МЕНИНГОКОККТАР

Менингококкалы инфекцияларды” микробиологиясы

Neіsserіa menіngіtіdіs – ірі”ді цереброспиналді менингитті” қоздырғышы алғаш рет 1884 жылы Е.Маркиафава мен Е.Челли ашты, 1887 жылы А.Вейксельбаум бөліп алды.

Менингококкалар – грам теріс шар тәрізді клеткалар, диаметрі 0.6-0.8 мкм. Мазокта кофе дәндері секілді орналасады, екі-екеуден немесе тетрада бойынша лейкоциттер ішінде – аяқталмаған фагоцитоз. Спорасы, талшықтары жоқ. В тобынан басқа менингококкаларда капсула бар. Менингококкалар - қатал аэробтар, жай қоректі орталарда өспейді. Оларды өсіру үшін сары су қосылған орта қажет, өсу температурасы – 370С. Тығыз қоеркті ортадағы колониялар нәзік, мөлдір, көлемі 2-3 мм. Сары сулық сорпада тұ”ба және лайлану байқалады. 2-3 тәулік өткен со” сорпа бетінде қабықша пайда болады. Менингококкаларды” биохимиялық активтілігі төмен. Глюкоза мен мальтозаны ыдыратады, оксидаза о”+, желатинді ыдыратпайды.

Антигендік құрылысы. Менингококкаларда 4 антигендік жүйесі анықталған:

1. капсулалы полисахаридті антигендер; келесі топтары анықталған – А,В,С,У,Х,Д,29Е,Н,К,

2. Сыртқы мембрананы” белоктық антигендері. Оларды 5 класқа бөлген. 2 мен 3 кластағы белоктарды” 20 серотиптері анықталған, ал 1 класта – тип тараулары.

3. Neіsserіa menіngіtіdіs түріне кіретін барлық бактерийлерге тән белоктық антиген

4. Липополисахаридті антиген – 8 серотипі бар.

Сонымен, менингококкаларды” антигендік формуласы: серотоп, белок бойынша серотип, белок бойынша субтип, ЛПС бойынша серотип. Менингокок-каларды” антигендік құрылысын анықтау оларды” дифференциациясын жүргізуге керек.

Резистенттілігі. Менингококкалар сыртқы ортаға өте тұрақсыз. Күн сәулесіне бірден өледі, құрғағанда бірнеше сағаттан кейін, 800С қыздырғанда – 2 мин ішінде өледі. Жай химиялық де-зинфектанттар әскерінен бірнеше минуттан со” жойылады. Тексерілетін материалды лаборато-рияға дейін жеткізу барысында менингококктарды” төменгі температураға өте тұрақсыз екенін ұмытпаған жөн.

Патогенді факторлары. Менингококкаларда клеткаға жабысу (адгезия) және таралу (колонизация), инвазия (тарала көбею) және фагоцитоздан қорғану патогенді факторлары бар. Сонымен қатар, оларда улық пен аллергендік қасиеттері бар. Адгезия және колонизация факторы ретінде пили мен сыртқы мембрананы” белоктары болады. Инвазивтік фактор – гиалуронидаза мен басқа ферменттер. Менингококкаларды” басты патогенді факторы – капсулалы полисахаридті антиген, оларды фагоцитоз әсерінен қорғайды. Фагоциттерді” активтілігін тежеу менингококкаларды” организмні” барлық жеріне таралуын, яғни инфекциялық процесті” генерализациясын қамтамасыз етеді.

Менингококкаларды” улылығы липополисахаридті” улылығы ғана емес, тағы пирогенді, некроздық және қатерлі жағдай тудыру қабілеттігі. Патогенді факторлар ретінде тағы нейраминидаза, протеаза, коагулаза, фибринолизин ферменттері, антилизоцимдік және гемолитикалық активтілікпен сипатталуы.

Эпидемиология. Инфекцияны” жұқтыру көзі – науқас адам. Эпидемиологиялық ерекшелігі “сау” тасымалдаушылық, яғни сау адамдарды” менингококкаларды тасымалдауы. Осындай тасымалдаушылық - тұрғындар арасында менингококкаларды” айналымын сақтап тұруыны” негізгі факторы.

Менингококкалы инфекцияларды” күшеюі менингококкаларды” А серотоп-тары қоздырған, сирек – С серотоптары. Ал эффективті вакцинация жүргізген со” со”ғы жылдары менингитті” қоздырғышы болып В серотоптары болды.

Патогенез және клиника ерекшеліктері.Инфицирлену ауа-тамшы жолмен жүреді. Организмге ену орыны мұрын-жұтқыншақ, менингококкалар одан әрі лимфа тамырлары мен қанға таралады. Менингококкалар ауруды” келесі клиникалық формаларын тудырады: назофарингит (ауруды” женіл формасы), менигококцемия (менингококкалы сепсис); егер менингококктар гематоэнцефалиттік барьерден өтіп жұлын сұйықтығына түскен кезінде ауруды” ауыр түрі дамиды - эпидемиялық цереброспиналді менингит – мийды” ми қабығыны” ірі”ді қабынуы. Осындай науқастарды” жұлын сұйықтығы бұлынғыр (ірі”), көп мөлшерде лейкоциттер бар және пункция жасағанда сұйықтық атқылап шығады, себебі қысымы жоғары болғандықтан. Кей жағдайларда менингококкалы эндокардит дамиды. Менингококцемия кезінде бұйрек үсті майы және қанны” ұйыу жүйесі зақымдалады. Клиника белгілері түрлі болуы бір жағынан арнайы иммунитет жағдайымен байланысты, ал екіншіден менингококкты” вируленттілігімен. Менингитті” ауыр формаларында сульфаниламидті препараттар мен антибиотик қабылданған кезге дейін қайтыс болғандар 60-70%.

Инфекциядан со” қалыптасатын иммунитет тұрақты ұзақ уақытқа сақтала-ды. Оны” қалыптасуына бактерицидті антиденелер мен иммунды есте сақтау клеткалар қатысады.

Лабораториялық диагностика. Келесі әдістер қолданады:

Бактериологиялық - қоздырғышты” таза өсіндісін бөлу және сульфаниламидті препараттар мен антибиотиктерге сезімталдығын анықтау. Тексеруге жұлын, қан, экссудат, мұрын-жұтқыншақтан кілегей алынады.

Науқастан қоздырғышты бөліп алу өте қиын, сондықтан жиі серологиялық әдіс қолданады: арнайы менингококкаларды” антигендерін немесе оларға түзілген антиденелерді анықтайды.

Антигенді анықтау үшін қолданатын серологиялық реакциялар - коагглютинация, латекс-агглютинация, иммуноэлектрофорез, иммуноферментті анализ және эритроиммуноадсорбция микроәдісі. Науқас және сауыққандар қанында антидене барын пассивті гемагглютинация реакция мен иммуноферментті анализбен анықтайды.

Емі. Сульфаниламидті препараттар мен антибиотиктер қолданады (пенициллин, рифампицин т.б)

Арнайы сақтандыруы. А, С,У серотоптарыны” полисахаридінен дайындалған вакциналар бар, бірақ оларды” әр қайсысы өз тобына қарсы ғана иммунитет қалыптастырады. В серотобыны” полисахариді иммуногенді емес.

 

Адамда менингококктық инфекцияны қоздыратын менингококктар (N.мeningitidіs ) 1887 жылы А.Ваксельбауммен ашылған.

Морфологиясы және физиологиясы : менингококк жасушалары овоидті немесе сфера формалы ,ми-жұлын сұйықтығынан дайындалған препараттарда екі- екіден орналасады. Анилин бояулар мен жақсы боялады, пили және микрокапсуласы бар,спора тұзбейді. Хемоорганотрофтар, дақылдандыруға талғамды; цитохромоксидаза,каталаза – оң. Сарысу,дефибринирленген қан қосылған ортада өседі. Сарысу қосылған ортада түссіз, нәзік ,ылғалды колониялар түзеді. СО жоғары концентрациясында, жоғары ылғалды жағдайда өседі.Менингококктардың қанттық белсенділігі төмен,глюкоза мен мальтозаны қышқылға дейін ыдыратады. Гиалуронидазаны нейраминидазаны түзеді.

Антигендер: менингококктардың бірнеше антигендері болады. Капсулалық антигендердің иммунохимиялық айырмашылықтарың негізі бойынша мени нгококктарды А,В,С,D.X,Y,Z.W- 135, 29Е сероварларға бөледі. Менингококктарды жасуша қабырғаның сыртқы мембранадағы белок антигенмен вариантастылықтарға бөледі. Бүл антигендерді араб сандармен белгілейді. Ауруды А,В,С сероварларға жататын менингококктар қозджырады.

Патогендік және патогенез: Менингококктардың вируленттік факторларына - фагоцитозға төзімділікті қамтамасыз ететін капсулалық полисахаридтер және кірпікшелер жатады. Адгезивті функцияны жасуша қабырғасының сыртқы мембрананың белоктары да атқарады. Бүл токсин инфекцияның генерализациялған формаларының дамуында негізгі роль атқарады және эндотоксиндік шок шақыруы мүмкін. Менингококктар дың

жоғары тынысалу жолдарының кілегейлі қабаттарында бар болуы тасымалдаушылыққа әкеледі. Кейде ( 15-19 % жағдайларда ) иммунитетт ің төмендеуне байланысты кабынудың дамуы мүмкін. Қоздырғыш қанға түскенде, менингококктардың ыдыраумен өтетін , бактериемия басталады. Бүл аурудың патогенезінде маңызы жоғары токсемияға әкеледі. Бактериемияның көп жағдайларында менингококк ми қабықтарға өтіп менингит,менингоэнцефалиттің дамуына әкеледі . Менингококктық инфекция менингококктардың тасымалдаушылық түрінде,жедел назофарингит,менингококктық пневмония немесе эпидемиялық цереброспинальдық менингит,менингоэнцефалит,менингококктық эндокардит, артрит локальді формада болуы мүмкін, және генерализациялған формада өтүі кездеседі.

Экология және эпидемиология. Менингококктардың табиғи иесі - адам. Мүрынжұтқыншақ кілегейлі қабаттарында менингококктар мекендейді. Адамдардың арасында менингококктардың тасымалдаушылығы кең таралған. Инфекция көзі – науқас немесе тасымалдаушы. Адамнан адамға менингококктар ауа-тамшы жолмен таралады.

Иммунитет. Инфекциядан кейін дамитын иммунитет қарқынды, қайталап ауруы, рецидивтер сирек болады. Генерализациялған формаларда Т-лимфоциттердің саны азаяды . Екінші аптаға жақын В-лимфоциттердің саны көбейеді. Иммунизацияланған анадан антиденелер ұрыққа трансплацентарлық жолмен беріледі , 50% жағдайда ғана белгіленеді. Оларды нәресте түғаннан кейін 2-5 ай мерзімінде анықтайды.

Лабораторлық диагностика. Менингококктық инфекцияның клиникалық формасына байланысты зерттейтін зат - мижүлын сүйықтық менингитке күділікте; менингококкемияға күділікте – қан . Мүрынжүтқыншақтан алынған зерттейтін зат және мижүлынсүйықтық түнбасын алғаннан кейін сарысулы және қанды агарға себеді. Мүрынжұтқыншақтан алынған кілегейді екі ортаға сеуіп, ортаның біреуне ристомицин антибиотик қосылады грамоң флораның өсуін басу үшін. Қанды жартылайсүйық агарға себеді. Өскен дақылды Neisseria туыстастығына келтіру үшін үш те идентификациялайды : морфологиялық белгілер , Грамтеріс, оксидазаға оң сынама бойынша. N. meningitidis түрлерінің идентификациясын кестедегі белгілердің жиындығымен өткізеді. Мүрынжұтқыншақта нейссериялардың басқа түрлері де кездеседі (N. subflava, N. sicca, N. мucosa ), менингококктарды осы түрлерден және Branhamella catarrhalis- тан ажырытады.

Идентифицирленген дақылдың сероварын анықтайды.

Экспресс- диагностика: менингиттің симптомдары байқалғанда мижұлын сұйықтықта антигеннің бар болуын белгілейді. Науқастардың қанындағы антиденелердің анықтауын РНГА ( ГАТР ) өткізеді .

Профилактика және емдеу. Спецификалық профилактиканы А және С сероварлардан дайындалған менингококктық химиялық вакцинамен жасайды тасымалдаушылық таралған адамдардың арасында . Химиотерапевтикалық препараттардан антибиотиктерді, лактамдарды, пенициллиндерді, цефалоспориндерді қолданылады.