ГОНОКОККТАР

Гонококктар ( N.gonorrhoeae ) ең бірінші А. Нейссер ашты.

Морфологиясы және физиологиясы. Ірі бүршақ тәрізді, диплококктар,микрокапсуламен қоршалған,талшықтары жоқ,спора тұзбейді. Жасушалық қабырғасында сыртқы мембранасы бар,оның белоктары үш топқа бөлінеді функциональдық маңыздылығы бойынша. Кірпікшілер бар, бір-біреунен антигендік белгілермен ажыратылады (16 варианттар). Антигендер: өзгерісті,инфекция даму кезінде қалыптасатын кірпікшілердің көп антигендік варианттарымен байланысты.

Патогенділік және патогенез. Гонококктар уретраның цилиндрлық эпителийына, жатыр мойынның қынап бөлеміне ,тік шекке ,және сперматозоидтар мен қарапайымдыларға ( трихомонада, амебаға ) бекітіледі. Адгезия жасуша қабырғасындағы сыртқы мембрананың кірпікшілердің және белоктардың қатысуымен өтеді. Гонококктардың ерекшелігі - лейкоциттерге кіріп, ішінде көбею. Жасуша қабырғасының липополисахаридтік бөлімі токсиндік әсер етеді. Капсулалық полисахаридтер фагоцитозды төмендетеді. Олар уретра кілегей қабатының цилиндрлық эпителий кірпікшелерімен қосылып , әйелдерде эндоцервикальдық канал кірпікшелермен,гонококктар жасуша ішіне жасуша қабырғаның сыртқы мембрана белоктардың қатысуымен енеді. Содан жедел уретрит,цервицит,әйелдерде-сальпингооофорит, эндометрит дамиды; еркектерде – ұрық көпіршілер, зақымданады. Экстрагенитальды орналасса гонококктар тік ішекті, бадам ша бездерді, және бленнореяны ( бленореяны ) нәрестелерде қоздырады. Жүғү сөз инфекциямен ауру ананың түү жолдарынан өткенде болады.

Иммунитет. Сөз сырқатында гуморальдық иммундық жауап орындалады. Бірақ түзілетін антибактериальдық антиденелер дің протективтік белгілері болмайды. Ауру дамыған кезде уретра кілегей қабықтардың жасушаларына қоздырушылар кірпікшелерінің бекітілуін басып тастайтын Ig А түзіледі. Бірақ олар кілегей қабаттарды гонококктармен қайтадан зақымдаудан қорғамайды, үйткені гонококктардың антигендік қүрылымы өзгереді. Сондықтан реинфекциялар және рецидивтер болады, ауру созылмалы формаға айналады.

Лабораторлық диагностика.

1/ Бактериоскопиялық эдіс- жедел формада;

2/ Иммунофлюоресценттік әдіс, ПТР; КБР-ні созылмалы гонореяда сирек жасайды.

Емдеу және прфилактика: Антибиотиктер, бета-лактамдар (пенициллиндер, цефалоспориндер) . Бленнореядан алдын – алу үшін барлық нәрестелерге көз коньюктивасына пенициллин ерітіндісін тамшылайды.

Көкіріңді таяқша түзу немесе қисық формалы. Ұзындығы 1,5-3 мкм, ені 0,5-0,8 мкм,кейде монохритті немесе бірнеше жазық орналасқан жгутиктерден тұрады. Спора түзбейді, клеткадан тыс капсула тәрізді шырыш түзеді. Грам теріс әдісімен жақсы боялады. Метаболизмі тек қышқыл ортада жақсы өседі. Өсу үшін қосымша факторларды қажет етпейді. Өсуі үшін оптимальды температура 37*С-41*С дейін көкіріңді таяқша кең интервалды ортада өседі. РН-ортасы 4,5-9 оптимальды негізгі РН 7,2-7,5 көпшілік таңбасы негізделеді. Еритін пиоционин пигментінде оның түсі РН ортасына байланысты. Көкшіл жасыл ортада немесе шырышты ортада және қызыл қышқыл ортада қатал аэробты оксидаза оң көкіріңді таяқша сахаридті активтелген глюкозаны ферменттейді.

Антигендер – көкіріңді таяқша қабілетті оттегі және сутегі антигенімен негізделген.

Көкіріңді таяқша бірнеше токсин түзеді: гистотоксиндер, А және Z гимолизиндер және лекоцидизин, гистотоксин А жиі кездеседі. Госпитальдағы штамдарды термомобильді белок деп саналады. Массасы 52000-71500, 70*С-да қыздырғанда бұзылады.

Цитотоникалық қасиеті бар инактивация жолымен белок синтезін тежейді. Термостабильді белок гистотокцин Z 70-100*с қыздырған кезде бұзылмайды. Көкіріңді таяқша екі топты гемолиз бөліп шығарады. Солардың бірі термостабилді ликолипид термостабильді белокпен бірге активті фосфолифаза С ликоцидин адамның лейкоцитінде еріп, сонымен қатар қоянның, теңіз шошқасының, т.б белоктармен байланыстырады.

Көкіріңді таяқша бөлетін қышқыл судан топырақта, әртүрлі қабыну процестеріндегі клиникалық материалдық штамдары.

Көкіріңді таяқша балаларда, қарт адамдарда байқалады. Операциялық және күйікті зақымдарды зақымдайды.

Резистенттілігі: сұйық ортада 60*С-да қыздырғанда 15 минут ішінде өледі. Күйік қабыршақтарында көп сақталады. Ең қолайлы дезинфекция шаралары 2% карбол қышқылы.

Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

4. Қандай грам теріс патогенді кокктарды білесіздер?

5. Қандай менингококктардың капсулалары болады?

6. Неге гонококк фагоцитозы аяқталмаған?

7. Адам ағзасында гонококктардың мекендейтін орны.

8. Соз ауруы кезіндегі инкубациялық кезеңнің ұзақтығы.

9. Соз ауруына күдіктенгенде жұғынды қандай қарапайым бояу әдісімен бояйды?

 

Тақырыбы:Патогенді және шартты-патогенді энтеробактериялар. Эшерихиялар

1.Бактериялық ішектік инфекциялардың микробиологиясы

Enterobacterіaceae тұқымдастығының жалпы сипаттамасы

 

Жедел дамитын бактериалық ішектік инфекциялары - диареялар - өте кең таралған инфекциялар. Осы инфекциялар қоздырғыштары болып түрлі микроорганизмдер бола алады, жиі - Enterobacterіaceae тұқымдастығына кіретін микроорганизмдер жатады, олар келесі белгілермен сипатталады:

1. Морфологиясы ұқсас - қысқа, спора түзбейтін, шеттері домаланып келген таяқшалар, қозғалады (перитрихтар) немесе қозғалмайды, капсула түзеді немесе түзбейтіндері де кездеседі.

2. Грам әдісі бойынша бояу - грам(-) бактериялар

3. Глюкоза (және т.б. көмірсутегілер) ферментациясында қышқыл мен газ пайда болады, немесе тек қышқыл.

4. Протеилиттік қасиеттері жоқ

5. Факультативті анаэробтар немесе аэробтар

6. Қарапайым қоректік ортада жақсы өседі

7. Кездесетін орыны - ішек тракты және тыныс алу жолдары

8. Жұғу жолдары - пероральді (кей жағдайларда - ауа-тамшы арқылы)

9. Цитохромоксидазасы жоқ

10. Каталазасы бар (каталазопозитивті)

11. Нитратты нитритке дейін ауыстырады

12. Хемоорганотрофтар

13. ДНҚ-да Г+Ц деңгейі 39-59%

 

Enterobacterіaceae тұқымдастығына 30-дан астам туыстастығы мен 100-ден астам түрлері кіреді. Адамға аса маңызды туыстастықтар: Escherіchіa, Cіtrobacter, Нafnіa, Klebsіella, Salmonella, Erwіnіa, Serratіa, Edwardsіella, Shіgella, Yersіnіa, Proteus, Morganella, Provіdencіa, Enterobacter. Осы туыстастықтардың дифференцияциясы негізінен биохимиялық белгілермен (40-тан астам) өткізіледі. Бұл глюкоза, маннит, лактоза, сахароза, рамноза ферментациясы, сероводород, индол түзілуі, цитрат натрий қосылған қарапайым ортада өсуі, мочевина гидролизі, орнитин декарбоксилирленуі, аргинин дегидратациясы, фенилаланин дезаминирленуі, қозғалысы, глюкоза ферментациясында ацетоин түзілуі (Фогес-Проскауэр реакция), метилен қызылмен (МR) сынама қою т.б.

Энтеробактерийлердің серологиялық классификациясы О-, Н- және К-антигендер анықтауымен негізделген.

 

Эшерихиоздардың микробиологиясы

Escherіchіa туыстығының негізгі өкілі - Е.соlі - алғаш рет 1885ж Эшерих Т. ашты. Escherіchіa туыстығына 7 түр кіреді. Маңызды роль Е.соlі түрі атқарады.

1. Ішек таяқшасы түрлі ауруларды қоздырады: ірінді қабынулар, септицемия (өзінше немесе ірінді коккалармен және грам(-) бактериялармен).

2. Е.соlі диарея (эшерихиоздар) қоздырғышы ретінде маңызды роль атқарады.

3. Е.соlі халықаралық стандартта нәжіспен инфицирлену көрсеткіші, ең алдымен ас суының (коли-титр, коли-индекс)

 

Морфологиясы

Эшерихиялар полиморфты таяқшалар, шеттері домаланған (2.5-3х0.5-0.8 мкм); грам-, перитрихтар (немесе қозғалмайды). Спора түзбейді, кей штаммдарында капсула болады. Эндотоксині бар, эшерихийлердің кей серотиптерінде экзотоксин кездеседі.

 

Дақылдық қасиеттері

Е.соlі - факультативті анаэроб, қарапайым қоректік ортада жақсы өседі - тығыз қоректік ортада колониялар дөңес, жарты-лай тұнық. Сұйық қоректік ортада (етті-пептонды сорпада) өсуі - бырынғай сорпа лайланады. Температуралық оптимумы - 370С (10-450С аралығында), рН 7.2-7.4. Барлық дифференциалық-диагностикалық қоректік орталарда Е.соlі колониялары лактозаны ыдыратқандықтан индикатор түсіне боялады (Эндо ортасында - қоңыр-қызылкүрең түсті, беткейі темірдей жылтыр келеді), Левин ортасында - колониялар қоныр-күлгүн түсте.

 

Ферментативтік қасиеттері

1шек таяқшасы келесі көмірсутектерді қышқыл мен газға дейін ферменттейді: глюкоза, лактоза, маннит, мальтоза, арабиноза, галактоза, сахароза; индол түзеді; күкірт сутегін түзбейді; нитратты нитритке ауыстырады; желатинді ыдыратпайды, цистеин қосылған ортада өспейді; метилен қызылмен оң сынама береді, Фогес-Проскауэр реакциясы теріс, фенилаланин-дезаминазасы жоқ, ДНҚ Г+Ц деңгейі - 50-51%. Осы белгілері бойынша ішек таяқшасын басқа ішектік инфекциялар қоздырғышынан ажыратуға болады.

 

Антигендік құрылысы

Е.соlі адам, сүтқоректілер, құстар, балықтар және рептилий ішек трактісінің қалыпты микрофлорасы. Е.соlі О-антигенінің 171 вариантары анықталған (О1-О171), Н-антигеннің 57 варианты (Н1-Н57), К-антигеннің 90 варианты. Бірақ нақты О-антигеннің 164 варианты және Н-антигеннің 55 варианты. Диареегенді Е.соlі тізімі 43 О-серотоптары және 57 ОН-сероварианттарынан құралған. Колиэнтериттер қоздырғышы жиі келесі топқа кіреді: О111; О55; О26; О86; О126; О127; О20 (145). Дизентерияға ұқсас аурулар тудыратын бактериялар серобоптары: О124; О120; О135; О143, ал О1, О6; О78 серотиптері тырысқаққа ұқсас ауру тудырады.

 

Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі

Диареегенді ішек таяқшасы әр түрлі факторлар әсеріне тұрақты болып келеді: 550С қыздырғанда 1 сағат ішінде өледі, 650С - 15 минутта. Топырақта, суда ұзақ уақыт бойы сақталады (2-3 ай). Залалсыздандыратын заттар (3% хлорамин, сулема ертіндісі) эшерихияларды 20-30 минутта жояды. Диареегенді ішек таяқшасы бриллиантты жасыл көкке өте сезімтал.

Диареегенді Е.соlі патогенді факторлары 4 топқа бөлінген.

1. Адгезия және колонизация факторы. Бұлар - ұлпалар клеткасына микроорганизмнің жабысуы және одан әрі дамуы (колонизациясы). Патогенді Е.соlі 3 адгезивті факторы бар:

а) СFA/l-CFA/Vl (колонизация факторы) - фимбриалық құрылысы бар;

б) ЕАF (энтеропатогенді Е.соlі адгезия факторы) - сыртқы мембрана белоктары; НЕр-2 клеткаларына жабысады;

в) Аdhesіon Нenle-470 - фимбриалық құрылысы бар.

Барлық адгезия және колонизация факторлары плазмидті гендер арқылы коды нәтижеленеді.

2. Инвазия факторы арқылы энтероинвазивті Е.соlі ішектің эпителиалық клеткаларына енеді, ішінде көбееді және оны бұзады. Инвазия факторы ретінде сыртқы мембранадағы белоктар қамтиды.

3. Экзотоксиндер Диареегенді Е.соlі 2 түрлі экзотоксин анықталған: цитотониндер және цитотоксиндер. Цитотониндер ішек клеткаларының гиперсекрециясын стимуляциялайды. Нәтижесінде су-тұздар алмасу процесін зақымдайды, диарея тудырады. Цитотоксиндер ішек қабырғасы мен капиллярлар эндо-телий клеткаларын зақымдайды.

4. Эндотоксиндер - липополисахаридтер. Бактериялардың антигендік спецификасы, колониялар формасын қамтиды және эндотоксикоз себебі бола алады.

Е.соlі плазмидтері анықталған: Со1, R-, F-, Нly-, Ent, адгезия факторын синтездейтін плазмидтер. Диареегенді Е.соlі патогенді факторлары бойынша келесі категориялары белгілі болды:

Энтеротоксигенді Е.соlі (ЕТЕС)

Энтероинвазивті Е.соlі (Е1ЕС)

Энтеропатогенді Е.соlі (ЕРЕС)

Энтерогеморрагиялық Е.соlі (ЕНЕС)

Энтероадгерентті Е.соlі (ЕАЕС)

ЕТЕС 17 серотоптан тұрады. Энтеротоксиндер су-тұздар алмасуын зақымдайды. Процесс ашы ішекте өтеді. Ауру тырысқақ ауруына ұқсас. Эпидемия типі - су арқылы, сирек - тағамдар арқылы. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар ауырады.

Е1ЕС 9 серотоптары бар, патогенділігі ішектің шырышты қабығының эпителиалық клеткаларына ену, онда көбеюі және зақымдауы. Процесс мықын ішектің аяғы мен тоқ ішекте байқалады. Ауру дизентерияға ұқсас өтеді - сулы диарея, сонында колитті синдром. 1,5-2 жастағы балалар, жасөспірімдер және ересектер ауырады. Эпидемия - тағамдық, сулы.

ЕРЕС 9 серотоптары бар, адгезия және колонизация факторлары ретінде сыртқы мембранадағы белоктар, НЕр-2 клеткаларға жабысады. Процесс ашы ішекте өтеді, сулы диарея және организмнің судан айырылуы. Бір жасқа дейінгі нәрестелер ауырады. Жұғу жолдары - тұрмыстық қатынаста, сирек - тағам арқылы.

ЕНЕС 4 серотоптары бар, жиі Е.соlі О157:Н7 кездеседі, 1982 жылы АҚШ-та анықталған, шигатәрізді токсин түзеді. Осы токсиндер майда қан тамырлар эндотелийлерін зақымдайды. Қан бөлшектерін, қан айналымын бұзады, клетка қабырғасы некрозы мен ишемия байқалады. Гемолитикалық уремиялық синдром дамиды, кей кезде өлімге душар етеді. Ауру өте жылдам дамиды: ішек спазмалары байқалады, сулы іш өту, сонында қан клеткалары да байқалады. Балалар мен ересектер ауырады. Эпидемия - су арқылы

Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

1. Ішек инфекциясының қоздырғышы қай тұқымдастыққа жатады?

2. Enterobacteriaceae тұқымдастығына қанша туыстастықтар кіреді?

3. Энтеробактериялардың серологиялық жіктелуіне не жатады?

4. E.coli қандай штаммы диареегенді деп аталады?

5. ШПМ – ішек инфекциясының жиі қоздырғыштары болып не табылады?

Тақырыбы:Бактериальді дизентерияның микробиологиялық диагностикасы