Диагностикасы

Эпидемиологиясы

Пролактинома-жиі дамитын гипофиз аденомасы. Аутопсия зерттеулерінің мәліметтері бойынша мәйіттердің 10%-да микропролактинома анықталған. Микропролактинома макропролактиномамен салыстырғанда бірнеше рет жиі кездеседі, сонын ішінде әйел адамдарда басым. Ал макропролактинома екі жыныста да бірдей жиілікте дамиды. Патологиялық және биохимиялық гиперпролактинемия халық арасында 1:500 жиілікте кездеседі. Гиперпролактинемия олигоменорея көрініс берген әйелдердің 8%-да дамиды. Сырқаттанатын әйелдердің орташа жасы — 25–30 жас, ер адамдарда — 45–50 жас.

 

Клиникалық көрінісі

Клиникалық көрінісі пролактин мөлшерінің жоғарылауына қарамастан симптомсыз ағымнан, айқын клиникалық көріністің дамуына дейін ауытқиды (аменорея, галакторея, бедеулік).

ГГ жиі кездесетін сиптомдары:

1. Менструальды циклдің бұзылуы: опсоолигоменореядан аменореяға дейін, жиі екіншілік.

2. Бедеулік(біріншілік және екіншілік) ГГ кездесетін басты шағым, көптеген әйелдер үшін бедеулікті жою емнің басты мақсаты болып табылады. Гинекологиялық қарау барысында жатыр гипоплазиясы, «қарашық» белгісінің, шырыштың «тартылу» белгісінің болмауы мүмкін. Науқастарда пубертатты кезеңге дейін ауырса шүртекей, кіші жыныс еріндерінің гипоплазиясы анықталуы мүмкін.

3. Патологиялық галакторея ГГ сирек алғашқы симптомдарының бірі болады (20% жағдайда ғана). Оның айқындылығы қолмен қысқанда көп мөлшерде және спонтанды түрден бірнеше тамшыларға дейін ауытқуы мүмкін. ГГ-мен сырқаттанған науқастарда популяциямен салыстырғанда фиброзды-кистозды мастопатия және сүт безінің қатерлі ісігі жиі кездеспейді. Науқастарға жасына сай келмейтін сүт безінің майлы инволюциясы тән.

4. Либидоның төмендеуі,аноргазмия, фригидтілік, қынаптағы құрғақтық науқастарда жиі кездеседі, бірақ аталған шағымдар белсенді түрде жиі анықталмайды.

5. Эректильді дисфункция- ер адамдардың басты шағымы, сонымен қатар олигоспермия болуы мүмкін; гинекомастия және галакторея өте сирек кездеседі.

6. Неврологиялық симптоматика макроаденома кезінде дамиды (хиазмалық синдром, бастың ауыруы, бассүйек-ми жүйкелерінің салдануы).

7. Басқа да мүмкін болатын симптомдар: орташа семіздік (науқастардың 80% -да), бетте, емізікшелер айналасында, іштің ақ сызығы бойымен артық түктену (науқастардың 25%-да), депрессивті бұзылыстар анықталады.

 

1. Сәйкес клиникалық симптоматикасы бар науқастарда гормональды зерттеу арқылы гиперпролактинемияның бар екенін дәлелдеу. Қанда бір рет пролактиннің жоғары деңгейін анықтау ГГ диагнозын қоюға жеткіліксіз. Пролактин деңгейінің өзіде ГГ генезі жөнінде ой түюге қосалқы әсер етуі мүмкін. Пролактин деңгейі 3000 мЕд/л жоғары болса, гипофиз аденомасына күмән туады. Идиопатиялық және медикаментозды ГГ кезінде пролактин деңгейі әлдеқайда төмен болады.

2. ГГ-нің симптоматикалық түрлерін жоққа шығару (қалқанша бездің функционалдық жағдайын анықтау, аналық бездің поликистозды синдромын, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігін, жүйке-рефлекторлық және медикаментозды әсерлерді жоққа шығару).

3. Аденоманы визиуальзациялау немесе ГГ–нің идиопатиялық сипатын анықтау мақсатында бас миының МРТ жасалады.