Тақырыбы: Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.

Дәріс.

Азіргі заманғы Батыс әлеуметтануы.

Символдық интеракционизм. Осы теорияның негізін салағн әлеуметтік философ Дж. Мидтің пікірі бойынша, саналы түрдегі «мен» әлеуметтік процестен шығады. Адамның әлеуметтендірілуі мен есеюі оның ролге ие болуы ретінде түсініледі. Феноменологиялық әлеуметтану. Оның негізін салушы А.Щюц адамдар қоршаған ортамен байланыста болады, оны сезімнің көмегімен таниды деп пайымдайды. Драматургиялық әлеуметтану. Бұл теорияны жасаушы Э.Гоффман адамдардың өзара әрекет ету ортасы – бұл ойын алаңы деп есептеді.Этнометодология. Г.Гарфинкель өзара әрекетке түсе отырып, әрбір индивидтің осы нақты өзара әрекет қандай болатындығы және қалай

 

Қоғам дегеніміз не, оның адам өміріндегі орны мен ролі қандай деген сұрақ әлеуметтану ғылымы үшін ең маңызды мәселе болып табылады. Адам – қоғамдық қатынастардың жиынтығы, қоғамның тікелей жемісі. Адам – биоәлеуметтік жан. Сонымен, қоғам дегеніміз не? Ең жалпылама мағынасында алғанда қоғам дегеніміз – адамдардың бірлестігі, жиынтығы. Қоғам – санасы, ақыл-ойы бар адамдардың жиынтығы. Қоғам адамдардың қалай болса солай жинала салуы емес, ол адамдардың арасында айтарлықтай тұрақты және жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас орнаған бірлестік. Яғни, қоғам – бұл белгілі бір аумақпен және мәдениетпен біріккен адамдардың тобы. Әлеуметтануда қоғам деп мынандай сипаттамалары бар жиынтықты атайды:

1.Өмір сүретін террриториялық бірлігінің болуы;

2.Өзара байланысы тұрақты және біртұтас адамдар жиынтығының болуы;

3. Өзін-өзі қамтамасыз етуі, өзін-өзі басқарып отыруы, өзін-өзі өсіріп отыруы

және тб.

4. Әлеуметтік байланыстардың негізін құрайтын мінез-құлық нормалары мен бірлестік. Ал, тар мағынасында алғанда қоғам деп тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да ерекшеліктерімен көрінетін нақты қоғам түсіндіріледі.

Әлеуметтану ғылымында қоғам әлеуметтік құрылым, адамдардың өзара әрекет ететін кеңістігі болып табылады. Қоғам адамдардың өзара әрекетінің жемісі екендігін өткен заманның әлеуметтанушылары да, қазіргі заманғы әлеуметтанушылар да мойындайды. Дегенмен, оларға адамдардың қоғамға бірігуінің себептерін түрліше анықтайды. Мәселен, Огюст Конт қоғамға мынандай анықтама береді: «Қоғам – бұл өзара келісіммен байланысқан, оның құрылымдық элементтерінің барлығының функциялары келісімділікпен сипатталатын, бүкіл адамзаттың органикалық бірлігі». Карл Маркс: «Қоғам – бұл бірлескен қызмет процесінде қалыптасатын, адамдардың арасындағы тарихи тұрғыдан дамушы қатынастардың жиынтығы», - деп анаықтама береді. Вебер: «Қоғам – бұл әлеуметтік, яғни басқа адамдарға бағытталған әрекеттердің өнімі болып табылатын, адамдардың өзара әрекеті». Толкотт Парсонс: «Қоғам – бұл әлеуметтік жүйенің типі, ол жүйе ретінде қоршаған ортаға қатысты алғанда өзін-өзі жетілдірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізе алады». Осы берілген анықтамалардың бәрін жинақтай келе мынандай қорытынды жасауға болады:

Қоғам– адамдарды қалай болса солай емес, белгілі бір ережелер бойынша байланыстыратын өзара әрекеттер жүйесі.Тұрақты әлеуметтік байланыстар мен қатынастар орнатудағы өзара әркеттердің жүйесі.Оның құрамдас элементтері мыналар: адамдар, олардың арасындағы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік институттар мен ұйымдар, әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар, әлеуметтік нормалар және әдет-ғұрыптар. Әлеуметтану ғылымының басты міндеті – қоғамның осындай құрылысын ашып көрсетіп, оның аса маңызды элементтерінің ғылыми классификациясын жасау болып табылады. Сонымен әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғам деп бір-бірімен тығыз байланысқан және өзара әрекеттегі және әлеуметтік тұтастықты құрайтын, үлкен реттілікпен жинақталған әлеуметтік құбылыстар мен процестер түсіндіріледі. Қоғамның даму формалары мен қозғаушы күштері жайлы көптеген теориялар бар. Бірақ олардың бәрін қарастыруға біздің мүмкіндігіміз жоқ. Атап айтар болсақ, күштеу теориясы, қажеттілік өсу теориясы, географиялық материализм теориясы, демографиялық теория және т.б. Бұл теориялардың бәріне ортақ бір нәрсе – олар қоғамның қозғаушы идеядан, адамның санасынан іздейді. Ал, марксизм ілімі болса басқаша қарастырады. Марксизм ілімі бойынша қоғамның жалпы даму заңына сәйкес, қоғам дамуы өндіріс дамуының нәтижесі, ал өндіріс негізгі әлеуметтік процесс болып табылады.