БРОНХТАР 3 страница

92)Жүрекке кіретін ж/е жүректен шығатын ірі тамырлар.ҚАШАртериялар.Организде веналық қан веналар арқылы оң жүрекшеге atrium cordis dexter ,одан оң жүрекше-қарынша тесігі арқылы оң қарыншаға ,ventricylus cordis dexter,құйылады.Кейін оң қарыншадан қан өкпе сабауына , truncus pulmonales , одан өкпе артериялары aa pulmonales,арқылы оң жане сол өкпеге барады.Өкпеде өкпе артериялары қсақ тамырларға ,капиллярларға , vasa capiilaria тармақталады.Өкпеде веналақ қан оттегіне қанығып ,артериялық қан 4 өкпе венасы, vv pulmonales , арқылы сол жүрекшеге,atrium cordis sinistrum, одан сол жүрекше –қарынша тесігі арқылы сол қарыгшаға ,ventriculuc cordis sinistrum барады.

Жүректің сол қарыншасынан қан ең ірі артериялық тамыр қолқаға- aorta ,жане оның тармақтары организмнің тіндерінде капиллярларға тармақталып , дененің барлық ағзаларына тармақталады.Тіндерге оттегін беріп ,өзі комірқышқыл газын сіңіріп ,веналақ қанға айналады.Капиллярлард қайтадан бір-бірімен қосылып, ірі тамырлар веналарды-venae түзеді.Жалпы қан айналым шенбері екеку

1-Кіші қан айналым шеңбері-circulus sanginus minor-немесе өкпелік қан айналым шеңбері деп те аталады.Ол жүректің оң өкпе сабауы арқылы ,оның тармақталуы ,өкпедегі капилляр торы ,өкпе веналары жіне сол жүрекшемен аяқталатын бқлікті айтады.

Үлкен қан айналым шеңбері -Circulus sanginus major немесе денелік қан айналым шеңбері депте аталадаы.Ол жүректің сол қарыншасынан басталып, қолқа арқылы оның тармақтары барлық дене ағзаларына тіндеріне алып баратын бөлікті айтамыз.

93)Жүрек қабырғаларының құрылысы.Жүрекшелермен қарыншалар миокардысының құрылысы.

Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.

Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Миокард жүрек қабырғаларының ен қалың бөлігі.Миокардтың қаңқалық бқлшықет тіндерінен айырмашылығы –жекелеген копядролы талшықтардан тұрмайды,олар бір ядролы жасушалардың –кардиомиоциттердің торы болып табылады.Жүрек бұлшықетінде екі бөлім ажыратылады :жүрекшелердің және қарыншалардың бұлшықет қабаттары.Екі бөлімнің талшықтарыда екі фиброзды сақинадан-anuli fibrosi-басталады,олардың біреуіostium atrioventriculare dextrum-ды ,ал екіншісі ostium atrioventriculare sinstumdi қоршап жатады.Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.

Перикард ( жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.Жүрекшелердің бұлшықеттік қабығы.Жүрекшелер қабырғасында екі бұлшықеттік қабаты ажыратылады:беткей және терең.Беткей қабаттардың бұлшықеттік будалары көлденең бағытта жүріп екі жүрекшеге жалпы, олар жүрекшелердің алдыңғы бетінде жақсы дамып ,екі құлақшаның ішкі бетіне отеді.

94)Жүрек жұмысы.Жүректің откізғіштік жүйесі, оның парктикалық маңызы.

Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы.

Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан. Жүректің өткізгіштік жүйесінің қызметтері.

Ырғақты серпіністердің спонтанды өндірілуі синусты- жүрекше түйіншектің көптеген жасушаларының үйлесімді қызметінің нәтижесі болып табылады және ол осы жасушалардың тығыз байланысы (нексус) арқылы және электротонды өзара әсерлесуімен қамтамасыз етіледі. Синусты- жүрекше түйіншегінде пайда болған қозу өткізгіштік жүйе арқылы жиырылғыш миокардқа беріледі.Жүректің өткізгіштік жүйесінің ерекшелігі әр жасушаның қозуды өздігінен өндіру қабілеттілігі болып табылады. Жиілігі минутына 60-80 серпіністерді өндіретін синусты- жүрекше түйіншегінен өткізгіштік жүйенің алыстауына қарай оның әртүрлі бөлігінің автоматияға қабілеттілігінің төмендеуін өрнектейтін автоматия градиенті бар болады.Әдеттегі жағдайларда өткізгіштік жүйенің барлық төмен орналасқан бөліктерінің автоматиясы синусты- жүрекше түйіншегінен келетін жиі серпіністермен жойылады. Осы түйіншектің зақымдануы не істен шығуы кезінде жүрекше- қарынша түйіншегі ырғақты басқарушы бола алады. Осы кезде серпіністер минутына 40-50 рет пайда болады. Егер осы түйіншек өшетін болса, онда жүрекше- қарынша шоғырының (Гис шоғыры) талшықтары ырғақты басқарушы болып табылады.Осы кезде жүректің жиырылу жиілігі минутына 30-40-тан артпайды. Егер осы ырғақты басқарушы да істен шығатын болса, онда қозу үрдісі Пуркинье талшықтарының жасушаларында спонтанды пайда болуы мүмкін. Осы кезде жүрек ырғағы өте сирек болады- минутына шамамен 20 рет.Жүректің өткізгіштік жүйесінің айрықша ерекшілігі оның жасушаларында жасушааралық контактінің – нексустардың көп мөлшерде бар болуы. Осы контактілер қозудың бір жасушадан басқа жасушаға өтетін жері болып табылады. Осындай контактілер өткізгіштік жүйе мен жұмыс миокарды жасушаларының арасында да болады. Контактінің бар болуы арқасында жеке жасушалардан тұратын миокард тұтас біртұтас түрінде жұмыс жасайды. Жасуашааралық контактінің көп болуы миокардта қозудың таралуының сенімділігін арттырады.Синусты- жүрекше түйіншегінде пайда болған қозу жүрекшелер арқылы таралып, жүрекше- қарынша (атриовентрикулярлы) түйіншегіне жетеді. Жылы қанды жануарлардың жүрегінде синусты- жүрекше мен жүрекше - қарынша түйіншектері арасында, және де оң және сол жүрекшелер арасында арнайы өткізгіштік жолдар болады. Осы өткізгіштік жолдардағы қозудың таралу жылдамдығы жұмысшы миокард бойымен қозудың таралу жылдамдығынан соншалықты артық болмайды. Бұлшықет талшықтарының кішкене қалындығы және олардың ерекше тәсілмен бірігуі арқасында жүрекше- қарынша түйіншегінде қозудың таралуының бөгелуі пайда болады. Осы бөгелу салдарынан қозу жүрекше - қарынша шоғырына және жүректің өткізгіштік миоциттеріне (Пуркинье талшығы) тек жүрекшелер бұлшықеттері жиырылып үлгеріп, қанды жүрекшеден қарыншаға ығыстырып үлгергеннен кейін ғана жетеді.Ендеше атриовентрикулярлы кідіріс (бөгелу) жүрекшелер мен қарыншалардың қажетті тізбекті жиырылуын қамтамасыз етеді. Жүрекше – қарынша шоғырында және диффузиялы орналасқан жүректің өткізгішітік миоциттерінде қозудың таралу жылдамдығы 4,5-5 м/с-ке жетеді, ол жұмыс миокардымен қозудың таралу жылдамдығынан 5 есе жоғары. Осының арқасында қарыншалар миокарды жасушаларының жиырылуы бір мезгілде өтеді, яғни синхронды (сурет7.2). Жасушалардың жиырылу синхрондылығы миокардтың қуатын арттырады және қарыншалардың ығыстырушы қызметінің эффективтілігін артырады. Егер қозу жүрекше- қарынша шоғыры арқылы таралмай, жұмыс миокардының жасушалары арқылы таралса, яғни диффузиялы, онда асинхронды жиырылу периоды біршама ұзақ болушы еді, миокард жасушаларының жиырылуға бір мезгілде қатыспай, біртіндеп қатысушы еді және қарыншалар өзінің қуатының 50%-ын жоғалтушы еді. Сөйтіп өткізгіштік жүйенің болуы жүректің бірқатар маңызды физиологиялық ерекшеліктерін қамтамасыз етеді:

1) серпіністердің ырғақты өндірілуін (әрекет потенциалы);

2) жүрекшелер мен қарыншалардың қажетті тізбекті жиырылуын (координациясын);

3) қарыншалар миокардының жасушаларының жиырылу үрдісіне синхронды қатынасуын (ол систоланың тиімділігін арттырады).

95)Жүрекқаптың құрылыс ерекшеліктері,оның топографиясы.

. Жүрек жүрекқаппен бірге ассиметриялы кеуде қуысында, алдыңғы көкірекаралықта орналасады;оның 3/2 бөлігі орталық сызықтан сол, ал 3/1 бөлігі оң болікте жатады. Жүректің ұзындық болігі қиғаш, жоғарыдан төмен, оңнан солға, арттан алға ораналасады.Жүректің оң веналық бөлімі алдынан, сол артериялық бөлімі артта бұрылып орналасады. Жүрек алдынан ж/е бүйірінен өкпеқапта орналасып өкпемен, оның аз бөлігі алдынан төспен қабырға шеміршектеріне жанасады.Жүректің жоғарғы шекарасы оң ж/е сол 3-і қабырға шеміршектерінің жоғарғы жиектерін байланыстыратын сызық бойымен отеді,Оң шекарасы 3-і оң қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегінен вертикальді төмен 5-і қабырға шеміршегіне дейін.Төменгі шекарасы 5-і оң қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін өткізілген сызық бойымен :жүрек ұшы сол 5-і қабырғааралықта ортанғы бұғаналық сызықтан 1-1,5 см ішке қараи анықталады.Сол шекарасы үшінші сол қабырғаның жоғарғы жиегінен жүрек ұшына деиін.Оң жане сол жүрекше –қарынша тесіктері алдыңғы кеуде торына қиғаш сызық бойымен ,яғни 3-і сол қабырға шеиіршегінің төстік шетінен 6-ы оң қабырға шеміршегіне проекцияланады.Сол тесік осы сызықта 3 –і сол қабырға шеміршегі деңгейінде, оң 5-і оң қабырға шеміршегінің төске бекіген жерінде ораналасады.Қолқа тесігі төстің сол жиегінің артында 3-і сол қабырға шеміршегінің төске бекінген жерінде жатады.

96)Жүректің негізгі жане қосалқы қанмен қамтамасыз етілу қайнар көздері.Жүрек қабырғасында артериялардың таралу ы , жүректе қанайналым шеңберінің қалыптасуы. Жүректен ағзаларға қараи шығып, оларға қан акелетін тамырлар артериялар деп аталады.Артериялардың қабырғасы 3 қабықтан тұрады.Ішкі қабықша –tunica intima –тамырлардың қуысы жағынан эндотелиймен астарланган, субэндотелиймен ішкі серпімді мембрана оранласады.Ортанғы қабық-tunica media –бірыңғай салалы бұлшықет тінне серпінді талшықтар мен ауысып,араласып отыратын миоциттерден құралған,сыртқы қабық- tuniuca externa- дәнекер тінді талшықтардан тұрады.Артериялық қабырға серпімді қаңқа түзеді.Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп, барған саиын ұсақтала береді.Ал жүрекке жақын артериялар негізінен қанды өткізу қызметін атқарады.Олардың ен бірінші міндеті жүрек соғуынан лақтырылып шыгатын қан массассының әсерінен тамыр қабырғасында механикалық сипатты құрылымдар, яғни серпімді талшықтармен мембраналар көбірек дамыған.Мұндай артериялар серпімді артериялар типі деп аталады. Жүректің қан тамырлар мен қамтамасыз етілуі екі артериямен: қолқаның алғашқы тармақтары оң тәждік, a.coranaria dextra, ж/е сол тәждік артерия , a coranaria sinistra жүреді.Оң жақ тәждік артерия- қолқадан оң жақ жүрекшенің сырт жағынан тәждік жүлгемен жұректің оң жақ жиегін орап өтіп, оның артқы бетінен ауысады.Ол бул жерде артқы қарыншаалаық тармаққа-r.interventricularisnposterior-ға жалғасады.Бұл сонғы артқы қарынша аралық жүлгемен жүректің төбесіне деиін төмен түсіп, Сол жерде сол жақ тәждік артерия тармағымен анатомазданады.Оң жақ тәждік артерияның тармақтары оң жақ жүрекшені, оң жақ қарыншаның алғы қабырғасының бір бөлігі мен бүкіл артқы қабырғасын, сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының кішкене бөлігін, жүрекше арлық пердені , қарыншааралық перденің артқы 3/1ін, оң жақ қабырғаның емізікше бұлшық еттері мен сол жақ қарыншаның артқы емізікше бұлшықетін қамтамасыз етеді.Солжақ тәждік артерия –өолқаның сол жақ жартылай айшықты қақпақшасының қасынан шығып, сол жақ жүрекшенің алдынғы тәждік жүлгеде орналасады.Ол өкпе сабауымен сол жақ кішкене құлақшаның арасында екі тармақ береді:жіңішкелеу,алдынғы,қарыншааралық тармақ-ramus interventricularis anterior ж/е ірілеу, сол жақты айналып отетін тармақ-ramus circumflexus.Бірінші тармақ алғы қарыншааралық жүлгемен жүректіің ұшына дейін түзіп , сол жерде оң жақ тәждік артерияның тармағымен анастомозданады.Еінші тармақ сол жақ тәждік артерияның негізгі сабауының жалғасы ретінде жүрек жүлгесімен жүректі сол жағынаа орап өтіп, оң жақ тәждік артерииямен қосылады.Осының нәтижесінде бүкіл тәжді к жүлгесінде горизанталды жазықтықта орналасқан артериялық сақина түзіледі,одан жүрекке перпендикулярлы тармақтар шығады.Сақинаны жүректің жанама қан айналымы үшін қажетті бейімделу болып табылады.Сол жақ тәждік артерияның тармақтары сол жақ жүрекшені , сол жақ қарыншаның бүкіл алдыңғы қабырғасының көп болігін , оң жақ қарыншаның бүкіл алдыңғы қабырғасының бір бөлігін, қарыншааралық перденің 3/2 бөлігін жане сол жақ қаыншаның алдыңгы емізікше бұлшықетін қантамырларымен жабдықтаиды. .Жалпы қан айналым шенбері екеку

1-Кіші қан айналым шеңбері-circulus sanginus minor-немесе өкпелік қан айналым шеңбері деп те аталады.Ол жүректің оң өкпе сабауы арқылы ,оның тармақталуы ,өкпедегі капилляр торы ,өкпе веналары жіне сол жүрекшемен аяқталатын бқлікті айтады.

Үлкен қан айналым шеңбері -Circulus sanginus major немесе денелік қан айналым шеңбері депте аталадаы.Ол жүректің сол қарыншасынан басталып, қолқа арқылы оның тармақтары барлық дене ағзаларына тіндеріне алып баратын бөлікті айтамыз.

97)КҚАШ тамырлары , жалпы сипаттам , олардың окпеде таралу зандылықтары. Кіші қан айналым шеңбері-circulus sanginus minor-немесе өкпелік қан айналым шеңбері деп те аталады.Ол жүректің оң өкпе сабауы арқылы ,оның тармақталуы ,өкпедегі капилляр торы ,өкпе веналары және сол жүрекшемен аяқталатын бөлікті айтады.

Өкпе сабауы-truncus pulmonalis –вена қанның оң жақ қарыншадан окпеге акеледі.Ол trun. Arteriosus жалгасы болып есептеледі де,артқы жагында жатқан қолқаны қиып отип , қиғаш солға қараи жүреді.Өкпе сабауының алдында орналасуы trun. Pulmonalis –тің trun. Art-sus-тың вентралды болігінен , ал қолқаның оның дорсалды болігінен дамитындыгына байланысты.Өкпе сабауы 5-6см откеннен кейін қолқа доғасы астында 4-5-і кеуде омыртқалары дең-де әрқайсысы сайкесті окпеге кететін 2 ақырғы тармаққа pulm.dextra ж/е pulm. Sinistra –ға болінеді.Оң жақ ж/е сол жақ өкпе арт-ры ұрықтық кезеңде іргесі қаланатын 6-ы арт-қ догалардан дамиды.Ұзындау оң жақ өкпе арт-сы оң жақ окпеге aorta ascendens пен жогаргы куыс вена артынан, сол жақ өкпе арт-ы сол жақ өкпеге aorta ascendens алдынан отеді.Окпеге откеннен кейін a. pulm.dextra мен a. pulm. Sinistra тагы да окпенің сәйкестігі боліктерімен окпе сегменттеріне баратын тарамдарга болініп, одан әрі бронхтарга қосарлана аса ұсақ арт-я,артериола,прекапилляр, ж/е капиллярларга тармақталады.Бөлінетін жерге дейін truncus pulmonalis жүрекқкп жапырақшасымен жабылады. Бөлінетін жерден қолқаның ойыс жагына қараи дәнекер тінді байламдық тартпа –lig arteriosumсозылып жатады, ол қабысып бітеліп кеткен ductus arteriosus болып саналады.

Окпе веналары артерия қаннын окпеден сол жақ жүрекшеге әкеледі. Олар окпе капилнан басталып , брохтарга сегменттерге же боліктерге сайкес жүретін ірілеу веналарга айналып қосыладыда, өкпе қақпақшаларында ірі сабаулар,әр өкпеден 2 сабаудан құраиды,бұл окпе сабаулары горизантальды багытта сол жақ жүрекшеге келіп,оның жогаргы қабырғасына құяды, соның озинде әр сабау озінің жеке тесігімен құяды:оң жақ сабаулар сол жақ жүрекшенің оң жақ жиегіне , ал сол жақ сабаулар оның сол жақ сабаулар оның сол жақ жиегіне келеді. Оң жақ окпе веналары сол жақ жүрекшеге келер жолында оң жақ жүрекшенің артқы қабырғасын колденең қиып отеді. Өкпе веналарының симметриялы болу себебі мынады: оң жақ өкпенің жоғарғы жане ортангы боліктерінен шыгатын сабаклар бір сабауга бірігіп қосылады. Өкпе веналары үлкен қан айналым веналарынан толық оқшауланбаган өйткені олар аzygos-қа құятын бронхтық веналармен анастомазданады.Өкпе веналарында қақпақшалар болмаиды.

98)Үлкен қан айналым шең-ң тамырлары, жалпы сипаттама ,Қолқа оның бөлімдері :жоғарылаған қолқа доғасы тармақтары,Кеуделік қолқа , оның қабаырғалық жане ағзалық тармақтары, олардың қанмен өамтамасыз етілу аймақтары.

Қолқа қанды жүректің сол жақ қарыншасынан алып шығатын үлкен қан айналым шеңбері артерияларының негізгі сабауы болып табылады.Қолқадан мынадай 3бөлім ажыратылады:

1)ascendens aorte-қолқаның жоғарыға котерілетін бөлігі

2)Arcus aortae-қолқа доғасы- тортінші сол жақ артериялық до,аның туындысы жане

3)Pars descendens aortae-ұрықтың дорсальді артериялық сабауынан дамитын қолқаның төмен кететін бөлігі.bulbus aortae деп аталатын буылтық түріндегі едеуір кеңеюден басталады.Бұл кеңейген жерге іш жағынан қолқа қабырғасымен оның қақпақшаларының жақтаулары арасындағы 3қолқа өойнауы-sinus aortae сайкес келеді .Қолқаның жоғарыға котерілетін бөлігіне сәйкес келедіұ Қолқаның жоғарыға котерілетін болігі 6см .Қолқаның жоғарылаған бөлігінің тармақтары ,Ең қысқа қашықтық заңы бойынша қолқаға ең жақын жерде өзі содан шығатын жүрек жататындықтан , одан шығатын бірінші тамырлар оның жүрекке баратын тармақтары- жоғарыда сипатталған aa coranaria dextra et sinistra болып табылады. Кеуде қолқа-aorta thoracica- артықы көкірек аралықта орналасып, омыртқа жотасында жатады.Кқ –өзінің жоғарғы болімінде омыртқа жотасының сол жағында , ол томен бағытталып кәшкене оңға жылжиды.Іш қуысына откенде орталық сызықтан солырақ орналасады.Кеуделік қолқаға оңынан кеуде түтігі ductus thoracicus жане сыңар вена ,v.azigos , солынан –жартылай сыңар,v hemiazigos , алдынан сол бронхы жанасады.Өңештің жоғарғы 3/1 болігі қолқалан оң , ортанғы болігі –алдында , ал томенгі болігі – сол ораналасады.Қабырғалық тармақтары

1)Жоғары кокет артериялары кеуделік қолқаның томенгі болігінің алдынғы қабырғасынанн екеу есебінде басталып , кокеттің бел бболігінің жоғарғы бетіне бағытталады.

2)Артқы қабырғалық артериялар aa intercostales posteriors- айырықша ірі тамырлар , саны 10жұп , барлық деңгейде кеуделік қолқаның артқы бетінен басталады.Олардың 9-ы үшінші мен он бірінші қабырға арлық кеңістікте жатады.Ал томенгілері 12 –і қабырғаның астында жүреді, сондықтан олар қабырғаасты артериялары деп аталады.

99)Жалпы ұйқы артериясы ,топографиясы,Қан кеткенде артерияны басу орны .Сыртқы ұйқы артерия, оның 3 топ тармақтары ,қанмен қамтамасыз ету аймақтары.

Жалпы ұйқы артериясы-a caroticus -3ден 4-і қолқа доғалары бойында венралды қолқадан дамиды; оң жагында truncus brachiocefalicusтен тсол жагында қолқа дагасына шыгады .Жалпы уйқы артериялары кеңірдек жане өңештің жагымен жогары караи журеді. Оң жақ жалпы уйкй артериясы сол жақтағыдан қысқалау , ойткені , сол жақ ұйқы артериясы 2-кеуде жане мойын болімдерінен , ал оң жақ ұйқы артериясы тек мойын болімінен турады.