Лдардың құқықтық жағдайы

Рим азаматтарының құқықтық жағдайы

Ежелгі Рим құқығындағы тұлғалар түсінігі және құқық қабілеттілігінің түсінігін толығымен ашып оқыту және Рим мемлекетінің тұлғаларының бөлінуі ерекшеліктерін көрсету.

Дәріс 3. Тұлғалар түсінігі

1.Құқықтық қатынастардың субьектiлерi абстракттi тұлғалар (персона) ретiнде ғана жасайды. Бiрақ құл иеленушi қоғамда барлық адамдар тұлғалар ретiнде қарастырылған. Құқықтырдың жиыны тұлғалардың мәртебесiн анықтайтын. Мәртебе жоғары болған сайын құқық қабiлеттiлiктiң көлемi кең болады. Құқық қабiлеттiлiк бұл құқықтың субьектiсi болу үшiн мүмкiндiк. Құқық қабiлеттiлiк 3 мәселеден тұрады:

1. status libertatis-бостандық жағдайы

2. status civitatis-азаматтық жағдайы

3. status familiae-отбасылық жағдайы

Құқық қабiлеттiлiк латын тiлiнде –caput деп аталады.

Толық құқық қабiлеттiлiк 2 элементтен тұрады:

1. Юс конубии-рим некесiн қиюға мүмкiндiк беретiн құқық

2. Юс коммерции-сауда-саттық жасауға мүмкiндiк беретiн құқық

Меншiк құқық қатынастарды жасауға мүмкiндiк беретiн құқық. Құқық қабiлет адам туылғаннан бастап пайда болады, қайтыс болғанда жойылады. Рим құқығы тек қана ерiктi адамның құқық қабiлетiн мойындаған.ғұлдар құқық субьектiсi болып табылмайтын. Олар тек құқықтың обьектiлерi болып саналатын.Олар инструмент, құрал ретiнде қолданылған. Құқық обьектiлерiнiң қатарында құлдардың жағдайы ерекше болады. Рим құқығында құлдар деген заттар деген қағида болған. Бiрақ қоғам дамыған сайын бұл қағидадан әртүрлi бас тартулар болатын. Еж. Заманда толық құқық қабiлеттiлiк тек ғана рим азаматтарында болған. Цивилис романи квиритас-бұл рим азаматының квирит болуы. Ерiктi шет елдiктерде құқық қабiлеттiлiгi болмайтын. Б.э.д. 1-ғасырда жаңа заңдар шығарылды. Осы заңдар бойынша Италияда өмiр сүрген адамдардың барлығына рим азаматтығын алуға мүмкiндiк берiлдi. Ал шетелдiктер перегриндер деп аталды. Перегринерде құқық қабiлеттiлiгi болатын, бiрақ оның мазмұны және көлемi рим құқық қабiлеттiлiгiнен ерекше болатын. Юлий және Плауций Померидiң заңдары қабылданғаннан кейiн перегриндер каегориясы өз мазмұнынан айырылды. 212ж Эдикт бойынша перегриндер деп римге келген варварларды, слорвяндарды т.б. атады.

2. Рим азаматтығын алу жолдары:

Рим некесiнде баланың туылуы;

Рим азаматы өз құлын құлдықтан босатуы;

Рим азаматы шет елдiктi бала қылып асырап алатын болса;

Рим азаматтығы жеке адамдарға, қауымдарға, провинцияларға ерекше мемлекеттiк акт арқылы берiледi.

Рим азаматтары 2 топқа бүлiнедi:

Ерiктi туылғандар-ingenlu

Құлдықтан босатылғандар-ubertini

Республика және империяның бас кезiнде рим азаматының аты 5 әрiптен тұратын. Мыс: әйгiлi Рим заңгерiнiң аты Марций Маркус(аты), Преномен Тулиус(рудың аты), Марций Филиус (әкесiнiң аты), Корнелия (трибаның аты), Цицерон(прозвище). Босандыққа жiберiлгендердiң құқық қабiлеттiлiгi шекеулi болды.

Рим азаматтығының жойылуы азаматтың өмiр сұрген кезде еркiндiгiнен айырылғанда болады. Мыс: тұтқынға тұсетiн болса. Еж. заманда рим азаматын тек ғана шет елге сатуға мүмкiн едi.

В) Перегриндердiңқұқықтық жағдайы рим азаматтығынан ерекше болатын. Перегриндердiң құқықтық жағдайының пайда болу жолары:

1. Перегрин некесiнен туылған балалар;

2. Империядан тыс жерлерде өмiр сұрген адамдарсоттың шешiмiмен,императордың қаулысымен перегрин аты берiлгендер;

3.Перегриндерге саяси құқықтық жағдай болған жоқ. Азаматтық қатынастарда олар өздерiнiң Ұлттық құқық жұйелерi бойынша жасайтын. Пергриндерге Рим азаматтығын алуға мүмкiндiктер болатын:

1. Заң бойынша егер рим мемлекетiнде белгiлi қызмет атқаратын болса;

2. Арнайы актiлер бойынша мемлекеттiк билiк белгiлi бiр перегриндердiң тобына немесе пергринге рим азаматтығын берген жағдайда;

Перегриндер –деп Римнiң қоластындағы және оған кiрмейтiн елдердiң тұрғындары, бiрақ Рим азаматтығын да Лауицума азаматтығын да ала-алмай жұрген адамдар.

Латиндер –деп алғашқы кезде –Лауицума қаласының тұрғындарын атаған.

3. Құлдардың кұқықтық жағдайы құқықтың объектісі ретінде танылды. Қүлдық күң-анадан туу, қамауда болу, құлдыққа сату немесе өлім жазасына кесу немесе кен орындарына жүмысқа жіберуге жазаланса орнады.

Құлдық құлды бостандыққа жіберумен тоқтатылды. Уақыт өте келе құлдың мәртебесі жақсара бастады. Империя кезеңінде құлдар құлиеленушінің мүлкінің бір бөлігін басқару және пайдалану құқықтарын ала бастады, яғни кейбір мүліктік құқықтарға ие болды. Қабілетті құл өзіне мүлік жинау және сол мүлік арқылы қожайынынан еркіндігін алуға мүмкіндігі болды.

Егер құл, тек преторлық қүқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, онда ол квириттік қүқыққа сол қожайынның ерігін (еркін) қажет етеді. Немесе, құл квириттік және преторлық құқыққа тиесілі қожайыннан латын еркіндігін алса, сол еркіндікке жіберген қожайынының азаматтығын ала алатын, яғни латын болатын жэне квирит құқығына ие бола алатын. (Гаи Институциясы).

Принципат кезінен бастап құлдықтан босатудың басқа да жағдайлары болды. Мысалы, қожайынын өлтірген адамды тапқан құл құлдықтан босатылатын, 20 жыл ерікті адам секілді жүрген кұл құлдықтан босатылатын. Бірақ Іех Аеlіа Sепtіа заңдарды құлдарды босатудың келесідей талаптарын орнатты:

- 30 жасқа толмаған құлды босату немесе 20 жасқа толмаған қожайын құлды босататын болса ерекше комиссияның алдын ала тексеруі қажет болды;

- таңбаланған құлдар босатылғаннан кейін перегриндар қатарына жататын.

Егер де кұлды босатудың салдарынан несие берушіге немесе патронға зиян болатын болса, құлдықтан босатудың еш мәні жоқ деп саналатын. Себебі Элия Сенция заңы еркіндікті жоққа шығаратын. Жиырмаға толмаған қожайын құлды еркіндікке жібере алатын, егер бостандықка жіберу сот арқылы болатын болса және бостандыққа жіберудің заңды негізі кеңес алдында дәлелденген болса. Құлды бостандыққа жіберудің заңды негізі больш табылатын, мысалы, кім әкесін немесе шешесін не тәрбиелеушісін бостандыққа жіберсе, немесе бірге туған туысын жіберсе.

Когнициондық процесстің енгізілуімен қатар құлдар әдеттегі сотқа талап беру құқығының болмауына байланысты чиновниктерге өтініш жасай алатын.

Бақылау сұрақтары:

1 Тұлғалардың түрлерi

2. Құқық қабілеттілік түсінігі

3. Перегриндердiң құқықтық жағдайы

4. Заңды тұлға түсiнiгi

5. Жеке құқықта заңды тұлға түснiгi