Халықаралық валюталық қатынастар.

Валюта- елдің ақша бірлігі. Халықаралық валюталық жүйе- орталық эмиссиялық банктердің сыртқы нарықтағы қызметін реттейтін ережелер, заңдар, тұжырымдар жиыны.

Елдер арасындағы есеп айырысу валюта курсы арқасында жүзеге асады. Валюта курсы- басқа елдің валютасының ақшалай құнымен берілген ұлттық валютаның ақшалай құнының бағасы. Валюта курсы қатаңжәне еркін болады: алтын стандарты кезінде орын алған қатаң курс орнына долларды алтынға айырбастауды ресми түрде тоқтанқаннан кейін (1971ж.) еркін курс келді, ол – алтынмен емес валютаға сұраныс пен ұсыныспен анықталатын валюта курсы.

Валюта курстарының өзара қатынастары екі әдіспен өзгертіледі:

1. Девальвация- валюта курсын басқа валюталарға қарағанда төмендету.

2. Ревальвация- валюта курсын басқа валюталарға қарағанда жоғарлату.

Ұлттық экономиканы әлемдік экономикаға араластыру үшін ұлттық валюта конверттелінуші болуы керек.

Валютаның конверттелінушілігі- ұлттық валютаның әр түрлі халықаралық есептесуде еркін пайдаланылу мүмкіндігі.

Халықаралық валюталық жүйенің қызмет етуі- халықаралық қаржылық ұйымдармен жүзеге асырылады, олар: Халықаралық валюталық қор (МВФ), Халықаралық даму және реконструкция банкі, Дамудың халықаралық ассоциациясы, Экономикалық ынтымақтастық пен дамудың ұйымы.