Арыз шарты

Ссуда шарты

Дәріс 10. Ссуда шарты

Мақсаты:Ссуда шартының негізгі ерекшеліктерін оқыту.

1. Ссуда шарты бойынша бір тарап (commodans ссуда беруші) екінші тарапқа (суда алушыға, commadatarius) жеке анықталған затты уақытша ақысыз пайдалануға береді, ал екінші тарап пайдалану мерзімі аяқталған кезде сол затты сақталған күйінде және тұтастай қайтаруға міндеттенеді. Шарт субьектілері – коммодант және коммодотарий. Берілген затқа меншік құқығы коммандантта сақталады, ал екінші тарап тек ұстаушы, ол мүлікті ақысыз пайдаланады және оны меншік иесіне қайтарады. Ссуда шартының белгілері:

Ссуда шарты – нақты шарт, яғни міндеттеме пайда болады мүлікті нақты пайдалануға берген кезден бастап;

Шарт пәні – тек жеке белгілерімен анықталған заттар;

Заттар меншік құқығына емес, уақытша пайдалануға берілді;

Ссуда ақысыз шарт,

Мүліктің кездейсоқ жойылу қауіпі меншік иесі болғандықтан ссуда берушіде болды.

Мерзім мәнді талапқа жатпайды, сондықтан шарт нақты мерзімге жасалуы мүмкін немесе мерзімі белгіленбеуі мүмкін. Мерзімсіз шартта ссуда беруші затты қайтару туралы талап ете алады кез келген уақытта. Ссуда шартында несие беруші затты сапасы туралы ерекше қамқорлықты қабылдау міндеттемесін мойнынаалмады, зат тек шаруашылық функциясын орындауы қажет болды, бұл бір жағына шарттың ақысыз болуына да байланысты болды.

Прекарий.Ссуда шарты ерекше қатынас болып табылатын precarium деп аталын шарттан айырмашылығы болды. Олардың, яғни екі нысан commadatum және precarium айырмашылығы мынада:

а)екі шартта мүліктік игіліктерді бір тұлғаның екінші тұлғаға пайдалануға беруі, б) commadatum кезінде және precarium кезінде де зат ақысыз берілді.

Ал айырмашылығы ссуда шарты пайдалану мерзімі көрсетілмеген кезде жарамсыз болмады. Ал, precarium мүлікті талап еткенге дейінгі мерзімді көздеді. Ульпиан бұл мәмілені былайша анықтайды: тұлғаның сұрауы пайдалануға берген тұлғаның шыдамы жеткенге дейін мүлікті пайдалану.

Кейіннен прекарий ерекше шарт болды және прекарист абайсыз кінә болған кезде де жауап берді.

2. Қарыз шарты – қарыз беруші қарыз алушының меншігіне топтық белгілерімен анықталатын затты немесе ақшаны беруі туралы, ал қарыз алушының мерзімі жеткен кезде сондай затты немесе ақшаны қайтаруы туралы нақты шарт. Қарыз шартының мәні бір тараптың екінші тарапқа меншікке беруі.

Қарыз бір жақты, ақысыз міндеттеме деп саналады. Валютаны кездейсоқ жою қауіпі жалпы ереже бойынша борышқорға оның кінәсәнің нысанына қарамастан жүктеледі. Қарыз шартын сипаттайтын белгілер:

Нақты шарт (затты алған кезден күшіне енеді),

Заттар меншік құқығына беріледі,

Алушы тура сондай затты қайтаруға міндетті.

Заттың кездейсоқ жойылу қауіпі алушыда

Міндеттеме біржақты

Рим құқығы пайыздың жоғары мөлшерін шектеді. Классикалық құқықта пайыздың жоғарғы мөлшері айына 1 пайыздан аспауы тиіс болды, ал Юстиниан құқығында жылына 6 пайыздан аспайтын.

Тараптары – заем (қарыз) беруші және заемшы деп атаған.

Заем міндеттемесінің тақырыбы болып – ақша сомасы немеес тектік белгілерімен айқындалатын заттар кірген.

Заемшы шартта көзделген тәртіппен және мерзімде заем нысанын қайтаруға міндетті болған.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ссуда шартының нысаны

2. Ссуда шартының тараптарының міндеттері қандай?

3. Прекарий деген не мағына береді?

4. Ссуда шартының белгілері қандай?