Тақырып. Отбасы әлеуметтануы

Лекцияның мақсаты: Неке және отбасы ұғымдарына, олардың түрлерінің ерекшеліктерін ің негіздерін дұрыс түсіну

Негізгі ұғымдар: Неке, отбасы, ажырасу, полигамиялық және моногамиялық неке, эндогамия, экзогамия

Дәріс жоспары:

1.Отбасы социологиясының пәні мен функциялары.

2.Отбасы құрылымының типтері мен оның жүріс-тұрыс түрлері.

3.Некенің мотивтері мен ажырасудың себептері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қоғамның негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік отбасына байланысты. Отбасының қалыптасуы үшін неке қалыптасуы қажет. Қазіргі шетелдік және республика социологтарының еңбекетерінде мәселені отбасы проблемасынан бастайды. Ол дұрыс та, бірақ отбасын құрғанға дейінгі объективтік және субъективтік жағдайдың қалыптасуын зерттемей бірден өз қызметін толық атқаруы жастардың отбасын құрғанға дейінгі түбірлі мәселені шешуіне тікелей байланысты.

Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке - отбасының заң негізгі, әйел мен еркектің өзара түсінісуі, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар, материалдық және рухани өмір қажеттілігі. Себебі, жыныстық қатынас биологиялық-жыныстық сүйіспеншілік ғана емес, сонымен қатар, адамгершілік эстетикалық қатынас. Некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстық қатынаспен ғана шектелмейді. Некенің негізі – сүйіспеншілік.

Неке – махаббаттың іс жүзіне асуы, ал оған дейінгі қатынас жастардың бірін-бірі сүюіне, махаббатына байланысты. Сүю – сүйген адамыңның өмірімен өмір сүру, басқаның бақытынан жеке өзінің бақытын табу.

Бұл тақырыптың күрделі мәселесі отбасының мазмұны. Отбасы - әлеуметтік топ, ал оның мүшелері неке мен немесе қаны бір туыстығымен, ортақтығымен және өзара адамгершілік жауапкершілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі.

Отбасының қызметі деген бір сұрақ бар: ұрпақ жалғастыру қызметі, материалдық экономикалық және төрмыстық-шаруашылық, тәрбиелік, жақсы әдет- ғұрып, үлгі-өнеге, ауызбірлік, сүйіспеншілік, тұрмыстық салт т.б.

Некеге даярлық деген не? Отбасының тұрақтылығы да, бақыты некеге дейінгі жағдайларға байланысыты. Жақсы отбасын құрудың елеулі шарттары некенің адамгершілік, құқәықтық негіздерін түсіну, отбасын құруға деген психологиялық даярлықтың болуы, үй шаруашылығы мен айналысудың белгілі дағдыларын игеру болып табылады. Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірмейді, бірақ некеге тұрған адам неке заңдарына бағынуы тиіс. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: “Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқық теңдігіне негізделеді,” – деп көрсетілген.

Соңғы мәселе отбасының құрамы және қайшылықтары. Бұл мәселеде ажырасудың себептері де әңгіме болады. Әйел және отбасы деген сұрауда әйелдің, ананың өміріне тоқталамыз.

Отбасының мазмұны.Отбасы әлеуметтік институт есебінде адам қоғамының қалыптасуы мен бірге пайда болды. Отбасының дербестігі болғанымен, бірақ отбасылық қатынастар қоғаммен, оның дамуымен тікелей байланысты. Отбасы – кіші әлеуметтік топ, ал оның мүшелері некемен және өзара адамгершілік жауапкешілікпен байланысты. Отбасы - қоғамның бастапқы ұясы, қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі болып табылады. Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі, формасы өндірістік қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол моногамиялық (бір некелік) отбасымен ауысады. Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйе, себебі, ол жұбайларды ғана емес, олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Принципінде отбасы - тұрақты жүйе. Олардың тұрақтылығы мен беріктігі де әр кезде өзгеріп отырады. Оған әсер ететін құқық, дін, қоғамдық пікір, психологиялық факторлар, әсіресе экономикалық өмір бірлігі. Сондықтан да, қоғам некелік-отбасылық қатынастың нығаюына тікелей ынталы болып, соған қамәорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың ата-аналардың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.

Отбасының өмір сүріп, дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет-ғұрыптар, әрбір жаңа отбасының адамдық, экономикалық негізі. Бұлар отбасы мүшелерінің қабілетін, адамгершілігін, жауапкершілігін сезінуіне байланысты.

Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты.

Отбасының қызметі деген түсінік оның қатынасының жүйесін көрсетеді. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады. Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелелерінің жергілігі мен еңбек сүйгіштігіне де тәуелді.

Отбасының негізгі қызметі. Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшінде маңызды қызмет болып келеді.

Отбасының екінші қызметі – материалдық экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бөл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді, себебеі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті.

Отбасының ең маңызды қызметінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті: оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен өұпақтың тәжрибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Отбасының құрамы.Отбасының құрамы деп олардың мүшелелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады. Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің болмаса күйеуінің бірге тұратын туыстары, немере-шөберелерден тұрады.

Жұбайлардың өзара билік бөлінісіне сәйкес отбасының екі түрі болады: 1) демократиялық; 2) традициялық немесе авторитарлық.

Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: 1)көп балалы (үш бала, одан да көп); 2)орташа (екі балалы); 3)бір баласы бар; 4)балалы отбасылар.

Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрі болады: 1) дәстүрлі отбасы; 2) ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның дамуына бағытталады; 3)жас отбасы.

Отбасының қайшылықтары.Ажырасудың негізгі себептері: 1)жұбайлардың мінез-құлқының, көзқарастарының сәйкеспеуі; 2)арақ ішу, әсіресе ерлер тарапынан, 3)үй жағдайының, әсіресе ерлер тарапынан; 3)үй жағдайының, әсіресе жастарда, қолайсыздығы; 4)жұбайлық опасыздық; 5)балалы болғысы келмеушілік; 6)жыныстық кемшілік.

қорыта айтқанда, осы күнгі неке-отбасы мәселесінде үш негізгі, басты проблеманы атап көрсетуге болады: 1)отбасының беріктік, тұрақтылық проблемасы; 2)бала табу, ұрпақ өсіру проблемасы; 3)отбасының тұрмыс жағдайындағы қиыншылықтар проблемасы. Дегенмен, ажырасудың жоғары деңгейі некенің қоғамдық институт ретіндегі маңызын жоймайды, отбасы дағдарысының жалпы көрсеткіші бола алмайды. Керісінше, отбасы адамзат қоғамының әлеуметтік негізі болып қала беретінін үлкенді-кішілі адамдардың бәрі мойындайды.