Талап қою туралы ілім

Юстинианның кодификациясы себептері мен процесі

Мақсаты: Рим құқығының негізгі қайнар көздерінің құрамын оқыту, рим құқығын пайдалана отырып заңгерлердің қызметін реттеу тәсілдерін үйрету

Дәріс 2. Рим құқығының қайнар көзі

1.Рим тарихшысы Тит Ливий ХII-кесте заңдарын бүтiн көпшiлiк құқық пен жеке құқықтың қайнар кұзi деп атап өттi. Бұл жерде қайнар көз сөзi рим құқығының мықты құқық саласы ретiнде өсiп шыққан негiзi, тамыры мағынасында қолданылады. Әртүрлi халықтардың Рим құқығы заң әдебиеттерiнде құқықтың қайнар көзi әртүрлi мағынада қолданыллады:1) құқық нормаларының қайнар көзi ретiнде; 2) құқық нормаларының пайда болуының әдiсi ретiнде; 3)құқықты танудың қайнар көзi ретiнде.

Құқықтың соңғы қайнар көзi ретқнде қоғам өмiрiнiң материалдық жағдайлары танылады. Бұл жағдайды әрдайым есте сақтау керек, әсiресе құлиеленушi қоғамның тұсындағы құқықты оқыған кезде.

Заң әдебиеттерiнде кездесетiн өзге жағдайларда құқықтың қайнар көзi мағынасы-құқықтың, құқық нормаларының қандай тәсiлмен, қандай жолмен жасалады дегент сұрақтарға жауап бередi. Бұл жағдайда құқықтың қайнар көзi терминiнiң мағынасымен шатасып қалмауы үшiн, құқықтың жасалу түрлерiн айтып өткен дұрыс. Рим құқығы тарихында құқықтың пайда болуы мына жолдармен қалыптасқан:

1. Қарапайым құқық ;

2. Заң (Республика кезеңiнде - халық жиналысының қаулылары, принципат кезеңiнде - сенатконсульттар, абсолюттiк монархия кезеңiнде - император конституциялары);

3. Магистраттар эдиктттерi;

4. Заңгерлер қызметi.

Юстиниан Институцияларында жазылған құқық (ius scriptum) пен жазылмаған құқықтың (ius non scriptum) аражiгi ашылып көрсетiлген. Жазылған құқық - бұл билiк органдарының шығарған заңдары және өзге де құқық нормалары. Жазылмаған құқық - бұл тәжiрибенiң өзiнде қалыптасатын нормалар. Егер мұндай тәжiрибеде қалыптасқан адам iс-әрекетiнiң ережелерi мемлекеттiк билiктiң қолдауы мен қорғауына иеленбесе, олар жәй ғана әдет-ғұрып болып қалады. Ал, егер әдет-ғұрып мемлекеттен қолдау тапса, олар қарапайым құқықты құрайтын заңи әдет-ғұрыпқа, кейде мемлекеттiк билiкпензаң түрiнде қабылданады.

Әр кезеңде құқықтың қалыптасуы бұл тарихи кездейсоқтық емес. ғұқықтық жағдайдың мазмұны оның сыртқы факторларға сәйкес келетiндiгiндей,құқықтың формалары да мемлекеттiк саясатты айқындайтын барлық жағдайларға,уақыт пен орынның әлеуметтiк-экономикалық жағдайларына тәуелдi болады.

Қарапайым құқық-Рим құқығының пайда болуының көне түрi болып табылады. ғарапайым құқық нормалары Рим құқығында mores maiorum-ата-баба әдет-ғұрыптары, usus - қарапайым тәжiрибе, commentarii magistratium- магистраттардың тәжрибесiнде қалыптасқан ә.ғ, consuetudo - ә.ғ. император кезеңiнде терминдермен сипатталады.

2. Әдет-ғұрыптардың ұзақ уақыт қолдануына қарағанда,оның мәртебесi жоғары, алайда ол заңнан күштi болмауы керек. Республика кезеңiнде заңдар халық жиналысынан өтiп leges деп аталатын. Заңның толық күшi болуы үшiн Рим мемлекетiнiң 3 органының қатысуы керек едi.

1.Магистрат- халық жиналысын шақыруға құқығы бар орган;

2.Халық- жобаны қабылдау немесе қабылдамау мақсатында жиналған халық.

3.Заң - магистрат ұсынған, халық қабылдаған заң сенаттың қолдауынан өтуi тиiс.

Рим құқығының қалыптасуының бiр түрi болып Магистраттар Эдиктi болып табылады. Эдикт терминi dico сөйлеймiн мағынаға сәйкес магистраттардың белгiлi iс бойынша ауызша баяндамасы. Уақыт өте келе эдикт қалыптасқан тәжiрибе бойынша республикалық магистрлердiң қызметiне кiрiсу барысында жарияланатын арнайы бағдарлама мағынасында қолданылады. Магистраттар өз эдиктiлерiнде олардың қызметiнiң негiзгi ережелерi, қандай жағдайда талап қойылады,қандай жағдайда қойылмайды және т.с.с мәселелердi жариялайды.Мұндай магистраттың бiр жылдық ызметiнiң бағдарламасын анықтайтын эдиктiлерiн жеке жағдайға байланысты бiр рет жарияланатын эдиктiлерге қарағанда тұрақты деп атаған.

Эдикт шығаратын преторлар да, магистранттар да магистранттар да заңдарды өзгертуге, бас тартуға немесе жаңа заң шығаруға құдыретi жоқ болады. Мысалы: Гайдың айтуынша претор өзге бiреуге мұрагерлiк құқықты бере алмайды. Бiрақ сот қызметiнiң басқарушысы ретiнде претор цивильдiк құқық нормаларына тәжiрибелiк мән беруi немесе цивильдiк құқықтың кейбiр ережесiн күшiнен айыра алатын. Мыс: кейбiр жағдайларларда претор меншiк иесi емес азаматты қорғап, меншiк иесiн қорғаусыз қалдыруы мүмкiн, бiрақ меншiк иесi емес азаматты меншiк иесi ете алмайды.

Юрист Марциан преторлық құқықты өмiрдiң жаңа қажеттiлiгiне тез жауап беретiн және оларды қанағаттандыратын цивильдiк құқықтың жанды дауысы деп атап өткен.

Цицеронның шығармаларында рим заңгерлерiнiң қызметiнiң түрлерi respondere, cavere, agere, scribere терминдерiмен көрсетiлген. Respondere-терминi рим заңгерлерiнiң кеңес беру қызметi, agere-тараптардың iс жүргiзу барысындағы iс-әрекетiне басшылық жасау және т.с.с. Ерте заманда заңгер қызметiн заңға түсiнiк беретiн, заңи құпияларын көпшiлiкке жарияламайтын жеке кастаны құрайтын понтификтер атқаратын. Заңгерлердiң құқықтық шығармашылық қызметi принципат кезеңiнде нақты мойындалды. Осы кезең Рим құқығының шарықтау кезеңi болатын. Көптеген ғасырларға шығармашылық мағынасын сақтап қалған рим заңгерлерiнiң күшi негiзiнен ғылым мен тәжрибенiң айырылмас байланысынан болатын. Рим заңгерлерi құқықтық құрылымдарын өмiр қажеттiлiгiне сай жасайтын.

Республика кезеңiндегi атақты заңгерлер деп :Марк Манилий, Юний Брут, Публий Муций, Сцевола, Аквилий Галл, Цицерон сияқты заңгерлердi атауға болады. Классикалық кезеңнiң көрнектi өкiлдерi Лабеон, Капитон болды. Осы заңгерлерден заңгерлердiң 2 мектебi бастау алды: Прокулян мектебi, Сабиньян мектебi.Бұл заңгерлерден басқа Юлиан, Помпоний, Гай, Папиниан, Павел, Ульпиан-атты заңгерлердi атап өткен жөн.

Бiзге кейбiр бөлiмдерi ғана жеткен рим заңгерлерiнiң ғылыми-әдеби шығармаларын келесi бөлiмдерге бөлуге болады. Бiрiншi претолық құқыққа қарсы шыққан цивильдiк құқықтың нұсқасындағы шығармалар. Бұл шығармаларда заңгерлер Сабиннiң “Азаматтық құқық туралы” шығармасындағы жоспарларға сәйкес жасайтын. Заңгерлердiң шығармаларының бұл категориясын libra ad Sabinum деп атайтын.

Шығармалардың екiншi тобын преторлардың эдиктiлерiне түсiнiк беретiн шығармалар құрайды. Мысалы: Лабеонның, Гайдың, Павелдiң, Ульпианның шығармалары.

Үшiншi тобына цивильдiк құқық пен преторлық құқықты байланыстыратын дигестердi жатқызуға болады.

Төртiншi тобын оқулықтар,яғни институциялар болатын. Олардың iшiнде ең атақтысы Гайдың Институциялары.

Бесiншi тобын “Сұрақтар” (Цельза,Помпония), ”Жауаптар” (Папиниан) атты казустардың жиынтығы құраған.Сонымен қатар рим заңгерлерi арнайы сұрақтарға байланысты көптеген монографиялар жазған.

5-ғасырдың орта кезiнде плебейлер патрицилармен күресiп кейбiр жетiстiктерге жетедi. 451 ж 10 адамнан сайланатын (комиссия құру) заң шығару үшiн комиссия құрылды. Ол көрнектi патрицилерден құралып, кең уәкiлдiктермен пайдаланады. 1-жыл бойы iстi кодекстеу бiтпеген соң 2-шi жылы 10 адамнан жаңа комиссия құрылды. Бiрақ бұл жолы оның қарапайым құқықтың жаңа өңделген түрiн жинақтап шығарды. Оны тарихта 12 кесте заңдары деп атады. Олар шындығында да жай ғана құқықтардың жиынтығы едi. Бiрақ оның алдағы жерде Рим империясы үшiн үлкен пайдасы болды. Рим тарихшысы Тит Ливийдiң айтуынша 12-кесте заңдары көпшiлiк құқықтың да, жеке құқықтың да ең басты қайнар көзi болды. 12-кете заңдары өз атын қаланың орталық алаңында 12 ағаш тақтасына ойылып жазылған әдет-ғұрып заңдарына байланысты алды. Кейбiр мәлiметтерге қараған Рим азаматтығын алу үшiн осы 12-кесте заңдарын жатқа бiлу мiндеттi болды. Осы заңдар негiзiнде плебейлер құқығы қорғалды. Заңның толық тұпнұсқасы бiзге толық жеткен жоқ. Оларда тек қана Римнiң көрнектi тарихшылары мен заңгерлерiнiң шығармаларынан көруге болады, әсiресе Цицеронның, Ульпианның, Гайдың щығармаларында жазылған. Осы аталған заңгерлер iшiнде б.э. 2-ғасырда өмiр сүрген заңгер Гайдың сол кездегi Римдегi заңгерлер мектебiне арналған шығармасы “Институция”-ны атауға болады. Оны кездейсоқ 1816 ж тарихшы Нейбур Италияның Веронна қаласынан тауып алды.

12-кесте заңдарының негiзгi белгiсi мүлiктi екi категорияға бөлiп қарады 1-жер, мал, құлдар т.б. 2-өзге мүлiктер. 12-кесте заңдары мына сөздерден басталады. “Егер сотқа шақырылса келсiн. Бiрақ өкiмет жауапкердi шақыруға ешбiр шара қолданбайды. Оны дауласушының өзi ертiп келуi тиiс.”

2. Римде кодификацияның басталуы Рим құқығының белсендi дамуының Рим мемлекетiнiң құлдырауымен тұспа-тұс келедi. Құқық бұрынғыдай жедел дамуын тоқтатты. Сондықтан құқық нормалардың саны сапасына көшетiн болды. Империя кезiнде бүкiл толып жатқан императорлардың басқару актiлерiн бiр жүйеге келтiрiп тәрт iптi қатаң формада үстемдiк ететiн, құл иеленушiлiк топтың ерiгiн бекiту керек болды. Ең алғашқы кодификациялауды император конституцияларын жинақтаушы жеке тұлғалар бастаған едi. 5-ғ 1-жартысында император Федосий-2 “Codex Theodosianus” (Феодосий кодексi) атты алғашқы кодификация жарық көрдi. Бұл кодекс 16 кiтаптан тұрды, ал кiтаптар –титулдардан тұратын.

Рим империясының 2-ге бөлiнуiнен соң (батыс және шығыс) батыс бөлiгi ирландық жаулаушылардың қоластында болды. Оның аумағында Вестгот, Остгот, Бургунт корольдiктерi пайда болды. Бұл корольдiктерде рим құқығы өз күшiн сақтап қалды.

Феодосий-2-нiң кодификациясына қарағанда, б.э. 6-ғ.1-шi жартысында, шығыс императорларының iшiндегi ең бiр iскерi Юстинианның тұсында жарық көрген Юстиниан кодификациясы болды. Осы уақытта варварлардың қолында болған Римнiң Батыс бөлiгiмен, Шығыс бөлiгiн қосу жоспарланған едi. Сонымен қатар сол заманға сай, мазмұны айқын құқық керек болды. Осыған орай Юстиниан оған дейiн жиналған барлық заң актiлерiн бiр жинаққа келтiрудi алдына мақсат етiп қойды. Заңгерлердiң ұзақ жұмысының нәтижесiнде толық заңгерлiк жинақ пайда болып, оған “Corpus juris civilus” деген атақ берiлдi. Юстиниан архаизмдердiң барлығын жою, құлиеленушiлiк құрылысты баянды ету және шексiз монархияны бекiту бағытында жұмыстар жүргiздi.

2. Кодификация жұмыстарын жүргiзген-император кеңесiн басқарған Трибониан және Константинополь мектебiнiң профессоры Феофил болды.

524-534 ж үш жинақ дайындап шығарды.

Институция

Дигестер

Пандектер

Юстинианның кодексi мен бұйрықтары Новеллалар деп аталды.

Гайдың институциясы-бұл адамдар үшiн түсiнiктi, ең жақсы, қарапайым және бай тiлде жазылған еңбек болды. Ол өз еңбектерiнде Рим құқығының маңызды тұстарын ашып көрсеттi. Еңбектерiнiң құрылысын-жай адамдар, заттар, мiндеттемелер деп үшке бөлдi. Институциялар 4-топқа, кiтаптар титулдарға, титулдар параграфтарға бөлiндi.

Дигестер- “Corpus juris civilus”-тiң ең үлкен бөлiмi. Бұған Римнiң ең маңызды 40-заңгерлердiң еңбектерi енгiзiлдi. 1570 кiтаптан үзiндi алынды. Олардың iшiндегi ең маңыздылары Ульпиан мен Павелдiң еңбектерi деп есептелiндi.

Юстиниан кодексi-бұл императорлардың ресми жарлықтары, Юстинианның өзi шығарған 50-жарлығы осы жинақтарға енгiзiлдi. Жарлықтардың негiзгi мақсаты-бұрынғы императорлардың шығарған жарлықтарының арасындағы қайшылықтарды жою болды. Жарлықтар ретке келтiрiлiп, кодекстiң жаңа жаңа редакциясы шығарылды. Осы кодекс бiздiң заманымызға дейiн сақталып, бұгiнде Юстинианның еңбектерiмен танысуға мүмкiндiк берiп отыр. Новеллалар Юстинианның өзi шығарған бұйрықтардан тұрады.

3. Мемлекеттiк сот жоқ болған кезде рим халқы жеке қол жұмсау кезеңiн басынан кешiрдi. Әр адам егер оның құқығына қол сұқса ол өзi сотсыз құқығын қорғай алатын. Бiрақ бiраз уақыт өткен соң құқық қорғаудың бұл түрi жойылды. Алайда Рим құқығында жеке қол жұмсаудың кейбiр элементтерi сақталды. Рим құқығында өзiн-өзi қорғау бiраз уақыт өмiр сұрдi. Ол құқық бұзушылықтың болмауын реттейдi. Құқықты бұзған кезде оның қайтадан күшпен қалпына келтiруге тыйым салынады. Егер бiр адам соған қарамастан құқықты қалпына келтiрем десе оған қарсы шара қолданылады. Құқықты қорғау функциясы сотқа берiледi. Соттың 2-түрi болады:

Юдиция публика мемлекеттiң мүдделерiн, бұзылған iстердi қарастырады;

Юдиция привата (жеке сот) азаматтық iстердi қарастырады.

Рим азаматтық iс-жүргiзуi 2-кезеңге бөлiнген: Юс және Юдициум. Бiрiншi кезеңде iстi шешiм шығаруға дайындайды. Iстiң қарастырылуы және шешiм шығару 2-кезеңде болады, бұл iс жүргiзу ординарлық болып табылады. Абсолюттiк монархия кезеңiнде iс жүргiзудiң 2-кезеңге бөлiнуi жойылды. Ал процесс төтенше экстра ординарлық деп аталады.

2. Республика кезде азаматтық iс-жүргiзуi лексакциялық деп аталынады. Бiрiншi кезеңде ( Ин Юрэ) 2-жақ соттың магистраттың алдында белгiленген бiр салт-дәстүрдi жасап, белгiленген сөздердi айтады. Бұл сөзде талапкер өз талабын айтады, ал жауапкер өзiнiң қарсылығын бiлдiредi. Ин Юрэ соңғы кезеңi Метис Контестацио деп аталады lites contestatio дамудың белгiлеуi.

2-шi кезеңде магистраттың шешiмi мен тағайындалған судья дәлелдердi тексерiп шешiм шығарады.

Формулярлық iс-жүргiзу Республиканың соңғы жылдарында (б.э.д 17ж) leges акциялық iс жүргiзуiнiң орнына формулярлық iс жүргiзу келедi. Бұл iс жүргiзу бойынша талаптар мен қарсылықтар салт дәстүрсiз айтылады. Ал (Ин Юрэ) кезеңiнiң аяғында талапкерге судьяға арналған хат берiлген. Бұл хатта судьяға талапты қалай шешу керек екендiгiн айтылған. Бұл хат бұйрық ретiнде қолданылатын және формула деп аталатын. Барлық адамдар үшiн бұл iс-жүргiзу Августың заңдарымен белгiленедi. Б.э.д. (17ж) жаңа iс жүргiзу бойынша претор ескi ережемен жұмыс iстемейтiн, ол жаңа қоғамдық қатынастарды тануға мүмкiндiк алды. Ал ескiрген қатынастарды қорғамауға құқығы болды. Ол үшiн претор талапкерге заңның формуласын бермейтiн. Әр претор өзiнiң эдиктiсiнде талапты қорғау немесе қорғамау кездерiн жариялайды. Сол себептен Рим құқығындағы талаптар жұйесi, формула бiрнеше бөлiмдерден тұрады:

1. Судьяның тағайындауы;

2. Ad Tolitio мыс: белгiленген бiр мүлiктi бiр адамға беру;

3. Бөлiм гентенция талапкердiң шағымдары;

4. Демонстрация-iстiң құрамы, мазмұнынан тұрады;

5. Конденация-судьяның жауапкердi ақтау немесе соттау құқығы;

Формуланың құрамына эксцепция және прескрипция қосымша бөлiмдерi ретiнде кiре алтын.

Эксцепция-бұл жауапкердiң талапқа қарсылығы.

Прескрипция-бұл талапкердiң келешекте жауапкерден қалған мүлкiн қайтарып алуы.

3. 3-ғасырдың соңында формулярлық iс-жүргiзудiң орнына экстраординарлық iс-жүргiзу келген едi. Бұл iс-жүргiзу екi кезеңге бүлiнбейдi және магистрат судьяға iстi бермейтiн. Экстраординарлық iс-жүргiзудi әкiмшiлiк органдар жүзеге асыратын. Iстiң қаралуы жариялылық болып есептелмейтiн. Егер талапкер iс қаралған кезде келмейтiн болса, iс аяқталған. Ал егер жауапкер келмейтiн болса, онда iс сырттай қарастырылған. Экстраординарлық iс-жүргiзу бойынша апелляцияны беруге мүмкiндiк болды. Сот шешiмiн мемлекеттiк органдар талапкердiң ұтiнiшi бойынша жүзеге асыратын.

Легесакциялық iс-жүргiзуiнде талап-бұл белгiленген дәстұр бойынша бiр адамның қызметi. Классикалық рим құқығында талап бұл-белгiленген бiр iстiң сот арқылы шешiлуi. Талаптың түрлерi:

Мүлiктiк және жеке талаптар. Мүлiктiк талаптар бойынша жауапкер ретiнде әрбiр адам бола алады. Жеке талаптар бойынша кредиторға тек ғана қарыз болған адам жауап бере алатын.

Аналогия бойынша талаптар.

Фикциясы бар талаптар.

Айып талаптары және бұзылған құқықтарды қалпына келтiру талаптары.

Интердикт претордың бұйрығы, бұл бұйрық бойынша претор құқығына кедергi жасайтын немесе оларды бұзатын iс-әрекеттерге тыйым салады. Кейбiр кездерде претор реституция деген бұйрық шығаратын. Реституция-бұл бұрынғы құқықарды қалпына келтiру.

Талаптың ескiруi бұл максималды мерзiм. Бұл мерзiм iшiнде талап қаралуы керек.Талаптың ескiруi 30 жыл болып,оның ұзiлуi мұмкiн едi.Рим құқығында заңды мерзiмдер болған.Заңды мерзiмдердiң ағымы ұзiлмейтiн.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Рим жеке құқығының б.д.д. 1-ғасырдың басындағы қайнар көздерiнiң құрамы.

2. Рим магистраттары және құқықтың жаңа жұйесiн қалыптастырудағы олардың эдиктерiнiң маңызы.

3.Цивильдiк және претор құқықтарының өзара ықпалдасу ұрдiсi.

4. Эдиктердi кодификациялау.

5. Зангерлер қызметi..

6. Құқықтың дамуы және қалыптасуы үшiн Рим юриспруденциясының маңызы.

7. Рим зангерлерiнiң императорға қызмет етуi.

8. Рим зангерлерiнiң әдеби шығармаларының түрлерi.

9. Зангерлердiң сабиньян және прокульян мектептерi.

10. Рим юриспруденциясының құлдырауы.

11. Цитата қолдану туралы заң.