АЛМАТЫ 2007

 

 

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 050706 «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы үшін «Бұрғылауда ЭЕМ модельдеу және ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін профессор Б.В. Федоров және ассистент Б.А. Айтугулова жасаған.

 

 

Құрастырғандар: Федоров Борис Владимирович және Айтугулова Баян Андреевна, ұңғыларды бұрғылаудың технологиясы және техника кафедрасының профессоры мен ассистенті, Алматы: ҚазҰТУ, 2007.

 

Аңдатпа

«Бұрғылауда ЭЕМ модельдеу және ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ҚР МЖБС-ның мазмұнында, кәсіби сипаттамасына, мамандықтың типтік және жұмыс жоспарына, дайындау бағытына байланысты орындалған және оқылатын пәннің негізгі мазмұнын береді.

Студенттің оқу-әдістемелік кешені білім алу мақсатында қойылған жетістіктер мен курстың мақсаттарын, оларды оқу барысында бұрғылауды ЭЕМ модельдеутүрлері мен олардың қолдану аймақтарын нақтылап түсіндіруге және игеруге арналған. Студенттердің таңдап алған инженер-бұрғышы мамандығын меңгеру үшін білімі мен біліктілігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

 

 

© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ

Ұлттық Техникалық Университеті, 2007.

 

1 ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:

Дәрісті жүргізетін оқытушы Айтугулова Баян Андреевна, ассистент

Байланыс түрі: 292-99-97 қосымша 3-72

Кафедрада болатын орны мен уақыты 711 МҒ

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пәннің атауы «Бұрғылауда ЭЕМ модельдеу және ғылыми зерттеу негіздері»

Кредит саны – 3

Өткізу орны – 714 МҒ

 

1-кесте

Оқу жоспарының көшірмесі

Курс Семестр Кредиттер 1 аптадағы академиялық сағаттар
Дәрістер Зертханалық сабақтар Тәжірибелік, семинарлық сабақтар СӨЖ* СОӨЖ* Барлығы Бақылау түрі
- Курстық жұмыс

1.3 Алдыңғы реквизиттер: жоғарғы математика (дифференциальды және интегральды есептеулер, математикалық статистика), физика (молекулалы физика), бұрғылау үрдісінің теориялық негіздері.

 

1.4 Соңғы реквизиттер: қатты, сұйық және газ тәрізді пайдалы қазбаларға бұрғылау технологиясы, ұңғыларды бағыттап бұрғылау, қиын жағдайларда ұңғыларды бұрғылау.

 

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:«Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындауда «Бұрғылауда ЭЕМ модельдеу және ғылыми зерттеу негіздері» пәні үлкен міндет атқарады. Бұл пәнді оқудың ең басты мақсаты ұңғыларды бұрғылаудың технологиялық үрдістерді математикалық модель түрінде нақты жүргізуді үйрену, зерттеулерді білімді орындау және олардың нәтижелерін қайта өңдеп дұрыс жүргізу. Соңғы кездері электронды есептеу машинасының (ЭЕМ) көмегімен инженерлік деңгей бұрғылау жұмыстарын жүргізу және жобалау кезінде болатын әртүрлі есептерді шешу, қайта өңдеу белсенді түрде жүргізіледі.

 

Пәнді оқытудың мақсаты – студенттерге ғылыми зерттеулердің әдістері туралы, бұрғылаудағы тәжірибелік мәндерді өңдеу тәсілдері және сәйкес тәуелділіктерді тұрғызу, тиімділік есептеін шешу әдістері және нақты бұрғылау үрдістерінің математикалық модельдерін құру және соңғыларын ЭЕМ-де модельдеу туралы білім беру.

 

Пәннің негізгі міндеттері: студенттер бұрғылау жұмыстарының технологиялық үрдістерін, өлшеу аспаптарының фунуциолдау принциптерін мен әдістерін, жобалау мен оңтайлы зерттеулер жүргізу әдістерін игеру және ұңғыма бұрғылау үрдісімен байланысты, оңтайлы есептеулерді шешу, бұрғылау үрдістерін компьютерлік модельдеу әдістерін және ұңғыны құрастыру кезіндегі технологиялық үрдістерді модельдейтін, ЭЕМ-ге арналып игерілген бағдарламаларды қолданып білу қажет..

1.6 Тапсырманың түрі және мазмұны, олардың орындалу графигі

2 кесте

Бақылау түрлері Жұмыс түрі Жұмыс тақырыптары Ұсынылатын әдебиеттер беттерінің нөмері Тапсыру мерзімі
Ағымды бақылау Өзіндік жұмыс №1 Жанама өлшеу қателіктерін орнату 10 НЕГ [34-10] 5 НЕГ [3-5]
Зертханалық жұмыс №1 Жанама өлшеу қателіктері 1 НЕГ [40-71] 4 ҚОС [4-10]
Өзіндік жұмыс №2 Нұсқаулық қатардың кумуляторын және гистограммасын тұрғызу 1 НЕГ [83-92] 5 НЕГ [14-16]
Зертханалық жұмыс №2 Нұсқаулық қатарларды өңдеу 1 НЕГ [78-83] 5 НЕГ [8-14]
Өзіндік жұмыс №3 Сенімді ықтималдықты және сенімді аралықты анықтау 1 НЕГ [95-97] 5 ҚОС [15-20]
Зертханалық жұмыс №3 Екі жыныс талқандаушы аспаптың жұмыс көрсеткіштерінің салыстырмалы бағасы 1 НЕГ [116-119] 2 НЕГ [120-128]  
Өзіндік жұмыс №4 Қарапайым орнату заңын логарифмдік тұрғызу әдістемесін игеру 1 НЕГ [104-107]
Зертханалық жұмыс №4 Бұрғылау үрдісінің тік сызықты тәжірибелік тәуелділігін тұрғызу 1 НЕГ [142-154] 6 НЕГ [32-35]
Аралық бақылау Модуль №1 Бірінші модуль бойынша сұрақтарға жауап 1 НЕГ [3-150] 4 НЕГ [3-120] 6 НЕГ [3-22]
Ағымды бақылау Өзіндік жұмыс №5 Керекті таңдау көлемін анықтау 1 НЕГ [115-118]
Зертханалық жұмыс №5 Бұрғылау үрдісінің тиімді параметрлерінің тағайындалуы бойынша тәжірибені жоспарлау 4 НЕГ [20-32] 1 НЕГ [180-200]  
Өзіндік жұмыс №6 Көлем арасындағы тығыз байланысты анықтау 1 НЕГ [130-135]  
Зертханалық жұмыс №6 ЭЕМ қолданылуымен эрлифт параметрлерінің тиімділігі 8 НЕГ [3-20]  
Өзіндік жұмыс №7 Параболикалық емес байланыстың линеаризациясы 1 НЕГ [146-149]
Зертханалық жұмыс №7 Фильтрді гравиймен толтыру үшін қалақшалы ұңғыма кеңейткішпен жұмыс жасай алатындай етіп, максималды бұрғылау тереңдігін анықтау 9 НЕГ [45-54]  
Өзіндік жұмыс №8 Регрессияның параболикалық және түзу сызықты теңдеулердің нақтылығы 1 НЕГ [148-151]
Аралық бақылау Модуль №2 Екінші модуль бойынша сұрақтарға жауап 1 НЕГ [150-214]
Қорытынды бақылау Курстық жұмысты қорғау Курстық жұмысты қорғау үшін сұрақтарға жауап 1 НЕГ [154-160]  

 

1. Тапсырмалардың түрі реттік нөмірі көрсетілген ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудан тұрады.

2. Жұмыстың түрлеріне: зертханалық жұмыстар, өзіндік жұмыстар, модуль және курстық жұмыс жатады.

3. Тақырыптарды жазғанда сөздерді қысқартуға болмайды.

4. Төртінші бағанада әдебиеттің реттік нөмірі көрсетіліп, тік жақша ішінде беттің нөмірі көрсетілген.

5. Бесінші бағанада тапсыру уақыты көрсетілген.