Алалану проблемасы

Латынның «Urbs» – қала деген сөзі бұрыннан белгілі. Бірақ «урбанизм» және «қалалану» терминдері біршама жақында пайда болды. Қалалану – бұл халықтың қалада тұру үшін көшіп-қону процесі. Қалалану – объективті, заңды процесс, қоғамның қажеттіліктеріне жауап береді. Адамдарды жаңа жерге орналастырудың қалалық түрлерінің әлеуметтік-экономикалық артықшылық-тары даусыз.

1950 ж. дейін үлкен емес қалалардың халқы аса жылдам өсті, ал соңғы уақытта халықтың ірі қалаларда шоғырлану тенденциясы үстем болады. миллион және одан астам халқы бар қалалардың саны көбейіп келеді. XIX ғасырдың ортасында әлемде мұндай қалалардың барлығы небары – 4, 1920 ж. олар – 25, 1950 ж. – 90, 1960 ж. – 140, 1970 ж. 15013 астам болды. Жеке қалалар көбейіп қана қоймай, сонымен бірге олар өз араларында қосылды, мегаполистер (өз араларында қосылған) деп аталған алып қалалар пайда болды. Тұңғыш алып мегаполис АҚШ-тың Атлант жағалауында және өзінің шағын құралған тораптары - Бостон және Вашингтон бойынша құрылып, Босваш деп аталды, оның ұзындығы 850 км құрайды және онда 35 млн. адам тұрады. Лос-Анджелестің ұзындығы тынық мұхитының жағалауында 120 км-ге және ені 60 км-ге созылды және Сан-Францискоға қарсы көз тікті. Үлкен Токиода (Токио - Иокогама) – 25 млн., Мехикода 18 млн. адам тұрады. Болашақта мегаполистердің құрылу процесі жалғасатын болады.

Қазақстан Республикасында қалалардың, әсіресе үлкен және ірі қалалар-дың саны өнеркәсіп пен көлік жедел дамыған, сондай-ақ тың және тыңайған жерлер игерілген жылдары жылдам өсті. Болжамдық деректерге сәйкес, Қазақстанда қалалардың саны болашақта елеулі өзгермейді, алайда олардағы тұрғындардың саны 12 млн. адамға дейін ұлғаяды немесе еліміз халқының 65% дерлігі қалаларда өмір сүретін болады. Қала халқының жоғары меншікті үлесі қоршаған табиғи ортаны сақтау және оның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету ісінде қосымша қиындықтар тудырады. Қалалардағы, әсіресе Алматы және Қарағанды сияқты ірі қалалардағы халықтың тығыздығы ерекше жоғары және 1 км2-қа 200-ге жуық адамды құрайды. Олардағы экологиялық жағдай өте күрделі және үнемі бақылау мен қадағалауды талап етеді.

Қалалану процесі қалалық ортаға және оның қала маңына үлкен экологиялық жүктеме тудырады. Қала көлігі, әсіресе автомашиналар адамдардың денсаулығы үшін үлкен қауіптілік тудырады. Пайдаланылған газдар және шу адамға тітіркендіруші әсер етеді, сонымен қоса, лақтырыстар улы. Көптеген адамдар уланған ауамен тыныс алуға мәжбүр болады. Ауыл адамдарына қарағанда қала адамдары арасында ауыру 2 есе жоғары. Өнеркәсіптік және тұрмыстық ағындылардың тұрақты ұлғаюы, олардың химиялануы табиғи су көздерінің ластануына, олардың қорларының таусы-луына әкеледі. Биологиялық тазалаудың жиі болмауынан қала ағындылары өзендер мен көлдерді ағынды орға айналдырып, оларды ластайды.

Қалалық ортаны сауықтандыру проблемасы бұрыннан беру көптеген адамдарды толғандырып келеді. Сәулеттік-құрылыс экологиясы осы проблема бойынша бірқатар ұсыныстар жасады, олардың жүзеге асырылуы азды-көпті салауатты қалалық ортаны құруға көмектеседі. Ең алдымен, еліміздің өндірістік күштерін дамыту және орналастыру перспективаларын есепке алғанда, әрбір мемлекеттің халықты орналастырудың принциптік сұлбасы, қалалар мен елді мекендерді мемлекет аумағында дамытудың ғылыми негізделген ұзақ мерзімді тұжырымдамасы болуы тиіс.

Әрбір аймақ үшін аймақтың климаттық, ландшафттық және басқа ерекшеліктерін, осы жерлерге тән табиғи ортаның сақталу қажеттілігін есепке алатын, аудандық жоспарлау сұлбасы әзірленеді. Зауыттар мен фабрикаларды қала ішіндегі өзен ағындыларын тазалықта сақтау үшін өзен ағысы бойымен қаладан төмен орналастырады, халық тұратын аудандарды зауыт құбырлары-ның түтіні мен күйесінен қорғау үшін басым желдердің бағытын есепке алады.

Әрбір қала үшін құрылысты жақсартудың және қала ортасын сауықтандырудың қажетті шарты ретінде дамытудың бас жоспары әзірленеді. Онда тұрғын үйлерді, коммуналдық-тұрмыстық объектілерді, өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыру, аумақты көркейту, суландыру және көгалдан-дыру, автомашиналар гараждары мен тұрақтарын орналастыру, қала қоқысын жою және зарарсыздандыру орындарына дейін тасымалдау әдістері көзделеді.

Қалалар мен елді мекендерді жоспарлау және салу жобалары қолданыстағы құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес әзірленеді, ауа бассейнін зиянды лақтырыстардан қорғау, сумен қамту көздерін және су қоймалары мен топырақты ластанудан қорғау, шу мен дірілдің, электрмагниттік сәуле шығару деңгейін азайту және тұрудың санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар көзделеді.

Жоспарлау мен салуда қала аумағын аймақтандыруға маңызды орын бөлінеді; аймақтар өнеркәсіптік, санитарлық-қорғау, тұрғын үй, коммуналдық-қоймалық, сыртқы көлік және қала маңындағы деп бөлінеді.

Қала құрылысы экологиясының басты міндеті халықтың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы жағдайлар жасау және қоршаған табиғи ортаны сақтау мақсатында қалаларды оңтайландыру және экологияландыру болып табылады.

4.5 Кедейлік және табысты пайдаланудың баламалы еместігі

Жақсы тұрмыс халінің теңсіздігі проблемасы – ең ежелгі проблемалардың бірі. Бұл проблема әлеуметтік шиеленісті, ал басқаша айтқанда, кедейлердің байларға дұшпандық қатынасын тудырады. Сондықтан экономикалық ғылым теңсіздікті және оның жағымсыз салдарын зерделеумен, сондай-ақ олардың нашарлауы бойынша шараларды әзірлеумен бұрыннан бері және тұрақты айналысып келеді. Бұл проблеманың екі қыры бар: табыстардың теңсіздігі және байлықтың теңсіздігі.

Оқиғалардың мұндай орын алуының себептері мыналар болып табылады:

- адамдарға тиесілі өндіріс факторларының әр түрлі құндылығы (түптеп келгенде, күрек түріндегі капиталға қарағанда, компьютер түріндегі капитал көп табыс әкелуге қабілетті);

- өндіріс факторларын пайдаланудың әр түрлі табыстылығы (тапшы тауарды өндіретін фирмадағы жұмыскердің еңбекақысы оның тауарлары қиындықпен сатылатын фирмада жұмыс істейтін, біліктілігі тура сондай әріптесінің еңбекақысынан жоғары болуы мүмкін);

- өндірістің адамдарға тиесілі факторларының әр түрлі көлемі (екі мұнай ұңғымасының иесі басқа тең жағдайларда бір ұңғыманың иесіне қарағанда көп табыс алады).

Табыстар мен байлықтың теңсіздігі орасан көп ауқымдарға дейін жетуі және еліміздегі саяси және экономикалық тұрақтылық үшін қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан әлемнің барлығы дерлік дамыған елдері мұндай теңсіздікті қысқарту бойынша шараларды тұрақты жүзеге асырады. Бірақ бұл шараларды әзірлеу табыстар мен байлықты дифференциациялау дәрежесін, сондай-ақ оған мемлекеттік саясаттың көмегімен әсер ету нәтижелерін дәл өлшей білгенде ғана мүмкін болады.

Көптеген елдердің Үкіметтері табыстардағы теңсіздікті жұмсартудың аса қарапайым және ыңғайлы тәсілдерінің бірі ең бай азаматтар үшін мемлекет пайдасына табыстар алудың аса жоғары мөлшерлемелерін анықтау болып табылады. Табыстардағы айырмашылықтарды қысқартудың мұндай механизмі жеке табыстарға үдемелі салық салу деп аталды. Үдемелі салық салу азаматтар-дың тең құқықтығын бұзбайтындай құрылған. Оның мәні мемлекет қазынасына кедейлерге қарағанда аса бай азаматтардың табыстарының көп бөлігін беруінен тұрады. Үдемелі салық салу мемлекеттің қоғамның кедей топтарына көмек көрсету үшін ақша жинауын жеңілдетеді. Аса бай азаматтардың табыстарына үдемелі салық салудан басқа, экономикалық теңсіздіктің жұмсаруына сондай-ақ мүлік пен мұраға салынатын салықтар мүмкіндік туғызады.

Ақырында, экономикалық теңсіздікті жұмсартудың тағы бір маңызды тәсілі – бұл аса бай азаматтардан алынған табыстардың бір бөлігін әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары арқылы халықтың өте кедей топтарына беру.

Көптеген адамдарды нақты табыстың теңсіздігі проблемасына қарағанда, табысты үлестірудің жалпы мәселесі аз ойландырады. Сондықтан кедейлік проблемасына ауысайық.

Кедейлікке дәл анықтама берілмейді. Бірақ біз отбасының негізгі мұқтаждықтары онда оларды қанағаттандыру үшін бар болатын қаржыдан жоғары болғанда, отбасы кедейлікте өмір сүреді деп айта аламыз. Отбасының мұқтаждықтары көптеген факторлармен: оның көлемімен, оның мүшелерінің денсаулығы жағдайымен және жасымен және т.б. анықталады. Отбасының қаржылары ағымдағы кірістерден, трансферттік төлемдерден, бұрын сақталған ақшалардан, меншіктен және т.б. тұрады. Сәйкес Үкімет органдарымен қабылданған кедейлікті анықтау отбасының көлеміне негізделген.

Кедейлікте өмір сүретін адамдардың құрамы біртексіз – оларды барлық аймақтарда байқауға болады, бұл категория ауыл және қала тұрғындарының, жастар мен кәрілердің үлкен бөлігін қамтиды. Бұл факт мемлекеттің саясат мақсаттарын анықтауды едәуір күрделі етеді.

Өте кедей азаматтардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін мемлекет әдетте оларға әлеуметтік бағдарламалар арқылы көмек көрсетеді. Бұл көмек әр текті әлеуметтік қолдау бағдарламалары түрінде жүзеге асырылады.

Мұндай қолдаудың бірінші және ең анық тәсілі – кедейлерге қосымша қаржылар немесе тауарлардың бір бөлігін тегін алу, не оларды төмен бағамен сатып алу мүмкіндігін беру. Әдетте бұл міндетті әлеуметтік трансферттердің, яғни кедейлерге еліміздің дәулетті азаматтарынан жиналған қаржылар есебінен құрылатын ақшалай және материалдық жәрдемақылардың көмегімен шешеді.

4.6 Энергетикалық дағдарыс проблемасы және оны шешу жолдары

Отын-энергетика кешенінің салалары халық шаруашылығының базалық салалары болады; олар өңірлер экономикасы инфрақұрылымының, аумақтық-өнеркәсіптік кешендер мен өнеркәсіптік тораптардың маңызды элементін құрайды. Алайда қазірдің өзінде энергетика ресурстарының жетіспеуі сезіледі.

Қазақстанда, сараптық бағалау бойынша, қолданыстағы электр станция-лары республиканың 2009 жылға дейін ғана энергия тұтынуын қамтамасыз ете алады. Энергия тұтынудың өсуі 2000 жылдан басталды – жыл сайын 4…6%-ға өсті. Сонымен, 2007 жылы бұл көрсеткіш – 76,4 млрд кВт*сағ, 2008 ж. 82 млрд кВт*сағ құрады. Болжамдық бағалауға сәйкес, 2010 жылға қарай электр энергиясын тұтыну – 95 млрд. кВт*сағ, 2012 жылы 125 млрд. кВт*сағ артық болуы мүмкін.

Электр энергиясын тұтынудың қазіргі өсу қарқындарында жуық арада Қазақстанның көптеген аймақтарын электрмен қамту бойынша проблемалар пайда болуы мүмкін, әсіресе бұл еліміздің оңтүстігіне қатысты. Бүгінгі таңда Қазақстанда қолданылатын электр станцияларының ресурстары нөлде болады деуге болады – орта есеппен 10%-дан 40%-ға дейін. Электр желілерінің тозуы 65%-дан жоғары, ал ЖЭО жұмысы өзінің мүмкіндіктерінің шегінде, сонымен қоса, жылулық дағдарыс қаупін төндіреді – себебі бұл станцияға жалпы өндірілетін жылу энергиясының 40%-ға жуығы келеді. Сонымен бірге аса жоғары жүктемелер кезеңінде балама көздердің қуаттары еліміздегі энергия тұтынудың жиынтық көлемінің 12%-дан кем мөлшерін жабуға ғана жетеді.

Қазақстанда энергетикалық тапшылық қаупіне айтарлықтай жылдам және батыл әрекеттер жасалғанын атап кету керек. Екібастұз ГРЭС-2 3-ші энергия блогының құрылысы бойынша дайындық жұмыстарына 2008 жылы 22 млрд. теңге бөлінді. Павлодар облысында 2008 жылғы ақпан айының басында Екібастұз ГРЭС-2 әрқайсысының қуаты 500 МВт 3-ші және 4-ші блоктардың құрылысы мәселесі бойынша көпшіліктің тыңдауы өтті.

Сондай-ақ жаңа электр станцияларының құрылысы көзделіп отыр. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының (МАЭК) орнында жаңа АЭС құрылысы болжануда. Бірнеше ГЭС: Мойнақ, Кербұлақ, Бұлақ, сондай-ақ жалпы қуаты 1392,7 МВт Құрымшы каскадының құрылысы көзделіп отыр.

Жаңа жылу электр станцияларының: Қарағанды ЖЭО-4, Балқаш ЖЭС, Астана ЖЭО-3, Семей ЖЭС, Қостанай ЖЭС құрылысы жоспарлануда. Жобалар дайындалған станциялардың қуаты 1840 МВт құрайды.

Сонымен қоса, энергетикадағы басқа ірі жобалар аяқталу сатысына келді, атап айтқанда, 2004 жылы басталған жалпы ұзындығы 1115 км «Солтүстік-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ электр берілісінің екінші желісінің құрылысы. ЛЭП-500 Екібастұз ГРЭС-нан оңтүстік облыстарға қуаттың берілуін 650 МВт-тан 1350 МВт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жобаның құны 41,4 млрд теңге, ЭБЖ енгізу мерзімі – 2008-2009 жыл. Сонымен, жаңа ЭБЖ құрылысын аяқтау Қазақстанның оңтүстігіне екі есе көп электр энергиясын беруге мүмкіндік береді, бұл электр энергиясының жетіспеуін едәуір білдірмейді, ал кейін жаңа энергия блоктары мен электр станциялары іске қосылған соң, энергия тапшылығы қысқаратын болады.

Алайда жанғыш пайдалы қазбалардың таусылатынын есепке алып, балама энергия көздерін (2.6-бөлімді қараңыз) белсенді пайдалану, өндірісті энергия жинау технологияларын пайдалануға бағдарлау, бар энергия және жылу ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану үшін шаралар қабылдау керек.

4.7 Әлемдік азық-түлік проблемасы, шешу жолдары

Планета халқын тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету міндеті бұрынғы тарихтан тамыр алады. Адамзаттың бүкіл тарихы кезеңінде тамақ тапшылығы қоса жүрген.

Азық-түлік проблемасының өзінің гуманистік маңыздылығына қарай және бұрынғы отаршыл және тәуелді мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық артта қалуын жеңудің күрделі міндетімен өзара тығыз байланысына қарай жаһандық сипаты бар. Жаһандық проблема басқа жағынан да айқындалады. Біл елдер аштықтан зардап шегіп жатқанда, екіншілері не тамақ өнімдерінің артығымен, не олардың артық тұтынылуымен күресуге мәжбүр болады.

Азық-түлік проблемасына адамзаттың басқа жаһандық – соғыс және бейбітшілік, демографиялық, энергетикалық, экологиялық проблемаларын талдаудан үзіп алып қарауға болмайды.

Сонымен, ол маңызды, көп аспектілі проблема болып табылады. оның шешімі ауыл шаруашылығының шеңберінен тыс шығады.

Жалпы алғанда, әлемде адамзаттың қанағаттанарлық қоректенуін қамтамасыз ету үшін азық-түлік ресурстары жеткілікті. Әлемдік экономика жер бетінде тұратын адамдардан екі есе көп адамды тамақтандыратындай ауыл шаруашылығы ресурстары мен технологияларын иеленеді. Алайда азық-түлік өндірісі оны қажет ететін жерде қамтамасыз етілмейді. Планета халқының 20%-ның ашығуы және тойып тамақтанбауы азық-түлік дағдарысының негізгі әлеуметтік мазмұны болып табылады.

азық-түлік дағдарысының негізгі себептері:

- үшінші әлем мемлекеттерінің көпшілігінің экономикалық артта қалушылығы, ол ауыл шаруашылығының өндіруші күштері дамуының төмен деңгейінен, оның тар аграрлық-шикізаттық мамандандыру түрінен, халықтың негізгі массасының кедейлігінен және сатып алу қабілетінің аздығынан білінеді;

- жылдам демографиялық өсу және жылдам дамып бара жатқан қалалану процесі;

- әскери қажеттіліктерге жұмсалатын шығындар, дамитын елдердің өсіп келе жатқан сыртқы қаржылық қарызы, энергетикалық фактор;

- продуценттердің биологиялық өнімділігі өсу қарқындарының планета халқының тамақтану өнімдерін тұтынудың өсу қарқындарынан артта қалуы болып табылады.

Соңғы жиырма жылдың зерттеулері және әлеуметтік практика көрсеткен-дей, жаһандық экологиялық проблеманың эпицентрі біртіндеп экологиялық дағдарысқа ұшырауға жақын, дамып келе жатқан өңірлерге де біртіндеп ауысып келеді. Қоршаған ортадағы қауіпті өзгерістерге қалалардың өсуінің тоқтамауы, жер және су ресурстарының нашарлауы, қарқынды ормансыздан-дыру, шөлдену, тілсіз қияпаттардың көбеюі кіреді. Бірақ егер дамыған елдер табиғатқа әсер етудің мүмкін шектерін, оның бұзылуының мүмкін салдарын бұрыннан зерделесе және шаралар қабылдаса, онда дамыған елдер мүлде басқамен айналысады, себебі кедейлік деңгейінен төмен тіршілік етеді және қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындар жол беруге болмайтын молшылық болып көрінеді. Амалдардың осыған ұқсас қарама-қайшылығы планетадағы экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкелуі мүмкін.

Азық-түлік проблемасының шешімі қоректену өнімдері өндірісінің ұлғаюымен ғана емес, сонымен бірге азық-түлік ресурстарын ұтымды пайдалану стратегияларын әзірлеумен байланысты, олардың негізінде адамның тамақтанудағы қажеттілігінің сапалық және сандық аспектілерін түсіну жатуы тиіс.

Азық-түлік проблемасын шешудің негізгі жолдары мыналар болып табылады:

- жалпы теориялық міндет – планетаның агроресурстық потенциалын бағалауды шешу;

- әлемдегі бар агрономиялық және басқа ғылыми-техникалық жетістіктерге сүйену мүмкіндігін иеленетін дамитын елдердегі өнімділікті көтеру қажеттілігі;

- төмен ендікті елдерде бір жылда екінші және үшінші егіс практикасын белсенді ендіру, ол үшін бірінші кезекте егер құрғақ маусым болса, жылдам пісетін сорттары және суландыру керек;

- егістердің салалық құрылымын жетілдіру, атап айтқанда, белоктарға бай дақылдарды ендіру. АҚШ-та кеңінен таралған сояның өнімді сүтті мал шаруашылығын қамтамасыз етуге қаншалықты үлкен үлес қосқаны белгілі;

- теңіз акваторияларының азық-түлік ресурстарын белсенді пайдалану. Дәстүрлі пайдаланылатын жер бетіндегі тірі организмдерге қарағанда, көптеген теңіз өсімдіктері мен жануарлардың аса қоректі және пайдалы болып табылатыны белгілі.

Кез келген мемлекет үшін азық-түлік дағдарысын жеңу міндеті басым болып табылады, себебі азық-түлік тұрақтылығы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуын қамтамасыз етеді.

4.8 Ресурс дағдарысы, себептері мен салдары, шешу жолдары

Қазірдің өзінде әлемдік қауымдастық энергетикалық, азық-түлік, табиғи және т.б. ресурстардың жетіспеуі проблемасымен кездеседі. Ресурс дағдарысы пайда болуының негізгі себебі – табиғатты ұтымсыз пайдалану, өндірісті экономикалық пайда алуға бағдарлау. Ресурс дағдарысының салдары аса кең салаларды қамтуы мүмкін: жаһандық экологиялық проблемалардан адамзат өркениетінің экономикалық дамуының тоқырауына дейін.

Ресурс дағдарысынан шығу: аз қалдықты өнімді технологияларды құру және жиналған өнеркәсіптік қалдықтарды пайдаға асыру, зарарсыздандыру және көму бойынша қазіргі заманғы технологияларды құру.

Берілген міндетті шешу жолдарының бірі материалдық ресурстардың ұтымды пайдаланылуын басқарудың кешенді жүйесін (РҰПБ КЖ) ендіру болып табылады. РҰПБ КЖ құрама бөлігі – екінші реттік шикізаттың ұтымды пайдаланылуын басқарудың кешенді жүйесі.

Жүйе келесі шаралардың өткізілуін көздейді:

- ғылыми-техникалық сипатты (екінші реттік шикізатты жинау және қайта өңдеу бойынша озық техника мен технологияны пайдалану);

- экономикалық сипатты (қалдықтардың пайда болуын, жиналуын, пайдаланылуын және өткізілуін шаруашылық ішінде жоспарлау, осы ресурстарға және олардың қайта өңделген өнімдеріне бағаларды белгілеу, олардың ұтымды қолданылуын материалдық ынталандыру, екінші реттік шикізатпен жұмыс істеу нәтижелерін кешенді есепке алу және талдау);

- құқықтық сипатты (екінші реттік шикізатпен жұмыс істегенде директивті нұсқауларды пайдалану, кадрларды іріктеу және орналастыру, жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы шарттық қатынастарды кеңейту және реттеу;

- экологиялық сипатты (қоршаған ортаны қорғау аспектілерін есепке алғанда екінші реттік шикізатты пайдалану).

Жүйе көп деңгейлі сипатта болады және екінші материалдық ресурстар-дың өмірлік циклінің барлық сатыларын қамтиды: ресурстарды айқындау; оларды жинауды және пайдалануды жоспарлау, жинау және тұтынуға немеес өткізуге дайындау; меншікті пайдалы қолдану; басқа жаққа өткізу; жартылай жойылудың алдын алу.

РҰПБ КЖ екінші-реттік ресурстарды ұтымды пайдалану көрсеткіштерін нормалауды, бағалауды және бақылауды, басқару функцияларын және еңбек процестерін ұйымдастыруды, сондай-ақ олардың өзара байланысын анықтайтын нормативтік-техникалық құжаттамамен регламенттеледі. Екінші реттік ресурстардың ұтымды қолданылуын басқарудың арнайыландырылған функцияларын регламенттейтін құжаттар жүйесін ерекше атап өту керек.

4.9 Тектік қордың өзгеруі. Ортаның жалпы бұзылғыштығының артуы. Тірі организмдерге әсер етудің жаңа түрлері

Атмосфераның, топырақтың және гидросфераның әр түрлі ластануы құрамында табиғи бұзушылар бар заттары бар және тірі организмдерге улы әсер ететін өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарының лақтырысымен анықталады.

Атмосфераның шаңмен ластануы адам мен жануарлардың тыныс алу органдарына патологиялық әсерлерді тудырады.

Адамның өнеркәсіптік қызметі топырақтардың ластануына да әкеледі. Мұндай ластанудың негізгі компоненттері - өнеркәсіптік және тұрмыстық шығарылымдар, күл-жылу электрстанциялары құрылысының қалдықтары, пайдалы қазбаларды қазу орындарындағы бос тау жынысының лақтырыстары және т.с.с. Бұл ластанулардың құрамында бірқатар химиялық элементтер бар, олар көп мөлшерде тірі организмдер үшін улы: күкірт, мыс, мырыш, күшән, алюминий, фтор және т.б.

Ауыл шаруашылығында, қалалардағы көгалдандыру жұмыстарында және т.б. улы химикаттарды кеңінен қолдану үлкен экологиялық қауіптілікті білді-реді. Зиянды жәндіктермен және арамшөптермен күресуге арналған пестицид-тер көптеген басқа тірі организмдер үшін де, сондай-ақ адам үшін де улы.

Қазіргі заманның өткір проблемаларының бірі тұщы суларының ластануы болды. Өнеркәсіптік лақтырыстар арасында су қоймаларының тіршілік иелері үшін мұнай өнімдері, қышқылдар, тұздар және әр түрлі текті токсиканттар ерекше қауіптілік білдіреді. Әлемдік мұхит суларының да мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен, пестицидтермен, әр түрлі кемелерден келетін қалдықтармен ластану қауіптілігі аз емес.

Ластанулардың осы түрлерінің барлығы біздің планетамыздың тірі мекендеушілерінің тектік қорының өзгеруіне әсер етпеуі мүмкін емес. Табиғатты қорғаудың негізгі міндеті тектік қорды – популяциялардың барлық дарақтарында болатын тектердің жиынтығын қорғау болып табылады. Тектік қордың өзгеруі табиғи факторлармен және антропогенді текті факторлармен тудырылған мутациялар есебінен болады. популяциялардың жеке түрлерін жою, құрту сондай-ақ тектік қорға жағымсыз әсер етеді, себебі оны жұтаңдатады.

Қазақстанда Тектік қорды сақтау бойынша бағдарлама қолданылады, ол:

– құнды тектік қорды ғылымнан ауылдық тауар өндірушілерге жылжыту жүйесін реттеуге;

- қызметі құнды тектік қорды пайдаланумен байланысты заңды және жеке тұлғаларда аттестаттау жүргізуге және лицензиялар беру арқылы олардың қызметін регламенттеуге;

- мемлекеттік қолдау жүйесін құруға және құнды тектік қордың сақталуын, дамуын және пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды күшейтуге;

- құнды тектік қорды сақтау, дамыту және пайдалану саласындағы қызметтің заңды базасын жетілдіруге;

- өсімдік өсіру бойынша 8 селекция-генетикалық орталықты, құс өсіру бойынша – 1, балық өсіру бойынша – 1, мал өсіру бойынша 2 асыл тұқымды орталықты ұйымдастыруға;

- өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер тектік қорының орталық және аймақтық қоймаларын құруға;

- бар тектік қорды түгендеуді, тіркеуді, құжаттандыруды аяқтауға, шаруашылық құнды көрсеткіштері бар донорларды ерекшелеуге;

- ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің, жануарлары мен микроорганизм-дерінің тектік қоры туралы ақпараттық деректер банкін құруға;

- дала жағдайларында жеміс-жидек, орман сорттары мен гибридтерінің коллекциясын, қуаңшалықты және өсімдік дақылдарының ерекше құнды түрлері мен сорттарын сақтауға;

- дәнді, ірі бұршақ дәнді және техникалық дақылдардың – 67, көкөніс-бақша дақылының және картоптың – 18, жеміс-жидек дақылының және жүзімнің – 41, азық дақылының 21 сорты мен гибридін құруға және мемлекеттік сортқа сынауға беруге;

- селекция-генетикалық орталықтарда ірі қара малдың, қойлардың, ешкілердің, жылқылардың, түйелердің, балықтар мен құстардың теңдессіз және жойылып бара жатқан тұқымдарын қалыптастыруға және сақтауға;

- сүтті малдың аймақтық типтерін құруға: қара-шұбар, қызыл, отты-шұбар және қоңыр; етті малдың, қойлардың, мохерлі және сүтті ешкілердің жоғары өнімді тұқымдары мен типтері;

- шошқалардың, жылқылардың, маралдардың, құстардың, балықтар мен аралардың тұқымдарын жетілдіруге;

- жыл сайын элиталы тұқымдарды және асыл тұқымды өнімді республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердегі қажеттілігін қамтамасыз ететін мөлшерде өндіруге және өткізуге мүмкіндік береді.

4.10 Соғыстар және терроризм: экологиялық салдарлары

Егер адамнан соғыстар табиғатқа қашан зиянды әсер ете бастады деп сұраса, адамдардың көпшілігі XX ғасырды, ең көп дегенде XIX ғасырды атайды. Егер бұл осылай болса ғой! Соғыстар тарихы – бұл табиғаттың да жойылу тарихы.

Адамзат өркениетінің дамуымен өндіріс құралдары жетілдірілді және адамдар, жабайы табиғат байлықтарына толығымен тәуелсіз болуын қойып, азық ресурстары үшін емес, аумақтар, сонымен бірге өте нәтижесіз және құнды аумақтар үшін, мысалы, алтын кен орындары үшін немесе өзінің стратегиялық жағдайы үшін соғыса бастады. Осы кезде табиғат та адамзаттың талқылауларынан қатты зардап шеге бастады.

1.Адамдар өздерінің елді мекендерін нығайта бастады, ал қарапайым фортификациялық ғимараттар орлар, аң аулайтын шұңқырлар және бөгеулер болып табылады. Орлар топырақ құрылымын бұзған, оны мекендеушілердің аумақтық учаскелерін бұзған; сонымен қоса, шым тұтастығының бұзылуы топырақтың жоғары эрозиясын тудырды. Ақырында, ұзындығы үлкен орлар кейбір жануарлар түрлерінің көшіп-қону жолдарын бұзуы мүмкін болды. Аң аулайтын шұңқырларда, әсіресе бұл қақпандар орман соқпақтарында орналасқанда, жануарлар өліп жатты.

2.Адамдар табиғи объектілерді – бірінші кезекте ормандарды қару ретінде пайдалана бастады. Ең қарапайым тәсілі - бұл қандай да бір аумақты тұзаққа айналдыру. Сонымен, Юлий Фронтий, I-ғасырдағы римдік тарихшы рим әскері орманға басып кіргенде, әлдекімдер соғыстарының тұтас ормандағы ағаштарды қалай кесіп, оларды құлатқанын сипаттайды.

3.Адамдар соғыс үшін жануарларды пайдаланған: арыстандардан пілдерге дейін.

4.Сондай-ақ адамдар табиғи объектілерді әскери мақсаттарда пайдаланған. Ең қарапайым және кеңінен таралған тәсілдері – бұл су көздерінің улануы және өрттер. Бірінші тәсіл өзінің қарапайымдылығы мен тиімділігінен аса кең таралған болды. Тағы да Юлий Фронтий Клисфен Сикионскийдің бұлақтағы суды қалай улағанын жазады. Екінші тәсіл - өрттер – сондай-ақ соғыста жиі қолданылған. Бұл әдіске далалар тұрғындары ерекше құмар болған: ол түсінікті де – от далада орасан үлкен аумақтарға жылдам таралады, тіпті жау отта өлмесе де, оны судың, тамақтың және малға арналған азықтың жоқтығы құртады.

5.Ірі шайқастар орындарында қалған орасан үлкен көмулер пайда болды (мысалы, Куликов даласындағы шайқаста 120 000 адам қаза болды). Орасан көп өліктер саны жайылғанда улар түзіледі, оларды уландырып, жаңбырлармен немесе грунттық сулармен бірге түседі. Осы улар жануарларды көмілген жерде де құртады. Олардың әсері бірден де, көп жылдан кейін де басталуы мүмкін болатындықтан, олар өте қауіпті болады.

6.Адамдардың, әскери керек-жарақтардың елеулі массаларының орын ауыстыруы. Әсіресе бұл XX ғасырда, миллиондаған солдаттардың аяқтары, доңғалақтар және әсіресе ондаған мың машиналардың шынжыр табандары жерді шаңға айналдырғанда, ал олардың шуылы мен қалдықтары жергілікті жерді айналасындағы көптеген километрге ластай бастады (және де кең шепте, яғни нақтылы тұтас жолақпен).

7.Күшті снарядтарды пайдалану (үлкен қуатты жарылыстар, атыс қашықтығын ұлғайту, снарядтар ұшуының үлкен бұрышы, авиациялық бомбалар, қоршау миналары) топырақтың бұзылуына және жануарлардың тікелей жарылыстармен және снарядтар жарықшақтарымен жойылуына әкеледі, жаңа қару-жарақтар орман және дала өрттерін тудырады. Осының барлығына жарылыс өнімдерімен (барлық қазіргі заманғы жарылғыш заттар жану, яғни кезінде улы газдардың көп мөлшерін береді) және дәрілік газдармен олар да жарылғыш заттар болып табылады), сондай-ақ жарылыстармен тудырылған жану өнімдерімен акустикалық, химиялық ластану түрлерін қосу қажет.

8.Мұнай өнімдерімен жұмыс істейтн қуатты қозғалтқыштарды пайдалану суға пайдаланылған газдардың, мұнай өнімдерінің, пайдаланылған судың, майлардың түсуіне байланысты теңіздер мен мұхиттарға аса үлкен зиян әкеледі. Корабльдер үстіңгі бетте мұнайдың орасан үлкен дақтарын қалдырады және түбіндегі жануарлар әлемін көптеген улы синтетикалық заттармен және құрамында қорғасын бар бояулармен уландырады. Сонымен, 1941 жылғы мамырда немістің «Бисмарк» линкорын батырғанда оның зақымданған отын цистернасынан 2000 тоннаға жуық мазут теңізге төгілді. «Бисмаркты батырған соң, қалған отын – бірнеше мың тонна төгілді. Тек II Дүниежүзілік соғыс кезінде ғана 10 мыңнан астам корабльдер мен кемелер батырылды. Олардың көп бөлігі мұнай жылытылатын болған.

9.Қаулардың сапалы жаңа түрлері пайда болды – олар жаппай зақымдану қаруы деп аталады. Бұл химиялық, бактериологиялық және атомдық қару. Атомдық қару тек екі рет қана қолданылса да, 2100 сынақ болды. Тек КСРО-ның өзінде 740-қа жуық сынақ жүргізілді. Әрбір сынақ табиғатқа және адамға түзетілмейтін зиян әкелді. Оған қоса химиялық және әсіресе атомдық қаруды (принципінде, кез келген қаруды) шығарғанда көптеген зиянды және қауіпті заттар алынады, оларды пайдаға асыру және сақтау қиын болады, оның өзінде де олар көп жағдайда пайдаға асырылмайды және сақталмайды, жай ғана лақтырылады. Егер көптеген химиялық заттар – жүздеген жылдар, ал радиоактивті заттар – жүздеген мың, миллион және тіпті миллиард жылдар бойы ыдырамайтынын есепке алсақ, онда әскери өнеркәсіптің адамзаттың тектік қорына баяу әрекет ететін мина салатыны айқын болады.

Сонымен, соғыс ежелгі кезеңдерден бізді қоршаған ортаға және біздің өзімізге ең жағымсыз әсер еткен. Адамзат қоғамының және соғыстың техникалық прогресінің дамуына қарай соғыстар күннен-күнге қатулана бастады, олар табиғатқа қаттырақ әсер ете бастады. Алдымен адамның мүмкіндіктерінің аздығынан табиғаттың шығындары көп болмады, бірақ олар алдымен елеулі, сонан соң алапаттық бола бастады.

Әсіресе қазіргі әлемдегі тағы бір қауіпті құбылыс террористік актілер болып табылады. Соңғы онжылдықтар ішінде жасалатын террористік актілер сандық түрде артып келеді және күннен-күнге ауқымды және драмалы болып келеді. Егер 70-ші жж. басында террористер объектісі басты түрде меншік болып табылса, онда 80-ші жж. барлық террористік актілердің жартысы адамдарға қарсы бағытталған. Жиырма бірініші ғасырда террористердің негізгі мақсаты – халықтың денсаулығы мен өміріне мүмкіндігінше көп зиян келтіру. Террористік актілердіңэкологиялық салдарлары аз сезілетін, алайда, біршама қауіпті болады. Террористік топтамалар ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетістіктерін өз мүдделерінде белсенді пайдаланады, себебі ақпаратқа және қазіргі заманғы әскери технологияларға кеңінен қатысы бар. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша, террористер бұрын да жаппай жою қаруына жол табуға бірнеше рет талпынған, оларды иемденуге немесе жасауға, ядролық мекемелерге немесе объектілерге өтуге, күшті әсер ететін улы құралдарды қолдануға, қолданыстағы және салынып жатқан атом қондырғылары мен АЭС қарсы диверсиялар жасауға тырысты.

Міндеті экологиялық жүйелерге және халықтың денсаулығына зяин келтіру болып табылатын террористік актілердің арасында 1972 ж. Чикагода су құбыры жүйесін уландыруға талпынғанын, ГФР-да террористердің қыша газын және сібір жарасын қолдану қаупін, Австрияда радиоактивті заттарды шашыратуға талпынысты, Парижде уыты белгілі улардың ішінде ең күшті болып табылатын ботулинус таяқшасын өндіру бойынша жасырын зертхана ашуды атауға болады. Осындай текті ең қорқынышты террористік операциялар Нью-Йорктағы Бүкіләлемдік сауда орталығы ғимаратының жарылыстары және 2001 жылы АҚШ-бың бірнеше штатының аумағында сібір жарасының ұнтағын тарату болды.

Террористік актілердің аса қауіпті экологиялық салдарлары:

- жарылыстар нәтижесінде ауа мен судың ластануы;

- жарылыстармен немесе бомбалаумен тудырылған өрттер нәтижесінде климаттың өзгеруі;

- өнеркәсіптік объектілерге террористік соққылардың түсуімен тудырылған техногенді алапаттар;

- химиялық немесе бактериологиялық қаруды пайдалану нәтижесінде халықтың жаппай улануы немесе зақымдануы болып табылады.

Өкінішке орай, мұндай салдарларды иллюстрациялау үшін мысалдарда жетіспеушілік жоқ.

11 қыркүйектегі мұқият жоспарланған террористік акт мыңдаған өмірді әкетіп қана қоймай, сонымен бірге қоршаған ортаға және тірі қалғандардың денсаулығына орасан зор зиян келтірді. БСО құлауы ауаға конструкцияның құрамындағы асбесттің лақтырылуына, газ және электр жүйелерінің, канализация жүйелерінің бұзылуына әкелді. БСО ғимараттарының жарылуы және құлауы нәтижесінде ауаға 300 м-ден астам биіктікке түтін көтерілді, сонан соң ол штаттың басқа аударына қарай бағыт алды. Көптеген куәгерлер тікелей алапат орнында күрделі улануға ұшырады, көптеген адамдарда уланудың қысқа мерзімді белгілері – жөтел, тітіркену, демікпе байқалды. сондай-ақ БСО бұзылуы ауаға басқа да улы қауіпті заттардың лақтырылуына әкелді.

Террористік актілер нәтижесінде ғимараттардың құлауынан кейінгі тағы бір маңызды проблема алапаттар орнында пайда болатын тонналаған қоқыстар мен құрылыс қалдықтары болады, бұл қалалар мен шабуылға ұшыраған жерлердің экологиясына орасан зиян келтіреді.

Жоғарыда айтылғаннан басқа, террористік актілер басқа да жағымсыз экологиялық салдарлар тудырады.

1.Экологиялық жағдай үшін бомбалау аз қауіпті болып табылады, олардың мақсаттары өнеркәсіптік объектілер болады. Мысалы, Шешен Республикасындағы төтенше экологиялық жағдайдың басты себебі табиғи орта-ның мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы болды. Сонымен, Грозныйда мұнай ғимараттарына бірнеше мәрте түсу, сондай-ақ аэрация аймағында және грунттық горизонтта коммуникациялар мен қоймалардан мұнай өнімдерінің көп жылдық апаттық ағуы нәтижесінде 2 млн. тоннадан астам мұнай өнімдері жинақталды. Химиялық объектілерді және мұнай өңдейтін зауыттарды бомбалаумен жалғасатын өрттер кезінде қоршаған ортаның жану өнімдерімен ластану қауіптілігі жоғары, олар өзінің улылығы бойынша химиялық өндірістердің өздерінің өнімдерінен бірнеше есе артық болады.

2.Сондай-ақ террористер қоғамға қарсы ірі акцияларды дайындауы, ең алдымен, химиялық және бактериологиялық қаруға жүгінуі мүмкіндігі аса үлкен экологиялық қауіптілікті білдіреді. Ландырушы заттарды террористік мақсатта аса ауқымды қолдануды 1994ж. маусымда «Аум Синрике» діни сектасының мүшелері және 1995ж. наурызда Мицумото және Токио қалаларын-да жүзеге асырылды, ол кезде жоспарланған акциялар нәтижесінде 19 адам - өлімге әкелетін улану және 4 мыңға жуық адам орташа және ауыр дәрежелі улану алды.

3.Жағдай ядролық терроризмді жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты ерекше қауіптілікті иеленеді. Бейбіт сипаттағы ядролық объектілерге қатысты диверсия қаупі өте қауіпті болып табылады. Диверсия салдарлары үлкен аумақтардың радиоактивті зақымдануы тұрғысында алапатты болуы мүмкін. Тіпті бағытталмаған теракт, ал ядролық объектілер орналасқан өңірдегі кез келген қарулы дау ауыр салдарларға әкелуі мүмкін. Халықаралық терроризмнің күрт өскен тенденцияларын есепке алғанда, бейбіт ядролық кешендері бар шағын державалар қатысатын соғыстар жаһандық экологиялық қауіпсіздік үшін үлкен қауіпке кездесуі мүмкін.

Экологиялық жүйелер үшін әр түрлі класты ракеталарды пайдалануды; тамақ өнімдерінің, су көздерінің, дәрілік препараттардың улануын; химиялық және биологиялық қаруды пайдалануды; ядролық бопсалау және радиоактивті заттарды және ядролық қаруды иемденуді; ядролық объектілерге, АЭС зиян келтіру қаупін; бөгеттердің бұзылу және үлкен аудандарды су басу қаупін, экологиялық алапат қаупін қосқанда, терроризмнің барлық түрдегі ауа терроризмі сияқты түрлері аса үлкен қауіптілік білдіреді. Терроризммен күресуге бағытталған басқа мақсаттармен қатар, мемлекеттер террористік актілердің экологиялық зиянды әсерлеріне техникалық қарсы әрекеттің тиімді кешенін құруы тиіс, себебі берілген міндет аса маңызды болады және нақты саясат проблемасына а йналады.

4.11 Әскери-өнеркәсіптік кешен және мекендеу ортасы

Әскери-өнеркәсіптік объектілерде қоршаған ортаны қорғаумен байла-нысты жағымсыз жағдай көбінесе экономиканың және әскери-өнеркәсіптік кешеннің (ӘӨК) дамуына қарай аумақтар дамуының экологиялық факторлары есепке алынбауымен анықталады. Оның жарқын мысалы – 1957 ж. «Маяк» ӨБ-дегі («кіші Чернобыль») радиоактивті лақтырыс және өкінішке орай, өңірдің экологиялық картасында өз ізін қалдырған (тура мағынасында) және көптеген адамдардың денсаулығына өте зиянды әсер еткен, атом өнеркәсібінің барлық теріс жағы (9.3-сурет).

Өкінішке орай, бүгінгі күні әскери объектілерде экологиялық заңдылық жиі бұзылады, тіпті бейбіт уақытта мемлекеттік органдар және жұртшылық тарапынан бақылаусыз қызмет қоршаған ортаға зиянды әсер етеді. Әскери адамдар тарапынан ең типтік бұзылу: ағаштарды өз еркімен бұзу, рұқсат етілмеген үйінділер, өсімдікті жағу, жанар-жағар майды (ЖЖМ), химиялық заттарды өзендер мен көлдерге төгу.

Экологтар табиғатты қорғау заңдарының көп жылдық бұзылуынан авиациялық және әскери-теңіз базаларын, полигондарды, танкодромдарды, оқу орталықтарын, ЖЖМ базалары мен қоймаларын, әскери-жөндеу және құрылыс кәсіпорындарын, әскери және автотрактор техникасы парктерін, әскери орман шаруашылығын және қосалқы шаруашылықтарды, жылумен, сумен және энергиямен қамту объектілерін, төгу және тазарту ғимараттарын, қалдықтарды жинау және пайдаға асыру орындарын күтіп ұстау және пайдалану кезінде, сондай-ақ әскерлер мен флот күштерін әскери және жедел даярлау кезінде экологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан — осының барлығынан қоршаған ортаның негізгі құрама бөліктері: топырақ, беттік және жерасты сулары, атмосфералық ауа ластанған және ластануын жалғастырады деп пайымдайды.

Әскери бөлімдер мен объектілер орналасқан жерлердегі экологиялық жағдайды бағалау, жақсарту және тұрақтандыру үшін, Қазақстанның Қарулы Күштерінде қорғаныс сферасының объектілерін экологиялық паспорттандыру-ды ендіру, ВПК гарнизондары мен кәсіпорындарының экологиялық мониторингін қоршаған ортаның мониторингі жүйесіне енгізіп, оны мемлекеттік жөнге келтіру ұсынылған. Әскери қызметкерлер, соның ішінде – Қазақстан аумағында уақытша орналасқан шетел әскерлері және қорғаныс кәсіпорындарының персоналы тарапынан табиғатты қорғау заңдарының бұзылуы үшін жеке заңды жауапкершілікке іс жүзінде қол жеткізу керек.

§5 Табиғатты қорғау және тұрақты даму

 

Табиғатты қорғау адамзат өркениетінің тұрақты дамуының құрама бөліктерінің бірі және негізгі шарттарының бірі болып табылады. Берілген бөлімде табиғатты қорғау мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған негізгі принциптер, әдістер мен шаралар баяндалған.

5.1 Қоршаған ортаны қорғау принциптері мен әдістері

Негізгі принциптері. Әрбір мемлекет, қоршаған ортаның ұлттық жүйесі-не қатысты оған қажетті саясатты жүргізу құқығын жүзеге асырып, сонымен бірге қазіргі заманғы халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптері мен нормаларын сақтауы тиіс: мемлекеттік егеменділікті құрметтеу, мемлекет-тердің егеменді теңдігі, аумақтық қатысты еместік және тұтастық, ынтымақ-тастық, халықаралық дауларды бейбіт шешу, халықаралық-құқықтық жауапкер-шілік. Олардан қоршаған ортаны қорғау бойынша барлық шарттар шығады.

Арнайы принциптер. Қазіргі және болашақ ұрпақтардың игілігіне қоршаған ортаны қорғау – қоршаған ортаның халықаралық құқығының (ҚОХҚ) арнайы принциптері мен нормаларының бүкіл жиынтығына қатысты жалпылап қорытушы принцип. Оның мәні мемлекеттердің осы және болашақ ұрпақтардың игілігіне ынтымақтастық рухында олар үшін теріс салдарларды жоюды қосқанда қоршаған ортаның сапасын сақтау және қолдау бойынша, сондай-ақ табиғи ресурстарды ұтымды және негізделген түрде басқару бойынша барлық қажетті әрекеттерді қолдану міндетіне келтіріледі.

Қоршаған ортаны қорғаудың арнайы принциптеріне төменде аталғандар жатады.

1.трансшекаралық зиян келтірудің рұқсат етілмеуі. Берілген принцип қоршаған ортаның шетелдік ұлттық жүйелеріне және жалпы пайдаланылатын аудандарға зиян келтіретіндей бақылау немесе өзінің қарауындағы шекте мемлекеттердің мұндай әрекеттеріне тыйым салады.

2.Қоршаған ортаның радиоактивті ластануының рұқсат етілмеу принципі ядролық энергетиканы пайдаланудың әскери де, бейбіт те облысын қамтиды. Қоршаған ортаның радиоактивті ластануына рұқсат етпеу принципі-нің элементтері (мысалы, атмосфераның, ғарыш кеңістігінің және Әлемдік мұхит түбінің ядролық сынақ жарылыстары нәтижесінде радиоактивті ластануына тыйым салудың қолданылып жүрген нормасы, сондай-ақ әлі қалыптасатын кейбір нормалар) қоршаған ортаны қорғау механизмінің ең маңызды буындарының бірін құрауы тиіс.

3.Әлемдік мұхиттың экологиялық жүйелерін қорғау принципі мемлекет-терді: теңіз ортасының барлық мүмкін көздерден ластануын болдырмау, қысқарту және бақылап сақтау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауға; зиянды немесе ластану қаупін бір ауданнан екіншіге тура немесе жанама тасымалдамауға және бір ластану түрін екіншіге айналдырмауға; мемлекеттерді және қарауында немесе бақылауында болатын тұлғаларды қызметі ластану жолымен басқа мемлекеттерге және олардың теңіздік ортасына зиян келтірмеуге міндеттейді.

4.табиғи ортаға әсер ету құралдарын әскери немесе кез келген басқа қастықпен пайдалануға тыйым салу принципі мемлекеттің шоғырланған түрінде бұзылу, зиян келтіру ретінде кең, ұзақ мерзімді немесе күрделі салдарлары бар табиғи ортаға әсер ету құралдарын пайдалануға тиімді тыйым салу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау міндетін білдіреді.

5.экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету принцип ретінде соңғы жылдары қалыптаса бастады. Ол, ең алдымен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық проблемалардың жаһандық және өте өткір сипатын көрсетеді. Мемлекеттердің әскери-саяси және экономикалық қызметті жүзеге асыру міндетін қоршаған ортаның теңбе-тең күйін сақтауы мен қолдауын қамтамасыз ететіндей, осы принциптің элементтері деп есептеуге болады.

6.Қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық шарттардың сақталуын бақылау принципі ұлттық жүйеден басқа сондай-ақ қоршаған орта сапасын халықаралық бақылау және мониторингінің тармақталған жүйесін құруды көздейді. Олар жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде халықаралық танылған критерийлер мен параметрлер негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

7.Қоршаған ортаға зиян келтірілгені үшін мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігі принципі ұлттық қарауындағы немесе бақылау шегінен тыс экологиялық жүйелерге елеулі зиян келтірілгені үшін жауапкершілікті көздейді.

ХҚҚО дамуы сондай-ақ кеңес беру, қоршаған ортадағы сапаны және өзгерістерді бақылау, қоршаған орта жағдайындағы болжанатын елеулі өзгеріс-тер туралы ерте хабарлау туралы уағдаластықтарды халықаралық-құқықтық практикаға ендірумен сипатталады. Олар қоршаған ортаға зиянды болдырмауға бағытталған, сақтандыратын әрекеттер жүйесінің қалыптасуына әкеледі.

Қоршаған ортаны қорғау әдістері үш негізгі топқа бөлінеді:

- тікелей табиғатты қорғау шаралары (әр түрлі тазарту ғимараттарын әзірлеу және пайдалану, қайта өңдеу, қоймалау немесе қалдықтарды жою, бұзылған жерлерді қайта құнарландыру және т.б.);

- аз қалдықты және ресурс жинақтайтын технологияларды әзірлеу және ендіру (пайдалы қазбаларды, минералдық және басқа шикізатты кешенді қайта өңдеу, қалдықтардың аз мөлшері пайда