БРОНХТАР 5 страница

Лимфа жүйесі деп вена жүйесін толықтырып тұратын тамырлар жүйесін айтамыз. Лимфа жүйесіне лимфа саңылаулары,лимфа капиллярлары,лимфа тамырлары мен лимфа бездері жатады. Ол зат алмасу және фагоцитарлық процесстерге қатысады. Лимфа саңылауларына плевра мен жүрек қабының қуысы,мижәне жұлын қабықтарының аралықтары,ішектің сероздық қуысы,ми қарыншаларының қуысы,жұлын каналы, ішкі құлақтың лимфа қуысы ,буын қуыстары жатады. Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады.Олар орналасуына қарай беткей және терең тамырлар болып екіге бөлінеді Лимфа бездері тізе буынында ,тақым астында,жамбас,шат,шынтақ буынында,қолтық,жақ астында,мойында,бронхыда,ішек шажырақайында кездеседі. Ағзадағы барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады.

Лимфа бездеріне лимфа тамырларының бойында орналасқан бадамшалар,дара фолликулалар, ішектің бездер тобы және көкбауыр жатады. Лимфалық тамырлар терең және беткейлік болады. Біріншілері бауырдың томпайған бетімен шығып v. cava interior-мен бірге жүретін бағана түзіп көкеттің жоғарғы бетінде v. cavae interioris –тің өтетін жерінде орналасқан лимфа түйіндеріне келеді. Бауырдың сол жақ бөлімінің жоғарғы бетімен лимфа тамырлары өңешті құрсақ бөлімін айнала орналасқан лимфа түйіндеріне келеді. Терең лимфа жолдары бауыр қақпасы маңында орналасқан түйіндерге өтеді, ал жартысы он екі елі ішекке және ұйқы безінің басына барады. Лимфа түйіндері бауырдың қан тамырларына жақын орналасқандықтан және олардың ұлғаюы өт өзегінің және бауыр қан айналымының бұзылуына әкеліп соғады.

2. Лимфа түйіндері (лимфатические узлы);nodi lymphatici, - пішіні дөңгелек немесе сопақша келген, лимфа тамырларының бойында орналасқан, лимфоциттердің түзілу процесі (лимфоцитопоэз) жүретін шеткі қантұзу мүшесі. Лимфа түйіндері сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Ол коллаген талшықтарынан, аздаған эластин талшықтарынан және миоциттерден құралған. Дәнекерүлпалық қапшықтан лимфа түйіндері ішіне тарала енетін дәнекерүлпалық перделікгер бір-бірімен торлана жалғасып, лимфа түйіндерінің негізін (стромасын) құрайды. Олардың аралықтарында лимфа түйінінің негізгі қызметтерін атқаратын оның паренхимасы орналасады. Паренхиманың негізін ретикулалы ұлпа құрайды. Лимфа түйіндері сыртқы — қыртысты заттан, ішкі — бозғылт заттан және осы заттардың аралығындағы — қыртысмаңы (паракортикальды) аймақтан тұрады. Қыртысты затты лимфобласттардан, макрофагтардан, дендритті жасушалардан және лимфоциттерден түзілген лимфа түйіншелері және қапшық пен түйіншелер аралығындағы шеткі қойнау құрайды. Бозғылт затты перделікгер, орталық қойнаулар, лимфоидты ұлпадан құралған жүмсақ баулар түзеді. Қыртысмаңы аймағын перделікгер, аралық қойнаулар мен төменгі лимфа түйіншелері және жұмсақ баулар құрайды. Шеткі, аралық және орталық қойнаулармен ретикулалы ұлпа арқылы лимфа сүзіле ағып, механикалық және биологиялық тазартулардан өтеді. Лимфа түйіндерінде фагоцитоз арқылы бөгде заттар жойылады, Т-және В- лифоциттер, иммунды денелер түзіледі. Лимфа түйіндері организмдегі қорғаныс және қантұзу қызметтерін атқарады.[1]

Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерияқантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын,құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі (без шошиды). Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне - лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады. қызметі: Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі. Лейкоциттер түзеді. Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады. Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады. Лимфа жүйесі деп вена жүйесін толықтырып тұратын тамырлар жүйесін атайды. Лимфа жүйесінің организм үшін маңызы өте зор. Себебі оның зат алмасу және фагоцитарлық процестерге қатысы бар. Тканьаралық сұйықтық организмнің ішкі ортасы болып табылады. Осы ортада қан мен ткань арасындағы зат алмасу процесі лимфа арқылы іске асырылады. Себебі тканьаралық сұйықтық қайтадан қанға толық сорылмай, майда лимфа капиллярларға өтеді, олар біртіндеп жинақталып лимфа тамырларына айналады. Денедегі барлық лимфа тамырлары жинақталып, көкірек және оң жақ лимфа өзектерін түзеді. Осы лимфа өзектері арқылы ткань сұйықтығы мойындырық және бұғанасты веналарының қосылысынан пайда болған веноздық бұрышқа келіп ашылады. Қорытып айтқанда лимфа сұйықтығы ткань аралығында қаннан пайда болып, ақыр аяғанда вена қанына келіп араласады.. Лимфа түйіндері тізе буынында, тақым астында, жамбас, шат, шынтақ буынында, қолтық, жақ астында, мойында, өкпеде, бронхыда, ішек шадырқайында кездеседі. Организмдегі барлық лимфа тамырлары көкірек және оң жақ лимфа өзектеріне барып аяқталады.

Лимфа тамырлары лимфа капиллярларының бірігуінен пайда болады. Бұл тамырлардың қабырға құрылысы қан тамырларының қабырғасынан жұқа келеді. Лимфа бездері лимфа тамырларының жолында топталып жатады. Осыған орай лимфа тамырлары лимфа бездерінен өтеді. Лимфа бездері әр түрлі пішінде болады. Олардың сыртқы капсуласы жиырылып, ішіндегі сұйықты сығып шығаруға көмектеседі. Бездерде пайда болған ақ түйіршіктер (лейкоциттер) лимфа сұйықтығына араласып, оның құрамын өзгертіп отырады

3. Қақпалық вена (vena portae, лат. vena - көк тамыр, porta — қақпа) - азық (ас) қорыту мүшелері мен көкбауырдан вена қанын жинайтын көктамыр (вена). Қақпалық вена бауыр қақпасыарқылы бауырға еніп, онда қылтамырларға тарамдалып, бауырдың көктамырлық "ғажап торын" түзеді. Ғажап тордан қан бөлікшелераралық веналарға, одан бауыр венасына жиналып, артқы (адамда — төменгі) қуыс венаға құйылады.[1]

149. Нерв жүйесінің филогенезі

 

I-кезең- тор тәрізді НЖ.Ішекқуыстылар НЖ: гидра көптеген өсінділері арқылы бір бірімен әртүрлі бағытта байланысып, жануардың бүкіл денесінде диффузды жайылып тор түзетін нерв жасушаларынан тұрады. Адамда бұл кезең көрінісі асқорыту жолының интрамуралды нерв жүйесінің тор тәрізді құрылысы болып табылады. II- кезең-түйінді НЖ. Омыртқасыздар нерв жасушалары жекелеген жиыындарға немесе топтарға жақындасады, сол себепті жасуша денелерінің жиындарынан нерв түйіндері- орталықтар, ал өсінділер жиындарынан нерв сабаулары-нервтер пайда болды. Сақиналы құрттың сегментті құрылысына сәйкес әрбір сегментте сегменттік нерв түйіндері мен нерв сабаулары болады. III-кезең-түтікті НЖ. Хордалыларда(ланцетник) құрылған метамерлі құрылған нерв түтігі түрінде пайда болады. Одан дененің барлық сегменттеріне, қозғалыс аппаратын қоса сегменттік нервтер шығады. Мұны денелік ми деп атайды. Омыртқалылар мен адамда денелік ми жұлынға айналған.

150. Нерв жүйесінің жіктелуі.

Екіге бөлінеді: Вегетативтік(автономды) және соматикалық(денелік (animal)). Соматикалық өзі екіге бөлінеді: Орталық(ми мен жұлын) және перефериялық(шеткі(шет жатқан жүйкелер бүкіл денеге таралған)). Мидан 12 жұп ми түйіндері тарайды, ал жұлыннан 31 жұп таралады.

 

151. Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік бірлігі –нейрон

Нейрон (neuron; nerve cell), жүйке жүйесінің жасушасы. Сезгіш нейрондар сенсор ағзалары арқылы ақпаратты береді, қозғалмалы нейрондар (мотонейрондар) бұлшық еттер мен теріге импульсті өткізеді, қойылатын нейрондар сенсорлық пен мотонейрон арасында алмасуды қамтамасыз етеді. Типтік нейрон – дендриттерден белгі алып, жасуша қабатының ядросымен келетін қысқа дендриттер (ынталандару алып, оны ішке енгізетін талшықтар) және жүйке импульсін денеден жасушаға беретін талшықтың ұзын аксонасынан тұрады. Аксон мен дендриттерді жүйке талшықтары деп атайды. Синаптикалық жарыққа (орындалатын ағзалардың жасушасы мен нейрон арқылы немесе нейрон аралығындағы кеңістік. Мысалы, бұлшық ет жасушасы) синапстан бөлінетін заттек пен НЕЙРОМЕДИАТОР арқылы жүйке импульсі беріледі. Кейде бір нейроннан басқаға тікелей беріледі. Көптеген нейрондардың аксондары миелинді қабықпен бөлектенген. Олар швандық жасушалармен жасалған, оны аксондар қоршап тұр. Бірнеше нейрондардың жүйке талшықтарының бір тобы қосушы ұлпамен бектілген, олар жүйкені жасайды.

152. Орталық нерв жүйесі. Жұлынның эмбриогенезі, нерв түтігінің қалыптасуы.

Жұлын нерв түтігінен, онвң артқы бөлігінен(алдыңғы бөлігінен ми пайда болады)дамиды. Түтіктің вентралды бөлімінен жұлын сұр затының алдыңғы мүйізі(қозғалыс нейрондарының денелері), оларға жанасып жататын нерв талшықтарының будалары және аталған нейрондардың өсінділері(қозғалтқыш түбіршіктер) түзіледі. Дорсалды бөлімінен сұр заттың артқы мүйіздері(ендірме нейрондардың денелері), жіпшелері(сезімтал нейрон өсінділері) п.б. жұлын вентралды бөлімі- бастапқы қозғалыстық, ал дорсалды- бастапқы сезімталдық б.т. Жұлынның төменгі жақтағы бөлігінің редукциялануы нәтижесінде нерв тінінен жіңішке тәж, болашақтағы filum terminale п.б. Алғашқы кезде, құрсақтағы үш айлық балада жұлын бүкіл омыртұа өзегін алып жатады, содан кейін омыртқа бағанасы жұлынға қарағанда тезірек өседі, сол себепті жұлынның төмеенгі шеті біртіндеп жоғары қарай ығысады(краниалды). Нәресте туған кезде жұлынның шеті III бел омыртқа деңгейінде, ал ересек адамда I-II бел омыртқа деңгейінде орналасады. Жұлынның осылай «жоғары орлеуіне» орай одан шығатын нерв түбіршіктері төмен және қиғаш бағытталады.

153. Жұлынның сыртқы, ішкі, сегменттік құрылысы

Medulla spinalis(гр. myelos)омыртқа өзегінде жат., ересек адамда ұзын(ер 45cм, әйел 41-42см), алдынан артына қарай біршама қысыңқы цилиндр тәжтәрізді, ол жоғарыда тікелей сопақша миға ауысып, ал төмеенде конус тәрізді conus medullaris, сүйірлене, II бел омыртқа деңгейінде аяқталады. Практикалық маңызы жұлын сұйықтығын алу немесе жұлын арқылы анестезия жасау мақсатында белді тескен кезде шприц инесін III және IV бел омыртқа қылқанды өсінділері арасында енгізу керек. Атрофияланған төменгі бөлімі соңғы жіп бар, ол II құйымшақ омыртқаға бекиді.жұлын бойында қол мен аяқ нервтерінің түбіршіктеріне сәйкес келетін жерде екі буылтық береді: мойын буылтығы intumescentia cervicalis, төменгісі бел-сегізкөз буылтығы intumescentia lumbosacralis. Жұлын түтігінің бүйір қабырғаларының қалыңдауы нәтижесінде түзіліп,орталық сызық бойынша өтетін, алдыңғы және артқы бойлық жүлгелермен(fissura mediana anterior -тереңі.f.m. posterior-беткейі) жұлын екі симметриялы-оң және сол жартыға бөлінеді, олардың әрқайсысында да артқы түбіршіктердің кірер сызығы-sulcus posterolateralis мен алдыңғы түбіршіктер шығар сызығы-s.anterolateralis орналасады. Олар ақ затты 3бойлық жіпшеге бөледі: алд. Жіпше funiculus anterior, бүйір f. lateralis, артқы f. posterior. Омыртқа аралық тесіктерде, екі түбіршік қосылар орнына жақын жерде артқы түбіршік томпағы-жұлын түйіні ganglion spinale жат. Онда жалған бір полюсті(афферентті)нейрондар жат. Сұр заты.Substantia grisea,жұлын ішінде жат, жан жағынан ақ затпен қоршалған. Сұр зат жұлынның оң және сол жақтарында орналасқан екі тік бағана түз. Оның ортасында жұлын бүкіл бойымен өтетін, сұйыққа толы орталық өзек canalis centralis жат. Орталық өзекті қоршап жатқан сұр зат-орталық аралық зат substantia intermedia centralis д.а. сұр зат әр бағаны екіге бөлін: алд-columna anterior, арт-columna posterior. Жұлын мүйіздері cornu anterio et posterior. Сомалық -сезімтал нейрондар:кеуде ядросы-nucleus thoracicus; мүйіз ұшында сілікпе тәрізді substantia gelatinosa және меншікті ядролар nuclei proprii орн. Артқы мүйізде жатқан жасушалар екіінші ендірме нейрондар б.т. Алдыңғы мүйіздерде үшінші, қозғалыс нейрондары бар, олардың нейрондары шығып, алдыңғы қозғалыс түбіршіктерін құрайды. Бүйірлік мүйіздерде вегетативті ағзаларды нервтендіретін және columna intermediolateralis деп аталатын ядроға топталған жасушалар жайғасқан. Ақ зат. Substantia alba нерв талшықтарының үш жүйесін құрайды.

1. Түрлі деңгейлерде жұлын бөліктерін байланыстыратын ассоцифтивті талшықтардың қысқа будалары(афферентті және ендірме нейрондар)

2. Ұзын талшыққа тепкіш(сезімтал, афферентті) будалар7

3. Ұзын орталықтан тепкіш(қозғалтқыш, афферентті)будалар.

Жұлында 31 сегмент бар, топографиялары жағынан 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 құйымшақ сегменті бар.

1. Медиальді орн жіңішке буда fasciculus gracilis

2. Латеральді орн сынатәрізді буда fasciculus cuneatus

Бүйір жіпшелерде мынадай будалар орн:

А. Жоғары көтерілетін будалар. Артқы миға: 1.tractus spinocerebellaris posterior-артқы жұлын-мишық жолы. 2.tr. spinocerebellaris anterior-алдыңғы жұлын-мишық жолы. Ортаңғы миға: 3.tr. spinotectalis-жұлын-жамылғы жолы. Артқы миға: 4.tr.spinothalamicus lateralis ол жолдың дорсалды бөлігі температуралық тітіркендірулерді, ал вентралді бөлігі ауырсыну тітір өткізеді.

5. tr spinothalamicus anterior s.ventralis жанасу және қысымды сезу импульстарын өткізу жолы.

Ә. Төмен түсетін будалар. Үлкен ми қыртысынан: 1. Латеральді қыртыс-жұлын(пирамидалық) жолы tr.corticospinalis lateralis бұл саналы эфферентті қозғалтқыш жол. Отрыңғы мидан: 2. tr.rubrospinalis ол санасыз эффер қозғалт жол. Артқы мидан: 3. Tr.olivospinalis.

Алдыңғы жіпшелерде төмен түсетін жолдар орн. Ми қыртысынан: 1.алдыңғы қыртыс-жұлын(пирамидалық) жолы tr.corticospinalis anterior. Ортыңғы мидан: 2.tr. testospinalis.

Бірқатар будалар сопақша мидың тепе-теңдік пен қимыл қозғалыстарды үйлестіруге қатысатын ядролар: 3. Кіреберіс нерв ядроларынан-tr.vestibulospinalis. 4. Formation reticularis- тен tr.reticulospinalis anterior . 5. Меншікті будалар fasciculi proprii.

154. Рефлекторлық доғалар, қарапайым /2 және 3 тілді/ және күрделі.

 

Рефлекторные дуги бываю простыми (схема рефлекторной дуги состоит из двух нейронов, рецепторного и аффекторного) и сложными (схема рефлекторной дугисостоит как минимум из трех нейронов, из которых один рецепторный, другой эффекторный, а остальные - вставочные). В простой или моносинаптической рефлекторной дуге содержатся нервные волокна типа А (имеют высокую скорость передачи нервного импульса в 70-120 метров за секунду), а в сложной (полисинаптической) рефлекторной дуге - волокна типа B и C, где скорость передачи ниже. Такое строение рефлекторной дуги формирует различия между простой и сложной дугой: у моносинаптической рефлекторной дуги скорость рефлекса всегда очень высокая.

Как пример простой рефлекторной дуги можно привести схему рефлекторного пути коленного рефлекса.

Коленный рефлекс относится к спинномозговым рефлексам.Схема рефлекторной дуги коленного рефлексавключает в себя центростремительный и центробежный нейроны и не содержит вставочных нейронов.

Примеры сложных (полисинаптических) рефлекторных дуг: дуга вегетативной и соматической нервной системы.Схема рефлекторной дуги соматического рефлекса отличается от вегетативной тем, что на всем участке пути от ЦНС до скелетных мышц ни разу не прерывается. Рефлекторная дуга вегетативной нервной системы на определенных участках своего пути к иннервируемому органу прерывается и образует вегетативный ганглий.

Вегетативные ганглии соответствующей рефлекторной дуги различны между собой по типу и функциям и бывают трех видов: внутриорганные, позвоночные и предпозвоночные.

Внутриорганные вегетативные ганглии иннервируют сердце, бронхи, среднюю и нижнюю треть пищевода, бронхи, мочевой пузырь, желчный пузырь, желудок и кишечник. Расположены эти вегетативные ганглии, соответственно, в органах, которые они иннервируют.

Позвоночные ганглии расположены по сторонам от позвоночника, образую два ствола, и являются частью симпатической нервной системы.

Предпозвоночные ганглии находятся на определенном расстоянии и от позвоночника, и от органов, которые ими иннервированы. К данному виду вегетативных ганглиев относят шейные симпатические узлы, брыжеечные узлы, солнечное сплетение и ресничный узел.

Соматические и вегетативные рефлекторные дуги имеют различия также и в анатомическом строении нервных волокон, которые их составляют, что определяет различную скорость проведения нервных импульсов.

К полисинаптическим рефлекторным дугам также можно отнести дугу зрачкового рефлекса, которая проходит по продолговатым ядрам среднего мозга. Схема рефлекторной дуги зрачкового рефлекса представлена афферентным нейроном (зрительные клетки сетчатки глаза), центростремительным нейроном, а также вставочными нейронами, которые идут к парасимпатическим отделам глазодвигательных нервов.

Основным свойством любой рефлекторной дуги является ее целостность, потому что при нарушении этой целостности, выхода из строя любого из звеньев цепи рефлекторной дуги, она теряет способность формировать реакцию организма на раздражения внешней среды. Это опасно для организма позвоночных животных, так как нарушение функциональности рефлексов может вызвать тяжелую форму инвалидности.

155. Жұлын мен мидың қабықтары және қабықаралық кеңістіктері

 

1. Жұлынның қатты қабығы. Dura mater spinalis, жұлынды сыртынан қап ретінде қаусырады. Ол сүйек қабығымен жабылған омыртқа өзегінің қабырғаларына тығыз жанаспайды. Екеуінің арасында эпидуралды кеңістік-cavitas epiduralis жат. Онда шелмай және веналық өрімдер жайғасады-plexus venosi vertebralis interni. Қатты қабық шүйже сүйегі үлкен тесігінің жиектерімен бітісіп өседі де, ал құйрық жағында II-III сегізкөз омыртқаларында аяқталады, одан кейін жіңішке жіп-filum durae matris spinalis түрінде құйымшаққа барып бекиді.

2. Жұлынның торлы қабығы.arachnoidea spinalis, жұқа тамырсыз жапырақша түрінде іш жағынан қатты қабыққа жанасып жат, одан дәнекертінді талшықтардың жіңішке будаларымен торланған саңылау тәрізді субдуралді кеңістікпен,spatium subdurale,бөлінген. Торлы қабық пен жұлынды тікелей жауып тұратын жұқа қабық арасында торлы қабықастындағы кеңістігі, cavitas subarachnoidalis, бар онда көп мөлшерде жұлын-ми сұйықтығымен liquor cerebrospinalis, қоршалған жұлын мен нерв түбіршіктері бос орн.

3. Жұлынның жұмсақ қабығы.pia mater spinalis, бет жағынан эндотелиймен жабылған, жұлынды тікелей қоршайды, оның екі жапырақшасы арасында тамырлар бар, олар тамырлардың айналасында периваскулярлы лимфалық кеңістік түзе, жұлын жүлгелері мен ми затына енеді.

Ми қабығы (лат. meninges — ми қабығы) — ми мен жұлынды қаптап жатқан қабық. Ми қабығы — қатты, өрмелі және жұмсақ қабықтар болып үш қабатқа бөлінеді. Сыртқы қатты қабық тығыз дәнекер ұлпасынан құралған қалың қабық. Ми сауыты сүйектерімен және омыртқа өзегімен байламдар мен қатпарлар арқылы байланысады. Мидың қатты қабығы бас сүйектің ішкі бетіндегі сүйекқаппен бірігіп кетеді. Жұлын өзегіндегі қатты қабық пен омыртқа бағанасы арасындағы эпидуральды (қаттыүсті) кеңістікте борпылдақ дәнекер ұлпасы мен май ұлпасы орналасады. Қатты қабықтың ішкі беті эндотелиймен астарланған. Ортаңғы өрмелі қабық — борпылдақ дәнекер ұлпасынан түзілген жұқа тамырсыз қабық. Қабықтың екі беті де эндотелиймен қапталған. Ол қатты қабықтан субдуральды (қаттыасты), ал ішкі жұмсақ қабықтан — субарахноидальды (өрмеліасты) кеңістіктер арқылы бөлінген. Бұл кеңістіктерде ми-жұлын сұйығы болады.

156. Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары

 

Нерв түтігі өте ерте ми мен жұлынға сәйкес келетін екі бөлімге бөлінеді. Оның мидың бастамасы болып табылатын алдыңғы, кеңейген бөлімі, атап көрсетілгендей, жіңішкерген жер арқылы бірінен соң бірі орн үш бастапқы ми көпіршіктеріне бөлінеді: алдыңғы-prosencephalon, ортаңғы-mesenphalon және артқы-rhomboncephalon. Үш көпіршіктен тұратын бұл саты одан әрі қарай дифференциациялану барысында мидың негізгі бес бөліміне бастама беретін бес көпіршіктік сатысына ауысады. Rhomboncephalon екі бөлімге бөлінеді: артқы-myelencephalon-даму соңында сопақша миға айналады да, ал metencephalon деп аталатын алдыңғы бөлімнің вентралды жағынан көпір, дорсалды жағынан мишық өсіп дамиды. горизонтальді кесіндісінде Rhomboncephali-ның ортақ қуысы ромбтәрізді, ол жұлынның орталық өзегімен қатынасатын IV қарынша түз. Ортаңғы ми көпіршігінің- mesenphalon

Қабырғалары ми заты дамығанда бірқалыпты қалыңдайды. Олардан вентралды ми аяқшалары, ал дорсалды жағынан ортаңғы ми төбесі пайда болады. Ортаңғы көпіршік қуысы IV қарыншамен қосылатын тар өзекке-суқұбырға айналады. Артқы –diencephalon(аралық ми) және алдыңғы-telencephalon(соңғы ми) бөліктеріне бөлінетін алдыңғы ми көпіршігі-prosencephalon- жақсы дамып, пішін жағынан көбірек өзгеріске ұшырайды. Аралық мидың бүйір қабырғалары қалыңдап,таламустар(thalami)түз. Сонымен қатар бүйір қабырғалары үлкейе келіп екі көру көпіршігін түз., олардан кейін көздің торлы қабығы мен көру нерві дамиды. Аралық ми қуысын III қарынша түз. Telencephalon ортаңғы, кішілеу бөлікке(pars mediana) және екі үлкен бүйір бөліктерге-үлкен ми сыңарларына-hemispheria dextrum et sinistrum-бөлінеді. Жаңа туылған балада орт салмағы340 гр, қыз балада 330гр, ересек ер адам 1375гр, әйел 1245 гр.