Міндеттеменің орындалуы және тоқтатылуы

Міндеттеме ұғымы

Мақсаты: Бөтен адамның заттарына құқық, соның ішінде сервитуттар ұғымы мен түрлерін, кепіл және оның нысанын оқыту.

1.Міндеттеме түсінігі. Міндеттеме-бұл несие берушінің борышқордан өзінің пайдасына нақты әрекетті, мінез құлықты талап ететін формальды мүмкіндігінен тұратын субъективтік юридикалық жағдай. Міндеттеме түсінігі Юстинианнң Институцияларьнда керсетілген. Бүл Институцияға сәйкес біздің мемлекетіміздің кұкығына сай қандай да болмасын бір нәрсені орындауға байланысты құқықтық. Ал, Павел міндеттемеге мынадай анықтама береді - міндеттеменің мәні қандай да болмасын затты біздікі ету емес, немесе сервитутты біздікі ету емес, бірақ басқа түлғаны біздің алдымызда ол қандай да болмасын затты беру, жасау немесе ұсынуға байланысты байлап қою. Міндеттеме уәкілетті тұлғаның міндетті тұлғаның мүліктік сипаттағы нақты әрекеттерді жасауын талап ету құқығын білдіреді.

Кейіннен міндеттеме екі тұлғаның арасындағы заңи қатынас ретін-де қарастырыла бастады. Бұл қатынасқа сәйкес бір тарап несие беруші және ол талап ету құқығына ие, ал, екінші тарап борышқор-бұл несие берушінің пайдасына белгілі бір әрекеттерді жасаушы. Міндеттеме әр кезде де уақытша және ол тоқтатылуға есептелінген.

Міндеттеме контрактіден, деликтіден, квази-контрактіден, квази-деликтіден пайда болады. Контракт дегеніміз - цивильдік құқықпен танылған және талаппен қорғалатын шарт. Деликті құқықбұзушылық, зиян келтіретін тиым салынған әрекет.

Кей жағдайда түлғаның жасаған әрекеті міндетеменің пайда болуына әкеліп соқтыратын, бірақ бұл белгілі бір шарттардың бірде-біреуіне сәйкес келмейтін. Осындай ақтаңдақты реттеу үшін міндеттемені пайда болғызатын шартқа ұқсас міндеттеменің пайда болу негізін |қарастырды, яғни квази-контрактілерді. Егерде міндеттеме құқық бұзушылық салдарынан пайда болса және бұл құқық бұзушылық бізге белгілі бірде-бір деликтінің қатарына жатпаса, міндеттеме квази-деликтіден пайда болды деп саналды.

Міндеттеме қоғамда абстрактілік нысанға ие және табиғи сипатты

карастырмайды.

Міндеттеменің мазмұны міндетті тұлғаның беру, жасау, ұсынуын міндеттейді және ол рим терминологиясында dare, facere, рraestare терминдерімен анықталды.

«Беру» термині - мүлікті беру дегенді білдіреді. Бұл әрекет заттық кұқықтарды бір тұлғадан екінші түлғаға ауыстырумен тығыз байланысты.

«Жасау» - бір тұлғаның екінші тұлғаның пайдасына жасалатын нақты физикалық сипатқа ие және бөлінбейтін кешенді әрекетті жүзеге асыру. «Ґсыну» - материалдық нысандағы, соның ішінде ақшалай сипаттағы төлемді жүргізу, орналастыру.

Міндеттеме мүліктік сипаттағы орындауды болжайды. Міндеттеме институты бірнеше ішкі институттарға ие: міндеттеме түсінігі, орындалу орны және уақыты, міндеттеменің тоқтатылуы және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері.

2. Міндеттеменің тараптары кредитор мен дебитор. Кредитор талап ету құқығына ие, ал дебитор беру, жасау немесе ұсынуға міндетті. Кейбір жағдайда бірнеше кредитор мен бірнеше дебитор болуы мүмкін. Егер міндеттемеге бірнеше тарап қатысса жауапкершілік және міндеттеме үлестік немесе ортақтасқан болады. Үлестік жауапкершілік болуы мүмкін, егерде жауапкершілікті борышқорлар жалпы борыштың көлемінде пропорциональды жауап берсе. Ортақтасқан жауапкершілікте борышқорлардың біреуі міндеттеме сомасы көлемінде немесе арнайы бекітілген үлесте басқалар үшін толық жауап береді.

Міндеттеме пәні заттар, акша, қызмет, жұмыс болуы мүмкін. Заттар топтық белгілерімен немесе жеке белгілерімен анықталған болуы мүмкін.

Міндеттеме түрлері. Міндеттеменің бірнеше түрі болды. Бұлар бөлінетін, бөлінбейтін, цивильдік, табиғи, альтернативтік және факультативтік. Жауапкершілік сипатына қарай міндеттеме үлестік жэне ортақтасқан болуы мүмкін.

Міндеттеме бөлінетін деп танылады, егерде оның пәні оның кұндылығын жоғалтпай бөлуге мүмкіндік берсе. Бөлінбейтін міндеттеме дегеніміз міндеттеме пәні бөлінбейтін міндеттеме. Міндеттемені еріксіз орындау мүмкіндігін қарастыратын міндеттеме цивильдік болып табылады. Табиғи міндеттеме талаппен қорғалмайтын мүліктік сипаттағы қатынас. Альтернативтік міндеттеме дегеніміз борышқордың екі әрекеттің біреуін орындауға тиісті болатын міндеттеме. Егерде шартта өзгеше көзделмесе қай әрекетті орындауды таңдау құқығы міндетті тұлғаға беріледі.

Факультативтік - бұл тиісті міндеттеменің орнына басқа міндеттемені орындау мүмкіндігі. Факультативтік міндеттемеде міндеттеме пәні біреу, бірақ борышқорға жеңілдік беріледі, яғни борышқор міндеттеме пәнінің орнына басқаны ұсына алады.

2. Міндеттеменің орындалу орны дау болған затты бағалауға мүмкіндік береді. Міндеттеменің орындалу орны шартпен анықталады. Егерде міндеттеменің орындалу орны альтернативті түрде көрсетілсе, міндеттемені орындау орнын борышқордың қалауы бойынша анықталады. Ал, егер орын-далмаса, орындау орнын таңдау несие берушіге тиесілі. Егер шартта міндеттеменің орындалу орны көрсетілмесе, онда орындалу орны болып берілген міндеттеме бойынша талап қоюға мүмкін болатын орын саналды. Кейде мәміле күрделі болуы да мүмкін. Мысалы, Эфесте он төлеу, немесе Капуда құлды беру. Заңгерлер теңіз саудасы дамыған кезде міңдеттеменің орындалу орнын анықтау экономикалық жағдайға, рынок жағдайында анықтау ерекше мәнге ие деп көрсетті

Несиенің де бағасы әр жерде әртүрлі бодды. Ал, соттың қарау орны түлғаның қауымдастыққа қатысына байланысты немесе борышқордың тұрған жері бойынша анықталды. Кез келген талап азаматтығына және тұрғылықты жеріне қарамастан Римде қаралатын -Rоmа соmmunis nostra patria est — Рим біздің ортақ отанымыз (Б. 50. 1. 33)- қағидасымен қаралатын.

Міндеттеменің орындалу орны дау болған заттың құнын анықтау кезінде маңызды болды, себебі заттың құнын ақшалай керсетілетін болды және мұндай жағдайда маңыздысы қай жер бойынша бағалау жүргізу. Бұл сұрақ орны туралы сұрақпен қатар шешіледі, атап айтқанда келісім жасалған жермен, ал көрсетілмесе талап қойылған жермен анықталды.

Міндеттеменің орындалу уақыты туралы сұрақ шарттың тараптарына байланысты шешілді: міндеттеме орындалу керек тараптардың шартта көрсеткен мерзімінде. Мерзім күнтізбемен анықталады. Кейде мерзім нақты болмауы да мүмкін, яғни оның пайда болу мерзімі белгісіз болатын уақыт.

Міндеттеме бас кезден-ақ тоқтатылуға бағытталған. Міндеттеменің мазмұны және одан тарайтын борышқор мен несие берушінің талаптары уақытша мерзімге негізделген. Міндеттеме тұрақты болуы мүмкін емес.

Міндеттеме тоқтатылады немесе әртүрлі тәсілдермен орны толтырылады. Олардың ішінде негізгісі орындалу (төлем). Міндеттеме тоқтатылады орындалған кезде. (Гай. 3. 168).

Міндеттеменің тоқтатылуы міндеттеменің мазмұнын құрайтын тараптардың міндеттері мен құқықтарының тоқтатылуы.

Міндеттеменің негізгі және қалыпты тоқтатылу тәсілі оның тиісінше орындалуы. Тиісінше орындалу дегеніміз - міндеттемені тиісті борышқордың, міндеттеме мазмұны бойынша, орындалу орнында және мерзімінде орындалуы. Орындау -борышқордың несие берушінің пайдасына одан күтілген әрекеттерді орындауы.Орындау (solitiо)түсінігі борыш пен жауапкершіліктің бір тұлғада сәйкес келуімен бекітіледі. Solitiо, solvere түсінігі рим құқығында эволюция жасады. Міндеттеменің орындалуы және тоқтатылуына қатысты рим юриспруденциясы ортақ термин өңдеген жоқ.

Міндеттеме тоқтатылды мынадай негіздер бойынша: а) тараптардың қайтыс болуымен, егер міндеттеме жеке тұлғалық сипатта болса тоқтатылды. Ал, егер мүліктік сипатта болса міндеттеме тоқтатылады, егер тараптардың міндеттері мұрагерлікпен өтпесе. б) несие беруші мен борышқордың болашақта екіжақты құқықтар мен міндеттердің болмайтындығы туралы ерікті келісімі бойынша. Бұл жағдай орьн алады, егерде келісім шартты жасаған тұлғалардың арасында ғана болатын болса, егерде ол цессия тәртібімен бекітілмеген болса. Үшінші тұлғалардың пайдасына жасалатын міндеттемелерді тоқтату туралы келісуге болмайды; в) несие беруші тарапынан кешіру, яғни мүмкін болатын талаптардан бас тарту арқылы;

г) орындалуын талап ету мерзімін өткізіп алу, жалпы талап мерзімінен ұзақ мерзімнен аспайтындай.

Бақылау сұрақтары:

Мiндеттеме. Натуралдық мiндеттемелер

Мiндеттеменiң пайда болу негiздерi

Мiндеттемелердi классификациялау

Бiр жақты және екi жақты мәмiлелер

Контрактiлер мен пактiлер

Бiр жақты және синалагматикалық шарттар.

Ерiк және ерiктi бiлдiру

Өкiлдiктiң шарттары мен мерзiмдерi.

 

8-тақырып. Римдік шарттың құқықтық қызмет ролі

Мақсаты:Римдік шарттың құқықтық қызмет ролі, соның ішінде бір жақты және екі жақты шарттарды, шарттың тараптары мен шарттарды топтастырудың ерекшеліктерін оқыту.