Кіріспе 3 страница

§ Талаптарды талдау

§ Архитектураны құру

§ Қолданысқа енгізу

§ Интеграция

§ Верификация

§ Аттестация

§ Эксплуатация

§ Бақылау

§ Утилизация

  1. Арнайы процесстер:

§ Мақсат және мәселелерге сәйкес өзара байланыстарды анықтау.

4.1.Кесте. Жүйелерді құру кезеңдері

КЕЗЕҢ СИПАТЫ
Тұжырымды қалыптастыру Қажеттіліктерді талдау, тұжырымдаманы және жобалық шешімдерді таңдау
Тұрғызу Жүйені жобалау
Жүзеге асыру Жүйені дайындау
Эксплуатация Эксплуатацияға енгізу және жүйені қолдану
Қолдау Жүйенің қызмет көрсетуін қамтамасыз ету
Қолданыстан шығару Қолданысты тоқтату, демонтаж, жүйені архивтеу

 

Дәріс №5. Тақырыбы: АЖ құруды ұйымдастыру.

Дәріс жоспары:

1. АЖ жобалаудың канондық моделі.

2. Модельдің кезеңдері.

3. АЖ –ны құрудың жобаалдыңғы кезеңінің мақсаты және мәселелері. “As-is” және “To be” модельдері.

4. Техникалық тапсырыс. Техникалық жоба кезеңдері.

5. Эскиздік жоба.

Ақпарат жүйелерін канондық жобалау. Канондық жобалаудың кезеңдері және процестері.

Ақпараттық жүйелердің канондық жобалауы негізінен ақпараттық жүйелердің өмірлік циклінің каскадтық моделіне бағытталған. Канондық жобалау кезеңдері және процестері ГОСТ 34601-90 стандартында сипатталған. Автоматтандыруға арналған объектілер және шешілетін мәселелер күрделілігіне байланысты. Процестер және орындалатын кезеңдер түрлі еңбек сыйымдылығын қамтуы мүмкін. Ақпарат жүйелерін тұрғызуға қатысушылар, кезеңдер және процестер, орындалатын жұмыстар техникалық тапсырыстарда және келісімшарттарда көрсетіледі. Канондық жобалаудың негізгі мақсаты ақпараттық жүйелердің тұрғызылуы барысында канондық, яғни идеал модельді алу.

Идеал модель –бұлақпарат жүйелерін тұрғызу барысындағы алынатын модель ешбір кемшіліксіз, тапсырыс берушінің барлық талаптарына сәйкес болу қажет. Канондық жобалау жүзеге асу барысында бірнеше кезең өтеді:

1-кезең. Жасалатын ақпараттық жүйесіне талаптарды қалыптастыру, яғни бұл кезеңде жұмыстардың келесілері белгіленеді. Олар: автоматтандыруға жататын объектіні зерттеу, ақпараттық жүйесін тұрғызу қажеттілігін негіздеу, ақпарат жүйесін қолданушылардың талаптарын қалыптастыру, орындалған жұмыстар бойынша есеп беруді және техникалық тапсырысты қалыптастыру.

2-кезең. Ақпараттық жүйелердің жалпы концепциясын тұрғызу, яғни автоматтандырылатын объектілерде қажетті ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпарат жүйелерін қолданушылардың талаптарына сәйкес келетін бірнеше концепция вариантарын тұрғызу, есеп беру және концепцияны бекіту.

3-кезең. Техникалық тапсырыс, яғни ақпарат жүйелерін тұрғызуға техникалық тапсырысты құру және бекіту.

4-кезең. Эскиздік жоба, яғни жүйе және оның бөліктері бойынша бастапқы шешірдерді қабылдау, ақпараттық жүйелердің эскиздік құжаттарын құру.

5-кезең. Техникалық жоба, яғни жүйенің тұрғызылуы бойынша ақырғы жобалық шешімдерін қабылдау, ақпараттық жүйелердің толық құжаттарын алу.

6-кезең. Жұмыс құжаттары. Ақпараттық жүйелерін тұрғызу, оны бейімдеу.

7-кезең. Ақпараттық жүйелерін қолдануға енгізу, яғни автоматтандыру объектілерін дайындау, персоналды үйрету, ақпараттық жүйелерін тестілеу, сондықтан қосымша құралдармен комплектілеу, тәжірибеде қолдануды бақылау.

8-кезең. Тапсырыс бойынша ақпараттық жүйелерін қолданысқа енгізу және оны берілген кепілдік міндеттемелері бойынша белгілі бір мерзім аралығында бақылау, яғни ақпараттық жүйелердің қызмет көрсетуі барысында пайда болған кейбір ақауларды жойып отыру.