Диагностикасы
Эпидемиологиясы
Жалпы популяцияда бүйрек үсті безі инциденталомаларының таралымы 5% (аутопсия мәліметтері бойынша 10%).
Клиникалық көріністері
Жоқ; жиі ілеспелі патология гормональды белсенді түзіліспен потенциалды байланысты болады (артериялық гипертензия, семіздік, қант диабеті және т.б.).
4.16 сурет.Бүйрек үсті безі инциденталомаларының диагностикасы мен емдеу алгоритмі
4.16 сурет Инциденталома надпочечника- Бүйрек үсті безінің инциденталомасы Малая дексаметозоновая проба- Кіші дексаметазон сынағы Метанефрины- Метанефриндер Ренин и альдостерон- Ренин мен альдостерон Нет гормональной активности- Гормональды белсендігі жоқ Гормональная активность- Гормональды белсенділік КТ через 12 мес- 12 айдан кейін КТ Рост опухоли- Ісіктің өсуі Адреналэктомия- Адреналэктомия |
Диагностикалаудың басты мақсаты гормональды белсенді, қатерлі сипаттағы түзілісті анықтау болып табылады (4.16сурет).
Осы мақсатта жүргізіледі:
— Кіші дексаметазон сынағы (несеппен кортизолдың тәуліктік экскрециясын анықтау);
— Қан сарысуындағы калий, натрий; артериялық гипертензияда – ренин, альдостерон деңгейін анықтау;
— Метанефриндер (альтернативасы-катехоламиндер мен ВМК экскрециясы) деңгейін анықтау;
— Диаметрі < 5 см болатын интервалы 6, 12, 24 ай аралықта гормональды-белсенді емес түзілістерінің КТ-сі (МРТ).