Эскиздік жоба.
Эскиздік жоба құрылу барысында жүйе және оның бөліктері бойынша жобалық шешімдер қарастырылады. Эскиздік жоба құрылымы техникалық есептеу арқылы жүйеге беріледі. Эскиздік жобалау кезінде төмендегілер анықталады:
- АЖ функциялары;
- Ішкі жүйелер функциялары, олардың мақсаты және ендіруден күтілетін тиімділік;
- Есептер комплексінің және жеке есептердің құрамы;
- Ақпараттық база мен оның үлкен структурасының концепциясы;
- МББЖ-ң функциялары;
- Есептеу жүйесі мен басқа да техникалық құралдардың құрамы;
- Негізгі программалық құралдардың параметрлері мен функциялары;
Техникалық есептеу (және эскиздік жобалау) негізінде АЖ техникалық жобасы жасалады. Жүйенің техникалық жобасы - техникалық құжаттар, олар жалпы жүйелік жобалау шешімдерінен, есептерді шешу алгоритмдерінен, сонымен қатар автоматтандырылатын басқару жүйесінің экономикалық қабілетін бағалау және объектті ендіруге дайындау кезеңдерінен тұрады.
Техникалық жобалау мазмұны
№ | Бөлім | Мазмұны |
Түсіндірме қағаз | ![]() ![]() ![]() ![]() | |
Жүйенің функционалдық және ұйымдастырушылық құрылымы | ![]() ![]() ![]() | |
Есеп қойылымы және оның шешілу алгоритмі | ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() | |
Ақпараттық база ұйымдастырылуы | ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() | |
Құжаттар формасының альбомы | ||
Математикалық жабдықтау жүйесі | ![]() ![]() ![]() | |
Техникалық құралдардың кешенін құру принципі | ![]() ![]() ![]() ![]() | |
Жүйенің экономикалық тиімділігінің есептеуі | ![]() ![]() | |
Объектті жүйеге ендіруді ұйымдастыру | ![]() ![]() | |
Құжаттар ведомості |
Техникалық жобалауды аяқтау негізінде АЖ – ні комплекттеу үшін серияны шығарылатын өнімдердің құжаттары, сонымен қатар техникалық талаптар анықталады және серияны шығарылмайтын өнімдер үшін техникалық есептер құрастырылады.
“Жұмыс құжаттары” кезеңінде программалық өнімді құру және оған байланысты барлық құжаттар жасалады.
Автоматтандыруға жүйе болып табылатын АЖ келесідей тексерудің негізгі түрлерін қарастырады: алдын ала тексеру, тәжірибелі эксплуатация және қабылдау.
Алдын ала тексеру – жүйенің жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін және оны тәжірибелі эксплуатацияға қабылдау мүмкіндіктерінің жағдайын шешуде жүргізіледі.
Тәжірибелі эксплуатацияны жүйенің сандық және сапалық мінездемелерін анықтау және персоналдық жұмысқа дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.
Қабылдау тексерісі – жүйенің техникалық есеппен сәйкестілігін анықтау және тәжірибелі эксплуатация саласын бағалау мен жүйені тұрақты эксплуатацияға қабылдау мүмкіндіктерін қарастыру мақсатында жүргізіледі.
Дәріс №6. Тақырыбы: Типтік жобалық шешім (ТЖШ).
Дәріс жоспары:
1. ТЖШ класстары және құрылымы.
2. Типтік АЖ-ны бейімдеу.
3. АЖ-ны прототиптік жобалаудың әдістері және құралдары.