Персонализациялау технологиясы. 5 страница

Асоциальді тұлғалар тығыз тұлғааралық қатынас құрауға қабілетті емес. Достық адамдардан оларға тәне емес қасиеттерді талап етеді. Асоциальді индивидтер ештеңені құрбандыққа шалмай, басқалардан алғанға ғана қабілетті. Олар өздеріне ғана бағдарланып, басқа адамдарды қабылдамайды. Басқа адамдар оларға тек қана мақсаттарына жететін көз болып табылады. Асоциальді тұлғалар өзінің сыртқы көрінісімен қоршаған ортаны таң қалдырады. Осы аталған себептерден кейін дәрігер оларға эмпатияны көрсетуге қиналады.

Асоциальді тұлғалар психолог мамандарына өз тілегімен сирек қаралады. Көбіне оларды мектептер немесе басқа да мекемелер кеңеске бағыттайды. Мұндай тұлғалармен байланыс жасау өте қиын, кеңестің басынан бастап, маман иелерін өздерінің жалған қайырымдылығымен және тілектестігімен алдауға тырысады, әсіресе жас мамандарды. Осы мағынада тәжірибесі аз маманға асоциальді тұлға қауіп төндіреді.

Coleman (1964; цит.: Kennedy, 1977) айтуынша асоциальді тұлғалар жаупкершіліктен қашқақтауға бейім келеді. Мұндай адаммен ұзақ қатынасу тітіркенуді, қанағттанусыздықты және қысымды шақырады.

5.5 ЖИТС-пен зардап шегетін науқастармен қатынасу. Дәрігер мен науқас арасындағы қатынасу мәселелері: мотивтері, қатынасы және бұйымдары

АИВ/ЖИТС сұрақтарымен кеңес беру дәрігерлердің негізгі кәсіптік міндеттеріне жатады. Медицина қызметкерлерінің айтуынша науқастардың АИВ/ЖИТС сұрақтарымен қажеттіліктерінің аздығын көрсетеді.

Дәрігер мен науқас арасындағы қатынастың мотивтері және бұйымдары

Науқастардың АИВ/ЖИТС сұрақтарына байланысты қызығушылықтарының факторлары.

АДАМДАР ТОПТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ: АИВ/ЖИТС-на күмәндәрі бар "қауіпті топ" өкілдеріне – наркомандар, бейберекетті жыныстық қатынаспен өмір сүретін адамдар және таныстарының, туыстарының және достарының арасында АИВ жұқтырған адамдар топтары жатады. Тек кейбір адамдар ғана АИВ/ЖИТС жайындағы сұрақтарға деген өз қызығушылықтарының себебін түсіндіре алады. Бұл адамдардың үлкен бөлігі қызығушылық себептерін талқыға салғылары келмейтіндігін байқатады.

ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН КӨРСЕТКІШТЕР: мұндай адамдар АИВ/ЖИТС-ның негізгі симптомдары, клиникалық көріністері және зерттеу мүмкіндіктері жайында мамандандырылған кеңес қызықтыратындығын айтады.

АДАМДАР ТОПТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ: кейбір адамдар АИВ/ЖИТС-ын жоспарлы түрде зерттеуге бағыттама алғандықтарынан кейін, ол жайындағы мамандандырылған кеңесті алғылары келетінін айтады, мысалы: хирургиялық операция алдында немесе сырқаттың ұзақ ағымда жүруіне байланысты

АДАМДАР ТОПТАРЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ СЕБЕПТЕРІ: Хирургиялық операция алдында. Бұл топтағы науқастар өз сұрақтарын хирургтарға және мейірбикелерге бағыттайды.

ҚЫЗЫҚТЫРАТЫН КӨРСЕТКІШТЕР: бұл топтағы адамдардың қызығушылық көрсеткіші болып, нақты медициналық мекемеде АИВ-пен инфицирлену қаупінің бағалануымен тұжырымдалады.

АИВ/ЖИТС жайындағы кәсіптік медициналық ақпаратқа ерекше мұқтаж - бұл жасөспірімдер,оларға АИВ-тің жұғу жолдары жайындағы ақпараттар жетіспейді. Сонымен қоса, жасөспірімдермен кәсіптік жұмыс істеудің дағдылары мен білімінің жетіспеушіліктері байқалып жатады: жасөспірімдермен қатынасудың психологиясы аймағында, дәрігер және мейірбикенің жасөспірімдермен арасындағы сенім атмосферасының жеткіліксіздігі. Әдетте жасөспірімдер АИВ/ЖИТС жайында әңгіме қозғағаннан қашқақтайды, себебі олар өздерінің сексуальді қатынасы жайында немесе наркотиктерге деген қатынасын әшкере болып қалатындығынан қорқады.

Дәрігерлердің жасөспірімдермен жұмыс істеу әдістерінің тиімділігі жөніндегі көз-қарастары әр-түрлі: индивидуальді немесе топтық жұмыс.

АИВ-пен инфицирленген науқастар АИВ/ЖИТС бойынша маманданбаған дәрігерлерге кеңеске сирек келеді. Қаралған жағдайда қойлатын сұрақтары аурудың табиғатына немесе диагностика және еміне қатысты болмай, осы дәрігердің компетенциясына кіретін мәселелер жайында болады, мысалы: гинеколог маманынан АИВ анасынан баласына берілетіндігі жөнінде сұрауы мүмкін. Мұндай науқастардың мінез-құлқын медицина қызметкерлері АИВ инфицирленген науқастардың құпиялануымен сипаттайды, мед.мамандарының пікірі бойынша бұл науқастарға «өздерінің АИВ-статусы жайында айтуға құлықтарының жоқтығы» тән, олар емді арнайы мамандандырылған медициналық орталықтардын алуына байланысты, басқа дәрігер мамандарына қажеттілікті сезінбейді. Мұндай науқастар АИВ/ЖИТС жөнінде жеткілікті хабардар болады. .

АИВ/ЖИТС зақымданған науқастардың туыстары ауру жөнінде ақпарат алу мақсатындағы көмекті өте сирек сұрайды.

АИВ/ЖИТС жөнінде кеңес алу үшін келетін науқастар жас адамдар болған (14-35 жас аралығында) төменгі білім деңгейіндегі науқастарға қарағанда жоғарғы білім деңгейіндегі науқастар АИВ/ЖИТС жөніндегі мамандармен кеңес алғанды жөн көреді.

АИВ/ЖИТС сұрақтарына қызығушылық себебі: ол өз денсаулығын қорғау және сақтану шараларын қолдану жөнінде емес, ал оның инфекцияны жұқтыру қаупі негізінде туындайды.

Көптеген мед.қызметкерлері, науқастың «қауіпті топқа» жатуына байланысты АИВ/ЖИТС мәселелеріне қызығушылық танытады дейді.

Науқастардың жиі АИВ/ЖИТС жөнінде қоятын сұрақтары

Науқастардың АИВ/ЖИТС жөніндегі көптеген сұрақтары жұқтырып алу қорқынышымен байланысты болады.

АИВ/ЖИТС жөнінде көп сұрақ қоятын науқастар негізгі жұғу жолдары бойынша ақпараттанған (қан арқылы, жыныстық қатынас, иньекция арқылы). Сұрақтар көбіне аурудың тұрмыстық жағдайда жұқтырып алу қаупімен байланысты болады (тағамдар және жалпы жуынатын бөмені қолдану арқылы немесе т.б.).

Науқастар жиі диагностика әдістеріне, ауру симптомдарына байланысты сұрақтар қояды. Адамдар өздерінің жұқтырып алу күдігін немесе қаупін жоққа шығаратын ақпарат іздейді.

АИВ-инфицирленген науқастардың емі және күтімі жайында сұрақтар аз қойлады. Бұл сұрақтарға осы аймақта маманданған кеңесшілерден АИВ-инфицирленген науқастар жауап іздейді.

АИВ/ЖИТС– тің диагностикасы және науқастарды АИВ/ЖИТС анализдерінің нәтижелерімен ақпараттау.

АИВ/ЖИТС анализіне науқастарды бағыттауды негіздеу.

Барлық жүкті әйелдер және хирургиялық операциялар алдындағы науқастар АИВ/ЖИТС анализдерін тапсыруға міндетті.

Қан тапсырушы донорлар тестіні жасауға тиісті.

Хирургиялық операциялар алдында анализ алынады.

Организмнің иммунды жетіспеушілік симптомдары сипат алғанда , - мысалы, тұмау ауруларының, пневмонияның және баспаның ауыр немесе ұзаққа созылып өтуі; дене қызуының жоғарлауы, лимфадениттер, тері және асқазан-ішек ауруларында. Иммунды жетіспеушілігі бар науқастарды АИВ/ЖИТС анализіне терапевттер бағыттайды.

Антиәлеуметтік бағыттағы науқастарға зерттеулердің тағайындалуы.

Коммуникация тәжірибесі: науқастарды АИВ/ЖИТС анализінің теріс нәтижесі жайында ақпараттау.

Науқастарды АИВ/ЖИТС анализінің теріс нәтижесімен ақпараттау, мед.қызметкерлерінің тәжірибесінде қарапайым өтеді.

«Қауіпті топтағы» науқастарға тексеру нәтижесін жеикізу әр-түрлі жүреді. Мұндай «қауіпті топтарға» жататын науқастарға теріс тексеру нәтижесін жеткізумен қатар, қандай да бір уақыт өткеннен кейін тексеруді тағы да қайталауына нұсқау береді (3-6 айдан кейін). Дәрігерлер мұндай жағдайды ауру дамуының жасырын кезеңінің барлығымен сипаттайды.

Коммуникация тәжірибесі: Науқастарды АИВ/ЖИТС анализінің оң нәтижесімен ақпараттау.

Науқасты АИВ/ЖИТС анализінің оң нәтижесі жөнінде, осы аймақта дайындалған тәжірибесі мол маман жеткізеді (ЖИТС орталығының дәрігері). Барлық басқа дәрігерлер (терапевтер, гинекологтар және т.б.) тек теріс нәтиже жайында ғана айта алады.

АИВ-ті тексерістерінің нәтижесіне секемденген науқастар, тексеру нәтижелеріне дайын болады.

Науқасқа оң нәтижелі тексерісті жеткізу медицина мамандарына оңай іс болып табылмайды. Көптеген дәрігерлер мұндай жағдайдан бас тартады, себебі, «күрделі» диагнозбен науқасты ақпараттау, науқасқа да және дәрігерге де психологиялық травма болып табылады. Жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мұндай міндетті кәсіпті орындауға өзінің толығымен дайын еместігін сезінеді.

Дәрігерлердің көпшілігі жауапкершіліктен қашқақтайды. Кейбір медицина қызметкерлері АИВ/ЖИТС анализдерінің қате болу мүмкіндігі жайында айтқан.

Алайда, АИВ/ЖИТС-ті науқас өз диагнозы жайында білуге міндетті және құқықты.

АИВ/ЖИТС тексерісінің нәтижесін науқасқа жеткізу үлкен мағына береді: бұл хабар «мейілінше жұмсақ» болып, науқасқа диагноздың түбегейлі еместігіне «үміт» беруі қажет.

Науқасқа оң нәтижені хабарлау әдісін таңдау, оның «қауіпті топқа» жататындығына (дәрігерлердің ойынша, секемденген науқастар қауіпті сезініп, дайын болады) немесе науқас «қауіпті топқа» жатпайтындығына байланысты болуы керек (бұл науқас диагнозын нақтылау мақсатында анализін бірнеше рет тапсыруы қажетт).

Медицина қызметкерлерімен және АИВ/ЖИТС жұқтырған науқастар арасындағы қарым-қатынастың коммуникациялық мәселелері.

Кейбір дәрігерлердің ойынша АИВ/ЖИТС-ті науқастардың және дәрігерлердің арасындағы қарым-қатынаста ешқандай коммуникативті мәселелер жоқ.

Осы пікірлерге қарамастан қатынасудың коммуникация мәселелері баршылық. Мұндай мәселелердің себебі болып, мед.қызметкерлерінің АИВ алдындағы қорқынышы нәтижесінде байланысқа түскісі келмейтіндіктері және де АИВ инфицирленушілерге деген өшпенділік мінез-құлықтары табылады.

АИВ инфицирленген науқастар мен дәрігерлердің қарым-қатынас мәселелерінің көптеген себептері бар. Олардың ішінде:

- Медицина қызметкерлерінің инфицирленген науқастарға медициналық көмек көрсетуден бас тартуы.

- Медицина қызметкерлері жағынан науқасқа дөрекілік, арсыздық, сыйсыздық көрсету.

- АИВ/ЖИТС науқастиарына жалпы негативті қатынасу. Медицина қызметкерлерініңбарлық науқастарға көмекті бірдей көрсететіндіктерін айтқанымен, АИВ/ЖИТС науқастарына деген қатынастары басқаша сипатты көрсетеді: мұндай науқастармен қандай да бір физикалық байланысқа түсуден қашқақтауы, кабинеттің есігін қолғаппен ашуы және т.б.


6 БӨЛІМ. ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚИЫН НАУҚАС. ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР НАУҚАСТАРМЕН ҚАТЫНАСУ

6.1 «Қиын» науқастар.Дәрігерге әрбір науқас өз бетінше қиын болады. Науқастар мамандығымен, материальді және әлеуметтік статусымен, отбасылық жағдайымен, өмірлік тәжірибесімен, психологиялық қиындылықтарымен және уайымдарымен, жеткіліксіздіктерімен, жасырын мәселелерімен ерекшеленеді. Әр қайсысы өз бетінше ауруға, ауырсынуға, дәрі қабылдауға, дәрігерге баруына жауап береді. Жоғарғы әлеуметтік статусты науқастар өз қалпын сақтап қалу немесе әлсіз көрінбеу мақсатында дәрігерге ақырғы соңына дейін күдігін, уайымын және қорқынышын хабарламайды. Интеллектуальді потенциальді жоғарғы білімді адамдар дәрігермен қатынасында өз маңыздылығын сипаттап, дәрігердің ауру жайындағы ой-пікіріне кедергі жасайды. «Қиын» науқастарға өзінің ішкі психологиялық әлеміне жабылып қалған, интровертирленген, байланысқа қиын түсетін толық ақпаратты жауап бермейтін науқастар жатады. Зейіннің және есте сақтаудың төмендеуімен зардап шегетін қария науқастардың психикалық бұзлыстары немесе физикалық жағдайына сәйкес емес неадекватты жағдайлар (мысалы, ауыр соматикалық аурулары бар эйфория жағдайындағы науқастар), — емдеу-диагностикалық үрдістің кейбір этаптарына өзінің кедергілерін тигізеді. Уақытты және сабырлықты талап ететін күрделі науқастарға суицидальді мінез-құлыққа бейім депрессивті және үрейлі-күдікшіл мінезді науқастар жатады.

Үрейлі-күдікшіл науқастар. Бұл науқастар болашақта кездесетін қиыншылықтар мен мәселелер жайында ойлаумен болады. Олар аурудың асқынуын және қайталануын немесе дәрілердің кері әсерін уайымдайды. Өзінің күмәндәрінә жауап талап етумен дәрігерді қудалайды. Дәрігер тағайындаған дәріні қабылдамас бұрын ол

Дәрінің көрсеткіштерін, жағымсыз әсерін және әсер ету механизмін оқып талқылайды. Бірақ, қанша рет мед.персоналдан дәрі қабылдау жөнінде кеңестер алса да (дәрілік заттар,қабылдау ұзақтығы және мөлшері), науқас өзінің күмәнін сақтайды. Қабылдаған дәріден тез арада тиімді эффект болмаса науқастар дәрігерге өздерінің қорқыныштарымен, күдігімен келеді. Мұндай науқастарды мед.қызметкерлері аты-жөнімен біледі, оларға дәріні бір уақытта беруге тырысады, себебі қажетсіз науқасқа түсініктеме беруден қашқақтайды. Жазылып шыққаннан кейін де дәрігерге келуін тоқтатпай, өзіне зейінді талап етеді. Осындай мінез сипатына байланысты мұндай науқастар кез-келген аурудың болжамын нашарлатады.

Депрессивті науқастар. Психологияда депрессия өмірге деген қызығушылықтың жоғалуымен сипатталады. Болашақ өмірінің мақсатын және тапсырмасын жоғалтса, қазіргі өмірі мағынасынан айырылады. «Депрессивті блокада» суицид жайындағы ойларға әкеледі. Депрессивті науқасты ауруханадан шығарар кезінде психиатр маманы науқасқа: «Сіз болашаққа қандай жоспар құрасыз?» деген сұрақ қояды, егер науқас сұраққа жауап бермесе онда депрессивті жағдайдың әлі де болса сақталғаны жөнінде көрсетеді.

Жазылмайтын ауыр соматикалық ауру бар науқастарда депрессивті уайымдар болады, мұндай болашаққа үмітін үзген науқастар суицидке бейім тұрады. Оларға миокард инфарктісін басынан кешірген немесе онкологиялық науқастарды жатқызуға болады. Бір мақсатқа негізделген, көп жылдар бойы жасалған жұмыстың ақырғы жетістігінде науқаста абыржу және бостық пайда болып, қоршаған ортаға деген немқұрайдылық дамиды. Мұндай көңіл қалумен бірге сырқат та келуі мүмкін. Депрессивті жағдай кезіндегі суицидтік бағыт басқа жағдайларда да дамуы мүмкін, мысалы, аурудың алдына қойған мақсатына жетуге кедергі келтірген жағдайда. Шведтік авторлар «пресуицидальді синдромды» сипаттайды, яғни мінездің, көңіл-күйдің кейбір белгілері суицидальді жағдайларды болжай алады.

Пресуицидальді синдром. Науқастың депрессивті жағдайының алғашқы белгілері болып, — белсенділігінің төмендеуі, басқа науқастармен және қызметкерлермен қатынасу қызығушылығының жоқтығы табылады. Науқастар теледидар көруден бас тартып, газеттер оқымайды. Мед.персоналдарға пассивті бағынып, сұрақтарға қысқа түрде жауап қайтарады. Депрессивті науқастар төсегеніде «эмбрион қалпын» қабылдап, қабырғаға бетін бұрып сағаттар бойы жата береді. Науқастар асханаға бармай, тамақ қабылдаудан бас тартады, ұйқылары бұзылып, үрейге ұшырайды. Диспепсиялық бұзылыстар, іш қатулар, йелдерде етеккірінің бұзылыстары байқалады. Айқын депрессивті жағдайға «Протопопов триадасы» белгілері жатады: тахикардия, іш қату, көз қарашығының кеңеюі. Осы сәтте науқаста суицидальді ойлар және әрекеттер дами бастайды. Ойындағысын іске асыру мақсатында науқастар белсенді түрге ауысып, дәрігерлерден және мед.персоналдардан дәрінің әсері жайында немесе улану қаупі жайында сұрастыра бастайды. Медицина персоналын бақылай жүріп, депрессивті науқастар өздеріне бақылаудың әлсіреген уақытын таңдап, кедергісіз суицидке барады. Әшкерелі-қоқан - лоқы суицид уақытын және орнын көмек көрсете алатындай етіп таңдайды.

Науқас ретіндегі дәрігер. Медициналық білім, ауруға деген дұрыс емес қатынастан және дұрыс емес дәрі қабылдау әдістерінен қорғануға әкеледі. Бірақ мұндай біліктілік, аурудың жағымсыз ағымында дәрігер маманын тым қатты толғандырады. Көбіне дәрігерлер өзіндегі аурудың алғашқы белгілерін бағаламайды. Ісік ауруымен ауырған дәрігерлер науқастарға қарағанда өздерінің зерттеу әдістерін кеш бастайды. Олар тұмау ауруларын жүріп өткізгенге бейім (тұмау, баспа), яғни жазылмай жатып жұмысқа шығады немесе симптоматикалық емделгенді жөн көреді. Науқастарға қарағанда аурудың асқынулары мен рецидивтері жиі байқалады. Дәрігердің ауруға деген психологиялық реакциясы екі этаппен көрсетіледі. Бірінші — анозогнозиялық — симптомдардың барлығына және ауырлығына көңіл бөлгісі келмеушілік. Ауруды мойындамау бірнеше аптаға созылады. Екінші — үрейлік реакциясы — ауру белгілерін, асқынуларын шектен тыс бағалау, диагнозға және болжамына пессимистік көзбен қару тән. Осы кезеңде дәрігер «қиын науқасқа» айналады: ол қайталанбалы зерттеулер жүргізіп, мамандар кеңесіне жиі барып, өзіндік еммен айналысып, емдеуші дәрігерге сенімсіздік көрсетеді. «Аңқау» науқастан айырмашылығы, дәрігер бақытты иллюзиялардан айырылған. Сырқаттанған дәрігер өзінің емдеуші дәрігер маманына сенбейді, себебі өзі жұмыс істеген уақыттарында науқастарға денсаулықтары жайында шындығын айтпағандығы, тек қана қажет деп есептелген хабарды айтқандығы мазалайды. Енді өзі науқастың ролінде болғандықтан, ол жайында жағдайының ауырлығын және жағымсыз болжамын жасырып тұрғандай көрінеді. Осы ойлардың әсерінен ол үрейлі, сезікті жағдайға жетеді. Мұндай науқастармен қатынасу кезінде, оның кәсіптік статусына сыймен қарап, стационарда барлық жақсы жағдайларды туғызуға мүмкіндіктерді беруіміз керек: телефонмен сөйлесуге рұхсат беру, жеке немесе науқастары аз палатаға орналастыру, бос режимді тағайындау және т.б.

Ауруға науқастардың психологиялық (мінез-құлықтық) реакциялары. Науқастың ауруға бейімделуіне, аурудың ішкі суретінің құралуына, психологиялық қорғаныс механизмдерін қолдануына байланысты, дәрігердің тәжрибесіндегі копинг-стратегиясында ауруға деген әр түрлі реакциялар кездеседі.

Диссимуляция. Ауру жағдайында психологиялық әсер етудің бір формасы болап табылады. Өзінің сыақат екекнін біле тұра науқас ауру симптомдарын саналы түрде жасырады және оларды әшкере етпеу үшін едәуір күш жұмсайды: бұрынғысынш кәсііптік, жанұялық, әлеуметтік міндетттерін орындай береді. Науқастың қаншалықты жасырғанаына қарамастан ауру симптомдары күшейіп, жасыру қйындай түседі, бірақ науқас әлі де жасыруға тырысады. Дәрігердің тәжірибесінде диссимуляция мінезі: еңбекке қабілеттілігін, әлеуметтік және материальді статусын жоғалтуға қауіп төнген жағдайда, мысалы, мұғалімде немесе дәріскерде туберкулездың ашық түрі болса, спортсменнің аяғын кесуге қаупі болғанда көрініс береді. Науқастар мұндай жағдайда жиі копинг-стратегияны немесе қызметіне беріліп кетуді қолданады.Сонымен қоса, қоршаған орта алдында кінәлі, ұялтатын және қорқыныш сезімдерін тудыратын «әлеуметтік беделі жоқ» аурумен сырқаттанған науқастар да осындай жағдайға түседі. Диссимуляция венерологиялық аурулармен ауырған, әсіресе ЖИТСпен ауырған науқастарға тән. ЖИТС-мен сырқаттанған науқастарға қоршаған орта негативті қарап, аморальділікке және асоциальділікке мейірімсіз түрде кінәләйді. Диссимулияция мінез-құлқы психикалық ауруларда да кездеседі, ол тек қоршаған ортаның талқылануына түсуден ғана емес, аурудың әлеуметтік зардабынан қорқады. Диссимуляция реакциясы онкологиялық науқастарда да кездеседі.

Аггравация — науқастардың аурудың симптомдарын, жағдайының ауырлығын күшейтіп көрсетуі. Аггравацияда науқастар шынайы бар ауруларын немесе сырқатты жағдайын шындықтан гөрі күшейтіп, қауіпті етіп көрсетеді. Аггравация истероидты сипатты мінез-құлқы бар науқастарда да жиі кездеседі. Науқастар ауруды әшкерелі қоқан-лоқылау мақсатында да қолданады: өзіне зейінді, аяушылықты талап ету немесе осыдан қандай да бір пайда көру үшін. Аггравация мінез-құлқы егде жастағы науқастарға тән, яғни жалғыздықтан немесе кез-келген уақытта қорғанышсыз қалудан қорқатын науқастар дәрігерлердің зейінін өзіне аударуға тырысады. Аггравация толығымен ессіз психологиялық реакция ғана емес: науқастар мұндай мінездің мақсаты мен себебін біліп сітеуде де туындайды.

Анозогнозия — сырқатты және оның симптомдарын аңғармау немесе елемеу. Науқас өз ауруын сыртқы қоршаған ортадан ғана емес және өзінен де жасырады. Басқа адамдарға ауру белгілері қаншалықты байқалып тұрса да,олар өздерінің сау екендігін және медициналық көмекке мұқтаж еместігін айтып ақталады.

Анозогнозия жиі алкоголизм кезінде кездеседі. Алкоголизммен зардап шегетін науқастар өздерінің саулығына күмән келтірмейді, олар кез-келген уақытта спирттік сусындарды қолдануын тастай аламын деп ойлайды. Алкоголизм кезінде анозогнозия реакциясының негізінде өзінің жағдайына сынмен қарау төмендейді. Мұндай науқастарды емдеу анозогнозиялық жағдайды жеңгенде ғана жүреді, яғни науқас дәрігердің және психологтың көмегімен өзінің ауру симптомдарын сезініп мойындағанда. Осындай анозогнозия реакциясы өзінен ауыр соматикалық аурудың белгілерін тапқан дәрігерлерге де тән.