Жиналыс байланысы

Техникалы-пайдаланушы талаптары.

Қызмет ету аймағына қарай жиналыс байланысын үш деңгей иерархиясына – магистральды МСС, жолды ДСС және бөлімшелік ОСС жиналыс байланыстарына бөлуге болады. Магистральды жиналыс байланысы көлік және коммуникациялар Министрлігі мен теміржол басқармасын, әрбір жолдың жолды жиналыс байланысы – сәйкес жол бөлімшесі мен басқармасын, сонымен қатар сұрыптаушы, учаскелік станциялар мен үлкен жүк және жолаушылар жұмыстары бар станцияларды, бөлімшелік жиналыс байланысы – бөлімше мен оның барлық станцияларын қамтиды.

Жиналыс байланысына қойылатын негізгі техникалы-эксплуатациялық талаптар оның негізгі тағайындалуынан пайда болады:

- жиналыс жылдамдығынан, яғни ол белгіленген уақытқа ұйымдастырылу керек (жиналыс әдетте кесте бойынша немесе ерекше тағайындалу кезінде өткізілуі мүмкін, сол себептен ереже бойынша біраз ұзақтықтыққа ие болады);

- жиналыс өткізілетін кез-келген учаскедегі сөйлесу мен шақыруға арналған байланыс құралдарын пайдалану қарапайымдылығынан;

- жиналыс өткізу кезіндегі басқарушы басымдылығына пайда болады.

Айтылып кеткен талаптар, жиналыс байланысы аппаратураларының негізгі талаптарын тұжырымдайды, ол өзіне басқарушы және атқарушы станциялардағы студияларда орнатылған аппаратуралар мен байланыс арналарын қосады:

- барлық студиялардағы дауыспен зорайтушы қабылдау мен кез-келген жиналысқа қатысушыны дауыспен шақыру;

- «Біреу сөйлейді – барлығы естиді» принципін іске асыру;

- басқарушы станцияның басшылығымен үзілуге дейінгі сөйлесуді біржақты әдіспен енгізу;

- студияның акустикалық қасиеттері мен тарату жолдарының жоғарғы сапасы;

- жалпы айтқанда байланыс желісінің жоғарғы жұмыс жасау сенімділігі;

- аппаратура мен байланыс желісінің жалпы дайындалуының минималды уақыты;

- қызмет көрсетуші қызметкер жақтан байланыс жиналысы сапасының әрдайым бақылауда болуы.

Ұйымдастырылу принципі.

Айтып өткендей, жиналыс өткізу үшін, жол басқармалары мен бөлімшелерінде, сондай-ақ ірі станцияларда арнайы орындар – студия деп аталатын жиналыс залдары орнатылады. Жиналысқа дайындалу кезінде ЛАЦ-тағы кезекші қызметкер жиналыс байланысының аппаратурасын қосады, оған негізгі және резервті арналарды қосады да, бақылау аппаратурасындағы, содан кейін студиядағы тарату жолдарының сапасын тексереді.

Жиналыс байланысын ұйымдастыратын структуралық сұлба (8.2-сурет): басқарушы, төртсымды және екісымды транзитті және шеткі станциялардан, сонымен қатар студия аппаратурасынан құралған.

Студияларда дауыспен зорайтушылардың қалпақшалары мен микрофонды күшейткіштері МУ бар микрофондардан және басқару SB1 және SB2 кнопкалары орнатылған.

Басқарушы станция аппаратурасы: тарату және қабылдау күшейткіштерінен УПр және УПер, таратқыштан Р және ауыспалы түйінді трансляциядан ПУТ тұрады. Таратқыш студияның төртсымды қосылуын, жиналыс байланысының шеткі және транзитті станциялардағы атқарушы бағыттарының 12 ТЧ арналарын және ауыспалы түйінді трансляциясын ПУТ қамтамасыз етеді. ПУТ атқарушы транзитті немесе шеткі станциялардың жиналыс байланыстарын гальваникалық басқару әдісімен, алты НЧ арнаға дейін қосуды қамтамасыз ете алады.

Транзитті төртсымды станция аппаратурасы: төрт бағытты таратқыштан Р, өз студиясының қабылдау УПр және тарату УПер күшейткіштерінен және НЧ арнасын гальваникалық басқару әдісімен қосу блогынан құралған. Соңғысы У1 және У2 күшейткіштерінен, кернеу түрлендіргішінен және РПУ релесінен тұрады.

 

8.2 сурет – Жиналыс байланысын ұйымдастырудың

функционалдық сұлбасы.

 

Жиналыс байланысының транзитті екісымды станциясының аппаратурасы ПУТ секілді, гальваникалық басқару әдісімен, сегіз НЧ арнаға дейін қосуды, шеткі станцияның аппаратурасының басқаруынсыз-ақ қамтамасыз ете алады.

Шеткі екісымды станция ДОСС, студияның қабылдау УПр және тарату УПер күшейткіштерінен, сонымен қатар қабылдау және тарату сигналдарын гальваникалық басқару құрылғысынан тұрады.

Жүйенің дұрыс жұмыс істеуін үш негізігі этапқа бөлектеуге болады: басқарушы станция студиясынан сөздің таратылуымен, атқарушы станция студиясынан сөздің таратылуымен және атқарушы станцияның үзілуімен.