Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 19 страница

Біріншіден, кепілпұлмен шарттардан туындайтын міндеттемелер ғана қамтамасыз етіледі және ол өзге міндеттемелерді қамтамасыз етуге пайдаланылмайды, мысалы, шарттан өзге негіздерден, атап айтқанда, әкімшілік актілерден, сот шешімінен тағы басқа туындайтын міндеттемелерді.

Екіншіден, кепілпұлмен тараптардың біреуінің ақшалай міндеттемесі көзделген шарттың орындалуы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, себебі кепілпұл "уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа " беріледі, мысалы сатып алу - сату шарты бойынша бағаны төлеу жөніндегі міндеттеме, жалдау ақысын төлеу жөніндегі міндеттеме және т.б. Бұл тұрғыда алғанда кепілпұл, міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып, бір жағынан шарт бойынша ақшалай міндеттемені бөлшектеп орындауы - шарт бойынша бір тараптың екінші тарапқа төлемінің бөлігі болып табылады.

Үшіншіден, кепілпұл, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып, шарт жасалғандығының дәлелдемесі ролін атқарады. Бұл дегеніміз - егер шарт тараптардың біреуінің кепілпұл төлеуін көздейтін болса, онда бұл міндет орындалғаннан кейін ғана шарт жасалынды деп саналады, мысалы, егер сатып алу - сату шартында кепілпұл төлеу көзделген болса, онда кепілпұл төленбей шарт күшіне кірмейді, ал кепілпұл сомасы төленгеннен кейін тараптардың біреуі шартты орындалудан бір жақты бас тарта алмайды. Кепілпұлды төлеу тараптар арасында кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттың барлық елеулі жағдайлары бойынша келісімге қол жеткендігінің және туындайтын барлық салаларымен оның күшіне кіргендігінің делелдемесі.

Төртіншіден, кепілпұл, сонымен қатар, оны беруші тарап үшінде, оны алушы тарап үшінде жауапкершілік өлшемі болады, біріншісінің міндеті - өзінен алынатын төлемді төлеу, ол одан бас тартқан жағдайда кепілпұлды жоғалтады, екіншісінің міндеті- міндеттемені заттай орындау, себебі оны орындамаған жағдайда ол кепілпұлды қайтарады және соның мөлшерінде қосымша шығын тартады.

Кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені тоқтатудың немесе орындамаудың не кепілпұл туралы келісімді тоқтатудың салдары болады. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттың тоқтауы кепілпұл туралы келісімнің тоқтауына әкеліп соғады. Басқа реттерде кепілпұлдың тағдыры қамтамасыз етілетін міндеттеменің тоқтау негіздеріне қарай шешілуі тиіс, мысалы, тараптардың біреуі орындауды бастағаннан кейін шарт бұзылса кепілпұлдың тағдыры тараптардың келісімімен, шарттың орындалған бөлігі ескеріліп шешіледі: жаңалағанда, тараптар келісімінде өзгедей көзделмесе, кепілпұл туралы келісім де тоқтайды, бас тарту төлемінде - бас тарту төлемінің мөлшерін, мерзімін және тәртібін тараптар белгілейді (бас тарту төлемінің мөлшері кепілпұлға шамалас та, басқадай да болуы мүмкін). Кепілпұл, міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі болумен қатар тұрақсыздық ақысы, жауапкершілік шарасы да бола алады. Егер тараптардың біреуі негізгі міндеттеме орындалмай қалатындай әрекет жасаса, оған сол әрекет үшін жауапкершілік ретінде екінші жаққа, берілген кепілпұл ескеріліп, кепілпұл сомасы мөлшерінде ақша төлеу міндеті жүктеледі. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені тиісінше орындамағанда бұзушыны жауапқа тарту АК-ның 349-366 баптарында көзделген. Яғни, кепілпұл жауаптылық шарасы ретінде болады, ол міндеттемені орындамаған жақтан өндіріледі, ол үшін, жалпы ереже бойынша, егер шартта немесе заңнамада басқадай көзделмесе, кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалмауында оның кінәсі болуы тиіс.

Кепілпұлды төлеу, жалпы ереже бойынша, міндеттеменің орындалмағаны үшін жауапты тарапты міндеттеменің орындалмауына байланысты туындаған шығындарды негізгі шарт бойынша басқа тарапқа, кепілпұл сомасы ескеріліп, төлеуден босатпайды.

4. Кепіл ұғымы. Кепіл деп несие берушінің міндеттеме бойынша өз талаптарын борышкердің немесе заттық кепіл бойынша белгілі бір заттың не өзге де мүлкінің құндылығы себебінен қанағаттандырудағы айрықша құқығы танылады. Кепіл институты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы үшін дәстүрлі болып табылады, онда кепіл құқық қатынастарын тікелей немесе жанама реттейтін бірқатар заң актілері бар. Кепіл құқық қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік актілер - Азаматтық кодекс, атап айтқанда оның 18-тарауының 3-параграфы және Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы Жарлық. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу, қажеттігіне байланысты жылжымайтын мүлік ипотекасы мен жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтың кепілін (мысалы, жалдау құқығының кепілі, сенімгерлікпен басқару құқығының кепілі және т.б.) тіркеу Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы Жарлықпен реттеуге жатады. Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеудің кейбір жақтары арнайы заң актісінде - ҚР-ның 1998 жылғы 30 маусымдағы " Жылжитын мүлік кепілін тіркеу туралы " Заңында реттелген.

Жер учаскесі және жер пайдалану құқығы кепілінің ерекшеліктері(мысалы, жер учаскесінің, жер учаскесін жалдаудың мүліктік құқығының кепіл берушісі кімдер екендігіне қарай) жер туралы заңнамадан, атап айтқанда Жер туралы заңнан туындайды. Жер қойнауына құқық кепілінің, сондай-ақ пайдалы қазбалар кепілінің ерекшеліктері жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада, атап айтқанда Жер қойнауы туралы және мұнай туралы Жарлықтарда көзделген.

Бағалы қағаздар кепілінің ерекшеліктері бағалы ққағаздар туралы заңнамада, атап айтқанда, 1997жылғы 5 наурыздағы Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, 1997 жылғы 5 наурыздағы ҚР-да бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы заңмен, сондай-ақ ҚР-ның 2003 жылғы 16 мамырдағы Акционерлік қоғамдар туралы заңмен реттеледі. Вексельдер кепілінің ерекшеліктері 1997 жылғы 28 сәуірдегі "ҚР-дағы вексельдік айналым туралы " ҚР заңында көзделген.

Валюталық құндылықтар кепілінің құқықтық реттеудің ерекшеліктері 1996 жылғы 24 желтоқсандағы "Валюталық реттеу туралы" Заңмен, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық банкі басқармасының 2001 жылы 20 сәуірдегі №115 қаулысымен бекітілген ҚР-да валюта операцияларын жүргізу Ережелерінде(Әділет министрлігінде 2001 жылғы 3 шілдеде тіркелген, №1561), сондай-ақ валюта операцияларын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген.

Кепіл жөніндегі сыртқы экономикалық шарт бойынша қолданылатын құқыққа қатысты коллизиялық нормалар АК-ның 7-бөлімінде реттеледі. Кәсіпорындардың, ғимараттардың, пәтерлердің жер учаскесіне құқықтың және басқа жылжымайтын мүліктің кепілі арнайы заң актісімен - жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы жарлықпен реттеледі .

Кепілдің акцессорлық сипаты. Кепіл өзінен өзі болмайды, ол несие берушінің негізгі міндеттеме бойынша талаптарының қанағаттандырылуын қамтамасыз ету үшін керек. Сондықтан кепілде қосымша және тәуелді, акцессорлық сипат болады, және ол қамтамасыз етілетін міндеттемеден бұрын туындай алмайды, ол тоқтағанда бұл да тоқтайды. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша несие берушіде екі талап болады: біреуі-қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша борышкерге талап, екінші-кепіл нысаны болып табылатын мүліктің кепіл берушісіне талап. Егер кепілге өткізілген мүлікті сатқаннан түскен ақша толық қанағаттандыруға жетпесе, онда несие беруші, жалпы ереже бойынша, кепілге өткізілген мүліктің құны жалпаған бөлікті борышкердің орындауын, оның ішінде өндіртіп алуды борышкердің барлық мүлкіне аудару есебінен орындауын талап етуге құқылы.

Кепіл объектісі. Кепіл қатынасында көрсетілген борыш төленбеген жағдайда өндіртіп алуға жіберілуі мүмкін зат кепіл объектісі (кепіл құқықғы) деп аталады. Егер оны кепіл жауапкершілігің заты деп атасақ дәлірек болар еді, себебі кепіл беруші кепіл қатынастарынан туындайтын және өз жауапкершілігіне алған міндеттеме бойынша сол затпен және оның құны шегінде жауаптылық көтереді. Заңнамада және құқық теориясында кепіл құқығының объектісі жай кепіл заты деп аталады.

Кепіл объектісі (заты) белгілі бір құндылығы, бағалылығы бар, негізгі міндеттеме орындалмаған жағдайда несие берушінің мүддесін қанағаттандыра алатын кез келген мүлік бола алады. Сонымен, кепіл құқығының объектісі бола алатын мүлік ретінде заттарды, ақшаны, оның ішінде шет ел валютасын, бағалы қағаздарды, жұмысты, қызметті, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелерін, фирмалық атауларды, тауар белгілерін, кейбір даралау құралдарын, мүліктік құқықтарды және "мүлік" ұғымына жататындардың барлығын алуға болады. Ескеретін бір жағдай-мүлік деп материалдық түрдегі қандай да бір жеке зат немесе құндылықтың қандай да бір жеке түрі ғана танылмайды. Мүлік деп қандай да бір субъективтік құқықтың объектісін де түсіну керек, ал ол объект мүліктің қөптеген түрлерін біріктіруі мүмкін, мысалы, заттар мен мүліктік құқықтар, олардың барлық жиынтықтары да мүлік- нақты субъективтік құқықтың объектісі болып табылады. Жылжитын да, жылжымайтын да, пайдаланылатын да, пайдаланылмайтын да заттар, әдетте, кепіл объектісі ретінде алынады. Бөлінбейтін зат тұтастай кепілге беріледі. Бөлінетін заттың бөлігі кепіл құқығының өзінше объектісі бола алады.

Ортақ меншіктегі заттар да кепіл объектісі бола алады. Мұндай мүлікті кепілге беру үшін оған ортақ мүліктің барлық меншік йелерінің келісімі керек. Сонымен қатар әрбір меншік иесі ортақ мүліктегі өз үлесін кепілге салуға құқылы. Ортақ үлесті меншіктің ортақ мүліктің өзі үлесіне шамалас бөлігін өзінің иеленуіне және пайдалануына алған қатысушысы ортақ меншіктің сол бөлігін кепілге өз бетінше беруге құқылы, себебі ол оны бөліп алуға не ортақ меншіктегі бұл бөлікті иелену және пайдалану құқығын кепілге беруге құқылы. Ортақ бірлескен меншіктің қатысушысы ортақ мүліктің тек "идеалдық" бөлігін- ортақ меншіктегі құқығын ұсынуға құқылы. Кепілге салу үшін белгілі бір талаптар орындалған жағдайда ақша кепіл заты бола алады. Ақшаны кепіл заты ретінде пайдаланғанда ол банкке салынуы тиіс, бұл ақша кепілінің ерекшелігі, сондықтан мұндай кепіл кепілдің айрықша түріне жатады. Кепілге бергенде ақшаны банкке салудың қажеттігі оның жоғары өтімді мүлік ретіндегі қасиетінен, кепілге салғанда кепіл берушінің немесе ипотекада кепіл ұстаушының ақшаны пайдалануын шектеу мүмкін еместігінен, сондай-ақ ақшаны кепілге ұстаудың немесе ипотекасының мүмкін еместігінен туындайды.Ақша кепілінде кепіл заты ретінде қолма қол ақша немесе банктердің өз клиенттерінің банк есепшоттары бойынша жазбаша берген ақшалай міндеттемелері пайдаланылуы мүмкін. Қамтамасыз ету заты ретінде ақша қамтамасыз етудің кепілзат сияқты дәстүрлі тәсілінде де пайдаланылады. Кепілге қарағанда, кепілақының ақшалай сомасы, кепілдік жарнадағы сияқты, негізгі міндеттеме бойынша несие берушіге тікелей беріледі. Ақша кепілінен әртүрлі ақылы шарттардан алынатын ақша талаптарын қамтамасыз ету заты ретінде пайдалану жағдайын да ажыратқан жөн. Ақша талаптары кепілдің өзінше бөлек заты ретінде болуы (мүліктік құқықтар кепілінің бір түрі), сондай-ақ олардың қамтамасыз ету тәсілінің кепілге қарағанда басқа тәсілдері бойынша пайдаланылуы мумкін, мысалы, клиееттің қаржы агенті алдында міндеттемесін орындауын қамтамасыз ету мақсатында ақша талабынан бас тартуды көздейтін (факторинг)қаржыландындыру шартында пайдалану.Мүлікті жалдағанда оның қайтарылуы қамтамасыз ету үшін ақша пайдаланылатын жағдайлар кепілге жатпайды. Мысалы: кассеталарды жалға алу,кітапханалардан кітап алу. Қамтамасыз етудің мұндай тәсілдері, олар кейде "кепіл ақша "немесе "кепіл сомасы" деп аталғанмен, шартта көзделген кепілдік жарнасына жатады. Мұндай ақшамен қамтамасыз ету кепіл деп танылуы үшін ақша банкке салынуы тиіс.Қамтамасыз ету ретінде ақшадан басқа мүлік қалдыру,тараптардың келісіміне қарай, кепілақы, мүлікті ұстап қалу немесе қамтамасыз етудің басқа шарттық тәсілі болуы мүмкін. Кепіл нысанын сатудың қажеттігі кепіл құқығының объектісі ретінде айналым қабілеті бар мүлікті пайдалануды керек етеді. Игіліктен алудың мүмкін еместігі азаматтық айналымнан шығып қалған мүлікті, сондай-ақ кепіл ұстаушының талабы бойынша өзіне өндіріп алуды аударуға болмайтын кепіл объектісі бола алатын мүліктер қатарынан шығарады. Сондықтан, айналымнан шығып қалған заттармен қатар, азаматтық заң актілеріне (мысалы, 1998 жылғы 30 маусымдағы "Орындаушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР заңының 39,62 баптарына) сәйкес өндіріп алуды аударуға жол бермейтін мүліктер кепіл нысаны бола алмайды. Шектелуі айналым қабілеті бар мүлік, олардың мүліктік айналымын құқықтық реттеудің ерекшеліктері ескеріліп, кепіл нысаны бола алады, атап айтқанда кепіл нысанына өндіртіп алуды аударғанда ондай мүлікті иеленушіге не оны мамандандырылған сауда ұйымдары арқылысату процедурасына қойылатын талаптар ескеріледі.

Кепіл туралы және кепіл нысаны туралы заңнамада мүліктің кейбір түрлерін кепіліне заң актілері арқылы тиым салу немесе шек қою мүмкіндігі туралы ереже бар. Бұл ереже заң актісі бойынша кез келген нәрсенің кепіліне тиым сала алады, себебі мүлікті кепіл нысаны ретінде пайдалануға тиым салудың немесе шек қоюдың негізге алынатын критерийлері белгіленбеген. Мұндай тиым салу немесе шек қою тек заң актілерімен белгіленеді. Жеке мүлікті емес игіліктер мен құқықтар; өмір, денсаулық, ар-ождан, жақсы атақ, іскерлік, бедел, жеке өмірге қол сұғылмайтындық, жеке және отбасы құпиясы, есімге құқы, авторлыққа құқы, шығармаға қол сұғуды болдырмайтынқұқы және басқа материалдық емес құқықтар мүлікке жатпайды және кепіл нысаны бола алмайды. Кепіл қатынастарының тараптары.Кепіл қатынастарына кемінде екі адам - кепіл ұстаушы және кепіл беруші қатысады. Кепіл ұстаушы, әдетте, негізгі қамтамасыз етілетін мідеттеме бойынша несие беруші болады. Негізгі міндеттеме бойынша неие берушінің ауысуы, егер алғашқы және несие берушілер арасында құқы ауысқанда басқадай айтылмаса немесе заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, әрқашанда кепіл ұстаушының құқықтарының жаңа несие берушіге ауысуына әеп соғады.

Кепіл беруші негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша борышкерде, заттық кепіл болушы ретіндегі үшінші жақта бола алады. Кепіл ұстаушыға қойылатын басты талаптардың бірі - ол кепілге берілген нысанның меншік иесі болуы тиіс немесе ол нысанды кепілге беруге мүмкіндік беретіндей онда өзгедей заттық құқы болуы тиіс, не, мүліктік құқықты кепілге салғанда (мысалы, интеллектуалдық меншікке жататын не тауарлар беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелік қатынастардан туындайтын және т.б ) сол мүліктік құқықтың иесі болуы керек.Жалпы ереже бойынша, затты кепілге беруші оның меншік иесі болуы, ал мүліктік құқықты кепілге беруші оның құқық иеленушісі болуы тиіс, сонда ғана бөтен мүліктің кепілге берілуіне мүмкіндік болмайды. Кей жағдайларда меншік иесі не құқық иеленуші үшінші жаққа өз мүлкін, сол мүлікті басқаруға сенім хат беру арқылы затты немесе басқадай кепілге салуға құқық береді, нәтижесінде өкілдік қатынас туындайды, бұл ретте де кепіл нысанының меншік иесі немесе құқық иеленуші болып қалады. Мемлекеттік кәсіпорынның негізгі қорына жататын мүлікті кепілге беру меншік иесі болып табылатын мемлекеттің келісімімен уәкілетті мемллекеттік келісімі түрінде болады.

Кепілдің туындайтын негіздері. Жалпы ереже бойынша, кепілдің туындауының негізгі шарты болып табылады. Кепілдің өзіндік ерекше құқықтық реттеумен туындауының айрықша жағдайына оның оқйға немесе өзге заңдық факты болғанда туындауын жатқызуға болады. Бұл ретте несие берушінің кепіл құқының туындауында солармен байланысты. Заң актілерінде туындаған кепілдік құқықтық реттеудің ерекшелігіекі аспектіде көрініс табады. Кепіл заң актісінің негізінде туындауы үшін заң актісі кепіл құқығының туындауынан негіз болатын оқиғадан басқа, онда қандай мүлік қандай міндеттемені қенағаттандыру үшін кепілге берілетіндігі көзделуі тиіс. Екіншіден, шарт негізінде туындайтын кепіл туралы ереже, егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, заң актілері негізінде туындайтын кепілге қолданылады. Яғни заң актісінде кез келген ереже және Азаматтық кодекске немесе Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Жарлыққа сәйкес кепілді құқықтық реттеуден өзгеше кез келген мәселе көзделуі мүмкін.

Мысалы, кепіл берушіге орнына басқа мүлік беріп немесе кепіл нысанын мемлекет қажеттілігі үшін алып қою, ол нысанды реквизициялау немесе ұлт меншігіне алу заң актісі негізінде кепілдің туындауының мысалы бола алады. Бұл ретте орынына берілген мүлікке кепіл құқығы АК-ның 324-бабына сәйкес туындайды. Заңды кепілдің тағы бір мысалы ретінде, жоғарыда аталып өткендей, кеме(тұрғызылып жатқан кеме) кепілін алуға болады, оның құқықтық реттелуі "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Заңда көзделген.

Кепіл туралы шарттың мазмұны үшін қажетті елеулі жағдайларға, жалпы ереже бойынша, кепіл нысаны туралы талап, оны бақылау, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, және орындалу мерзімі, сондай-ақ кепілге салынған мүліктің тараптардың қайсысында екендігін көрсету және оны кепіл туралы шарт күшінде болған кезде пайдалануға болатындығы жатады. Кепіл нысаны туралы талапта нақты мүлікті кепіл нысанынан жатқызу үшін қажетті ақпараттар болуға тиіс. Мысалы, кепіл нысаны ретінде жеке -белгілі бір нәрсені пайдаланғанда қандай нақты заттын кепілде екендігін анықтауға мүмкіндік беретіндей барлық ерекше белгілер көрсетілуі тиіс. Тектік белгілерімен анықталатын нәрселерді кепілге өткізгенде тектік белгілер, сондай-ақ кепіл заттын қай жерде тұрғандығын білдіретін қажетті мәліметтер немесе анқты мүліктті кепіл нысаны ретінде анықтауға мүмкіндік беретін өзге мәліметтер көрсетіледі, мысалы астықты кепілге бергенде - оның сорты, астық қоймасының тұрған жері мен реквизиттері, астықты қоймада сақтау шартының елеулі тараптары көрсетіледі. Мүліктік құқықты кепілге салғанда - міндетті адам, мүлікті құқықтың туындау негіздері туралы деректер, атап айтқанда - реквизиттер шарттың елеулі тараптары немесе заңдық факты жайындағы қажетті деректер - кепілге өткізілген мүлікті құқықтың туындау негіздері көрсетіледі.

Кепіл туралы келісімнің формасы. Кепіл туралы шарт жазбаша формада жасалуы тиіс. Жазбаша формада жасалмаған кепіл шарты заңсыз деп саналады. Қазіргі кезде кепіл туралы шартты нотариалдық куәландыру қажет емес. Бірақ кепіл туралы шарттың талаптары өзара келісіп кепіл туралы шарттың жәй жазбаша формасын емес, нотариалдық формасын таңдауы мүмкін, бұл, көбіне, азаматтар қатысқан кепілді рәсімдегенде қолданылады. Тараптар кепіл туралы шарттың нотариалдық формасына келісіп, бірақ опы сақтамаса шартта заңсыз болып табылады. Ортақ меншіктің, әсіресе мемлекеттік тіркеуге жататын меншіктің қатысушылардың келісімін ресімдеудің бірқатар ерекшеліктері бар. АК-ның 304-бабына сәйкес ортақ (үлесті немесе бірлескен) меншік болып табылатын мүлікті кепілге салу барлық меншік иелерінің келісімін керек етеді, ал АК-ның 220-бабының 3-тармағына сәйкес, кепіл заты болып табылатын және мемлекеттік тіркеуге жататын (әуе, теңіз кемелерін және т.б.) бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі нотариалдық куәландыруды талап етеді. Ал, кепіл туралы шарттың өзі, АК-ның 307-бабының 2-тармағына сәйкес, міндеті нотариалдық куәландыруды керек етпейді. Ал, практикада ортақ меншік болып табылатын мүлікті(көбіне, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін) кепілге салғанда шарт нотариалдық формада жасалады(тіптен мүлік мемлекеттік тіркеуге жатпасада), бұл ретте ортақ меншік иелерінің кепілге келісімін куәландыру ондай шарттың талаптарының бірі болып табылады.

Кепілді тіркеу. Жалпы ереже бойынша мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктің кепілі мұндай мүлікті тіркеуге асыратын органда тіркелуі тиіс. Атап айтқанда, кепілге салынғандағы жылжымайтын мүлікті тіркеуге жүзеге асыратын органдарда тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікті және олармен мәмілені тіркеу заңнамада көзделген. Ондай кепілді тіркеудің оның заңды болуы үшін құқықтық маңызы бар. Жылжымайтын мүліктің кепілін тіркеу жөніндегі талаптарды орындау кепіл туралы шарттың заңсыз деп танылуына кеп соғады.Ол тікелей заңнамадан туындайды. Кейбір жағдайларда ғана болмаса, жылжитын мүлік міндеті мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Олардың ішіндегі тіркеуге жататындары - жылжымайтын мүлікке теңестірілгендер (ғарыш объектілері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суларда жүзетін кемелер, "өзен - теңіз" жүзетін кемелер) және айналым қабілеті шектелген немесе қауіптілігі жоғары объектілерге жататын кейбір өзге жылжитын заттар. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктің кепілін тіркеу жөніндегі талапты сақтамаудың құқықтық маңызы жылжымайтын мүліктің тіркегендегі сияқты. ҚР-ның Президентінің 1995 жылғы 20-желтоқсандағы "ҚР-ның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заң күші бар Жарлығына, ҚР-ның 2001 жылғы 15-желтоқсандағы "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және ҚР-ның 2007 жылғы 17-қаңтардағы "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңына сәйкес тек әуе, теңіз және өзен кемелері ғана емеск, оларға қатысты мәліметтерде мемлекеттік тіркеуге жатады. Сондықтан, АК-ның 155-бабының нормалары ескеріліп көрсетілген арнайы заң актілерінде қандайда бір ерекшеліктер болғандықтан, әуе және теңіз кемелерінің ішкі суларда жүзу кемелерінің, "өзен- теңіз" жүзу кемелерінің кепілі туралы шарт тіркелген кезден бастап ғана жасалады деп саналады.