Ликвидация пожара персоналом объекта может производиться без наряда под наблюдением дежурного персонала с записью в оперативном журнале.

Мысалы

Егер иерархиялық деректер қоры тұтынушылар және олардың сұраныстары туралы ақпараттардан тұратын болса, онда тұтынушы (родитель) және сұраныс (дочерний) объектілері болады. Бұл моделде иерархия бойынша төменге бағытталған сұраныс жеңіл (мысалы, қайсы сұраныстар мына тұтынушыға жатады), бірақ иерархия бойынша жоғарыға бағытталған сұраныс күрделірек (мысалы, қайсы тұтынушы мына сұранысты берді). Сонымен қатар бұл моделді қолдану барысында иерархиялық емес деректерді ұсыну күрделі болады.

Иерархиялық деректер қоры ішкі директориялар және файлдар иерархиясы бар түпкі директориядан құралған файлдық жүйе болып табылады. Алғашқы ДҚБЖ-лері деректердің иерархиялық моделін қолданды.

Деректердің иерархиялық моделінің артықшылықтарына ЭЕМ жадысын тиімді пайдалану және деректерге жүргізілетін негізгі операция-лардың орындалу жылдамдығының уақыт көрсеткіштерінің жоғары болуы. Деректердің иерархиялық моделі иерархиялық ретке келтірілген ақпаратпен жұмыс жасағанда ыңғайлы.

Деректердің иерархиялық моделінің кемшіліктеріне күрделі логикалық байланысты ақпаратты өңдеудегі абайсыздық, сонымен қатар қарапайым қолданушы түсінігі үшін күрделілік.

Деректердің иерархиялық моделінде құрылған ДҚБЖ шектеулі, олардың қатарына шетел жүйесі IMS, PC/Focus, Team-Up және Data Edge, сонымен қатар отандық жүйелер Ока, ИНЕС және МИРИС.

Танымал иерархиялық ДҚБЖ

  • Ең танымалысы IBM фирмасының Information Management System (IMS) болып табылады. Оның алғашқы нұсқасы 1968 жылы пайда болды.
  • Development Corporation коспаниясының Time-Shared Date Management System (TDMS);
  • Control Data Corporation компаниясының Mark IV Multi - Access Retrieval System;
  • SAS-Institute жасап шығарған System 2000;
  • LDAP және Active Directory каталогтар сервері ағаш түріндегі көрініске ие.
  • ДҚ-ның иерархиялық принціпі бойынша иерархиялық файлдық жүйелер және Windows Реестрлері құрылған.
  • InterSystems Caché
  • Google App Engine Datastore API

Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

1. Иерархиялық модель дегеніміз не?

2. Деректер моделінің классикалық түрлеріне не жатады?

3. Соңғы жылдары қандай деректер моделі енгізілуде?

4. Деректердің иерархиялық моделінің кемшіліктері қандай?

5. Деректердің иерархиялық моделінің артықшылықтары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Нег. әдебиеттер: 1 (31-33 б.), 2 (50-55 б.).

Қос. әдебиеттер: 4 (52-56 б.).

 

Дәріс №11.

Тақырып атауы:Желілік ДҚБЖ.

Дәріс мақсаты:Деректердің желілік моделі және оның ерекшеліктері мен кемшіліктерін үйрену.

Кілттік сөздер:графа, байланыс, жазылым, модель, ата-ана.

Қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар:

1. Желілік модель.

2. Деректердің желілік моделінің кемшіліктері.

3. Деректердің желілік моделінің артықшылықтары.

4. Танымал желілік ДҚБЖ.

 

Мазмұнын ашып көрсету:

Деректердің желілік моделі деректердің элементтеріне әртүрлі өзара байланысқан еркін сұрыпталған графа ретінде көрсетілетін және иерархиялық деректер моделін жалпылайды (сурет 2.4). Деректер қорының желелік моделі толығырақ КОДАСИЛ тобымен берілген.

Сурет 2.4. Байланыстың желілік моделі

 

Желілік деректер қорының схемасын көрсету үшін екі топ типтері қолданылады: “жазылым” және “байланыс”. “Байланыс” типі екі “жазылым” типі бойынша анықталады: ата-ана және ұрпақ. “Байланыс” типінің айнымалылары байланыс экземплярлары болып табылады.

Деректердің желілік моделі жазылымдар жиыны мен сәйкес байланыс жиынынан тұрады. Егер иерархиялық құрылымда жазылым-ұрпақтың тек бір жазылым – ата-анасы болса, деректердің желілік моделінде жазылым-ұрпақ еркін сұрыпталған санды жазылым – ата-ана (өгей ата-ана) болады.

Қарапайым деректердің желілік моделінің схемасы мысал сурет 2.5. Мұнда типтер байланысы жазылым типтерін сызықтармен қосатын жазулармен белгіленген.

Сурет 2.5. Деректер қорының желілік схемасына мысал

 

Әртүрлі желілік типті ДҚБЖ-да мағынасы бір түсініктерге әртүрлі терминдер қолданылады. Мысалы, деректер элементтері мен агрегаттары, жазылымдар, жиындар, аудандар және т.б.

Желілік типті қорда деректер орналасуы иерархиялық деректер қорындағы сияқты әдістерді қолдану арқылы жүзеге асады.

Желілік типті қорда деректерді манипуляциялаудағы маңызды операцияларға:

· деректер қорында жазылым іздеу;

· ата-анадан бірінші ұрпаққа өту;

· ұрпақтан ата-анаға өту;

· жаңа жазылым құру;

· тұрған жазылымды жою;

· тұрған жазылымды жаңарту;

· жазылымды байланысқа қосу;

· жазылымды байланыстан алу;

· байланысты өзгерту және т.б.

Деректердің желілік моделі артықшылығы жадыны үнемдеу тиімділігі және жылдамдылығы. Иерархиялық моделмен салыстырғанда желілік модель еркін сұрыпталған байланыстар құруға мүмкіндік береді.

Деректердің желілік моделі кемшіліктеріне жоғары күрделілік және қарапайым қолданушы түсінігі үшін ақпаратты өңдеу күрделілігі. Сонымен қатар, деректердің желілік моделінде байланыстың еркін болуына байланысты жазылымдар арпсындағы байланыстар бүтіндігіне бақылау төмен болады.

Желілік моделде құрылған жүйелер тәжірибеде кең қолданыс табады. Кең тараған желілік ДҚБЖ келесілер жатады: IDMS, db_VistaIII, СЕТЬ, СЕТОР және КОМПАС.

 

Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

1. Желілік модель дегеніміз не?

2. Деректердің желілік моделінің қандай кемшіліктері бар?

3. Деректердің желілік моделінің қандай артықшылықтары бар?

4. Қандай танымал желілік ДҚБЖ білесіз?

5. Желілік типті қорда деректерді манипуляциялаудағы маңызды операцияларға нелер жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Нег. әдебиеттер: 1 (34-36 б.), 2 (56-59 б.).

Қос. әдебиеттер: 4 (57-65 б.).

 

Дәріс №12.

Тақырып атауы: Реляциялық деректер қоры.

Дәріс мақсаты:Деректердің реляциялық моделі және оның ерекшеліктері мен кемшіліктерін үйрену.

Кілттік сөздер:деректер моделі, қатынас, кортеж, атрибут, байланыс.

Қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар:

1. Реляциялық модель.

2. Деректердің реляциялық моделінің кемшіліктері.

3. Деректердің реляциялық моделінің артықшылықтары.

4. Танымал реляциялық ДҚБЖ.

 

Мазмұнын ашып көрсету:

Деректердің реляциялық моделі IBM фирмасының қызметкері Эдгар Коддтпен ұсынылған және қатынас деген тусінікте негізделген.

Қатынас бұл кортеж деп аталатын элементтер жиыны. Қатынасты кәдімгі адамдарға түсінікті екі өлшемді таблица түрінде көрсетуге болады.

Кестенің жолы (жазылым) және бағанасы (сап) болады. Кестенің әр бір жолының құрылымы бірдей және алаңнан тұрады. Кестенің жолдарына – кортеждер, ал бағаналарына – қатынас атрибуттар сәйкес.

Бір кестенің көмегімен деректер арасындағы қарапайым байланыс түрлерін жазу өте ыңғайлы, соның ішінде бір объектті бөлу (құбылыстар, негіздер, жүйелер және т.б). Бұл объектінің ішкі объектілер жиынынан тұруы деген, мұнда объектіге байланысты ақпараттар таблицаның жолдары мен жазылымдарына сәйкес сақталады. Әрбір ішкі объектінің құрылымдары немесе қасиеттері бірдей болады. Қасиеттер алаң жазылымына сәйкес мәндермен өрнектеледі. Мысалы, таблицада оқылатын топ туралы деректер және сол топ бойынша мынадай мінездемелер берілген: фамилиясы, аты және әкесінің аты, жынысы, жасы және білімі. Бір таблицаның күрделі логикалық құрылымды деректерді сипаттай алмауына байланысты таблицаларды байланыстыру қолданылады.

Сыртқы тасымалдаушыларға реляциялық қордағы деректерді физикалық түрде орналастыру қарапайым файлдардың көмегімен жузеге асырылады.

Реляциялық моделдің артықшылығыЭЕМ үшін қолайлы және түсінікті түде физикалық орналастыру болып табылады. Сол себепті де қолданушалар арасында кең қолданыс тапқан. Ал, бұл типтегі деректерді өңдеу тиімділігіне байланысты проблемалар өз шешімін техникалық жағынан тапты.

Реляциялық моделдің негізгі кемшіліктерікелесілер: бөлек жазылымдарды

идентификациялаудың стандартты тәсілдерінің болмауы және иерархиялық, желілік байланысты сипаттаудағы қиыншылықтар.

ПЭВМ үшін шетел реляциялық ДҚБЖ мысалдарына келесілер жатады: dBaseIII Plus және dBaseIY (Ashton – Tate), Db2 (IBM), R:BASE ( Microrim), FoxPro (алдыңғы версиялары) және FoxBase (Fox Software), Paradox және dBase for Windows (Borland), FoxPro кейінгі версиялары,Visual FoxPro және Access (MS), Clarion (Clarion Software), Ingres (ASK Computer Systems) және Oracle (Oracle).

Мекендік ДҚБЖ типіне мына жүйелер: ПАЛЬМА (ИК АН УССР), сонымен қатар Реляциялық ДҚБЖ–ң соңғы версиялары объектілі-бағытталған жүйелер қасиетіне ие. Бұндай ДҚБЖ көбіне объектілі-реляциялық деп аталады. Оған Oracle 8.x. жүйесінің өнімдерін мысал бола алады, ал жүйенің Oracle 7.x. дейінгі версиялар «таза» реляциялық болып табылады.

 

Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

1. Реляциялық модель дегеніміз не?

2. Деректердің реляциялық моделінің қандай кемшіліктері бар?

3. Деректердің реляциялық моделінің қандай артықшылықтары бар?

4. Қандай танымал реляциялық ДҚБЖ білесіз?

5. Реляциялық типті қорда деректерді манипуляциялаудағы маңызды операцияларға нелер жатады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Нег. әдебиеттер: 1 (37-42 б.), 2 (60-65 б.).

Қос. әдебиеттер: 4 (66-75 б.).

 

Дәріс №13.

Тақырып атауы:Объектілі-бағытталған мәліметтер қоры.

Дәріс мақсаты:студенттерді деректерді өңдеудің объектілі-бағытталғын моделімен таныстыру.

Кілттік сөздер:класс, экземпляр, мұрагерлік, полиморфизм, инкапсуляция, индекс.

Қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар:

1. Объектілі – бағытталған модель.

2. Объектілі – бағытталған модельдің артықшылықтары.

3. Объектілі – бағытталған модельдің басқа модельден өзгешелігі.

Мазмұнын ашып көрсету:

Объектілі-бағытталған моделде деректерді көрсетуде қордың жеке жазылымдарын идентификациялауға мүмкіндік береді. Деректер қорының жазылымдары, оның функцияларын өңдеу арасында өзара механизмдер арқылы, яғни объектілі-бағытталған бағдарламалау тілдері арқылы орнатылады.

Стандартталған объектілі-бағытталған модель ODMG-93 стандартында ұсынылған (Object Database Management Group – объектілі-бағытталған деректер қорын басқару тобы). ODMG-93 стандартының барлық ұсыныстарын толық жүзеге асыруға әлі мүмкіншілігі жоқ. Деректер қорының объектілі-бағытталған моделіне (байланысты негізгі түсінік немесе ой) жеңілдетілген түрі қарастырылады.

Деректер қорының объектілі-бағытталған құрылымы графикалық түрде тал ретінде, ал түйіндері болып объектілер табылады. Объекттің қасиеті стандарттық тип бойынша (мысалы, жолдық – string ) немесе қолданушы құрған тип бойынша (class ретінде анықталып) көрсетіледі.

String типінің қасиетінің мәні болып символдар жолы болып табылады. Class типінің мәні классқа қатысты экземпляр, яғни объекттің өзі болады. Класстың әрбір объект-экземпляры объекттің ұрпағы бола тұрып, ол қасиет болып анықталады. Класстың объект-экземпляры өзінің классына тиісті болып және бір ата-анасы бар. Деректер қорында тумаластық қатынастар иерархиялық объектілер байланысын құрайды.

Деректер қорының объектілі-бағытталған логикалық құрылымы мысал ретінде, кітапханалық жұмыс 2.10 суретінде берілген.

Мұнда КІТАПХАНА типті объект АБОНЕНТ, КАТАЛОГ және БЕРІЛІМ (выдача) класстарының объект-экземплярлары үшін ата-ана болып табылады. Әртүрлі КІТАП типті объекттер бір немесе бірнеше ата-анадан тұруы мүмкін. Бір ата-аналы КІТАП типті объектілер бір-бірінен ең болмағанда инвентарлық нөмір арқылы ажыратылып, бірақ қасиетерінің мәндері бірдей isbn, yok, атауы және автор болады.

Деректер қорының объектілі-бағытталған логикалық құрылысы сырттай деректер қорының иерархиялық құрылымына ұқсайды. Екеуінің арасындағы негізгі айырмашылық деректерді манипулирлеу әдісінде.

Сур.2.10.Кітапханалық жұмысының ДҚ-ғы логикалық құрылымы.

 

Деректерге әрекет жүргізуде деректер қорының логикалық опреацияларды пайдалану арқылы, яғни күшейтілген объектілі - бағытталған механизмдер – инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм қарастырылады. Деректер қорын құру және оның модификациясы жылдам деректерді табу ақпараты бар индекстерді (таблица индекстерін) қалыптастыру және кейінгі оған түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Деректер қорының объектілі - бағытталған моделіне инкапсуляция, мұрагерлік (наследования) және полиморфизм түсініктері пайдаланылады.

Инкапсуляция объекттің қасиет атының көріну аумағын, сол объект анықталған аумақпен шектейді. Бұл, егер КАТАЛОГ типті объектіне кітап авторының телефоны және телефон қасиетін қоссақ, онда АБОНЕНТ және КАТАЛОГ объекттер қасетттерінің аты бірдей болады. Бұның мағынасы, қай объект инкапсуляцияланған болса, сол бойынша қасиет те анықталады.

Мұрагерлік, керісінше, қасиетті объекттің барлық ұрпақтарына таратады. КАТАЛОГ типті объекттің ұрпақтары болып табылатын КІТАП типті объекттерге объекк – ата-аналық қасиетін жазуға болады: isbn, ydk, аталымы, автор. Егер тікелей қатысты емес тумаластары (мысалы, бір ата-ананың екі ұрпағы арасында) болатын объектке міндетті түрде мұрагерлік механизмінің әрекетін кеңейту керек болса, онда олардың ортақ ұрпақтарына abs типті абстрактті қасиет беріледі. Сол сияқты, КІТАПХАНА объектісінде билет және нөмір абстрактілі қасиетпен анықталып, сол қасиеттің барлық қосалқы АБОНЕНТ, КІТАП және БЕРІЛІМ объектілеріне мұрагерленуіне алып келеді.

Полиморфизм объектілі - бағытталған бағдарламалау тілдерінде бір бағдарламалық кодтың әртүрлі деректер типімен жұмыс жасау мүмкіншілігін береді. Басқа сөзбен айтқанда, бұл объекттің әртүрлі типті әдістерінің (процедуралар мен функциялар) бірдей аттарының болуын қамтамасыз етеді. Мысалда алынған объектілі-бағытталған деректер қорының қатысты полиморфизм, бұл КАТАЛОГ классынан әртүрлі ата-анасы бар, КІТАП классының объектілері әртүрлі қасиеттер жиынынан тұруы мүмкін. Сонда, КІТАП классының объектілермен жұмыс жасайтын бағдарлама полимофизмдік код бола алады.

Объетілі - бағытталған деректер қорында іздеу жұмысы қолданушы беретін және деректер қорында сақталатын объектілердің арасында ұқсастық арқылы анықталады. Объект - мақсат (объект қасиеті gool типті) атанатын қолданушы арқылы анықталатын объект, жалпы жағдайда деректер қорында сақталатын иерархиялық көпшілік асты (подмножество) түрінде көрсетіледі. Объект-мақсат, сонымен қатар сұранысты орындау нәтижелері базаның өзінде сақталады. Кітапханада ең болмағанда бір кітап алғандардың билеттерінің нөмірі және абонент аттары бойынша сұраныс мысалы 2.11 суретінде көрсетілген.

Сурет 2.11. Объектті-мақсатты деректер қорының фрагменті

 

Объектілі - бағыталған деректер қорының реляциялық деректер қорымен салыстарғанда негізгі артықшылығы күрделі өзара байланысқан объектілер туралы ақпаратты көрсете білуі. Деректер қорының объектілі-бағытталған моделі деректер қорында бөлек жазылымды идентификациялап және оның өңдеу функцияларын анықтай алады.

Деректер қорының объектілі-бағыталған моделінің кемшіліктеріболып жоғары түсінікті күрделілік, деректерді өңдеу ыңғайсыздығы және сұраныстарды өңдеу жылдамдығының төмен болуы.

90 жылдары объектілі-бағыталған ДҚБЖ-ң эксперименттік протиптері болды. Қазіргі кезде бұндай жүйелер кең таралып, соның ішінде оларға келесі ДҚБЖ жатады: POET (POET Software), Jasmine (Computer Associates), ODB-Jupiter (ғылыми-өндірістік орталық “Интелтек Плюс”), Versant (Versant Technologies), O2 (Ardent Software), сонымен қатар Iris, Orion және Postgres.

 

Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

1. Объектілі – бағытталған модель деген не?

2. Объектілі – бағытталған модельдің артықшылықтарын көрсетіңіз?

3. Объектілі – бағытталған модельдің басқа модельден кандай өзгешелігі бар?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Нег. әдебиеттер: 1 (43-50 б.), 2 (66-75 б.).

Қос. әдебиеттер: 4 (76-85 б.).

 

Дәріс №14.

Тақырып атауы:Метадеректер.

Дәріс мақсаты:студенттерге метадеректерді құру қажеттілігі, метадеректер көзі – құжатталған деректер, метадеректерді ұйымдастыру, Метадеректер қорын қолдану және дамыту мәселелері, метадеректердің құрамы туралы түсінік беру.

Кілттік сөздер:платформа, жоба, ұйым, карта, атлас, объекті.

Қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар:

1. Метадеректерді құру қажеттілігі.

2. Метадеректер көзі – құжатталған деректер.

3. Метадеректерді ұйымдастыру.

4. Метадеректер қорын қолдану және дамыту мәселелері.

5. Метадеректердің құрамы.

Мазмұнын ашып көрсету:

Деректер қорының даму қарқынына байланысты келесі сұрақтар тізбегі жиі туындап отырады: деректер нені білдіреді? Оның пішіні мен құрылысы қандай? Деректер қайдан келеді және тағы да сол сияқты. Метадеректерді басқару және оған рұқсат жоғарыда аталған сұрақтарға жауап бере алады.

Жоба неғұрлым ірі болса, сараптамалық жүйеде соғұрлым деректер көзі жұмылдырылады. Деректер қоры мен деректерді өңдеу жүйелеріне қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету спектрі неғұрлым кең болса, метадеректерді қолдану қажеттілігі соғұрлым жоғары болады. Метадеректер қолданушыға деректердің шығу тарихын, сонымен қатар, талдау процесіне қалай әсер ететінін және қызықтырушы ақпарат қайдан келетінін түсінуге мүмкіндік береді.

Метадеректерді құру қажеттілігі.

Метадеректер – өңдеу кезінде көмекші, анықтамалық болып келетін ақпараттар. Яғни, бақылаудағы платформалар, жобалар, ұйымдар, карталар, атластар, жаңа объектілер туралы мағлұмат.

Соңғы онжылдық ішінде массивтер мен деректер қорын құру процесі қарқынды дамып келе жатыр. Жүздеген бастапқы, инверттелген және есеп массивтері құрылған. Бұл деректерді өңдеу үшін жүздеген әр түрлі бағдарламалық жасақтамалар жасалған. Олардың көмегі арқылы мыңдаған әр түрлі есептік мәнездемелерді алуға болады.

Деректерді (халықаралық, ведомостіаралық, корпоратив аралық) айырбастау олардың тұтынушылық сапасының бағасымен қатар жүреді. Бұл ағында барлық ақпараттар тез арада бір бағытқа бағытталуы керек. Мұнда техникалық тасымалдауыштардан және тағы да басқа құралдардан алынған қағаз жүзіндегі каталогтар, тізімдер, анықтамалар ешқандай да көмек бере алмайды.

Біріншіден, ақпарат өте тез ауысып отырады, массивтер жыл сайын толықтырылып, түзетіліп отырады.

Екіншіден, мұндай ақпараттың көлемі өте үлкен болады. Сондықтан да, базадағы ақпараттың көлемі ондаған Мегабайтқа дейін жетеді.

Үшіншіден, анықтамалық ақпарат деректерді өңдеудің қағазсыз технологиясына өтудің негізі болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қолданушыларды деректер массивтерін толық немесе таңдау арқылы көшірмесін алу қанағаттандырмайды. Оларға белгілі бір критерийлер бойынша немесе бастапқы деректер массивінде жоқ атрибут бойынша таңдау жасау қажет болады.

Деректерді іздеу үшін анықтамалық ақпараттың алдын-ала талдауы қажет болады. Деректерді өңдеу де осыған сәйкес жүзеге асады. Қолданушылар өздерінің критерийлерін қанағаттандыратын белгілі бір ақпаратты деректерді өңдеу процесіне қосқысы келеді. Жоғары сапалы деректерді іздеу сәтті өту үшін әр түрлі метадеректер қажет болады: деректер массивтері, оларды сақтау пішіні, деректерді сақтайтын ұйымдар, бағдарламалық жасақтамалар және оларды өңдеу және тағы да басқалар туралы мағлұматтар. Қоюшыға және деректерге сенімділік, қажетті ақпаратты тез арада іздеу мүмкіндігі, белгіленген қолдануға олардың жарамдылығы – бұлардың барлығымен, бірінші кезекте, метадеректер қолданушыны қамтамасыз ету керек.

Метадеректердің ең негізгі мінездемесі болып олардың өзгеру жиілігінің жоғары еместігі саналады. Бұл объектілердің барлығына дерлігі уақыт аралығында аз өзгеріп отыратындығымен байланысты. Дегенмен, кейбір объектілердің уақыт аралығында өзгеріп отыруын қадағалап отыру керек. Сондықтан, атрибуттар құрамына, мысалы, құралдың құрылуының күн жадысы, олардың қолданылуының бастапқы уақыты және тағы да басқалары енгізіліп отыруы тиіс. Метадеректерді құрудағы қажетті деректер әр түрдегі техникалық құжаттамаларда болады. Сондықтан, олар қосымша реттеулер мен формализациялауды қажет етеді. Метадеректерді құру процесі келесі операциялардан тұрады:

- Мінездемелерді таңдау;

- Деректер қорының құрылымын жасау;

- Құжаттарды формализациялау;

- Тасымалдауышқа мәліметтерді енгізу.

Метаақпараттарды жинау үшін бағдарламалық жабдықтар жасалған. Олар деректер массивтері, ұйымдар, бақылаудағы жобалар, экспеттер, бақылау желілері туралы мағлұматтарды тез енгізу үшін қолданылады.

Анықтамалық ақпараттың массивтерін құрудың бірінші талпыныс 60-жылдардың аяғына жатады. Өкінішке орай, сол кездегі техникалық мүмкіндіктері толыққанды ақпаратты массив құруға мүмкіндік берген жоқ. Тек қана әр түрлі тасымалдауыштағы деректер массивтері туралы мағлұматты жинақтаудың идеясы ұсынылды.

70-жылдардың аяғы – 80 жылдардың басында анықтамалық ақпараттың массивін құру идеясына қайта оралды. Ресейде жалпы қолданыс үшін мәліметтердің коллекция түсіндірмелеріне арналған КАТАЛОГ бағдарламалық жабдығы жасалып шығарылды. Ол анықтамалық ақпараттың әр түрлі типтеріне бапталуға мүмкіндік берді. Осы бағдарламалық жүйенің негізінде 2 ақпараттық-анықтамалық жүйе жасалып шығарылды:

1. АИСС КАТАЛОГ;

2. АКОД.

АИСС КАТАЛОГ гидрометеорологиялық деректер массивтері туралы мағлұматтарды қамтыды.

АКОД (автоматизированный каталог океанографических данных) - океанографикалық деректердің автоматтандырылған каталогы. Мұнда деректердің көздері туралы мағлұматтармен қатар, тасымалдауыштағы жекелеген деректер туралы мағлұматтарды қамтыды. Бұл жүйелер анықтамалық ақпараттың толық көлемін көрсеткен жоқ.

Метадеректерді құру 80-жылдары кең қолданыс тапты. Украинаның ИК АН-і мен ВНИИГМИ-МЦД-ң бірлескен жұмысында океанографиялық деректерді басқару жүйесі жасалды. Бұл жүйенің құрамында деректер туралы мағлұматтардан басқа, қолданушылар, сұраныстар, ұйымдар, бағдарламалық жабдықтар және тағы да басқалары туралы мағлұматтар енгізілді.

Метадеректер мақсатталған тағайындалуы және құрылымы бойынша әр түрлі болып келетін біріктірілген ақпараттық жиын ретінде ұсынылды. Метадеректер анықтамалық ақпараттың барлық түріне мінездемелік болып келетін спецификалық ерекшеліктерді қамтиды:

- Метадеректерді бірінші рет жүктеу кезіндегі ақпаратты бір рет енгізу, содан соң, алдағы уақытта өзгерістерді енгізу және ұзақ уақыт аралығында оларды бірнеше рет қолдану;

- Жиілігі және көлемі бойынша анықтамалық ақпараттың жаңарып отыруының белсенділігінің төмендігі;

- Уақыты бойынша және көздері бойынша қолдану процесінен жаңару процесінің орындаушыларының бөлінуі;

- Ақпараттың анықталған белгілері бойынша классификациялануы және топталуы;

- Деректер туралы жалпы мағлұматтарды орталықтандыру қажеттілігі және деректер туралы бөлшектелген және жергілікті мағлұматтарды деорталықтандыру қажеттілігі.

Метадеректердің объектілерінің құрамы мен мінездемелерінің түсіндірмелерінің дәлдігі деректерді басқару деңгейіне, жүйенің масштабына, деректерді өңдеу кезеңдеріне тәуелді болады. Анықтамалық ақпарат әрбір ұйымның деректерді қайта жасау жүйесінде және жинау, сақтау, айырбастау және деректерді өңдеудің халықаралық, ұттық, ведомостілік және корпоративтік деңгейлер жүйелерінде айналымда болады. Жоғарыда аталған 3 деңгейде өзінің анықтамалық ақпараты болуы керек.

Халықаралық деңгейде халықаралық келісімшарттар, халықаралық айырбасқа тағайындалған және берілген деректер массивтері туралы мағлұматтар болуы тиіс.

Ұлттық деңгейде теңіздік ұйымдар, олар сақтайтын деректер массивтері, өңдеудің бағдарламалық жабдықтары, ұлттық дейгейде жинау мен айырбастау форматтары, бақылау платформалары, желілері туралы мағлұматтар және тағы да басқа мағлұматтар болуы қажет. Корпоративтік деңгейде деректер қорының массивтерінің жекеленген ақпараттары қажет.

Шешім қабылдайтын тұлғалар үшін, бірінші кезекте, ақпараттық өнім және оның шығарылу уақыты, сонымен қатар, мүмкін болатын сұраныстар типтері мен шешілетін мәселелер туралы мағлұматтар қажет. Қамтамасыз ету жүйесінде бір кестеге біріктіруге болатын бір класстың анықтамалық ақпараттарымен (деректер массивтері, деректер көздері, форматтары және тағы да басқа мағлұматтар) қатар, деректерді басқарудың әрбір деңгейлері үшін спецификалық анықтамалық ақпараттар бар (халықаралық келісімдер, конвенциялар, заңдар, жетекшіліктер туралы мағлұматтар).

Анықтамалық ақпарат кез келген ақпараттық жүйеде маңызды орын алады. Сондықтан, бұл ақпараттық ұйымдастыру әдісіне үлкен көңіл бөліну қажет. Метадеректерді құру үшін келесі тапсырмаларды шешу қажет:

Деректерді іздеу үшін анықтамалық ақпараттың алдын-ала талдауы қажет болады. Деректерді өңдеу де осыған сәйкес жүзеге асады. Қолданушылар өздерінің критерийлерін қанағаттандыратын белгілі бір ақпаратты деректерді өңдеу процесіне қосқысы келеді. Сондықтан, мұндай мағлұматтар метадеректердің сәйкес қорында жинақталады және сақталады.

 

Метадеректердің көзі – құжатталған деректер.

Деректер массиві (қоры) орындаушылардың іс-әрекеттері нәтижесінде пайда болады. Орындаушылар деректер массивін (қорын) жобалайды, қажетті бағдарламалық және технологиялық жабдықтарды жасап, ақпараттық жүйеге деректер массивін (қорын) қосады. Массивтің түсіндірмесі, оның болашақ қолданушылары үшін, деректер массиві туралы мағлұматтардың негізгі көзі болып табылады. Бұл түсіндірмеде келесілер беріледі:

- Деректер массивінің (қорының) формальданған түсіндірмесі;

- Ақпараттар көзі (ұйымдар, бақылаудағы платформалар, жобалар);

- Деректердің физикалық ұйымы – деректер массивінің сақталуының форматы және деректер қорының инфологиялық сұлбасы;

- Атаулардың толық және қысқаша параметрлер тізімі, бірліктер және өлшеу әдістерінің тізімі, шектеулер өзгерістерінің параметрлерінің тізімі;

- Деректерді бақылау әдісінің түсіндірмесі (логикалық, синтаксистік);

- Бастапқы тасымалдауышқа немесе өткізілген бақылау бағдарламасына қатысты массивтің толықтылығы;

- Алынған деректер шеңберінде бақылаушы бағдарлама-лардың (жобалардың) түсіндірмесі;

- өлшеу әдістері мен қолданылған құралдардың (өлшеуіш жүйелер) түсіндірмесі;

- Бақылау саны көрсетілген логикалық сақтау бірліктерінің тізімі (рейстер, квадраттар, географиялық облыстар және тағы да басқалары);

- Массиві құрылған бағдарламалық жабдықтардың түсіндірмесі;

- Осы массивтің өңделуінің бағдарламалық жабдықтарының түсіндірмесі;

- Осы массивтің негізінде алынған баспалық тізім;

- Деректер массивін тестілеу әдістері;

- Массивте қолданылатын кодификаторлар мен классификациялар;

Метадеректердің құрамы сурет 1.2-де көрсетілген.

Метадеректер құрамы деректер типіне тәуелділікпен анықталады. Келтірілген мағлұматтардың толықтығына басқа тарауларды түсіну және қолданушы сұрақтарының саны тәуелді болады. Деректердің түсіндірмелері жеткілікті дәрежеде нақты және қолжетерлік болуы тиіс.

Барлық деректер массивтері тек қана деректер массивтерінің түсіндірмесінен (толық және формальданған), деректер форматы түсіндірмесінен және метадеректер түсіндірмемінен тұратын сәйкес құжаттамалар арқылы беріледі. Жоғарыда аталған ақпараттардың барлығы Web сайтта орналасады және оған рұқсат алып, жұмысты бастамас бұрын, онымен танысып шығуға болады.

Техникалық тасымалдауыштағы деректер стандартты форматтағы файлдар тобы түрінде ұсынылады. Әрбір массив (бір файл немесе бірнеше файлдар тобы) келесі метадеректер жиынымен қатар жүреді:

- Массив түсіндірмесімен;

- Деректер файлының форматының түсіндірмесімен;

- Құбылысты түсіндіру процесінде қолданылатын сөздіктер мен кодтық кестелермен, аңыздармен;

- Құрамының түсіндірмесімен және массивтің физикалық орналасуын құрайтын мәліметтер файлының каталогымен.

Тасымалдауыштың әрбір жиыны README.TXT файлымен қатар жүруі керек. Онда төмендегідей мағлұматтар жазылады:

- Жоба аты;

- Посылканы жіберуші ұйым, телефоны, факсы, электрондық поштасының мекен-жайы және байланысқа жауаптының тегі;

- Посылкадағы тасымалдауыштың саны;

- Қосымша мағлұматтар.

Егер де тасымалдауыш бірнеше нұсқалардан тұратын болса немесе әр түрлі директорияларда орналасқан жиын бір массивтен көп материалдардан тұратын болса, онда тасымалдауыштағы материалдардың физикалық орналасуын көрсету қажет.

 

Метадеректерді ұйымдастыру.

Метадеректер ақпараттық ресурстар туралы форматталған ақпаратты қамтуы тиіс. Олар: параметрлер аттары, кодтары, қасиеттері, форматтары, сақтау адрестері және тағы да басқалары. Бұлардың барлығы ақпараттық ресурстарды тауып, оларды дұрыс өңдеу үшін ақпараттық технологияға қажетті ақпараттар болып табылады. Метадеректерге рұқсат алу және оларды сақтау үшін, Ресейде метадеректері бар кестелер құрылымының түсіндірмесі бар және метадеректерді қайта сақтауды ұйымдастырусыз орындайтын метадеректер базасының сұлбасы жасалды.

Ауқымды матедеректер деректердің әлемдік орталықтарының сайтында, ал ұлттық метадеректер сәйкес ұлттық ұйымдардың сайтында сақталуы тиіс. Метадеректер бастапқы деректерді іздеуді өздерінің бірнеше физикалық ұйымы деңгейінде қолданушылардың квалификациясы, олардың құқықтары, ақпаратты іздеуде қолданатын құрал-саймандар жабдықтарына тәуелді болады.

Жоғарғы деңгей – қолданушы үшін өте ыңғайлы деңгей. Мұда елдің және шетелдің әр түрлі ұйымдарының массивтері мен деректер қорының ақпараттары сақталады: теңіздік ұйымдар туралы мағлұматтар, бақылаудағы жобалар туралы мағлұматтар, эксперттер туралы мағлұматтар, теңіздік табиғи қоршаған ортаның ақпараттық ресурстары туралы мағлұматтар – бұлардың барлығы Web сайтта және тағы да басқа жерлерде орналасады. Метадеректердің әр типі бойынша оннан астам құжаттары болса, онда XML, RDF тілдерін қолданған ақпараттарға рұқсатты ұйымдастырудың динамикалық жабдықтарын қолдану ұсынылады. Бұл жағдайда Web технологиясын қолдану арқылы, мета-деректердің стандартты ұсынуының және іздеуінің мүмкіндіктері туады.

Метадеректердің екінші деңгейі бастапқы деректер қорының толықтығын, санын, сапасын бағалау негізінде мамандандырылған қолданушыға арналған. Сондықтан, мұнда бақылаудағы платформалар туралы мағлұматтарды қамтитын метадеректер қоры қолданыста болуы тиіс. Метадеректердің бұл деңгейі реляциялық деректер қорын басқару жүйесінің (ДҚБЖ) ортасында XML, RDF тілдерін қолдану арқылы динамикалық беттер түрінде Web сайтта ақпараттарды шығару мүмкіндігімен құрылады.

Метадеректердің үшінші деңгейі деректер қорындағы бастапқы ақпаратты іздеуге және мамандандырылған қолданушыға деректерді ыңғайлы формада беру үшін тағайындалған. Бұл деректер, негізінде, деректер қорының администраторына тағайындалған. Мұнда құрылатын деректер қоры деректердің логикалық мінездемелері бойынша оларды сақтаудың физикалық адрестерін және процедура есептерін табуға мүмкіндік береді. Бастапқы деректерді сыртқы қолданушыға беру кезінде кодификаторлар қоры қолданылады. Метадеректердің бұл деңгейі реляциялық деректер қорын басқару жүйесінің (ДҚБЖ) ортасында метадеректерді Web сайтқа шығарусыз құрылады.

Бұл деңгейде маңызды рөлді деректердің классификациясы атқарады. Бастапқы деректерді іздеу жүйесіне кірудің негізі болып сөздік параметрлер саналады. Оның көмегімен параметрдің логикалық мінездемесі, аты, алу әдісі және іздеудің шарты (географиялық аудан, бақылау периоды, ұсынылудың кеңістікті-уақтылы масштабы, деректер типі, фактография, кеңістікті деректер) арқылы деректерді сақтаудың физикалық адресін, болмаса, сол параметрдің немесе оның мінездемесінің мәнін есептеу үшін қосымшаның атын алуға болады. Барлық метадеректер деректер қорын басқару жүйесінің (ДҚБЖ) деректер қорында (ДҚ) сақталады. Онда метадеректердің көкейкестілігі сақталып, олар жоғарғы деңгейде периодты түрде сайттағы динамикалық ақпараттарды жаңартып отыру үшін, ал екінші және үшінші деңгейлерде сұраныстарды күнделікті орындау үшін қолданылады.

Физикалық ұйымның мәселелерін шешу үшін және метадеректерді жөнелтіп отыру үшін W3C (World Wide Web Consortium) стандарты болып келетін XML (Extensible Markup Language) тілін және DOM (Document Object Model) объектілі моделін қолдану ұсынылады.

W3C (World Wide Web Consortium) метадеректерді Web-та ұсыну үшін RDF (Resource Description Framework) стандартын жасап шығарған болатын. RDF (Resource Description Framework) тілі – XML (Extensible Markup Language) тіліне негізделген ресурстарды түсіндіру тілі. Ол белгілі бір облыстарда қолданылатын өзіндік тілдерді құруға мүмкіндік береді. XML стиліндегі кестелерді қолдану метадеректерді қолданушының экранында шыққаннан кейін де деректерді манипуляциялау механизмі мүмкіндік береді. Мысалы, сұрыптау, іздеуді жүргізу және бірден браузерден ақпараттарды қосу.

DOM (Document Object Model) құжаттың объектілі моделін қолдану деректер қорының форматындағы метадеректерді XML тіліне өзгертуге мүмкіндік береді. XML тілін қолдану тек метадеректердің әр түрлі объектілерінің түсіндірмелерінің атрибуттар құрамын стандарттап қана қоймай, сонымен қатар, олардың атын да, мәліметтер типін де стандарттауға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, XML тілінің негізінде метадеректерді түсіндіру үшін арнайы тіл құруға болады.

 

Метадеректер қорын қолдану және дамыту мәселелері.

Қазіргі уақытта, негізінен, деректердің әр түрлі объектілері үшін жекелеген жүйелер құрылуда. Жүйелердің көпшілігіне дерлігі деректер қоры мен массивтері туралы мағлұматтар объектілеріне құрылған. Метадеректердің объектілерінің атрибуттар құрамын тек стандарттап қана қоймай, сонымен қатар, метадеректердің барлық объектілерін қосатын (деректердің массивтері туралы мағлұматтар, ұйымдар туралы мағлұматтар, эксперттер туралы мағлұматтар, форматтар туралы мағлұматтар, жобалар туралы мағлұматтар) біріктірілген метадеректер жүйесін құру уақыты да келіп жетті.

Деректер массиві туралы мағлұматтар деректер қорын құрушылар мен қолданушыларға керек еместігі түсінікті. Өңдеушілердің көпшілігі олардың бар екендігін және мінездемелерін біледі. Бұл ақпарат ғылымның ауыспалы сферасында жұмыс жасайтын, яғни өздеріне қажетті облыстарда жұмыс жасайтындар үшін қажет. Сондықтан, метадеректерді жинау жүйелері бірінші кезеңде бастапқы деректермен орталықтан-дырылған болуы керек. Мұндай деректер қоры неғұрлым толығырақ болса, соғұрлым олар деректер туралы мағлұмат іздеу кезінде жиі қолданылады.

Метадеректердің қарқынды дамуы болып әр түрлі елдердің, ұйымдардың қосымша ақпараттарды қосу мүмкіндігі бар жүйелер – форматтардың, деректер массивтері бойынша библиографиялардың және тағы да басқалардың түсіндірмелерінің интеграциясы табылады. Осының барлығы EOSDIS (NASA USA) жүйесінде жасалған. Сонымен қатар, біріктіруді деректер қоры мен жалпы массивтер тізімінің және ұйымдардың сайтында орналасқан соларға тиіс түсіндірмелерінің сілтемелерін құру арқылы жасауға болады.

 

Метадеректердің құрамы.

Метадеректердің келесі объектілері кең қолданысқа ие:

- Деректер қоры (массиві) туралы мағлұмат;

- Ақпараттық ресурстар туралы мағлұмат;

- Web ресурстар түсіндірмесі;

- Деректерді, модельдерді және тағы да басқаларды өңдейтін және құратын бағдарламалық жабдықтар туралы мағлұмат.

Өзін-өзі бақылау үшін сұрақтар:

1. Метадеректер деген не?

2. Метадеректерді құру процесі қандай операциялардан тұрады?

3. Деректерді іздеу үшін не қажет?

4. Метадеректерді ұйымдастыру дегеніміз не?

5. Метадеректер қорын қолдану және дамыту мәселелері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Нег. әдебиеттер: 1 (51-63 б.), 2 (76-84 б.).

Қос. әдебиеттер: 4 (85-97 б.).

 

 

Дәріс №15.

Тақырып атауы: Мәліметтер қорының сұлбасы.

Дәріс мақсаты:CASE – құралдарын қолдануды, CASE – құралдардың жіктелуін, формальды жобалау әдістерін қолдану түрлерін, осы заманғы CASE–құралдарға шолу жүргізуді, Жүйе анализін, CASE–құралымен бағдарламалау әдістемесін үйрену.

Кілттік сөздер:динамика, технология, сейсмика, новигация.

Қысқаша мазмұны және негізгі сұрақтар:

1. CASE – құралдарын қолдану.

2. CASE – құралдардың жіктелуі.

3. Формальды жобалау әдістерін қолдану түрлері, мысалдары.

Мазмұнын ашып көрсету:

CASE (Computer Aided Software Engineering)–қазіргі кезде кеңінен қолданылады, ол бағдарламалық жабдықтаудың автоматты жасақталуы сұрақтарымен шектелмейді және күрделі ақпараттық жүйенің бүкіл жасақтау процесін қамтиды.

CASE – технологиясы ақпараттық жүйенің бағдарламалық құрылымын және де өңдеу құрал – жабдықтар жинағын ұсынады. Олар пәндік аймақта көрнекі түрде үлгі жасауға, осы модельді өңделудегі барлық кезеңдерді талдауға, ақпараттық жүйені қамтамасыз етуге және қолданушының ақпараттық сұраныстарына сәйкес қосымшаларды жасауға мүмкіндік береді.

CASE – атауы деп – арнайы класстың бағдарламалы – техникалық құралын айтады, CASE – технологияның жүзеге асырылуы және өңдеу процесін қолдауы, МБ–сын қамтамасыз етуі, оған қоса анализ бен анық түсіндірме берілуі, бағдарламалық қамтамасыздандырылуы мен МБ жобалануы, тестілену, сапаның қамтамасыз етілуі, жоба басқарылуы және басқа процестері түсіндіріледі.

CASE – құралдар жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру мен техникалық құралдармен бірге ақпараттық жүйе өңделуінің толық ортасын құрайды.

CASE – технологияның жоғары потенциалды мүмкіндіктері болады, олар ақпараттық жүйенің сенімділігін жоғарлатады, бағдарламалық құралдың сапасын жақсартады және еңбек өнімділігін арттырады.

CASE – құралдың сәтті енгізілуі мынандай жетістіктерге жетуді қамтамасыз етеді:

· Өңделу процесінің технологиялық қолдаудың жоғары деңгейін және бағдарламалық жабдықтауды қамтамасыз етеді;

· Инвестициядан CASE – құралдарға позитивті қайтарылуы;

CASE – құралдың сәтті енгізілуі үшін мекемеде келесі мүмкіндіктер болуы керек:

· Мүмкіншіліктеріне қарай шегеру түсінігі және жаңа технологияларды қабылдап алу қабілеті;

· Жаңа технологияларды енгізу дайындығы және өңдеуші мен қолданушы арасындағы байланысты үзбеу;

· Нақты басқару және аса маңызды кезеңдер мен процестерді енгізу кезінде ұйымшыл болуы;

Егер мекеме осы көрсетілгендердің біреуімен де жұмыс жасап білмесе, онда CASE – құралдың сәтті енгізілуі әртүрлі кепілдемелерді орындаса да сәтсіз аяқталуы мүмкін.

Жобалаған және жүйенің жұмысын сипаттаған кезде блок – схемалар мен диаграммалар кеңінен қолданылады. Схемалардың қатал түрде және көрнекі болуы өңдеушілер мен болашақ қолданушыларға жүйенің жасалу кезінде оған қатысуға, мәселелерін талқылауға және негізгі техникалық шешім қабылдау кезінде өз ұсыныстарын ұсынуға мүмкіндіктері бар. Бірақ та, осы құрылымдық әдістің кеңінен қолданылуы және нақты МБ өңдеу кезіндегі кепілдемелерді сақтауы өте жиі кездеседі, себебі, автоматтандырылмай (қолдан) жасалған кезде бұл мүмкін емес еді. Қолдан жасау және формальды жүйенің спецификациясын графикалық түрде ұсыну, оның толықтай қарама – қайшы болуын тексеру және оны өзгерту өте қиын болып саналған. Егер жобалық құжаттардың қатал жүйесін жасау мүмкін болса, онда оны салиқалы өзгерістер пайда болғанда қайта өңдеу мүмкін емес. Әдетте, қолдан жасау кезінде келесі проблемалар туындайды:

· Спецификациялық талаптардың адекваттық емес болуы;

· Жобалық шешім қабылдау кезінде қателерді таба алмауы;

· Құжаттардың төмен сапалы болуы;

· Созылмалы циклдық және тестілеу нәтижесінің қанағаттандырылмауы;

Жоғарыда атап көрсеткен проблемалар бағдарламалы – технологиялық құралдың арнайы класы – CASE – құралдың пайда болуына әкеп соқты. Ол CASE – технологияның құрылуы мен МБ–сын қамтамасыз етуді жүзеге асырды.

CASE – технология мен CASE – құралдың пайда болуы бағдарламаның құрылымдық аймағын зерттеуге үлкен әсерін тигізді. Бағдарламалау жоғары деңгейлі тілдердің енгізілуі мен жасалуы, құрылымдық және модульдік тәсілдер, жобалау тілдерін және оларды қолдау құралдары, формальды және формальды емес тілдердің жүйелік талаптарға сай сипатталуы, спецификациялары және тағы басқа мүмкіндіктерді иеленді.

Бұдан басқа CASE – технологияның пайда болуына мынадай факторларда себеп болған:

· Модульдік және құрылымдық бағдарламалаудың концепцияларын қабылдағыш бағдарламалаушы және аналитикрердің дайындығы;

· Компьютердің күнделікті өндірілуі және кеңінен енгізілуі, тиімді графикалық құралдар мен көптеген бағдарламалау деңгейлерін автоматтандыруға мүмкіндігі;

 

CASE – құралдарын қолдану.

CASE – технологиясы ақпараттық жүйенің бағдарламалық құрылымын және де өңдеу құрал – жабдықтар жинағын ұсынады. Олар пәндік аймақта көрнекі түрде үлгі жасауға, осы модельдің өңделудің барлық кезеңінде талдауға, ақпараттық жүйені қамтамасыз етуге және қолданушының ақпараттық сұраныстарына сәйкес қосымшаларды жасауға мүмкіндік береді. Көптеген CASE – құралдар құрылымдық әдістеме немесе объектілі – бағытталған анализ және жобалау негізінде құрылған, оның сыртқы талаптарын сипаттау үшін диаграмма және мәтін түріндегі спецификацияларды, жүйе модельдері арасындағы байланысты, жүйенің динамикасын және бағдарламалық құралдың архитектурасын қолданады.

Келесі жағдайларды атап өтейік:

· CASE – құралдар тездетіп эффект шығармайды, ол белгілі бір уақыт өткеннен кейін шығады;

· CASE – құралдардың пайдалы болу мүмкіндігі тек қана оның енгізілуі сәтті аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады;

 

CASE – құралды пайдаланғандағы нақты пайданы 1 немесе 2 жыл қолданғаннан кейін көруге болады. CASE – құралдың ықпал ету мүмкіндігі МБ пайдалану фазасында технологиялық жақсарулар пайдалану шығынының төмендеуі кезінде көрінеді.

 

1.-сурет. Ақпараттық жүйенің өмірлік циклының спиральді моделі.

 

CASE – технологияның негізінде МБ–ның жобалану кезінде жүйенің құрылуында спиральді цикл қолданылады (1.-сурет). Жұмыстың толықтай бітпеген кезінде өңдеудің әрбір кезеңінен ағымдағы жұмыстың бітпеуіне қарамастан келесі кезеңге өте береміз. Өңделу кезіндегі жетіспей тұрған жұмыстарды біз келесі итерация кезінде өңдейміз. Ал ең негізгі амал мүмкіндігінше жүйе қолданушыларына жұмысқа қабілеті бар құралды тездетіп көрсетуде, процесстің айқындалуы мен талаптардың толықтырылуын активтендіру кезінде беріледі. Спиральды циклдың негізгі проблемасы – келесі этапқа өту кезіндегі уақытты анықтау.

Жобалау технологиясының жасалуы және МБ қамтамасыз етуі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:

· Технология МБ өмірлік циклын толықтай қолдауы керек;

· Технология МБ жасалуында мақсаттарының нақты орындалуын қамтамасыз етуі керек;

· Технология аз уақыт ішінде МБ жұмысын жасауды қамтамасыз ету керек. Бұл жерде МБ дайын болуының мерзімі жөнінде емес, оның бөлек жүйелерінің жүзеге асу мерзімі жөнінде айтылады. МБ өңделуі азғантай мерзім ішінде көптеген өңделушілердің бірігуін талап етуі мүмкін, соның өзінде сапасы төмен болуы мүмкін, бұған қарағанда азғантай мерзім ішінде азғана өңдеушілермен жасалған МБ сапасы жоғары болуы да мүмкін;

· Технология жоба конфигурациясының басқару мүмкіндіктерін, жобаның нұсқасының жүру барысын және оның анықтамаларын, жоба құжатының автоматты шығуын және оның нұсқасының жоба нұсқасымен синхронизациясын қарастыру керек;

· Технология МБ–ның жүзеге асыратын құралдарының жобалық шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуі керек (Мәліметтер базасын басқару жүйесін (МББЖ), операциялық жүйені (ОЖ), бағдарламалау жүйелері мен тілдерін);

Шынында, жобалау технологиясының дәстүрлі жолмен тездетілген және оптималды шешім қабылдауға мүмкіндігі көбірек. Бұнымен бірге, формальды әдістің барлық мүмкіншіліктерін қолдану мүмкін емес. Шынына келгенде, осы аймақтағы барлық құралдар әртүрлі әдістемені қолдану арасындағы ком