Созылмалы лимфаденит

Созылмалы арнайы емес лимфаденит жедел лимфадениттің салдарынан немесе әлсіз вирулентті инфекцияның күшімен болады.

Аурулар лимфатикалық түйіндер аймағында домалақ ауырмайтын бірде

үлкейіп, бірде кішірейетін ісіктерге көңіл аударады. Созылмалы лимфаде-нитпен ауырған аурулардың жалпы жағдайы қанағаттарлықтай, тек организмде созылмалы ошақтың болуы дене қызуын субфебрильді көтеріп, тез шаршау, мазасыздық туғызады. Ауруды тексеріп көрген кезде организмде одонтогенді немесе одонтогенді емес ошақтардың жойылмағаны белгілі болады. Кей уақытта аурудан сұрап білген кезде алғашқы ошақтың жойылғаны мәлім болады. Бірақ кейбір анотомиялық аумақтарда, ұстап көргенде жеке-жара, үлкейген аздап қозғалмалы, сәл ауыратын кейде ауырмайтын лимфатикалық түйіндердің бар екені белгілі болады. Олардың үстіндегі тері қабаттары өзгеріссіз. Бұл түйіндердің іріңдеуі өте сирек кездеседі тек алғашқы ошақтың қайта қозу процесі қайталанғанда.

Патологоанотомиялық суретте гиперпластикалық, деструктивтік және іріңді (қозған) созылмалы лимфадениттерді бөлуге болады. Созылмалы лимфадениттер бірте-бірте ұзақ уақыт бойы лимфа түйіндерінің лимфоидтық элементтерінің гиперплазиялануымен сипатталады, кейінірек олар дәнекер тіндермен қоршалады. Лимфа түйіні жиырылып, фиброздық тартпаға айналып дәнекер тіндермен бірігіп кетеді. Созылмалы арнайы емес лимфаденитті созылмалы арнайы туберкулезден, актиномикотикалық және мерезді этиологиясы бар лимфадениттерден ажырату керек.

Науқастарда, туберкулез ауруына тән улану байқалады, Пирке, Манту сынақтары оның дәлелдері бола алады. Жарадан алынған сұйықты микроскоп арқылы тексергенде тек туберкулездік гранулемаға тән клеткаларды көреміз, олар Пирогов-Лангганстың үлкен клеткалары.

Мерезді лимфаденитте бірнеше аймақтың түйіндері қабынады, олар өзара және айналасындағы тіндермен бірігіп жабыспайды, басып көргенде

қатты ауырмайды көбінесе моншақ тәрізді орналасады. Ешқашан іріңдемейді. Қабынған түйіндерден алынған сұйықтарды тексергенде бозғылт спирохеталарды көруге болады. Созылмалы арнайы емес лимфадениттерді басқа аурулардан ажырату кезінде қатерсіз ісіктерді, дермоидты-сарысулы ісікті (киста), лимфа түйіндерінің алғашқы қатерлі

ісіктерін (лимфогра-нулематоз, лимфа-және ретикулосаркома), қатерлі ісіктердің метастазасын ойдан шығармаған жөн.

Жоғарыда аталып өткен процестерден ажырату нақтамсы-диагнозы үшін түбегейлі жиналған анамнез, жан-жақты клиникалық тексеру өте қажет, бірақ түптеп келгенде цитологиялық және гистологиялық тексерулер шешуші болып табылады.

Созылмалы лимфадениттердің емі.Жедел лимфадениттер сияқты алғашқы ошақты жоюдан басталады, соның әсерінен бірте-бірте лимфатикалық түйіндегі қабыну да жойылады.

Емдеу шараларды мыналарға бағытталған:

1). Ауру организмнің жалпы иммунологиялық қарсыласуын арттыру (толық диета, витаминді емдеу).

2).Жалпы организмдегі иммунды жүйенің функционалдық белсенділігін арттыру (арнайы емес терапия, алоэ экстрактысы, ФИБС, пирогикол, преднизолон салу, УКС).

3). Бет-жақ аймағындағы иммундық қасиетін күшейте отырып, қабыну ошағындаш иммунды процестерді арттыру (УЖЖ, ӨЖЖ, ультрадыбыс, калий йодитімен электрофорез). Егер осы комплексті емдеу шараларынан лимфатикалық түйіндер кішіреймесе оны сылып алып тастау қажет.