Осылу технологиясы.

Әңгімеге қатысушылардың жақындасу дәрежесін континуумда көрсетуге болады: бір-бірінен алыстау, аз қосылуының формальды байланысы, өнімді байланысқа жеткенше қосылу, жақындық, қосылу.

Бір-біріне деген қосылу көп болған жағдайда, әңгімелесушілер толық ашылады.

Алыстау кезінде әңгімелесушілер ерікті және автономды. Бұны әрдайым әңгімелесу деп айтуға болмайды.

Формальды байланыста ол сөзсіз әңгімелесу, онда әр бір әңгімелесуші өз территориясында қалады және ашықтық пен қосымша міндеттемелерді өзіне алудың қажеті жоқ. Өнімді байланыс деңгейіне дейінгі қосылу көбіне тиімді әңгімелесу үшін жеткілікті болады.

Жақындық әңгімелесуде кейбір кездерде пайда болады.

Бірігу, жақындықтың ең жоғарғы нүктесі ретінде терапия кезінде мүмкін және тек ерекше жағдайларда әңгімелесуде пайда болуы. Толық бірігудің мысалдары болып ана мен омырау еметін бала арасындағы жақындық немесе ғашықтар арасындағы сырлас жақындық жағдайы болуы мүмкін. Терапия кезінде бірігу гештальт-терапияда, голотропты тыныста пайда болады.

Өнімді байланыс деңгейіне дейінгі қосылу дене тұрысы, қозғалыстар, тыныс, сөз жанастыруымен жетеді. Әңгімелесушілер арасындағы дене қашықтығы әдетте әр біреуінің жеке кеңістігін кішкене асып кетеді (жеке кеңістік алға созылған қолдың ұзындығымен салыстырмалы). Жақын, сырлас байланыс болғанда біз әңгімелесушіге жақын орналасқаннан көп алуымызға бағытталамыз.

Біз әңгімелесушінің кейпін көшіреміз және біздің әңгімелесуші сияқты бұлшық еттің бүгеліп қалушылық (еркіншілік) деңгейін сезіне бастаймыз. Біршама уақыттан кейін біз кейпімізді ауыстырамыз, және әңгімелесуші бізге қарап кейпін ауыстырады. Бұл кейіппен қосылудың басталғанын білдіреді.

Біз қайтадан қосыламыз және бірте-бірте әңгіме үшін қолайлы кейіпті қабылдаймыз, әңгімелесуші өз кейпін ауыстыруда бізге қарағанын бақылап отырамыз.

Біз өзіміздің келісілген (симметриялы) қозғалысымызбен пациенттің қозғалысын бейнелейміз. Әңгімелесуші бізге күтпеген, әсіресе оқыс қозғалыстар жасаған кезде біз оның артынан жүріп отырамыз. Мысалы, ол қолын созып вазадан алма алды. Бір уақыттан кейін оны жей бастады. Егер ол тек алманы алғанда оны бақылау қажет емес еді. Ал ол алманы тістей және шайнай бастағаннан бастап оны бақылау қажет. Әйтпесе кейіппен және қозғалыстармен қосылу бұзылады.

Біз әңгімелесушінің тынысының жиілігін және тереңдігін бақылаймыз. Бұл үшін жанама көру көмегі бойынша тыныс алу кезінде киімнің қыртыстарына белгілейміз және әңгімелесуші сияқты сол ырғақта, сол тереңдікпен тыныс алуды бастаймыз. Біршама уақыттан кейін тынысымызды бүгелтеміз және әңгімелесуші де өз тынысын бүгелтеді. Бұл тыныс алуға қосылудың болғанын білдіреді.

Әңгімелесушінің репрезантивті жүйесіне қосылу маңызды. Бұл жерде көруді сипаттайтын үнемі сөздерді айту, жетекші кору талдағышымен көзбен шолу түрі басым байқалады. Бұндай адам ерікті ойлау кезінде жиі көз алмасын жоғары қаратады.

Естуді сипаттайтын сөздерді үнемі айту, жетекші есту талдағышымен аудиальды түрі басым. Бұндай адам ойлаған кезде, оның көз алмасы үнемі көлденең жазықтықта қозғалыстар жасайды.

Жетекші түйсік талдағышымен кинестетикалық түр түйсікті сипаттайтын сөздерді үнемі айтады. Ол ойланғанда, үнемі көз алмасын төмен түсіреді.

Репрезентативті жүйе астына жанастыру әңгімелесуші басым қолданатын жолды белсендіруімізден тұрады. Қашан ол «көрем... көреміз... көру ... қара» және т.б. айтқан кезде, онда біз де соны жасаймыз және ақпаратты беру және қабылдаудың іске қосылған көзбен шолу (визуальді) жолдары біз қалағанның бәрін толығымен тапсыруға және қабылдауға барынша көмектеседі. Егер ол аудиальды жолды қолданып, «естимін» десе, ал біз кинестикалық жолды қолданып «сезініңіз» деп жауап береміз, онда біз «маған анық естілмей қалды» деген жауап аламыз.

Науқасқа қосыла отырып, сіздің көзқарасыңыз бойынша өзара қатынас ең тиімді болатын оны ақпараттық жолға шығаруға немесе ауыстыруға тырысуға болады.

Сонымен, біз науқастың «көрем», «естимін», «сеземін» деген үрдістік сөздеріне қосыламыз. Оның сөйлеу қарқынына, дауыс ырғағына, сөздің эмоционалды толықтығына қосыламыз.

Науқастың уақыттық кеңістігіне қосылуы маңызды. Біз мәселе туралы өткен шақта айтқанда, оның күйзелісін жұмсартамыз және мәселені өткенге әкетеміз. Егер келер шақта болса, онда науқас өзгеру мүмкіндігін қалай да алады. Біз мәселе туралы қазіргі шақта айтсақ әсер және күйзеліс ең қарқынды болады.

Артериальды қан қысымына, көз қозғалысының реакцияларына, бездер секрециясының қарқындылығына және т.б. қосылуға болады. Тәжірибелі терапевттер жаңа бастаған мамандарға қарағанда жақсы қосылады. Демек, олардың көбісі қосылу кезінде транстық техниканы қолданады. Бізге жағымды адамдарға қосылу жеңіл. Әр бір қайталанған қосылу бұрынғыға қарағанда анағұрлым жеңіл. Бірнеше қосылудан кейін келесісі автоматты түрде дамуы мүмкін. Әйелдерде ер адамдарға қарағанда қосылуға табиғи ерекшеліктері артық. Әр бір қосылу жалғыздық, алшақтық сезімдерін бұзады. Бір бірімен қосылған адамдарды өздеріне ұнаған биді шеберлі бишілермен бишілермен салыстыруға болады.

Сұхбаттасу тұжырымдамасында және тәжірибесінде осы жұмыстың, яғни ажыраудың аяқталуына өте болмашы көңіл бөлінеді.

Егер біз қосылуды кенет тоқтатсақ, онда науқас та, және терапевтте дискомфортты сезінеді. Екеуі де алшақтық сезімін сезінеді. Сонымен бірге клиент оның еркіне тыс ықпал жасауға тырысты деп есептеуі мүмкін. Кейбір науқастар оларға гипноз көмегі арқылы әсер етуге ұмтылды деп айтуы мүмкін. Бұл адамға оның еркінен тыс басқа ықпал ету оларға беймәлім екендігінен туындайды. Иә, олар гипноздық ықпалдан қорқады. Ал келесі кездесуде қосылу аса қиын болады. Сол себепті қосылуға сияқты, ажырау үрдісіне де көп көңіл бөлу керек.

Әдетте ажырау қайтымды қосылу жүйелілігінде жүргізіледі. Бірінші ажырау көз қозғалысында, содан кейін тыныста, кейіпте және соңғы кезекте вербальды түре болады.

Біз науқасқа қосылдық, оған жақсы және жәйлі, ол тақырыптың немесе барлық кездесудің аяқталуына дайын емес. Жайлап аяқтау үшін ажыраудың арнайы вербальды әдістері әзірленген. Оларға сұрақтарды қою жатады: «Кешіріңіз, мен сізді дұрыс түсіндім ба ...?», «Егер мен қателессем, өтінемін, мені түзетіңіз ...», фразаның соңына қосылу және аяқтау формуласын енгізу.

Мысалы, науқас хабарлады: «Сонда менің басым кенеттен ауырды». Терапевт науқастың ұзын сөзін бөлді: «Сіздің басыңыздың кенет ауыруы ол өте қажет, оны жұмарлауға болмайды, келесі кездесуімізде толығымен барлығын айту қажет, ол мына күні болады...»

Қосылу технологиясы – ең маңыздылардың бірі. Ол көптеген психотерапевтік мектептерде кең қолданылады және басқа терапевттік сұхбаттасу технологияларымен кешенінде тиімді.