Антибиотиктер
Глюкокортикоидтар
Глюкокортикоидтар – преднизолон, дексаметазон (қара: Стероидты қабынуға қарсы дәрілер.). Иммунодепрессивті әсері цитокиндердің (интерлейкин1, интерлейкин2, гамма интерферон) лимфоциттер мен макрофагтардан босап шығуын тежейді.
Циклоспорин(Cyclosporinum), сандиммун. Циклоспорин - жоғары әсерлі иммуносупрессивті препарат, жануарларда тері, жүрек, бүйрек, ұйқы безі, жілік майы, ащы ішек және өкпеде аллогенді трансплантанттардың өмірін ұзартады. Циклоспорин аллотрансплантанттарға қатысты жасушалық реакцияның дамуын, баяу типті сезімталдықтың жоғарлау реакциясына және Т-лимфоциттерден дамитын антиденелерді тежейді. Жасуша деңгейінде лимфокиндердің, сонымен қатар интерлейкин 2 (Т-лимфоциттердің өсу факторы) түзілуін және босап шығуын тежейді.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Бүйректің, бауырдың, жүректің, өкпенің, ұйқы безінің аллотрансплантанттарының босап шығуын алдын алады, сонымен қатар иммунодепрессанттар қабылдағаннан кейін, ревматоидты артрит және гломерулонефритпен ауыратын науқастарда трансплантанттың босап шығуына жол бермей емдеу. Көктамырға арналған мөлшер 3-5 мг/дене салмағына (1:20 – 1:100 еріткіште), ішке 2-15 мг/дене салмағына тәулігіне.
Кері көрсеткіштері. Қатерлі ісіктер, ауыр жұқпалы аурулар, бауыр және бүйрек қызметінің бұзылыстары, жүктілік, емшекпен емізуде.
Жанама әсерлері.Диспепсиялық бұзылыстар, бауыр, бүйрек және ұйқы безі қызметінің бұзылыстары, дірілдеу, парестезия, тырыспалар, артериялды гипертензия, миопатия, тромбоцитопения, қаназдық, ісінулер, дисменорея, жұқпалы ауруларға бейімділік.
Шығарылу түрі.10, 25, 50 және 100 мг капсулада N. 10, 50; 10% 50 мл ішке қолдануға арналған флакондағы ерітінді; 5% 1 және 5 мл инфузияға арналған ампуладағы және 10 мл флакондағы ерітінді.
Такролимус (Takrolimusum), програф. Такралимус - иммуносупрессивті препарат, табиғи макролидтер тобына жатады. Streptomyces tsukubensis актиномицеттен өндіріледі. Такролимустың иммуносупрессивті қасиеті циклоспоринге ұқсас келеді, сол себептен ол иммунофилинге агонист болып келеді. Такролимус циклоспоринге қарағанда, белсенді, және де аз мөлшерде әсері жоғары. Такролимус қатысатын иммуносупрессивті терапияда циклоспоринмен салыстырғанда трансплантантқа қарсы реакция өте сирек кездеседі, және жеңіл ағымды.
Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.Бүйрек, жүрек және бауырдың аллотрансплантатына қарсы реакцияны алдын алу және емдеуде. Ересек адамда қолдану мөлшері 0,05-0,15 мг/ден салмағына 2 реттен тәулігіне, көктамырға тәулігіне 0,01-0,1 мг/дене салмағына, балаларға 0,15 мг/дене салмағына ішке 1-2 рет тәулігіне, көктамырға тәулігіне 0,075-0,1 мг/дене салмағына.
Кері көрсеткіштері мен жанама әсерлері.Жалпы циклоспоринге ұқсас.
Шығарылу түрі.0,5; 1 және 5 мг капсулада N. 10; 0,5% 1 мл ампуладағы инфузияға арналған ерітінді.
Рецепт үлгісі. Rp.: Takrolimusi 0,0005
D.t.d N. 10 in cаps
S. Тәулігіне 1 капсуладан 2 рет.
#