Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 24 страница

Бір типті және аралас шарттар. Бір типті шарттар сан алуан қыры бар (жеткізу, тұрмыстық мердігерлік, жалдау, рента және т.б). Белгілі бір түрдегі (таурды беру, жұмыс орындау,қызмет көрсету) міндеттемелерді тудырады. Аралас шарттарда заңнамада көзделген әртүрлі шарттардың элементтері болады. Негізгі және алдын-ала шарттар. Мүлікті беруге ,жұмыс орындауға және қызмет көрсетуге байланысты құқықтар мен міндеттемелер тікелей негізгі шарттан туындайды. Алдын-ала шарт дегеніміз-сол шартта көзделген ережелерді сақтап тараптардың келешекте негізгі шарт жасасуға міндет алған шарты. Алдын ала шарттардың мысалы ретінде жүк тасымалын ұйымдастыру туралы шартты, банктің тараптар келіскен мөлшерде және жағдайларда ақша қаражатын беруге міндеті көзделген шартты келешекте пәтер алу шартын (тұрғын үй контрактын) алуға болады. Еркін және міндетті шарттар. Жасалуы түгелдей тараптардың қалауына байланысты шарт еркін шарт деп аталады. Міндетті шартты жасау тараптардың біреуі үшін міндетті болып табылады. Міндетті шарттар арасында жария шарттардын орны бөлекше.

Коммерциялық ұйыммен және қызметіне сипатына қарай оған өтініш пен келетін әркімге тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнінде оның міндеттемелерін. Белгілейтін шарт жария шарт деп аталады (бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейрамхана қызметін көрсету және т.б).

387-баптың мазмұнынан жария шарттың белгілері туындайды :

1) оны коммерциялық ұйым жасайды;

2) коммерциялық ұйымның тауарлар сату , жұмыс орындау немесе қызмет көрсету жөніндегі міндеттер белгіленеді;

3) ұйым, өз қызметінің сипатына қарай, бұл міндеттерді өзіне жүгінген әр адамға қатысты жүзеге асыруға тиіс;

4) коммерциялық ұйым , заңнмада көзделген жағдайлардан басқа реттерде, шарт жасасуда бір адамның алдында екінші адамға артықшылық беруге құқылы емес.

Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары. Өзара келісілген шарттар жасасқанда оның ережелерін екеуі анықтайды. Қосылу шартын жасасқанда оның ережелерін біреуі дайындайды, екінші тарап ол ережелерді құптайды. Қосылу шарты өзінің жасалу процедурасы жағынан басқа шарттардан өзгеше. Егер әдеттегі шарт хат алмасу, шарт ережелерін келісу жолымен жасалса, қосылу шартының ережелерін бір тарап дайындайды, ол стандартты формаларда (бланк, формуляр,т.б.) анықталады. Екінші тарап шартқа ешқандай өзгерту енгізе алмайды. Егер енгізетін болса шарт қосылу шартынан жай шарқа айналады.Өзінің пайдасына жасалған шарттар мен үшінші жақтың пайдасына жасалған шарттар. Әдетте шарттар шарттан туындайтын міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы адамдардың- өзінің қатысушыларының пайдасына жасалады. Сонымен қатар, шарттың жасалуына қатыспаған, бірақ орындалуын талап етуге құқығы бар адамдардың - үшінші жақтың пайдасына көздейтін шарттарда бар. Тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышкерден міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқылы үшінші жаққа борышкер орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт деп танылады.

 

21- тақырып. Шарт жасау, өзгерту және бұзу.

Жоспар:

1. Шарт жасаудың нысаны. Шарт жасаудың кезеңдері.

2. Шарт жасау тәртібі мен жасалатын жері.

3. Шартты өзгерту негізі, тоқтату тәртібі және бұзу.

1. Шарт жасаудың кезеңдері. Шарт жасау екі кезеңнен тұрады: шарт жасауға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптардың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп , ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады. АК-395 бабаына сәйкес офертада біршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шартт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден белгілі бір тұлғаның атына бағыттылған болуы тиіс. Егер ұсыныс жалпыламай жасалса ол оферта емес, тек оферта жасуға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау- қабылдамау сатушының өзіне байланысты. Шарт жасасу қандай да бір тараптың міндеті емес, офертаны оларды кез-келгені жібере алады. АК-ның 395-бабы оференттің байланыстылығы ұғымын енгізді. Бұл шарт әлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелерді туындағынын білдіреді. Ол адресат офертаның алған кезден акцепт немесе акцепт үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды.

Оферент байланыстылығы ұғымынан офертаның қайтарып алынбайтындығы ұғымы туындайды. АК-ның 395-ші бабының 4-ші тармағында офрта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген.Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалғанұсынысты айыра білу керек.

Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жсайды.Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады.Сол тауарды сатып алуға ұсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады.Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды.

2. Шарт жасау тәртібі. Шарт жасау ұсынысы сол жерде бар контрагентке тез жауап беруге болатын жағдайларда, ол жерде жоқ контрогентке жауап алу үшін қалайда уақыт қажет болатын жағдайда жасалады. Мерзімі көрсетілген ұсыныс ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін өзі анықтағандықтан (пианино сатып алыңыз, жауабын екі апта күтемін ) , ол сол мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның мазмұнын өзгерте алмайды. Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса оферентке екінші тарапқа келген шығынды өтеу түрінде теріс салдар келеді.

Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім аяқталғанша, егер ондай мерзім белгіленбеген болса-ол үшін жеткілікті уақыт ішінде алған болса.Ал оферта акцепт үшін мерзім көрсетілмей ауызша жасалса, басқа тарап өзінің акцепті жайында тез мәлімдеген жағдайда шарт жасалған болып саналады.

Шарт жасасатын жер. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып танылады.

Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығына бағынатындығын, ал тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы бойынша анықталатындығын белгілейді. Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылады.

3. Шартты өзгерту және бұзу. Шартты өзгертудің және бұзудың негіздері. Шартты өзгерту дегеніміз – оның мазмұнын құрайтын бір немесе бірнеше ережелердің өзгеруі. Шартты бұзк дегеніміз толықтай немесе ішінара орындалмаған шартты АК-ның 367-377 баптарында көзделмеген (міндеттемелердің тоқтауы) негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату. АК- ның 401- бабында шартты өзгертудің және бұзудың үш нұсқасы көзделген: тарптардың келісуі бойынша; соттың шешімі бойынша шартты толықтай немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартудың нәтижесінде. Тараптардың келісуі шартты өзгертудің және бұзудың шарт бостандығы принципінен туындайтын қалыпты және ең қолайлы тәсілі болып табылады. Шартты өзгертудің және бұзудың барлық қалған тәсілдері (сот тәтібінде, орындаудан біржақты бас тарту) АК – да, басқа заң актілерінде және шартта көделген жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін. Сот шешімі бойынша шартты бұзу тараптардың біреуінің талабы бойынша жүргізіледі. АК- ның 401- бабының 2 – тармағында шартты бұзудың екі негізі келтірілген. Оның біреуі - шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы, яғни шарттың бұзылуынан екінші тараптың шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айырылып қалатындай шығынға ұщырауы. Мысалы тапсырыс беруші шарт жасақан кезде құрылыс объектісінің уақтылы және сапалы тұрғызылатындығына үміт артқан, бірақ мердігер құрылыс жұмыстарын жүргізгенде жобаның өрескел бұзылуына жол берген.

Шарттардың кейбір түрлері үшін заңнамада елеулі деп танылатын нақты бұзушылықтар белгіленген. Мысалы, Ак-ның 476- бабына сәйкес тауар жеткізіп беру шарты үшін кемішілігі бар сапасыз тауарлар жеткізіліп, ол кемшіліктерді сатып алушы үшін қолайлы мерзімде жою мүмкін болмаса; тауар жеткізу мерзімдері неше қайтара бұзылса; тауарларды төлеу мерзімдері неше қайтара бұзылса шарт елеулі бұзылған боп саналады. Екінші жағдай – АК-да, басқа заң актілерінде немесе шартта мұндай жағдайларда белгілеуге мүмкіндік беру. Мысал ретінде АК-ның 389 – бабының 2 –тармағын келтіруге болады, онда шарт ережесінде өзіне залал келетін баптар болса қосылған тараптың шартты бұзуды талап ету құқығы көзделген.

Басқа заң актілерінің ішінен, мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы Заңды атауға болады, оның 103- бабында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдау шарты жалға берушінің талабы бойынша, Тұрғын үй қатынастары туралы Заң негізінде ғана бұзылады делінген (егер үй бұзылуға жатса, егер жалдаушы оны ұдайы бүлдіріп немесе қирата берсе және т.б.)

Шартты орындаудан бір жақты бас тартуға, егер ол АК-да, заң актілерінде немесе шартта тікелей көзделгенде ғана, жол беріледі. Бұл ереже 273- баптың заңнамада немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға жол бермейтіндігі туралы нормаларына негізделген.

404- баптың 2 – тармағында шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол берілетін мынадай жағдайлар белгіленген:

1) шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаса;

2) белгіленген тәртіпте екінші тарап банкрот деп танылса;

3) шарт жасалғанда негізге алынған мемлекеттік орган актісі өзгере немесе күшін жойса.

Шарттан тараптың бір жақты бас тартуға құқығы АК-ның шарттардың кейбір түрлеріне арналған бірқатар баптарында көзделген. Бұл, көбіне, орындалуы борышкердің немесе несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты шарттар (тапсырма шарты, ақылы қызмет көрсету, банк есепшоты және банк салымы, жолаушылар тасымалдау шарттары).

Шарттан біржақты бас тартуға жол берілетін жағдайлар басқа за актілерінде де көзделген. Мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102- бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушы жалдау шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы (отбасының кәмелетке жеткен мүшелерінің келісімімен).

Тұрғын үй жалдау шартын тұрғын үйді жалдаушы, тіптен жалға берушіні хабардар етпей – ақ, өзінің шартты бұзғандығын растайтын конклюденттік әрекеттер жасау жолымен бұза алады. Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102- бабының 2 – тармағына сәйкес жалдаушы және оның отбасы мүшелері басқа жаққа тұрғылықты тұруға кетсе тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылған болып саналады.

Шарт мерзімі көрсетілмей жасалса да шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол беріледі. Бұл ретте біржақты бас тартудың барлық жағдайларына қатысты жалпы ереже: ол жайында екінші тарапты бір айдан кешіктірмей ескерту туралы талап сақталуы тиіс.

Шартты орындаудан біржақты бас тарту шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне әкеп соғатын заңдық факты болып табылады. Бұл ретте шартты бұзу немесе өзгерту үшін сотқа жүгінудің қажеті жоқ. Бірақ екінші тарап, гер мұндай біржақты бас тарту негізсіз деп тапса, сот арқылы дауласуға құқылы.

Шартты өзгерту және бұзу тәртібі және олардың салдарлары.

Шартты өзгерту және бұзу тәртібі туралы келісім, егер заңдардан, шарттан немесе іскерлік айналым дағдыларынан өзгеше туындамаса, шарт жасалған формада жасалады.

Шартты өзгерту немесе бұзу жөніндегі ұсыныстан екінші тараптың бас тартуы алынғаннан кейін, не ұсыныста көрсетілген немесе заңдарда не шартта белгіленген мерізмде, ал ондай мерзім болмаған кезде отыз күн мерзімде жауап алынбағаннан кейін ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты отқа мәлімдей алады.

Шартты бұзудың және өзгертудің салдарлары әртүрлі: егер шарт бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтаса, ал шарт өзгергенде ол өзгерген түрде сақталады.

АК – ның 403- бабында шарттың бұзылуын шартты заңсыз деп танудан айыруға мүмкіндік беретін ережелер келтірілген:

- шарт өзгерген немесе бұзылған жағдайда міндеттемелер алдағы уақытта, тараптар келісім жасаған немесе сот шешімі заңды күшіне кірген кезден бастап тоқтайды; шарт заңсыз деп танылғанда заңдық салдар туындамайды, шарт ол жасалған кезден бастап заңсыз деп танылады;

- шарт өзгергенде немесе бұзылғанда тараптар шарт өзгерген немесе бұзылған кезге дейін өздерінің орындағандарын қайтару жөнінде талап қоя алмайды, шарт заңсыз деп танылса әр тараптың шарт бойынша алғанды басқа тарапқа қайтарып беруі жалпы ереже ретінде белгіленген.

Тараптар шарттың күшін жаңа мерзімге ұзартуға құқылы. Шарттың күшінде болу мерзімін ұзарту іс жүзінде жаңа шарт жасалғанын білдіреді. Сондықтан ол АК – ның 397- бабының шарт жасасу тәртібіне арналған ережелері бойынша жүргізіледі. Яғни, шарт мерзімін ұзарту үшін бір тарап екінші тарапқа оферта жіберуге, ал ол тарап сол офертаны акцептеуге тиіс. Шарттың күшінде болу мерзімін ұзартуды шартты жаңа мерзімге пролонгация жасаудан ажырату керек, соңғы жағдайда шарттың күшінде болу мерзімі өткеннен кейін шарттың күшінде болуы өзінде көзделген мерзімге өзінен өзі ұзарады. Егер шарттың өзінде тікелей көзделсе ғана шартты пролонгация жасауға жол беріледі.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1. Гражданский кодекс РК (Общая часть). Комментарий (постатейный). В 2 кн. – 3-е изд., испр. и доп., с использованием судебной практики / Отв. ред. М.К. Сулейменов. Алматы. 2007.

2. Азаматтық құқық. І том. Жауапты ред.: М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин. - Алматы, 2003.

3. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған акад.курс. І-том. –Алматы: «Жеті жарғы», 2001.

  1. Гражданское право (Общая часть). Учебное пособие. Под ред. Диденко А.Г. Алматы, 2003.
  2. Гражданское право. Том 1. Общая часть. Под ред. Суханова Е.А. М., Волтерс Клувер, 2004.

Қосымша әдебиеттер

  1. Каудыров Т. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности в Республике Казахстан. Алматы, 2001.
  2. Ильясова К. Регистрация прав на недвижимость в Республике Казахстан. Основы концептуальные положения. Алматы, 2000.
  3. Карагусов Ф. Ценные бумаги и деньги как объекты гражданских прав. Алматы, 2001.
  4. Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан: Учебное пособие / Ответ.редактор Т.Е.Каудыров. – Алматы: Жеті Жарғы, 2003.
  5. Гражданское право в системе права. Отв.ред. М.К.Сулейменов. –Алматы, 2007.
  6. Климкин С.И. Юридические лица (сборник статей). Алматы, 2004.
  7. Климкин С.И. Хозяйственные товарищества по законодательству Республики Казахстан. Алматы, 2002.
  8. Сулейменов М.К. Правовое регулирование иностранных инвестиций и недропользования в Казахстане. – Алматы, 2006.
  9. Сулейменов М.К. Арбитражные (третейские) суды в Казахстане: прошлое, настоящее, будущее. – Алматы, 2007.
  10. Диденко А.Г. Обеспечение исполнения договоров. Астана, 2000.

СЕМИНАР САБАҚТАРЫ

Семинар сабақтары бойынша ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

1-тақырып. Азаматтық кұқықтың түсінігі (1апта)

Сабақ мақсаты: Құқықтық жүйедегі салалардың негізгілерінің бірі болып саналатын «азаматтық құқық» пәнінің мемлекетіміздің қалыптасуы, дамуы және нарықтық экономикада алатын ролін білу. Студенттердің жалпы оқыту пәндерінен алған теориялық білімдерін жетілдіру. Бұл тақырып көлемінде студент азаматтық құқық ұғымын, жүйесін, қағидаларын және оны реттейтін қайнар көздерге байланысты сұрақтарды игеруі қажет.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Салалық құқық жүйесіндегі азаматтық құқық. Құқықтық реттеу пәні.

2. Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеудің әдістері.

3. Азаматтық құқық түсінігі, мәні және оның негізгі бастамалары

4. Азаматтық құқық және азаматтық заңнама. Заңнаманың құрамы. Азаматтық заңнама және халықаралық шарттар.

5. Шетелдік азаматтық құқықтың жалпы сипаттамасы.

6. Заңды ұқсастық бойынша қолдану. Азаматтық заңдарды талдау.

Талдануға тиісті нормативтік актілер:

ҚР Азаматтық кодексі: 1-бап. Азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастар; 2-бап. Азаматтық заңдардың негiзгi бастаулары; 5-бап. Азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы; 4-бап. Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы; 6-бап. Азаматтық заң қалыптарының түсiнiлуi; 7-бап. Азаматтық құқықтар мен мiндеттердiң пайда болу негiздерi

Білуге тиісті терминдер: терминдер жинағы

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Азаматтық кодексі

2. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

3. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

4. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

5. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

6. E-mail: book @ zakon. Kz.

2-тақырып. Азаматтық құкыктық катынастар

3-тақырып. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау (2апта).

Сабақ мақсаты:Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi. Азаматтық құқықтық қатынастардың азаматтық заңнамада белгіленген анықтамасын дұрыс деңгейде игеру.

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Азаматтық құқықтық қатынастар, түсінігі, ерекшелігі, мазмұны, нысаны, пайда болуы, өзгеруі, жойылу негіздері.
  2. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру, қорғау әдістері, кәсіпкерлік, тұтынушылар құқығын қорғау.
  3. Азаматтық құқықтық қатынатардың ұғымы, ерекшелігі және мәнін анықтау.
  4. Азаматтық құқықтық қатынастардың өзгертілуі және тоқтатылу сәттерін білу.
  5. Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері

Талқылануға тиісті нормативтік актілер:

ҚР Азаматтық кодекс: 8-бап. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру; 9-бап. Азаматтық құқықтарды қорғау; 10-бап. Кәсiпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау; 11-бап. Кәсiпкерлiк еркiндiгiн пайдаланып қиянат жасауға жол бермеу

Білуге тиісті терминдер: терминдер жинағы

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Азаматтық кодексі

2. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

3. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.

4. Гражданское право сб. статей Общая часть учебное пособье 2003г. под ред проф. А.Г. Диденко

5. Гражданское право в схемах Уч. пособье Б.К Абдыкадыров А., 1999г.

6. E-mail: book @ zakon. Kz.

4-тақырып. Азаматтық құкықтың объектілері (3 апта)

Сабақ мақсаты:Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. Азаматтық құқықтық қатынастардың бағытталу ерекшелігіне байланысты олардың маңызы мен мақсатын анықтау.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Азаматтық құқықтық объектілер түсінігі, мүлік, заттар, ақша, бағалы қағаздар, мүліктік емес өзіндік құқықтар.

2. Азаматтық құқық объектілерін анықтау. Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеудегі азаматтық құқық объектілерін білу.

3. Жер, заттар, бағалы қағаздар, интеллектуалдық меншік және қызмет көрсету сияқты мүліктік игіліктердің түрлерін білу.

4. Мүліктік емес құқықтармен игіліктердің құқықтық реттелуі

Талқылануға тиісті нормативтік актілері:

ҚР Азаматтық кодексі: 3-тарау. Азаматтық құқықтар объектілері 1. Жалпы ережелер 115-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi 116-бап. Азаматтық құқық объектiлерiнiң айналым қабiлеттiлiгi, 117-бап. Қозғалмайтын және қозғалатын мүлiк, 118-бап. Қозғалмайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеу, 119-бап. Кәсiпорын, 120-бап. Бөлiнетiн және бөлiнбейтiн мүлiк, 121-бап. Күрделi заттар, 122-бап. Басты зат және керек-жарақ, 123-бап. Жемiстер, азық-түлiк және табыстар, 124-бап. Жануарлар. 125-бап. Интеллектуалдық меншiк, 126-бап. Қызметтiк және коммерциялық құпия, 127-бап. Ақша (валюта), 128-бап. Валюталық қазыналар

Білуге тиісті терминдер: терминдер жинағы

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

1. ҚР Азаматтық кодексі

2. ҚР Жер кодексі

3. ҚР Бағалы қағаздар рыногі туралы заңы

4. ҚР Ақшалай төлемдер туралы заңы

5. Ғ. Төлеуғалиев «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2001ж.

6. М.К. Сулейменов. Ю.Г. Басин «Азаматтық құқық» 1 – том Алматы 2003 ж.