Тақырып. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты.

1. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мәні, қажеттілігі, функциялары, инструменттері.

2. Ақша- несиелік саясат.

3. Қаржылық жүйе, мемлекеттік бюджет.

1) Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР)-мемлекеттің экономикалық процестерге араласуының экономикалық, саяси, құқықтық шаралардың жүйесі, оларды жүргізудің мақсаты - тұрақты өсуге жету және экономикалық жүйені үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі себептердің екі тобымен байланысты:

1-шісі ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты;

2-шісі қоғамдық ұдайы өндірісті ұлғайтумен байланысты.

Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары:экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы өзгеріп тұратын жағдайларға бейімдеу.

Мемлекеттің негізгі функциялары:

ü нарықтың құқықытық және әлеуметтік ортасын қалыптастыру:

ü бәсекені қорғау, шағын бизнесті демеу;

ü табыспен ұлттық байлықтың қайта бөлінуі;

ü инфляциямен жұмыссыздықты бақылау;

ü экономикалық өсуді ынталандыру, экономиканы тұрақтандыру;

ü тиімді сыртқы экономикалық қызметті жүргізу.

Мемлекеттік реттеу инструменттері:

1. Әкімшілік: лицензиялау, квоталау, бағаны, табысты, валюта курсын, есеп процентін бақылау.

2. Құқықтық:бәсекені қорғау, стандарттау,норма және ережелерді орнату жүйесі арқылы заң шығарушылық негізде жүзеге асырылады.