Аржы есептіліктің компоненттері

Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:

· баланс;

· пайдалар мен залалдар туралы есеп;

· өз капиталында мыналарды көрсететiн өзгерістер туралы есеп, не:

· өз капиталындағы барлық өзгерiстердi;

· өз капиталының иелері ретінде әрекет ететін өз капитал иелерімен операциялар жасау нәтижесiнде туындайтындардан өзгеше өз капиталындағы өзгерiстердi көрсететiн өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті;

· ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп;

· есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.

Қызметтiң үздiксiздiгi

Қаржы есептiлiгiн әзiрлеген кезде ұйымның басшылығы ұйымның өз қызметiн жалғастыру қабiлетiн бағалауға міндетті. Қаржы есептiлiгi, егер ұйымның басшылығы не ұйымды таратуға, немесе оның қызметiн тоқтатуға өзі ниет еткен, не бұлай жасаудан басқа нақты баламасы болмағандықтан, осындай іс-әрекет тәсілін таңдауға мәжбүр болған реттерді қоспағанда, міндетті түрде қызметтiң үздiксiздiгi негiзiнде жасалуға тиiс. Егер ұйымның басшылығы бағалау барысында бұдан былай ұйымның қызметтi үздiксiз жалғастыру қабiлетiне едәуiр күмән туғызуы мүмкiн оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулi тұрлаусыздықтар туралы оған мәлiм болса, бұл тұрлаусыздықтар қаржы есептілігінде міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс. Егер қаржы есептiлiгi қызметтiң үздiксiздiгiне жол беру негізінде жасалмаса, бұл факт есептiлiк жасалған негiзбен және ұйым үздiксiз iс-әрекет етедi деп есептелмейтiн себеппен қатар, міндетті түрде ашып көрсетiлуге тиiс.

Қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолданылуын бағалау кезiнде, басшылық, ең болмағанда, баланс күнінен бастап он екі айды қамтитын, бiрақ онымен шектелмейтін болашақ туралы қолда бар ақпараттың барлығын ескереді. Осы ақпарат назарға алынатын деңгей әрбiр жеке жағдайда нақты фактiлерге байланысты болады. Ұйым белгiлi бiр кезең iшiнде пайдалы болса және қаржы ресурстарына қол жеткiзсе, онда қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол беру қолайлығы туралы қорытынды толық талдау жасалмай қабылдануы мүмкiн. Басқа жағдайларда басшылыққа, қызметтiң үздiксiздiгi туралы жол берудiң қолайлылығы жөнiндегi пiкiр бекiтiлмес бұрын, бәлкiм, ағымдағы және күтiлетiн пайдалылыққа, борыштық мiндеттемелерді өтеу кестелерiне және баламалы қаржыландырудың әлуеттi көздеріне байланысты факторлардың кең ауқымын қарауы талап етiлетін болар.