Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 20 страница

Мемлекеттік тіркеуге жататын өзге жылжитын мүліктің кепіліне қатысты заң актілерінде өзгедей көзделмесе, кепіл туралы шартты тіркеген кезден бастап оларды жасау презумпциясы күшіне кіреді. ҚР-ның 1998 жылғы 30 маусымдағы Жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі Заңы қабылданғаннан бастап міндетті тіркеуге жатпайтын жылжитын мүлік кепілін тараптардың келісіммен тіркеу тетігі құралады. Мұндай тіркеудің құқықтық маңызы сонда, ол - белгілі бір адамның жылжитын мүлкінің кепілі туралы ақпараттың үшінші жақ үшін, оның ішінде мұндай адамның мүлкін кепілге қабылдау мүмкіндігітуралы мәселелерді шешу үшін жарияланғанда, алуға оңайлығында, бұрынғы және алдыдағы кепіл ұстаушылардың, құқықтарының, кепілдегі мүлікті өндіртіп алуға айналдыруға заңды құқығы бар кепіл ұстаушылар мен өзге адамдардың құқықтарының басымдылығын анықтауда көрініс табады. Жылжитын мүліктің кепілін бұлай тіркеу құқық коллизиясы туралы дауды шешкенде дәлелдемелік функция атқаруы мүмкін, себебі өндіріп алушы бұл мүліктің кепілі туралы білмеуі және кепіл ұстаушының мүдделері мен құқықтары ескерілмей өндіртіп алынғанда адал әрекет етуі мүмкін жылжитын мүліктің кепілін тіркегенде өндіріп алушының адал еместігі, әрине, болжамданады, себебі оның кепіл туралы білінуіне, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдерінің жария тізбесінен ақпарат алуына болады.

Егер тараптар мұндай жылжитын мүлік кепілін тіркеу туралы келісімге келіссе, онда тіркеу туралы жағдай шартының елеулі жағдайына айналады. Тіркеу жасамау, бұл жағдайда, кепіл туралы шарттың заңсысдығына әкеп соғады, бірақ ол тіркеу талаптарын бұзғандықтан емес, шарттың елеулі жағдайларын бұзу негізінде болады. Бұл заң, сондай-ақ, жылжитын мүлікті кепілге қайта салуға тиым салу туралы жағдайлар көзделген сол мүліктің кепілі туралы шарттың міндетті түрде тіркеуін қарастырады. Бұл шартты тіркеу туралы ережені бұзу тиым салу туралы талаптарды заңсыз етеді, бірақ жалпы кепіл туралы шарттың заңсыз деп танылуына ықпал етпейді.

Кепілдің субъективтік құқығы. Кепіл құқығы кепіл құқық қатынастарында ең басты роль атқарады. Кепіл құқығы, кепіл ұстаушының, оған кепіл нысанының сақталуын қамтамасыз ету үшін берілген мүлікті құқықтарының жиынтығын құрайды. Сонымен қатар, кепіл құқығының құрамына кепіл ұстаушының борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамағанда өндіріп алуды кепіл мүлкіне аудару құқығы кіреді. Егер, кепіл туралы шартта кепіл ұстаушығы кепілдегі мүлікті өз бетімен сату құқығы берілсе, онда кепіл құқығы мүлікке шетеулі билік ету құқығының - несие берушінің қамтамасыз етілетін негізгі міндеттеме бойынша талаптарын борышкер оындамаған жағдайда кепіл мүлкін сату құқығын қамтиды. Тіркеуге жататын мүлікті кепіл нысаны ретінде пайдаланғанда, жалпы ереже бойынша, мұндай мүліктің кепілі туралы шарты тіркелген кезден бастап кепіл құқығы туындайды, кепілақыда - мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден, ипотекада жәңе мүлік кепіл ұстаушыға берілмейтін кепілдің басқа түрлерінде - кепіл туралы шарт жасалған кезден бастап туындайды.Кепіл туралы шартта кепіл құқығы туындауының өзге де тәртібі көзделуі мүмкін, мысалы, тараптар кепіл ұстаушыға берілетін мүлікке кепіл құқығының жасалған кезден таралуы туралы келісуі мүмкін. Сонымен қатар, жалпы ережелердің императивтігіне байланысты, кепіл туралы мәміле тіркелген кезден бастап кепілдің пайда болуына қатысты кейбір мәселелерден шешімін табуы мүмкін емес, мысалы, мүліктің кейбір түрлерін немесе олармен мәмілелерді міндетті мемлекеттік тіркеу туралы жалпы императивтік ереже болса, онда кепіл құқығы шарт тіркелген кезден бастап ғана туындай алады. Кепіл құқығының туындауытуралы ережені қолданғанда кепілмен тек заңды талаптардың ғана қамтамасыз етілетіндігін ескеру керек. Сондықтан, борышкердің кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттемесі (несие беруші талабы) әлі туындамаған болса, онда кепіл туралы шарттың жасалғанына, тіптен оның тіркелгеніне немесе кепіл нысанының кепіл ұстаушыға беріліп қойғанына қарамастан, кепіл құқығы да туындай алмайды. Несие берушінің қамтамасыз етілетін талаптары туындағанша және заңды болғанша кепіл туралы шартта алдын ала шарт сипаты болады, одан өзінше тиісті салалар туындайды.

Айналымдағы тауарларға кепіл құқығы, кепіл ұстаушының кепілдерді жазу кітабы бойынша да, кепіл мүлкінің нақты бар екендігін, мөлшерінің күйін және сақтау жағдайын былайша да тексеру құқығын, сондай-ақ кепіл ұстаушының кепіл заттарын ауыстыру жөніндегі шарттарды және ол заттардың жалпы құнын сақтаудағы міндетін қамтиды. Айналымдағы тауарлар кепілінде кепіл құқығының құрамына, сонымен қатар кепіл беруші айналымындағы тауар кепілін бұзған жағдайда кепіл ұстаушының айналымындағы тауарлармен операцияларды тауарларға өз белгілерімен мөрлерін салу (айналымындағы кепіл тауарларын "қатты кепілге" айналдыру) арқылы тоқтата тұру құқығы, сондай-ақ борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда жалпы ереже бойынша, айналымдағы тауарлармен операцияларды тоқтатуы және кепілге салынған өндіртіп аударуы кіреді. Айналымдағы тауарларға кепіл құқығы кепіл нысанына шарт жасалған кезден бастап туындайды, ал кепіл нысанын белгіленген тәртіпте ауыстырған жағдайда - кепіл берушіде ауыстырылған нысанға меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығы туындаған кезден пайда болады. Кепіл нысанын жоғалту немесе оның толық бүлінуі кепіл құқығын тоқтатады, себебі жоқ нәрсеге кепіл болмайды, бұл мән- жай негізгі міндеттеменің заңдылығына еш әсер етпейді. Мұндай ереже мүліктік құқыққа қатысты да бар - мүліктік құқықтың мерзімінің өтуінің байланысты тоқтауы, мысалы, кепілдің тоқтауына әкеп соғады, себебі күшін жоғалтқан мүліктік құқыққа да кепіл болуы мүмкін емес. Егер кепілге салынған мүлік сақтандырылған болса,кепіл құқығы басқа құқыққа алмастырылады -кепіл ұстаушы мұндай жағдайда,заң актілерінде белгіленгеннен алып тасталатындарды қоспағанда, кепіл мүлкінің жоғалғандығы немесе бүлінгені үшін сол мүліктің (кепіл берушінің)сақтандыру өтемі есебінен қанағат алуға құқылы. Кепіл ұстаушының және өзге де адамдардың кепіл нысанына құқықтарының қиғаштығы. Кепіл борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда өндіртіп алуды аударуға болатын арнайы мүлік бөлу жолымен несие берушіде, басқа несие берушілерге қарағанда белгілі бір артықшылық туғызып міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етеді. "Басқа несие берушілер " деп кепіл берушінің несие берушілерін түсіну керке. Кепілді борышкердің өзі емес,үшінші жақ белгілеген жағдайда,борышкедің басқа несие берушілері кепіл мүлкін өндіртіп алуға аудара алмайды.

Кепіл ұстаушының өзге несие берушілер алдындағы артықшылық құқығы кепіл ұстаушының және кепіл берушінің өзге несие берушілерінің құқықтарының қиғаштығында кепіл ұстаушының құқықтарының басымдылығын білдіреді. Қазіргі кезде кепіл ұстаушының (кепілге несие берушінің) құқығының артықшылығы бар екендігі даусыз, бірақ .АК-да кепіл ұстаушы кепілге салынған мүліктің құнынан, белгіленген алып тасталынатындарды қоспағанда, басқа, несие берушілер алдында артықшылықпен қанағат алады деп көрсетілген.

Кепіл ұстаушының құқығының сөзсіз артықшылығы АК-да ол үшін алып тасталынатындардың заңды тұлғаның өз еркімен тарауына және белгілі бір несие берушілердің талаптарын АК-ның 1080-бабына сәйкес мұрадан қанағаттандырумен байланысты толық тізім көзделгендіктен туындайды. Кепіл ұстаушының артықшылық құқығынан алпы тасталынатындардан кепіл міндеттемесінің жеке кәсіпкердің банкрот болуымен немесе кепіл берушінің - заңды тұлғаның банкрот болуымен байланысты тоқтатуын ажырату керек, соңғы жағдайда кепіл құқығы тоқтайды және кепіл ұстаушының өзге несие берушілермен құқықтарының қиғаштығы болмайды, несие берушілердің банкротқа талаптарын қанағаттандырғанда белгілі бір кезкетіліктегі несие берушілерінің құқықтарының қиғаштығы болады.

Заңды тұлға өз еркімен тарағанда оның барлық несие берушілердің тараптарын қанағаттандыруға жететін ақшасы болса кепіл міндеттемесі күшін сақтайды, ал кепілге салынған мүлік басқа несие берушілердің талаптары бойынша өндіртіп алуға айналмайды.Ақша, таратылған заңды тұлғаның несие берушілерінің талаптарын қанағаттандыруға жетпейтін болса, онда кепіл ұстаушы мен таратылатын заңды тұлғаның мүлкінің меншік иесінің функциясын жүзеге асырушы тарату комиссиясықұқықтарының қиғаштығы болуы мүмкін. АК-ның 50-бабының 5-6 тармақтарына сәйкес бұл ретте тарату комиссиясы заңды тұлғаның кез келген мүлкін, оның ішінде кепілге салынғанын да саудамен сатуға және таратылатын заңды тұлғаның несие берушілерініңталаптарын белгілеген кезекпен қанағаттандыруға құқылы. АК-ның 315-бабының кепіл ұстаушы мен кепіл беруші құқықтарыныңқиғаштығы мәселесін шешетің 2-тармағының диспозитивтігінен және АК-ның 50-бабы 5-тармағының императивтігінінен соңғы нормада басымдылық болады, және құқықтардың бұл көрсетілген қиғаштығында кепіл ұстаушы құқығының басымдылық күші жойылады, ал тарату комиссиясы кепіл мүлкін сатуға және кепіл ұстаушының талаптарын белгіленгін кезекте қанағаттандыруға құқылы. Тарату комиссиясы кепілдегі мүлікті ашық саудада сатқанда кепіл міндеттемесі, жалпы ереже бойынша, АК-ның 322-бабы 1-тармағының 4 тармақшасына сәйкес тоқтайды,ал кепіл ұстауышы таратылатын заңды тұлғаның барлық мүліктерінің есебінен өз талаптарын белгіленген кезекпе қанағаттандыруға құқық алады. Кепіл ұстаушы, сонымен қатар, кепіл нысанының кепіл туралы шарт жағдайына сәйкес болмай шығып қалуына байланысты қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімінен орындалуын талап етуге құқылы.

Сонымен қатар, тарату комиссиясы өзге несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруға басқа мүлік жеткілікті болса өтеуді кепіл мүлкіне аудармауға құқылы,бұл ретте кепіл құқығы күшін сақтайды. Тарату комиссиясының шешімі бойынша және таратылатын заңды тұлғаның аралық немесе ақтық балансына сәйкес кепілге салынған мүлік тек кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін сатылуы не кепілге салынған мүлік таратылатың заңды тұлғаның құқық мирасқорына берілуі немесе кепіл құқығы сақтап оны үшінші жақтың иеліктен шығарылуы мүмкін. Сонғы жағдай кепіл мүлкін жекн тәртіпте, ашық сауда жүрізбей-ақ сатқан реттерде болады. АК-ның 50-бабының 4-тармағы нормаларының сөзсіздігіен байланысты заңды тұлға өз еркімен тарағанда кепілге салынған мүлктің тағдырын шешу тарату комиссиясының құзретіне жатады, оның құқығы болып табылады. АК-ның 1080-бабына сәйкес,мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажетті шараларды, мұра қалдырушыны жерлеуге кеткен шығындарды, мұраны қорғауға, басқаруға, өсиетті орындауға, сондай-ақ өсиетті орындаушыға немесе мұраны сенімгерлікпен басқарушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды өтеуге мұра жеткіліксіз болса, бұл шығындардың орнын толтыру үшін өндіру мұра құрамындағы кез келген мүлікке, оның ішінде,кепідегі мүлікке түсуі мүмкін. Бұл норманы іске асырарда мұрагерлік мүлік АК-ның 1080-бабында көзделген шығындардың орнын толтыру үшін сатуда кепіл ұстаушының құқығы мен мұраға билік етушінің (мұрагер, өсиетті орындаушы, бенімгерлікпен басқарушы және т.б.) құқығының қиғаштығын туындайды. Бұл ретте мұраға билік етуші іс жүзінде мүліктің меншік иесінің өкілеттігін атқарады, яғни,шын мәнінде мүліктің меншік иесінің құқықтары мен несие ұстаушының құқықтарынын қиғаштығы болады. Кепіл берушінің құқықтарынының арасындағы қиғаштықты шешетін АК-ның 1080бабы нормаларының императивтігі және АК-ның 315-бабының 2-тармағы нормаларының диспозитивтігі нәтижесінде мұра билік етушінің құқығында басымдылық болады,ол АК-ның 1080-бабында көрсетілген шығындарды жабу үшін кепілге салынған мүлікті сату немесе өзге мүлікті сатыу туралы шешім қабылдауға құқылы. Қажетті шығындарды өтеу үшін жеткілікті өзге мүліктер болған жағдайда мұраға билік етушіне кепіл ауыртпалығымен мұрагерлерге өтетін кепіл мүлік сатуға, не оны ұстаушының талаптарын қанағаттандыу үшін ғана пайдалануға не кепілге салынған мүлікті оған кепіл құқығын сақтай отырып сатуға құқылы. Мұраға билік етушінің шешімі бойынша немесе мұраға кіретін өзге мүлік жеткіліксіз болған жағдай кепіл мүлік АК-ның 1080-бабында көрсетілген шығындарды жабу үшін сатылуы мүмкін. Бұл ретте кепіл мүлік ашық саудамен сатылғанда,кепіл құқығы АК-ның 322-бабы 1-тармағының 4 тармақшасына сәйкес тоқтайды .Кепіл ұстаушы,сонымен кепіл нысанының кепіл туралы шарты жағдайына сәйкес болмай шығып қалуына байланысты қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге құқылы.

Кепіл мүлкін ашық сауда жүргізбей жеке тәртіпте сатқанда кепіл құқығы АК-ның 323-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес күшін сақтайды. Жеке кәсіпкер банкрот болған жағдайда жеке кәсіпкер кепіл беруші болған кепіл мінднттемесі тоқтайды, себебі банкрот болған кезден бастап жеке кәсіпкердің тіркелгені күшін жояды, міндеттеме субъектісі жойялады, сондықтан жеке кәсіпкердің өмірге немесе денсаулыққа келген зиянды, сондай-ақ ҚР-ның заңнамасында көзделген жеке сипаттағы басқа талаптарды өтеу жөніндегі міндеттемелерден басқа барлық міндеттемелері тоқтайды. Кепіл міндеттемесінің тоқтауы кепіл ұстаушыға кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің кепіл нысанының кепіл туралы шарт талаптарына сәйкес болмай шығып қалуына байланысты мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге құқық береді. Бұл ретте АК-ның 21-бабына және банкроттық туралы заңнамаға сәйкес, жеке кәсіпкер банкрот болған кезден бастап банкроттың несие берушілерінде борышкердің конкурстық массасы есебінен, заңнамада белгіленген кезектілікпен өз талаптары бойынша қанағат алуға құқықтар туындайды. АК-ның 21-бабына сәйкес талаптары жеке кәсіпкер мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген несие берушілер банкрот мүлкінің есебіне талаптарды қанағаттандырудың екінші кезегінде болады.

5. Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже. Кепілдік пен кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні-борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің құқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді және ешкімнің ырқына тәуелді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.

Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа тәсілдеріне қарағанда, мысалы, несие беруші борышкердің қабілетсіздігінен қорғамайтын тұрақсыздық айыбына қарағанда, кепілдік пен кепіл болушылық борышкер қабілетсіз болған жағдайда да несие берушінің міндеттемені орындатуына мүмкіндік береді. Тұрақсыздық айыбында несие беруші келген залалдың мөлшерін дәлелдеу міндетінен босап өз жағдайын біраз нығайтса, ал кейбір реттерде борышкер тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсім) төлеуге мәжбүр болса, ал кепілдік пен кепіл болушылық жағдайында несие беруші борышкердің қосымша ынтасымен емес, өзінің алдында бір емес,бірнеше міндетті адамның(кемінде-екі)болуымен позициясын нығайтады. Борышкердің үшінші жақтардың қосымша міндеттемелері есебінен міндеттемені орындауды қамтамасыз етуінің түрлері өзара ұқсас болғанмен, олардың құқықтық реттелуін өзінше қарауды талап ететін айырмашылықтар да бар. Кепілдік пен кепіл болушылықтың негізгі айырмашылығы олардың қосымша міндеттеме ретінде ортақтастығында не субсидиялығында, сондай-ақ кепілші мен кепіл болушының борышкер міндеттемесін орындауының шегінде және оларға талап қою тәртібінде.

Кепілдік. Кепілдік дегеніміз-кепілші деп аталатын белгілі бір адамның басқа адамның несие берушісі алдында міндеттемесін сол негізгі борышкермен ортақтасып орындауға жауап беру міндеттемесі. Кепілшінің борышкермен ортақтасқан жауапкершілігі туралы ереже қолданылмайтын жағдайлар заң актілерінде көзделуі мүмкін.

Кепілдік-қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші мен негізгі міндеттеме бойынша борышкер емес адам арасында орнатылатын құқықтық қатынас. Кепілші келбеті борышкерге келмейді, негізгі міндеттемеге қатысты алғанда кепілші әрқашанда үшінші тұлға болып қалады. Әдетте, кепілдікпен борышкердің ақшалай міндеттемесінің орындалуы қамтамасыз етіледі. Кепілдіктің тұрақсыздық айыбынан, кепілпұлдан немесе кепілден айырмашылығы сол, тіптен міндеттемеде тұрақсыздық айыбын төлеу көзделмесе де немесе, егер ол бойынша залал туындайтын болмасада ,борышкердің міндеттемені заттай орындауды да қамтамасыз етіледі. Кепілші өз қалауы бойынша не міндеттемені заттай орындайды ,не залалды өтеу және тұрақсыздық айыбын төлеу жөнінде борышкермен теңдей жауаптылық көтереді.

Кепілші мен борышкердің міндеттемелері ортақтас болады, яғни кепілші ортақтас борышкерлер қатарына жатады, оларға ортақтас міндеттеме туралы жалпы ереже тарайды. Кепілдік, дегенмен, негізгі міндетемеге қарағанда қосымша болып табылады. Сондықтан да, ортақтас борышкер туралы ереже кепілшіге кепілдіктің негізгі міндеттемеге қосымшалығынан, сондай-ақ кепілші негізгі міндеттемені орындағанда оған несие берушінің құқығының ауысатындығы туралы ережеден туындайтын бірқатар ерекшеліктерімен таралады. Негізгі міндеттеме бойынша несие беруші негізгі міндеттемені орындау жөнінде борышкерге де, орындау мерзімі келгенде кепілшіге де талап қоюға құқылы .Кепілші ретінде бір емес бірнеше адам бола алады. Бұл ретте кепілші жағында адамдардың көптігі орын алады және бұл адамдардың барлығы өз кепілдігін бірге берген болып саналады. Бірге кепілдік берген адамдар несие беруші алдында, жалпы ереже бойынша, ортақтасып жауап береді.Сонымен қатар бұл ереже диспозивтік болып саналады және кепілдік шартында кепілдікті бірге берген адамдардың кепілдік бойынша міндеттемені орындауының өзге тәртібі көзделуі мүмкін, мысалы, кепілшілер арасында үлесті жауапкершілік ,қатысушылардың біреуінің басқа кепілшіге қатысты субсидиялық жауапкершілігі және т.б. көзделуі мүмкін.Бірақ бұл кепілдіктің-кепілдің немесе бірнеше кепілдің негізгі міндеттемеге қатынасы бойынша ортақтас міндеттемесінің мәнін еш өзгерте алмайды.

Кепіл болушылық. Кепіл болушылық дегеніміз - кепіл болушы деп аталатын белгілі бір адамның басқа адамның несие беруші алдындағы міндеттемесін негізгі борышкермен бірге толықтай немесе жарым-жартылай субсидиялы орындауға жауап беру міндеті. Кепіл болушылық арқылы, әдетте, борышкердің ақшалай міндеттеменің орындауы қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауаптылығының мәнінен туындайды;кепіл болушы,егер заңнамада өзгеше көзделмеген болса, кепіл болушылықта көрсетілген сома мөлшерінде жауаптылық көтереді. Кепілші сияқты,кепіл болушы да,егер кепіл болушылықтың шарттарынан, заңнамада, негізгі міндеттеменің мәнінен немесе іскерлік айналым дағдысынан өзгедей туындамаса, некепіл болушылықта көрсетілген ақша сомасын төлеуге, немесе борышкер міндеттемесің зат түрінде орындауға құқылы, ал соңғысы міндеттемені үшінші жақтың орындауы туралы жалпы ережеден туындайды.

Кепілдік сияқты, кепіл болушылық та,қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші мен міндеттеме бойынша борышкер емес адам арасындағы құқықтық қатынас. Кепіл болушылық негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты субсидиялық міндеттеме болып табылады, және кепіл болушы да субсидиялық борышкер болады. Яғни кепіл болушы негізгі міндеттің орындалмағанына несие берушінің осы міндеттеме бойынша талабын борышкер орындамағаннан кейін ғана жауап береді. Несие беруші кепіл болушыға талапты негізгі борышкерге талап қойғаннан және ол талапты борышкер орындамағаннан кейін ғана қоюға құқылы.

Кепілші сияқты, кепіл болушы да несие берушінің талабын қанағаттандырғанға дейін ол жайында борышкерге хабарлауға міндеті, ал егер кепіл болушыға талап қойылса, онда борышкер іске тартылуы тиіс. Кепіл болушының бұл міндеттері азаматтық құқықтың субсидиялық борышкердің субсидиялық жауапкершілігі туралы жалпы ережесінен туындайды. Кепіл болушының бұл міндетті орындамауының салдары осындай міндеттерді кепілшінің орындамауының салдарындай:негізгі борышкер өзі несие берушіге қарсы қоя алатын қарсылықтарын кепіл болушының регрестік талаптарына қарсы қоюға құқылы.

Кепілдік пен кепіл болушылықтың туындау негіздері. Кепілдік пен кепіл болушылықтың туындау негізі екі жақты шарт болып табылады. Кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының тараптарына қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші мен негізгі міндеттемеге қатысты үшінші жақтар болып табылатын кепілші немесе кепіл болушы жатады. Бұл жерде бір тарап ретінде бір уақытты бірнеше адам қатыса алады. Кепілдік пен кепіл болушылыққа негіз болатын негізгі міндеттеме бойынша несие беруші мен кепілші немесе кепіл болушылық арасындағы қатынастар кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының жағдайларының шегінен тыс қалады.