Иммунотерапея

Антидене

Антидене дегеніміз – антигенге қарсы пайда болатын зат. Оларды иммуноглобулиндер деп атайды. Иммуноглобулиндердің 5 түрі бар: Ig A, IgM, Ig G, Ig D, IgE. Иммуноглобулиндер құрылысы 2 ауыр тізбек және 2 жеңіл тізбектен тұрады. Тізбектер өзара бір-бірімен дисульфидті байланысады.

Иммунотерапея дегеніміз – емдік мақсатта иммундық препараттарды енгізу (АД, ИФН, цитокиндер т.б.).

Иммунопрофилактика – жұқпалы аурулардың алдын-алу үшін иммундық препараттар енгізеді.

Иммундық жүйеге әсер ететін барлық препараттарды – иммунобиологиялық препараттар деп атайды.

 

Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

1. Инфекцияға қарсы иммунитеттің негізгі түрлері.

2. Түрлік иммунитеттің басты механизмдері.

3. Вирусқа қарсы иммунитеттің ерекшеліктері.

4. Жүре пайда болған иммунитеттің түрлік иммунитеттен айырмашылығы.

5. Жүре пайда болған иммунитеттің түрлері.

6. Микроб торшасының антигендік құрылысы?

Тақырыбы: Антиденелер. Иммуноглобулиндер класстары. Антиген-антидене реакциясы. Серологиялық зерттеу әдістері

Антигендер түрлерi, сипаттамалары

Антигендер - адам және жануарлар ағзасына түскенде иммундық реакция шақыратын заттар. Олар бөтен ерекшелігі бар биополимерлер немесе олардың жасанды түрлері (аналогтары). Антигенге қарсы ағзада арнайы антидене түзіліп немесе лимфоциттердің сенсибилизациясы болып, айрықша клондары арқылы иммундық реакция жүреді.

Антигеннің үстінде арнайы иммунологиялық реакцияға түсіп, антиденемен байланысатын белсенді орталығы детерминант деп аталады. Иммундық жауабының ерекшелігі детерминантқа байланысты.

Антигендердің жіктелуі:

1) табиғи антигендер — белоктар, көмірсу, нуклеин қышқылы, бактериялар, эндо-және экзотоксиндер, ұлпа және қан торшалар, антигендері. Табиғи антигендер гетерологиялық ерекшелігімен сипатталады.

2) жасанды антигендер — төменгі молекулярлы қосындылардан синтезделген.

3) гаптендер — жартылай антигендер, өз алдына иммундық қасиеті жоқ, бірақ үлкен молекулалы белоктармен қосылса антигендік қасиетке ие болады.

4) химиялық құрамына қарай белокты, көмірсулы, полипептидтер, т.б. болып бөлінеді.

5) Ерітінді антигендерге токсиндер, ферменттер жатады.

6) генетикалық жағдайына байланысты антигендер;

- аутоантигендер, ағзаның өзгерген өз торшаларынан шыққан антигендер; өзгерген өз торшалары антиген болып, аутоиммундық патологиялық үрдіс дамытып, аутоантиденелер туғызады;

- изоантигендер — АВО қан топтарын құрады;

- аллоантигендер — бір түрдегі жануарлардағы генетикалық аллельді түрлерінің айырмашылығы;

- ксеноантигендер (гетероантиген) — антиген басқа түрге жататын жануарлардан алынған.

Антигендер қасиеттері

1. Иммуногендігі — антигеннің иммундық жауап шақыратын қабілеті, ол антигеннiң молекулалық салмағына байланысты. Молекула салмағы жоғары болса, иммуногендігі жоғары. Ол детер­минанттардың антиген молекуласындағы санына байла­нысты.

Генетикалық бөгделігі тым алыс (алшақты) болса, соғұрлым антиген иммуногендігі жоғары.

2. Антигеннің спецификалық қасиетімен ерекшеленуі.

3. Антиген валенттілігі молекуладағы детерминанттардың санымен бірдей. Детерминант саны көп жағдайда екеу, иммуногендігі екі есе көп. Жұмыртқа альбуминінің 5 детерминанты бар, күл токсинінде — 8, тиреоглобулинде — 40.

Иммуногенді адъюванттар. Адам немесе жануарлар денесіне вакцинамен бір химиялық затты қосып еккенде антигеннің иммуногендігі күшейеді. Аса маңызды адьювантқа жататындар: алюминийдің қосындысы, макромолекуларлық заттар (декстран, метилцеллюлоза), беткей активті заттар, фрейд адьюванты.

Адьюванттар еккенде ұлпада қабынуды қоздырып, еккен жерінде гранулема - абсцесс береді, соның әсерінен антигендер көп уақыт сол жерде сақталып, иммундық үрдіс қоздыру көпке созылады.

Көптеген антигендер, антигенмен бірге Т — лимфоциттері болса иммундық реакцияны жақсы қоздырады. Оларға вирустар, белоктар, торшалық антигендер жатады.

Тек қана бактериалдық полисахаридтер, тимусқа тәуелділігі жоқ антигендер өз алдына иммундық реакция шақыра алады.

Антиденелер - иммуноглобулиндер

Иммуноглобулиндердi плазмалық торшалар шығарады. Олар қан сарысуында, лимфада, уызда, сілекейде, торшалардың сыртқы қабығында болады. Иммуноглобулиндер 5 класқа бөлінеді. G, M, A, D, E.

Бұлардың құрылысында квадриметрикалы димер екі тізбектен (жеңіл және ауыр) тұрады. Иммуноглобулиннің биохимиялық, қызметтік ерекшеліктері ауыр тізбекке байланысты. Сөйтіп әрбір иммуноглобулин құрылысы бірдей екі жеңіл , екі ауыр тізбектен тұрады, оның молекулалық салмағы Дальтон. Бұл тізбектер өзара дисуль­фидті көпіршіктермен байланысқан, жеңіл және ауыр тізбектің өзгермейтін (С), өзгеріп отыратын (V) аймақтары бар, солардың қосылатын жерінде белсенді антигендермен байланысатын орталық орналасқан. Антиденелер антигеннің әсерінен плазмалық торшадан шығарылады. Әрбір антигенге қарсы сонымен ғана байланысатын арнайы антидене түзіледi.

Антиденелер қасиеттері

1. Спецификалық қасиеті - иммуноглобулин тек арнайы антигенмен қарым-қатынасқа түседі. Онда антидене белсенді орталығы — антидетер­минант (паратоп) антигендер белсенді орталығы — детерминантпен (эпитоп) байланысады.

2. Валенттілігі-иммуноглобулин молекуласындағы антидетерми­нант­тың саны, көбінесе бұлар екі валентті, бірақ кейде 5-10 валентті антиденелер кездеседi.

3. Аффиндігі олардың байланысы өте мықты, (антидене + антиген) антидетерминант + детерминант байланысы.

4. Авидтігі — антиген мен антидене байланысы тұрақты, олардың байланысуы жылдам және толық, олар әр түрлі торшалармен бай­ланыс жасай алады:

- макрофагтармен байланысып фагоцитозды белсендіреді.

- нейтрофилдермен фагоцитозды белсендіреді.

- базофилдермен байланысып атопиялық реакция жүріп, медиаторлар бөлініп, жедел жүретін аллергиялық реакцияға әкеледі.

- тромбоциттермен байланысып қан ұюын өзгертеді.

- Лимфоциттермен-FC рецепторымен (иммуноглобулин G)

Иммуноглобулиндер гетерогенділігімен 3 топқа бөлінеді:

а) изотипті

б) аллотипті

в) идиотипті

Изотиптілігі — ауыр тізбегі құрылысына байланысты қалыпты жағдайда бір түрдегі жануарларда, адамдарда бірдей. Ал олардың айырмашылығы 4-тізбегіндегі аминоқышқылдармен сипатталады. Сөйтіп иммуноглобулин G1, G2, G3, G4, ал иммуноглобулин А1, А2 болып бөлінеді.

Аллотиптілігі — әрбір жеке адамның иммуноглобулин айырмашылығын көрсетеді, ол генетикалық маркерлерге байланысты.

Идиотиптілігі — бұл антигендер спецификалық қасиетіне байланысты тек бір иммуноглобулинге арналған. Қанша арнаулы иммуноглобулин болса, сонша антиген варианттары болады.

Идиотип – антиденелердің өзгермелі бөлігіндегі аминоқышқылдардың орналасуының немесе Т-торшалық антиген танитын рецепторының ерекшелігі. Оларға қарсы антиидиотипті антиденелер өнеді.

 

Т- және В- лимфоциттердің рецепторлары және антиген тануы әр түрлi.

Иммундық жауапқа қатысатын торшалардың әр түрлі популяциясы генетикалық және қызметтік ерекшелігімен сипатталады. Олардың үстіңгi айырмашы липопротеинді маркерлеріне қарай жiктелу классификациясы СД (cluster differentiation) қолданылады.

Сүйек миының негізгі қызметі дін торшаларынан иммунокомпетентті торшалар шығару. Барлық лимфоидты торшалардың үстінде липопротеинді маркерлер (жіктелу кластері – СД) бар.

Практикада иммунды жауапқа қатысатын торшалардың үстіңгі маркерлерін айыру үшін арнайы моноклоналды антиденелер қолданылады.

Барлық лимфоциттер Т- және В- торшаларына, О- (нольдік) – торшаларына бөлінеді.

В-лимфоциттер – сүйек миында құралады. Дін торшаларынан шыға­тын В-лимфоциттер 4—5 тәулік ішінде сүйек миында жетіледі де, шеткері лимфоидты мүше мен ұлпаларға орналасады. Көкбауырда, лимфа бездерінде антигеннің әсерімен, Т-лимфоциттердің және макрофагтар­дың көмегімен жетілген В-лимфоциттер рецепторлары арқылы белсеніп лимфобластқа айналады да, 4 рет бөлінгенде жетілген плазмалық торшаларға айналады. Екінші бөлінуден бастап арнайы антигенге қарсы иммуноглобулиндер шығара бастайды. Жетілген бір В-лимфоциттерден 400- ден артық антиденелер шығаратын торшалар пайда болады. Антигеннің бірінші түсуінде антиденелер 3 тәуліктен кейін шыға бастайды, ал қайталап түскенде – бірінші тәуліктің аяғында.

Антигеннің әсерімен В-лимфоциттер лимфобластқа айналып, одан үлкен және кіші лимфоциттер пайда болады. Бұлар антигенге специфика­лық еске сақтаушы лимфоциттер болып есептеліп, көп өмір сүреді, қан айналым мен шеткері лимфоидты мүшелерге орналасады. Бұл торшалар сол антигенмен қайта кездескенде тез белсеніп, жылдам екіншілік иммундық жауап береді.

Әр түрлі мүшелерде әр түрлі иммуноглобулиндер шығаратын торшалар орналасады. Иммуноглобулин М және G кластарын шығаратындар лимфа бездерінде, көкбауырда, ал иммуноглобулин А және Е- торша­ларын шығаратындар пейер белдемесінде және басқадай шырышты қабатқа орналасқан лимфа бездерінде жиі кездеседі.

Антиденелердің эффекторлық механизмі: антидененің торшамен қосыл­ған комплексі белсенді комплементпен лизиске ұшырайды.

Егер де антиденелер шамадан тыс көп шықса (антигеннің белсенді орталығы түгел басылған­нан кейін) аллергиялық патология дамиды.

В-лимфоциттердің бір бөлігі Т-хелперлердің және цитотоксикалық Т- торшаларына супрессор әсер етіп, олар арқылы В-лимфо­циттердiң пролиферациясы мен дифференциясын басады.

В-лимфоциттердің басқа бір бөлігі, керісінше, осы субпопуля­цияларын белсендіреді.

 

Бақылау сұрақтары(кері байланыс)

1. Антидене дегеніміз не?

2. Иммунды жауаптың басты түрлері.

3. Иммунологиялық қадағалау қызметін иммунды жүйенің қай мүшесі атқарады?

4. Қандай иммунокомпетентті торшалардың популяциясын білесіздер?

5. Инфекциялық аурулардың диагностикасындағы серологиялық әдістердің маңызы?

Тақырыбы: Иммундық алдын алу мен иммундық емдеу негіздері. ВОЗ иммунизациясының бағдарламасы және инфекциялық ауралар ликвидациясының көрсетілім дері. Иммундық емдеудің микробиологиялық негіздері

Иммундық емдеу – иммундық жүйеге әсер еткенде иммундық жауаптың тежелуі (иммундық супрессия), жауаптың қозуы (иммундық қозу), иммундық жетіспеушіліктің қалпына келуі (иммундық коррекция) жүретін емдеу әдісі. Қосымша иммундық емдеу арнайы серотерапияны (иммундық екпелерді, иммуноглобулинді қолдану), вакцинотерапия (емдік вакциналар), иммундық коррекция (десенсибилизация және т.б.) әдістерді қолданады.

Иммундық алдын алу – жасанды арнайы иммунитетті шығару арқылы инфекцичлық ауралардың алдын алу. Сонымен қатар вакциналық алдын алу (вакциналар мен антиденелердің негізінде белсенді иммунитет құрастыру), серолық алдын алу (ағзаға арнайы антидене – иммуноглобулинді енгізу арқылы пассивті иммунитет тудыру) әдістері де бар.

Инфекциялық ауруларды алдын алуда ең маңызды орын алатыны – вакциналық алдын алу.

Вариоляция – теріге аз көлемде жұқпалы затты үйкелеп жағу арқылы табиғи оспадан қорғанатын ерте заманнан бергі белгілі тәсіл. Ресейде бұл әдісті алғаш қолданғандардың ішінде Екатерина ІІ бар. Алайда вариоляцияны қолдану өте қауіпті.

Вакцинация. 1796 ж. Э.Дженнер сиыр оспасының екпесі – вакцинация (латын тілінен vaccinum – сиырдікі) табиғи оспаның алдын алуда нәтижелі деген болатын. Содан бері арнайы белсенді иммунитет жасаудағы қолданылатын дәрі-дәрмектер вакцина деп аталады.

2.Бактериялық, вирустық және сарысулық препараттар

Бактериялық, вирустық және сарысулық препараттар медициналық биологиялық препараттың құрамына (МБП) кіреді.Оған вакциналар, анатоксиндер, адам иммуноглобулині, сарысулар мен гетерологиялық иммуноглобулиндер, бактериофагтар, эубиотиктер, аллергендер жатады.

МБП адамның жұқпалы ауруларының алдын алу, емдеу және аллергиялық диагностикасында қолданылады. Аллергиялық жұқпалы емес аурулардың диагностикасы мен емдеуде арнайы аллергендер тобы қолданылады.

МБП әсер ету механизмдері әр түрлі болып келеді.Жұқпалы аурулардың алдын алу үшін адам организміне вакцина мен анатоксиндер енгізу ұзақ уақытқа созылатын және нәтижелігін айқындайтын гуморальді және жасушалық иммунитеттің дамуына әкеледі.

Адам иммуноглобулинінің препараты мен гетерологиялық сарысуларда «дайын» арнайы антиденелер болады. Оларды енгізу циркуляциялқ жүйеде бірден антидененің пайда болуына алып келеді.Алайда, олардың ағзада болу уақыты қысқа. Бұл препараттар жұқпалы аурулардың жедел алдын алда және жедел емдеуде қолданылады.

Бұндай әсер ету механизміне бактериялық вирустар (микроб жасушасына еніп, оның өліміне әкеледі) болып табылатын бактериофагтар да ие.Бұл препараттар жұқпалы аурулардың алдын алу мен емдеуде кеңінен қолданылады.

Дизбактериозды емдеуде қолданылатын эубиотиктер бір жағынан, көптеген патогенді және шартты-патогенді бактерияларға қатысты антимикробты белсенділікке ие, екінші жағынан, физиологиялық қызметті реттейтін биоценозды қалпына келтіреді.