Болжамы

Салыстырмалы диагностикасы

ҚБ гиперфункциясы нәтижесінде тиреотоксикозға әкелген сырқаттармен салыстырмалы диагностика жүргізіледі (Грейвс ауруы, көптүйінді уытты жемсау); жеделдеу тиреоидит кезінде сцинтиграфия мәліметтері бойынша 99mTc сіңірілуі төмендейді, эндокринді офтальмопатия болмайды. Өте сирек кездесетін жедел іріңді тиреоидит кезінде мойындағы ауырсыну сезімімен бірге лейкоцитоз анықталып, тиреотоксикоз болмайды, УДЗ мәліметтері бойынша сұйыққа толы қуыс (абсцесс) анықталады, пункциялы биопсия орындалғанда іріңді сұйықтық алынады. Крайль тесті тәжірибе жүзінде тек жеделдеу тиреоидит кезінде ғана оң нәтижелі болып табылады.

 

Емі

Жеңіл жеделдеу тиреоидит кезінде мойын аймағында ауырсыну сезімі әлсіз, интоксикация болмайды, сондықтан емдік шаралар жүргізілмесе де сырқат өздігінен жоғалады. Жеңіл ауырсыну сезімі синдромы кезінде стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды тағайындауға болады (аспирин — 300–600 мг әрбір 6 сағат сайын). Айқын ауырсыну сезімі болғанда тәуліктік мөлшері 30 мг преднизолон тағайындалады, сырқаттың ауырлығына байланысты 2–3 ай көлемінде біртіндеп азайтып тоқтатады. Кейде емдік шаралар аяқталғаннан кейін немесе бірнеше айлардан кейін ауру қайталануы мүмкін. Емі жоғарыда көрсетілгендей жүргізіледі. Өте сирек жағдайда көрініс беретін транзиторлы гипотиреозбен сипатталатын жеделдеу тиреоидит кезінде уақытша левотироксинмен орынбасушылық терапия қолданылады.

 

Жалпы алғанда жеделдеу тиреоидит өздігінен жазылады, тіпті бір себеппен ем жүргізілмесе де жеделдеу тиреоидит біртіндеп толық сауығумен аяқталады. Көптеген жағдайларда жеделдеу тиреоидит қайталанбайды және толық сауығумен аяқталады.

 

3.7.3. Сирек кездесетін тиреоидиттер

Сирек кездесетін тиреоидиттерге жедел іріңді тиреоидит, фиброздаушы Ридель тиреоидиті, сонымен бірге спецификалық тиреоидиттер (туберкулезді, сифилисті, саңырауқұлақты, актиномикозды және т.б.) жатады. Олардың ішінде кейбір түрлері казуистикалық сирек көрініс береді (3.19 кесте).

 

3.19 кесте.Сиреккездесетін тиреоидиттер

 

Тиреоидиттер Клиникалық көріністерінің, диагностикасының және емінің ерекшеліктері
Жедел іріңді тиреоидит Себебі басқа инфекция ошақтарынан гематогенді немесе лимфогенді жолмен (жақ-бет аймағы, өкпе) немесе операциядан кейінгі жарадан инфицирлену болып табылады. Жиі алтынды стафилококк және ішек инфекциясы қоздырады. Клиникалық көрінісі: локальді көріністермен (ҚБ аймағындағы ауыру сезімі, абсцесстің түзілуі) жедел бактериялы инфекция симптомдарымен (қызба, ЭТЖ мен лейкоциттер жоғаралауы) ұштасады. Ауыр асқынуларына іріңді медиастенит жатады. Емі: антибиотикотерапия, абсцессті дренаждау
Фиброздаушы Ридель тиреоидиті Себебі белгісіз, бұрын оны АИТ немесе фиброздаушы аурудың (Ормонд синдромы) түрі ретінде қарастырған, өйткені оның медиастенальды және ретроперитонеальды фиброзбен тіркескен жағдайлары сипатталған. Морфологиялық ірі талшықты дәнекер тінінің без капсуласынан мойын бұлшықеттеріне дейін өтуімен сипатталатын ҚБ-дің жайылмалы фиброзы анықталады. Пальпациялағанда- ҚБ ағаш сияқты қатты, көрші ағза мен тіндерді жаншуы мүмкін. Емі: компрессионды синдром кезінде- хирургиялық (жиі ҚБ қатерлі ісігіне күмән туғанда орындалады; хиругиялық емнен кейін ремиссия дамуы мүмкін
Спецификалық тиреоидиттер (туберкулезді, сифилисті, саңырауқұлақты, актиномикозды және т.б.) Диагноз негізгі ауру белгілері мен пункциялы биопсия мәліметтеріне негізделіп қойылады. Әдетте, басты сырқатты емдеу спецификалық тиреоидитті жоюға әкеледі. Гумма, туберкулома, актиномикотикалық жыланкөздер дамығанда зақымданған ҚБ бөлігін алып тастау жөніндегі сұрақ қойылады

 

3.8. ТҮЙІНДІ ЖӘНЕ КӨПТҮЙІНДІ