ADO.NET технологиясы.

Жоғарыда айтылып кеткендей ADO.NET технологяисында қатынау моделі қолданылады. Ол кезде деректер қорымен ақпаратты алмасу бойынша қандай да бір операцияны міндетті өткізу, ДҚ қосудың қысқа уақыт мерзіміне ғана орнатылады. Расында, мұндай технология ДҚ жазба мазмұнына жиі және көлемді өзгеріс өткізетін қосымшадағы жұмыс режимі үшін пайдалы емес. Бұл жағдай үшін талапқа жауап бере алатын қатынаудың әдеттегі тәсілдері - ODBC, ADO болад.

Қосымша өндірушілерімен ұсынылатын ADO.NET функционалдығы, COM өндірушілерімен ұсынылатын ADO функционалдығына ұқсас, ал айырмашылығы деректерді манипуляциялау тәсілімен қорытындыланады.

ADO.NET компоненттері олардың өңдеуінен деректерге қатынауды бөлуге мүмкіндік береді. Бөлу ADO.NET екі негізгі компонентті көмегімен орындалады:

· DataSet

· NET Framework деректер провайдері

NET Framework деректер провайдері компоненттер жиынынан тұрады:

· Connection - деректер көзіне қосылу үшін керекті компонент;

· Command - ДҚ командаларды орындауды, деректерді өзгертуді, сақталынатын процедураны жіберуді, параметр мәндерін жіберу мен алуды қамтамасыз ететін компонент;

· DataReader - деректер көзінен деректердің жоғарғы өнімділік ағымын құру үшін керекті компонент;

· DataAdapter - деректер көзімен DataSet объектісін әрекеттестіруді қамтамасыз ету үшін керекті компонент.

Провайдер компонентті көмегімен алынған деректер тікелей өңделеді, болмаса DataSet объектісіне орналасады.

DataSet объектісі деректер көзінен өшіріліп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін, механизм және деректердің көпдеңгейлі архитектурасын ұстануға негіз болады. DataSet дегеніміз жадыда орналасатын ДҚ нақты суреті бар объект. Ол кестелерден (DataTableCollection), кесте арасындағы қатынастан тұрады (DataRelationCollection). Ол үшін DataSet DataTable объектісімен ұсынылатын ноль немесе көптеген кестелерден, DataRelation объектісімен ұсынылатын ноль немесе көптеген қатынастардан тұрады (кестелердің кілттік ақпараты, қатынас аты түрінде, кесте мен тік жол байланысқан аты түрінде сақталынады). Сонымен бірге, DataSet сияқты, кейбір балалық объектілерде әртүрлі ақпарат сақтайтын PropertyCollection коллекциясы - ExtendedProperties қасиеті бар болады (сол сияқты SQL операторлар). ExtendedProperties коллекциясы DataSet схемасы жөніндегі мәліметпен сақталынады (DataTable және DataColumn объектілері сияқты). DataSet объектілік моделі 26 суретте көрсетілген.

 

20-сурет. DataSet объектілік моделі.

ADO.Net архитектурасы 21-суретте көрсетілген.

21-сурет. ADO.NET архитектурасы.

Негізгі әдебиет [2], бет756-771

Қосымша әдебиет [4], бет 201-213

Бақылау сұрақтары

1. ADO.NET технологиясын сипаттаңыз.

2. DataSet объектілік моделін сипаттаңыз.

3. ADO.NET архитектурасын сипаттаңыз?

4. ADO ADO.NET –тен несімен ерекшелінеді?

5. Жоғарыда көрсетілген технологияны алдыңғы технологиямен салыстырыңыз, жақсы жақтарын анықтаңыз.

Дәріс 21. OLAP технологиясы.