Диагностикасы

Эпидемиологиясы

ГОК ҚД-2-мен сырқаттанған егде науқастарда дамитын жедел гипергликемиялық жағдайлардың 10–30%-ын алады; 2/3 жағдайда ГОК бұған дейін ҚД диагностикаланбаған науқастарда дамиды.

 

Клиникалық көрінісі

Гиперосмолярлық команың клиникалық көріністерінің ерекшеліктері: —дегидратация мен гипоперфузия көріністері мен асқынуларының кешені: сусыздану, шырышты қабықтардың құрғауы, тахикардия, артериальды гипотензия, лоқсу, әлсіздік, шок;

— фокальды және жайылған құрысулар;

— қызба, лоқсу және құсу (40–65 % жағдайларда);

— қосымша сырқаттар мен асқынулардың ішінде жиі дамитындары: терең көктамырлардың тромбозы, пневмония, бас миы қанайналымының бұзылуы, гастропарез.

 

Клиникалық көріністеріне, науқастың жасына, анамнезінде ҚД-2, кетонурия мен кетоацидоз болмағанмен айқын гипергликемия мәліметтеріне негізделеді. ГОК-ке тән зертханалық белгілер төмендегі 7.12 кестеде көрсетелген.

 

7.10 сурет.Гиперосмолярлы команың патогенезі

7.10 сурет. Относительный дефицит инсулина- Инсуллиннің салыстырмалы тапшылығы Нарушение утилизации глюкозы инсулинзависимыми тканями- Инсулинге тәуелді тіндерде глюкоза сіңірілуінің бұзылуы Повышение уровня контринсулярных гормонов- Контринсулярлы гормондар деңгейінің жоғарылауы Гипергликемия- Гипергликемия Активация глюконеогенеза- Глюконеогенездің белсенуі Гиперосмолярность- Гиперосмолярлық Глюкозотоксичность- Глюкозаның уытты әсері Интеркуррентные заболевания- Интеркуррентті аурулар Осмотический диурез- Осмостық диурез Потеря электролитов- Электролиттердің жоғалуы Дегитратация- Дегитратация Рвота, диарея, прием диуретиков, кровотечение, почечная недостаточность, снижение чувства жажды- Құсу, диарея, диуретиктерді қабылдау, қан кету, бүйрек жеткіліксіздігі, шөлдеу сезімінің төмендеуі Гиповолемический шок- Гиповолемиялық шок Гипоксия-Гипоксия Повышение уровня лактата- Лактат деңгейінің жоғарылауы Снижение мозгового, почечного, периферического кровотока- Ми, бүйрек, шеткі қан айналымның төмендеуі Анурия-Анурия Кома- Кома