоймадан азық – түліктерді алу үшін өндіріс меңгерушісі міндеттеме дайындап жасайды, ол міндеттемеде: азық – түліктің атауы, өлшем бірлігі мен мөлшері көрсетіледі. Міндеттеме бір данада жасалады. Міндеттемеге өндіріс меңгерушісі қол қояды және міндеттеме дайындалып отырған сол кәсіпорынның басшысы бекітеді. Міндеттемеге сәйкес азық – түліктердің қоймадан шығарылуына байланысты накладной жазылады.

Тәжірибеде міндеттеме – накладной деген құрамдастырылған құжат жасалынуы мүмкін. Бұл құжатта азық – түліктердің шығарылуын және шығындарды куәландыратын құжат бірігіп жасалынады. Бұл құжат әсіресе, құжаттарды көшіріп алған кезде жасалады. Алайда бұл жағдайда құрылым амалы қолданылмайды.

Қоймаға азық – түлікті қабылдап алу барысында өндіріс меңгерушісі және т.б. материалды жауапты тұлғалар олардың санын, сапасын және т.б. тексереді. Өндіріске келіп түскен шикізаттарға өндіріс меңгерушісі есеп береді және оның көмекшісі мен цехтың меңгерушілері толық материалды жауапты болады, яғни сол тауарлардың сақталуы мен қолданылуына да жауапты.

Өндірісте шикізаттың есебі сатылу бағасы бойынша жүреді және ол ақшалай көріністе болады. Сондықтан норма бойынша ешқандай артқа қалдыру болмайды. Бұл есепті қоймадағы шикізаттардың құны бойынша есептелінеді, ал өндірістегі өнімдерді сатылу бағасын бойынша (тауардың өзіндік құны + сатылу бағасы) қамтамасыз етеді.

Өндірістен дайын өнімдерді таратуға, буфеттерге және шағын бөлшек желілеріне тауарды өткізу үшін шығарылады. Дайын өнімдерді таратуға өндірістен шығаруды жабдықтау – бұл таралымның орналасқан жеріне байланысты болып келеді. Егер таралым өндірістен бөлек болса, онда дайын өнімдердің жөнелтілуі заборлық картамен және накладноймен жүргізіледі.

Заборлық картаны берген кезде оны нөмірлеп және арнайы журналда тіркейді. Өнімді өндірістен шығарған және жөнелткен кезде өндіріс меңгерушісі заборлық картаның тиісті бағандарын толтырады. Заборлық карта көшірме негізінде екі дана етіп жасалады және әрбір өнімнің жөнелткен күні көрсетіледі. Екі данаға кәсіпорын басшысы, бас бухгалтер, өндіріс меңгерушісі және өнімді асханадан қабылдаған тұлға қол қояды.

Заборлық картада бағаның екі түрі көрсетіледі (сатылу және есептік баға). Сатылу бағасы бойынша олар сату орындарында өткізіледі, ал есептік бағасы бойынша (өзіндік құны) есеп беру кезеңінде өндіріс меңгерушісінің есебінде жүреді. Егер бір күннің ішінде өнімдер өндіріске қайтарылып келсе, онда ол өнімдер «Қайтарылды» бағанында көрініс табады. Күннің соңында заборлық карта өнімнің құны мен санын анықтайды.

Заборлық карта материалды жауапты тұлғаның есептеріне бірге қосылып, бухгалтерияға өткізіледі. Егер таралым өндіріспен біріккен болса, онда дайын өнімнің жөнелтілуі «қолма – қол ақшаға өткізілген асхананың өнімдері туралы» актпен ресімделеді және ол ақшалай көріністе болады, бақылау журналында тіркеледі.

Өндіріс меңгерушісі күнделікті азық – түліктердің қозғалысы туралы есеп береді және оның екінші данасына қолхат жазып бухгалтерияға өткізеді. Есепке ас мәзірінің жоспары мен мәзірдің бір данасын қосады.

Өндірістегі азық – түліктердің қозғалысын, шалафабрикаттар мен дайын өнімдердің сақталуын бақылау инвентаризация жүргізу бойынша орындалады. Бұл бақылау бір айда екі реті, ал кейбір жағдайларда бес күнде бір рет кәсіпорынның басшысы, бухгалтер және өндіріс меңгерушісінің қатысуымен жүзеге асырылады.

Өндірістегі нақты қалдықты шығару «Азық – түліктер мен шалафабрикаттардың қалдықтарын шығару туралы актпен» ресімделеді.

Акт екі данада жасалынады және оған барлық комиссия мүшелері қол қояды. Бір данасы бухгалтерияға өткізіліп, ал екінші данасы өндіріс меңгерушісінде қалады.

Асхана өнімдеріне кеткен шығыстар есебі өнідірістің 8100 «Негізгі өндіріс» активті шотында жүреді.

Өндірісте дайындалған азық – түліктердің сақталу мерзімі құжаттарда көрсетілгендей 24 сағатқа арналған. Сондықтан асханада аяқталған өндіріс болмауы керек. Аналитикалық есеп әрбір өндіріске және материалды жауапты адамға жүргізіледі.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары түскі уақыт кезінде өздерінің жұмысшыларына түскі демалыс уақыты бөлінеді. Бұл жұмысшыларды, яғни әріптестерін біріктіруге қолайлы. Шешімге сәйкес жетекші бұйрық береді. Бұйрықта льготты тамақтанудың сомасы белгіленеді. Түскі уақыт кезіндегі демалыс өндіріс меңгерушісінің құрастырған кәсіпорынның жұмысшыларының тамақтану уақытына арналған ас мәзірінің есептік бағаларына жүргізіледі.

Қазір іске асырылып жатқан және жаңадан енгізілген бюджеттік бағдарламалардың барлығы ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыруға бағытталған жүйелі шараларды мемлекеттік қолдауға және ынталандыруға жұмылдырылатын болады. Атап айтқанда, ағымдағы жылдан бастап қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаржысын толықтыру үшін екінші деңгейлі банктерден алған несиелерінің өсімін тікелей субсидиялау бағдарламасы одан әрі жалғасады. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді субсидиялау ережесі оның міндетті түрде өнеркәсіпте қайта өңдеуге бағытталуы тиіс болып өзгертілді. Бұған қоса, агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының ИСО және ХАССП халықаралық сапа стандарттарын өндіріске енгізу, әзірлеу және сертификаттау жөніндегі қызметтерінің құнын 50 пайызға дейін субсидиялау жөніндегі мемлекеттік қолдау бағдарламасы одан әрі жалғасын табады.

 

64 тақырып. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері, құрлыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы.

65 тақырып. Құрылыстың шаруашылық және мердігерлік әдістері.

66 тақырып. Құрылыстағы есептің мақсаттары.орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстар көлемінің есебі және құжатты рәсімделуі.