Растыру сызбасын орындау реті .

Лекция

Құрастыру сызбалары. Бөлшектеу

Машиналарды, білдектерді, приборларды, құрылғыларды және т.б. өндіріс өнімдерін құрылымдау, техникалық немесе нобайлық жобаларды жасаудан басталады. Жобалаушылық құжаттардың түрлерін МЕСТ 2.102-68 тағайындайды, ал оларды жасау кезеңдерін (жобалау және жұмыс құжаттары) МЕСТ 2.103-68 тағайындайды.

Құрастыру сызбасы келесі ретпен орындалады :

1. Құрастыру бірлігінің тағайындалуымен жұмыс істеу принципі, бөлшектердің әсерлесуі, жинау, шашу реті анықталады.

2. Стандартты бөлшектерден басқа бөлшектердің барлығының нобайлары орындалады.

3. Қажетті кескіндер саны тағайындалады: көріністер, қималар, тіліктер саны және сызба форматы мен масштабы таңдалады.

4. Рамка, негізгі жазу және стандарт бекіткен орнында 26-графа салынады.

5. Сызбада кескіндер орны белгіленеді. Сызбаны симметрия остерін салудан бастайды.

6. Жіңішке сызықтармен басқа бөлшектер (клапан, өзек, қақпақ және т.б.) құрастыру ретімен жиналатын негізгі бөлшек (тұрқы, мойынтірек негізі және т.б.) кескіні салынады.

7. Қажетті тіліктер, қималар, жергілікті және қосымша көріністер орындалады.

8. Бұйым сипаттізімі толтырылады.

9. Құрастыру бірлігіне кіретін барлық бөлшектердің позициялар номері қойылады.

10. Қажетті өлшемдер қойылады.

11. Сызба бастырылады.

12. Негізгі жазу толтырылады.

Құрастыру сызбасын орындау үшін құрастыру бірлігінің жұмысы мен құрылысы және барлық бөлшектердің құрылымы жайында толық мағлұмат болуы қажет. Сондықтан алдымен бұйымның аталуы мен тағайындалуы, жұмыс істеу принципі анықталады. Содан кейін сырттан бұйымды қарап шығып, ретімен бөлшектеу қажет. Бөлшектеу кезінде бөлшектердің бір-бірімен байланысы және әсерлесуі анықталады. Бұл үшін біріккен қос бөлшектерді қарастырып, қай бет бойымен бөлшектердің түйіндесуі іске асатыны, бұл байланыс нәтижесінде қандай біріктіру (қозғалмалы немесе қозғалмайтын) түзілетіні және онда қандай стандартты бекітпе бөлшектер қолданылғаны анықталады.

Қозғалмалы бөлшектердің шеткі және аралық орны МЕСТ 2.109-73 бойынша штрихпунктир сызығымен сызылады. Кейде шеткі орынды сызбада бейнелемей қозғалмалы бөлшектің жүріс шамасы көрсетіледі.

Көршілес бөлшектердің қарамалары «бір сызық» етіп орындалады. Саңылауларды 1мм-ден асқанда ғана көрсетеді, бірақ кейбір жағдайларда оларды шамасына қарамай кескіндеу ұсынылады.

Оқу практикасында, көбінесе, құрастыру сызбасын 2 немесе 3 көріністе сызады. Көріністер орналасуы МЕСТ 2.109-73 талаптарына сәйкес болуы керек. Көріністерді басты көрініске қатысты проекциялық байланыссыз орналастыруға болады. Бұл кезде проекциялау бағытын нұсқамамен көрсетіп, сәйкес кескіннің үстінде көріністің әріптік белгіленуі орналастырылады.

Механизмнің жеке бөліктерінің құрылымын анықтау үшін құрастыру сызбасында А, В, Д қосымша көріністерді сызады.

Өлшемдері үлкен емес, пішінін негізгі көрініс бойынша анықтау қиын бөлшектердің құрылымын анықтау үшін оларды кейде жеке сызып көрсетеді.

Бөлшектердің ішкі кескіндерін анықтау үшін тіліктер қолданылады. Қолданылған тіліктердің түрі бұйым пішініне байланысты болады. Егер бұйым симметриялық кескін болып проекцияланатын болса, поекциялар жазықтығында оны көрініс жартысы мен тілік жартысы түрінде көрсетеді. Егер бұйым симметриялық емес кескін болып проекцияланатын болса, оны толық тілік түрінде көрсетеді.

 
 

 

Көршілес бөлшектердің сызықша сызықтары әр түрлі бағытта, 45° көлбеулік бұрышпен, сызықшалардың ара қашықтығын өзгертіп, олар-дың ығысуын қолданып орындайды (1-сурет). Бұл нұсқауларды орындау құрастыру сызбасы бойынша жеке бөлшектердің қарамдарын (контурларын) анықтауды жеңілдетеді.
    1-сурет

Құрастыру сызбасындағы шарттылықтар мен ықшамдатулар

Құрастыру сызбасын оңай әрі жылдам сызу, оқу үшін стандарттар орнатқан (ГОСТ 2.109-73) шарттылықтарды біліп, қолдана білу керек. Көптеген аппараттар мен механизмдердің (вентильдер, сорғыштар, бүркігіштер) қозғалмалы, тұрқыдан шығып тұратын бөліктері – реттегіш клапандар айналдырықтары, тығынжылдар және т.б. болады.

 

Æ

 
 
Æ
 
 
Æ
Æ
R
R
Æ
Æ

   

Æ
Æ
Æ
Æ
Æ
Æ

 
3тес. Æ

5 тес. Æ
R
R
R
Æ
R

 

 
    2-сурет

 

Құрастыру сызбаларында әр түрлі тегершікшелерді жиі кескіндеуге тура келеді. Бұл бөлшектердің пішіндерін екі көрініспен көрнекті етіп көрсетуге болады (2-сурет).

Клапандық құрылғылардың әр түрлі құрылымдары және олардың өзекте бекітілуі 3-суретте көрсетілген. Өзектің төменгі бөлігінде клапан-ның бекітілуі оның бос айналуын қамтамасыз ету керек. Кішкентай диаметрлі вентильдер үшін (диаметрі 50 мм-ге дейін) реттығынды 1 (3а-сурет) немесе өзекті 1 (3б, в-сурет) қысу, сым тұтқамен (3г-сурет), сым сақинамен (3д-сурет), өзек басының клапан тілігінде бекіту қолданылады (3е-сурет).

Тегершіктің айналдырықта бекітілу әдістері 4-суретте көрсетілген.

а)

 

 

б) в)

А
А
А
А
А - А
А - А
А - А
А
А
г)

 

 

д) е)
       
3-сурет

 

       
 
   

 

 

 
  4-сурет

 

Құрастыру сызбасын орындағанда МЕСТ 2.109-73 бойынша ықшамдатулар қолданылады.

    Мөлдір материалдардан жасалған бұйымдарды мөлдір емес сияқты етіп бейнелейді. Пісірілген, желімделген және сол сияқты біртекті материалдардан жасалған, басқа бұйымдармен құрастырылған кезде тіліктер мен қималарда бөлшектердің шекарасын негізгі тұтас сызықтармен белгілеп, бірдей сызықтайды (5-сурет).
  5-сурет

Өлшемдерді қою

Құрастыру сызбасын орындағанда келесі негізгі өлшемдерді қояды:

- габаритті, бұйымның ішкі және шеткі шекті кескінін анықтайтын өлшемдер;

- орнату, монтаж орнында бұйымды орналастыру өлшемдері;

- қосқыш, берілген бұйымның басқа бұйымдарымен қосылатын өлшемдер;

- бұрандалар өлшемдері;

- қажетті анықтамалық өлшемдер.

 

Позициялар нөмірлері.

Құрастыру сызбасынд