Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 22 страница

Субъективтік міндеттемелік құқық бұзылғанда барлық уақытта бірдей шығын бола бермейді , не шығын өзіне тек нақты залалдарды не қолдан жіберіліп алынған пайданы ғана қамтуы мүмкін. Сондықтан шығындарды көрсету үшін нағыз шығындар термині де қолданылады, ол нақты құқық бұзудағы шығынды көрсетеді. Тиісінше, нақты залал, не тек қолдан жіберіліп алынған пайда, не нақты залал менен жіберіліп алынған пайданың жиынтығы кіруі мүмкін. Бұл ретте, жауапкершілік көзделген болса, нақты шығындардың сомасын борышкерден өндіріп алуға болатын шығындардың мөлшерінен асып түсуі мүмкін.

Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершілікті шартпен шектеу мүмкіншілігіне АК-да және заң актілерінде көзделген белгілі бір ережелер сақталғанда қол жеткізуге болады. Мысалы, мұндай ережелер, қолдан жіберіліп алынған пайданы өндіруді шектейтін және тек нақты залалды өндіру мүмкіндігін қарастыратын келісімдерден басқа , тараптары борышкерді міндеттеме бұзғанға дейінгі шығындарды өтеуден босату жөнінде келісуіне жол бермейтін 350-ші бабтың 2-тармағында: тұтынушы ретінде саналатын азамат несие берушіге айналған міндеттеме бойынша жауапкершілік туралы өзге келісімге жол бермейтін 358-бабтың 2-тармағында көзделген, егер бұл түр үшін немесе осы бұзушылық үшін жауапкершіліктің мөлшерін заңнама анықтаған болса. АК-ның 350-бабының 3-тармағына сәйкес, шығындардың мөлшерін анықтағанда, егер заңнама да немесе шарттаөзгедей көзделмеген болса, шығынды есептеудің абстрактылық әдісін қолдануға болады. Шығындарды есептеудің абстрактылық тәсілімен, шығындарды есептегенде шарттық баға емес, міндеттеме орындалуға тиісті жердегі нарықтық баға алынуы мүмкін. Бұл ретте мынадай бағалар негізге алынады: не, жалпы ереже бойынша, шартқа сәйкес міндеттемені орындау кезінде тауар рыногындағы баға; не, бұзылған міндеттеменіеркімен орындағанда (мысалы, мерзімін өткізіп алғанда) , борышкер несие берушінің талаптарын орындаған кездегі баға; не, міндеттеме сот арқылы мәжбүрлеп орындалғанда, талап қойылған, шешім шығарылған немесе іс жүзінде төлем жасалған күнгі баға. Жауапкершілік шарасының тағы бір таралған түрі – тұрақсыздық айыбы, оны құқықтық реттеу АК-ның 293-298-баптарында көзделген. Шығындар мен тұрақсыздық айыбын өндірудегі өзара қатынасты анықтау тәртібі 351-бабта көзделген. Жалпы ереже бойынща, егер міндеттемені орындамағандық үшін тұрақсыздық айыбы көрсетілсе, онда шығынның тұрақсыздық айыбы көзделсе, онда, шығынның тұрақсыздық айыбы жаппаған бөлігі өтеледі. Сонымен қатар заңнамада немесе шартта мынадай жағдайлар көзделуі мүмкін: тек тұрақсыздық айыбы ғана өндіріледі (ерекше тұрақсыздық айыбының конструкциясы); шығын толық мөлшерде тұрақсыздық айыбына үстеме өндірілуі мүмкін (айыппұлдық тұрақсыздық айыбының конструкциясы); несие иесінің қалауы бойынша не тұрақсыздық айыбы, не шығындар өндірілуі мүмкін (баламалы тұрақсыздық айыбының конструкциясы). АК-ның 9-бабының 4-тармағына және 358-бабына заң актілеріне немесе шартқа сәйкес шектеулі жауапкершілік белгіленген (мысалы, өндірілетін щығын мөлшерінің ең жоғарғы шегі бөлінген, нақты шығындарды ғана өндіру тәртібі белгіленген және т.б.) жағдайда шығынның тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлігі, не үстеме, неоның орнына өндіруге жататын шығындар шектеумен белгіленген шектерге дейін өндірілуі мүмкін. Тиісінше, егер жауапкершілікті шектеу ерекше тұрақсыздық айыбын өндіру түрінде белгіленген болса, шығындар өндіруге жатпайды.

Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктің шығындарды өтеу және тұрақсыздық айыбын төлеу сияқты шараларын қарағанда бұл шаралардың борышкерді міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлеу жөніндегі шаралармен ара қатынасы, яғни жауапкершіліктің міндеттемені заттай орындаумен ара қатынасы туралы мәселені айналып өту мүмкін емес. Міндеттемені нақты орындау принципі міндеттемелік құқық қатынастарының негізге алынатын жалпы азаматтық-құқықтық принципі болып табылады. Бұл принцип заңнаманы міндеттемемен міндеттемелік құқық қатынастарын реттейтін нормаларынан, атап айтқанда, АК-ның міндеттемені тиісінше орындау туралы, міндеттемені орындаудан бір жақты бас тартуға жол берілмейтіндігі туралы, орындаумен міндеттемені тоқтату туралы және т.б. нормаларынан, сондай-ақ АК-ның дара белгілі бір заттарды беру жөніндегі міндеттемені бұзғандық үшін сол затты мәжбүрлеп алып қою және оны несиеберушіге беру сияқты салдарлар көзделген 355-бабының нормаларынан туындайды.

Сонымен қатар, шаруашылық жүргізудің нарықтық негізі, нарықтық қатынастар ақшаға оның негізгі функциясын-құн өлшемінің фукциясын беруді көздейді. Құн өлшемі бола тұрып ақша, нарықтық шаруашылық жүргізу және кәсіпкерлік арасындағы бәсекелестік жағдайында, сонымен қатар, нарықтық сауда жағдайында қалыптасқан бағаны бейнелейтің айналым құралы болып отыр. Нарықтық негіздерге сүйенген мүліктік айналымның кейбір субъектісінің пікірінше, ақша өтімін алу (орындау суррогатын), көбіне, орындауды заттай алумен бара-бар. Ол, негізінен, тауарды заттай алуды қамтамасыз етеді, себебі, ақша алғаннна кейін несие беруші борышкердің заттай бере алмағанын рыногтан ала алады. Сондықтан, несие берушінің орындауды заттай алуға құқығын қорғай отырып , азаматтық құқық несие берушіге міндеттемені нақты орындау туралы талап пен орындамаудан келген шығынды белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы өтеу туралы талаптың біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Бұған қол жеткізуге болады, себебі, біріншіден –нақты орындаудың шығындарды өтеу және тұрақсыздық айыбын төлеу туралы талаппен ара қатынасы туралы нормалар дипазитивті құрастырылған. Ол шартта АК-да көзделгеннен өзге тәртіп белгілеуге жол береді, екіншіден, міндеттеменің тоқтауының бір негізі ретінде ақша немесе өзге мүлік түрінде бас тарту төлемі міндеттемені тоқтатудың негіздерінің бірі ретінде белгіленген. АК-ның 354-бабының 1-тармағында, жалпы ереже бойынша, міндеттеме тиісінше орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеу мен шығындарды өтеу міндеттемені зат ретінде орындаудан борышкерді босатпайды. Заң актісімен немесе шартпен өзгедей тәртіп белгіленуі мүмкін. Атап айтқанда, тараптардың келісімімен міндеттемелерге жаңалау жүргізілуі немесе бас тарту төлемі жасалып міндеттеме тоқтауы мүмкін.

Керісінше, міндеттеме орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеу және шығындарды өтеу, жалпы ереже бойынша, АК-ның 354-бабының 3-тармағына сәйкес борышкерді міндеттемені зат түрінде орындаудан басатады. Шығындар құрамына бұл жағдайда несие берушінің міндеттемені борышкердің есебінен үшінші жақтың орындауына байланысты жасаған шығындарыда кіруі мүмкін. Тиісінше орындалмаған жағдайда, жалпы ереже бойынша, заң актісімен немесе шартпен өзгедей тәртіп анықталуы мүмкін. Мысалы, егер рыногта сондай тауар болмаса немесе ондай қызмет көрсетілмесе, не міндеттемеде теңдесі жоқ немесе ондайды иелену өте қиын дара – белгілі бір затты жасау көзделсе атап айтқанда, міндеттеме нысаны жылжымайтын мүлік объектісі болып табылса. Дәл осы жағдайлар үшін АК-ның 355-бабының нормалары көзделсе, оларға сәйкес несие берушінің меншікке, шаруашылық жүргізуге, оралымды басқаруды немесе дара- белгілі бір затты пайдалануға беру жөніндегі міндеттемені борышкердің мәжбүрлі түрде түрде талап етуге құқық беріледі. Затты беруден басқа борышкер затты беруге байланысты міндеттеменің мерзімі өткендіктен де, борышкерді міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлеумен байланысты шығындар болғандықтан да несие беруші тартқан залалды өтеуге міндетті.

3. Міндеттемені бұзғандық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке топтастыру әртүрлі критерийлер негізінде жасалынады. Шарттың бұзылған міндеттеменің және құқық бұзушының жауапкершілігінің негізі болатын –болмайтындығына қарай да топтастыру жүргізуге болады. Бұл ретте шарттық және шарттан тыс жауапкершілік болып бөлінеді, оларда құқықтық реттеуде, құқық бұзушының жауапкершілігінің шегін тараптардың келісімімен өзгерту мүмкіндігінде елеулі айырмашылығы бар. Шарттық жауапкершілікке шарт бойынша контрагенттің жауапкершілігі жатады, мысалы, сатушының, жалдаушының, сақтаушының жауапкершілігі. Егер, азаматтық заңнаманың міндеттемесінің кейбір түрлерін реттейтін нормалары императивтік міндеттеу көздемеген болса, шарттық міндеттемеде тараптардың келісімімен жауапкершіліктің шегін өзгерту, жауапкершілікті шектеу және т.б. мүмкін болады. Шарттан тыс жауапкершілік, әдетте, азаматтық құқықтың қандай да бір шартсыз міндеттеме туындау жағдайын және мәнжайын, борышкердің мынадай міндеттеме бойынша жауапкершілігін , жауапкершілік шектерін, құқық бұзушылықтың құрамын және т.б. қарастыратын императивтік нормалардың арқасында туындайды. Шарттан тыс жауапкершілікке, мысалы, борышкердің сыйақы көпшілік алдыңда уәде беруден, тапсырмасыз қызметтен, зиян келтіруден, негізсіз баюдан және т.б. туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілігі жатады.

Борышкерге міндеттемені бұзғаны үшін қолданылатын санкциялар бойынша жауапкершілік түрлерін топтастыруға болады. Бұл ретте жауапкершілік борышкердің шығындарды өтеу , тұрақсыздық айыбын төлеу, кепілпұл айыбын төлеу, моралдық зиянның орнын толтыру және т.б. жөніндегі жауапкершілігі сияқты түрлерге бөлінеді. Бұл жерде тұрақсыздық айыбын төлеу шығындарды өтеу, жауаптылықтың кең таралған түрі ретінде, бұрын жан жақты қаралған. Борышкердің тұрақсыздық айыбын төлеу мен шығындарды өтеу жөніндегі міндеттемелердібұзғандығы үшін жауапкершілігінің айрықша бір түрі ретінде борышкердің бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілігін атау керек. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін АК-ның 353-бабына сәйкес заңды тұрақсыздық алынатын мерзімді анықтаудың өзге тәртібі заңнамамен немесе шартпен анықталуы мүмкін. Яғни, міндеттемелердің кейбір түрлері үшін заңнама ережелерімен не шарт талаптарымен бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін тұрақсыздық айыбы есептелетін аз мерзім белгіленуі мүмкін, атап айтқанда, ауқымда тұрақсыздық айыбын есептеуге болатын ең шекті мерзім белгіленуі, не еңшекті мөлшер белгіленуі мүмкін. АК-ның 353-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрақсыздық айыбының мөлшері ақша міндеттемесін немесе оның тиімті бөлігін орындаған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржылаудың ресми ставкасы бойынша есептеледі. Сонымен қатар, заңды тұрақсыздық айыбын сот арқылы өндіргенде сот несие берушінің талабын талап арыз берілген күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сүйеніп қанағаттандырады. АК-ның 353-бабының 1- тармағында бекімін тапқан, заңды тұрақсыздық мөлшерін анықтау тәртібі туралы ереже, бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін заң актілерінде немесе шартта тұрақсыздық айыбының өзге мөлшері бөлінбеген жағдайда, толықтырушы болып қалады. Яғни міндеттеменің кейбір түрлері үшін заң актілерінің ережелерінде немесе шарт талаптарымен тұрақсыздық айыбының өзге мөлшері белгіленуі мүмкін, атап айтқанда, Ұлттық Банктың қайта қаржыландыру ставкасымен салыстырғанда одан асатын не төмендеу мөлшер белгіленуі мүмкін. Бөтеннің ақшасын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы, АК-ның 353-бабының 3-тармағына және ережелерге сәйкес, есептік деп аталады, және өндірілген тұрақсыздық айыбының мөлшері осындай пайдаланудан келген шығындардың сомасына есептеледі. Сондықтан, ақшасын борышкер заңсыз пайдаланған адам, сол ақшаны заңсыз пайдаланудан келген шығындарды тұрақсыздық айыбының мөлшерінен аспайтын бөлікте борышкердің өтеуін талап етуге құқылы. Моральдық зиянның орнын толтыру жеке мүліктік емес құқықтарға арналған тарауда, сондай-ақ келген зияннан туындайтын мән-жайларға арналған тарауда жан-жақта қаралған. Моральдық зиян дегеніміз жәбірлеушінің құқықтың бұзылуы, оның ішінде міндеттемелік құқықтың бұзылуы нәтижесінде басынан өткізген дене және көңіл күйзелісі (қорлануы, ашулануы, ұялуы, таба болуы, көңілінің қынжылуы, құлазуы және т.б.) Моральдық зиян ақша түрінде өтеледі. Моральдық зияның орнын толтырғанда өзіне келген моральдық залалдың ауырлығын жәбірлеушінің субъективтікбағалануы да , жәбірленушінің дене және көңіл күйзелінісідәрижесін көрсететін объективтік деректер де ескеріледі(қол сұғу нысанына айналған игіліктің өмірдегі маңыздылығы,құқық бұзушылық салдарынан ауыртпашылығы, жалған мәліметтердің сипаты және таралған өрісі, жәбірленушінің өмір сүру жағдайы және назар аударуға тұрарлық басқа да мән-жайлар). Шығындарды өтеу мен моральдық зияндық өтеудің ара қатынасына келетін болсақ , АК-ның 352-бабына сәйкес, моральдық зиян міндеттеме бұзылудан келген зияннан тысқары өтеледі. Борышкер жағындағы адамдар көп болса, олардың арасында жауапкершілікті бөлу өзінің сипатына қарай үлесті, ортақтастық және субсидиялық жауапкершілік болып келеді. Тараптардың адамдарының көптігін анықтау тәртібі АК-ның 269-бабының 2- тармағында көзделген.

 

19- тақырып. Міндеттеменің тоқтатылуы.

Жоспар:

1. Міндеттеменің тоқтауы ұғымы және оның негіздері.

2. Міндеттемені тоқтатудың кейбір тәсілдері.

1. Міндеттеменің тоқтауы тараптардың оның мазмұнын құрайтын құқықтары мен міндеттерінің тоқтауын білдіреді. Міндеттеменің тоқтауы үшін белгілі бір құқық тоқтаушы заңдық фактілердің- міндеттемені тоқтаудың негіздері болуы тиіс. Бұл негіздердің тізбесі АК-ның 367-бабының 1-тармағында берілген. Міндеттемені тоқтату негіздерінің бірқатар топтамалары бар. Мысалы, бір негіздер біржақты (есепке жатқызу) немесе екіжақты (бас тарту төлемі) мәмілелер болып табылады, басқа негіздер (борышкер мен несие берушінің бір тұлға болуы) ондай емес. Дегенмен, негіздерді мынадай бөлу көп таралған:

- тараптардың еркімен болатын негіздер (тиісінше орындау, бас тарту төлемі, есепке жатқызу, жаңалау, борышты кешіру);

- тараптардың еркіне қарамастан міндеттемені тоқтататын негіздер (борышкер мен несие берушінің бір тұлғаға айналуы, міндеттемені орындаудың мүмкін еместігі, мемлекеттік органның акт шығаруы, азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның тарауы).

Тараптардың біреуінің талабы бойынша міндеттеменің тоқтауы заңнамада көзделген жағдайларда ғана мүмкін болады (367-баптың 2-тармағы). Тараптардың біреуінің талабы бойынша міндеттеменің тоқтауы дегеніміз, бәрінен бұрын, міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуды білдіреді. АК-ның 367-бабының 1-тармағында берілген тізбе жабық емес. Заңнамада немесе шартта міндеттемені тоқтаудың өзгедей де негіздері көзделуі мүмкін. Мысалы, заңды тұлға бөлінгенде және бөлініп шыққанда несие беруші өзіне борышкер болып табылатын сол заңды тұлғаның міндеттемені мерзімінен бұрын тоқтауын талап етуге құқылы (48-баптың 2-тармағы). Кепілдік пен кепіл болушылықты тоқтатудың бірқатар негіздері көзделген (АК-ның 336-бабы). Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталы азайғанда акционерлік қоғамның несие берушілері тиісті міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтауын немесе орындалуын және шығынның өтелуін талап етуге құқылы.

2. Міндеттемні орындау. Тиісінше орындау ғана міндеттемені тоқтатады. Тиісінше болмаса міндеттеме тоқтамайды, қайта, қосымша міндеттер пайда болады (тұрақсыздық айыбын төлеу, шығынды өтеу және т.б.). Несие берушінің кінәсінен борышкердің орындауды кешіктіруі, біріншіден, борышкерді орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін жауапкершіліктен босатады, екіншіден, несие берушінің мерзім өткендіктен болған шығынды борышкерге төлеуіне әкеледі. Бас тарту төлемі міндеттемені тоқтатудың жаңа негізі болып табылады, ол Азаматтық кодексте бұрын болмаған (бас тарту төлемі революцияға дейінгі Ресейде кеңінен қолданылған). Бас тарту төлемін қолданудағы мақсат міндеттеме нысанын басқа мүлікке немесе ақшаға алмастыру арқылы міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. Жұмыс орындау немесе қызмет көрсету де ұсынылуы мүмкін.

Жаңартудағы сияқты, азаматтардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі және алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерге қатысты бас тарту төлемін қолдануға болмайды.

Бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақша сомасын төлеу борышкерді міндеттемені зат түрінде орындаудан босатады. Бас тарту төлемін кәсіпкерлік қызметте төлеуді практикада қолданудың нұсқаулары әртүрлі. Мысалы, заем шарты мүлік кепілімен қамтамасыз етілген. Міндеттеме орындалмағанда несие беруші өндіріп алуды кепіл нысанына аударғысы келеді, бірақ ол үшін сотқа жүгіну керек немесе мүлікті саудаға салу керек, және мүлік сатылғаннан кейін ғана өз талабын сол мүліктің құнынан қанағаттандыра алады. Ал, несие беруші сол кепілге салынған мүліктен қанағат алуға қарсы емес, оған борышкер де келіседі. Енді несие беруші мен борышкер бас тарту төлемі туралы келісім жасау алады: борышкер ақшаның орнына несие берушіге мүлік береді, міндеттеме тоқтайды.

Міндеттемені есепке жатқызу арқылы тоқтауы. Есепке жатқызғанда біртекті қарсы талаптар, егер мөлшері жағынан өзара тең болса, тоқтайды. Егер бір талаптың сомасы екінші талаптың сомасынан артық болса, онда екінші талап толықтай қанағаттандырылады, ал бірінші талаптың бір бөлігі ғана жабылады .

Есепке жатқызу үшін мынадай үш талап орындалуы мүмкін:

- есепке жатқызуға қойылатын талап қарсы болуы керек, яғни екі адам екі міндеттеме бойынша біріне бірі несие беруші де, борышкер де болуы қажет (жоғарыда келтірілген мысалда бірінші азамат заем міндеттемесі бойынша борышкер, ал кастюмді сатып алу-сату міндеттемесі бойынша ақша төлеуде несие беруші болып табылады);

- талаптар біртекті болуға тиіс. Практикада есепке жатқызу, әдетте, ақша төлемдері бойынша талаптарға қатысты жүргізіледі. Егер заттарды есепке жатқызу туралы мәселе туындаса, олар - сапасы бірдей біртекті заттар болуы керек (ұн ұнға, алма алмаға, және т.б.);

екі талап бойынша да орындалу мерзімі келуі (мысалы, ақшаны қарызға берген 2 айлық мерзім аяқталады), не мүлде белгіленбеген болуы (қайтару мерзімі көрсетілмей ақша қарызға берілді), не талап ету кезімен анықталуы (талап еткен бойда қайтарылатындай шартпен беріледі) тиіс.

Соңғы жағдайда орындаудың ақылға қонымды мерзімі және күндік мерзім туралы ереже қолданылмайды, себебі іс жүзінде орындау болмайды. Есепке жатқызу үшін екінші тараптың келісімі керек емес, бір тараптың мәлімдеуі бір жақты мәміле деп қарастырылады. Бірақ, екінші тарап есепке жатқызылуға қойылған талаптың заңдылығын да, және есепке жатқызуды жүзеге асыруға қажетті, 370-бапқа сәйкес жағдайлардың бар екендігін де сот арқылы дауласуға құқылы. Сонымен қатар, қарсы талаптардың есепке жатқызылуы тараптардың келісімімен де, сондай-ақ, қарсы талап қойылып даулар сот арқылы шешілгенде де болады. 370-бапта «қарсы бір тектес талаптардың» (яғни бір талаптың) есепке жатқызылуы жайында айтылғанымен, ол АК-ның осы бабының талаптарына жауап беретін бірнеше бір текті талаптарды есепке жатқызуға ұсыну мүмкіндігін жоққа шығармайды. Айта кететін бір жағдай- практикада қолданылып жүрген «кәсіпорындардың борыштарын өзара есепке жатқызудың» міндеттемені тоқтатудың азаматтық-құқықтық тәсіліне ешқандай қатысы жоқ. өзара есепке жатқызу әкімшілік өкімдерімен жүргізіледі, кейде ол кәсіпорыындардың бүтіндей салалары арасында болады, ал шындығына келсек, бұл- борыштарды жою және кешіру. Бұл нарыққа қайшы тетік, себебі мұндай жағдайда нашар, жұмыс істей алмайтын ұйымдар ұтады, ал, мықты, ұтымды жұмыс істейтін (борышсыз) кәсіпорындар ұтылып қалады. АК-ның 370-бабының 2-тармағында талаптарды есепке алуға жол берілмейтін жағдайлар аталған:

1) егер тараптардың бірінің өтініші бойынша талапқа заңды талап мерзімін қолдануға болса және ол мерзім өтіп кетсе;

2) азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы;

3) алимент өндіріп алу туралы;

4) өмір бойы асырау туралы талаптарда;

5) заңнамада немесе шартта көзделген басқа да жағдайларда.

АК-ның 370-бабының 2-тармағында талаптарды есепке жатқызуға жол берілмейтін негізгі жағдайлар аталған. Талап қою мерзімі өткен талапты есепке жатқызуға жол бермеу тараптардың біреуінің арызы болғанда ғана қолданылады. Сондықтан да, арыз болмаса есепке жатқызу жүргізілуі мүмкін. Ескеретін бір жағдай- азаматтардың талаптары бойынша сот, ерекше жағдайларда, өтіп кеткен талап қою мерзімін қалпына келтіруге құқылы (185-бап). Бапта келтірілген басқа жағдайлар, негізінен азаматтардың ақша қаражаттарына қатысты, оларда есепке жатқызуға мүлде жол берілмейді. Борышкер мен несие берушінің бір тұлға болуы. Мысалы, акционерлік қоғам акционерден оның акцияларын оларды өтеу және жарғы капиталын азайту мақсатында сатып алса; борышкер несие берушіден борыштық құжатты (вексельді) сатып алса; жалдаушы жалға берушінің жалға берген мүлкін иеленсе және т.б. жағдайларда борышкер мен несие берушінің бір тұлға болуы туындайды. Мүлік мұра бойынша борышкерден несие берушіге, және керісінше ауысқанда борышкерлер мен несие беруші бір тұлғаға айналып. Азаматтар арасындағы қатынастарда міндеттеме тоқтайды. Заңды тұлғалар арасындағы қатынастарда осы көрсетілген себептермен міндеттеменің тоқтауы заңды тұлғалар біріне бірі қосылу немесе бірігу арқылы олар қайта құрылғанда орын алады. Борышкер мен несие берушінің бір тұлға болуын тудырған мән-жайлар күшін жойса, бұрын болған міндеттеме тек азаматтар арасындағы қатынастарда ғана қалпына келеді (мысалы, борышкер өлді деп хабарланған несие берушінің мүлкін мұралайды, ал ол тірі).