Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 17 страница

Адамдары көп, сондықтан әрбір несие беруші талап етуге құқылы, ал әрбір борышкер міндеттемені толықтай орындауға міндетті міндеттеме ортақтасқан міндеттеме деп танылады. Ортақтасқан міндет немесе заң актісінде белгіленсе ғана туындайды, мысалы, міндеттеме нысаны бөлінбейтін болса (Ак-ның 284-бабының 1-тармағы). Ортақтасқан міндеттемеде әрбір несие беруші кез келген борышкерден толық көлемде орындауды талап етуге құқылы. Белсенді көптік бар міндеттемелерде әңгіме ортақтасқан талаптар жайында болады, ал пәс көптік міндеттемелерде- ортақтасқан міндеттер туралы, аралас көптікте- екі жағы да тиісті мөлшерде сөз болады. Ортақтасқан міндеттеме шартта көзделген (мысалы, «шартта көрсетілген сатып алу-сату сомасын ортақтасып төлеуге міндеттенеміз») немесе заң актілерінде белгіленген жағдайларда ғана туындайды. Міндеттеме нысанының АК-ның 287-бабында айтылған бөлінбейтіндігінің мысалы ретінде ұйымның немесе азаматтың тапсырысы бойынша екі немесе одан да көп суретшінің бір сурет салу міндеттемесін немесе ерлі-зайыптылардың автомашинаны сату міндеттемесін алуға болады.Ортақтас міндеттеме заң актілерінде белгіленгендігіне, бірқатар мысалдар келтіруге болады:

- заңды тұлға қайта ұйымдасқанда жаңа құрылған заңды тұлға, егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықты мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша несие беруші алдында ортақтас жауаптылық көтереді;

- толық серіктестіктің қатысушылары және коммандиттік серіктестіктің толық серіктесі серіктестіктің борышы үшін серіктестік мүлкінің жетпейтін бөлігіне өзінің барлық мүлігімен ортақтас жауаптылық көтеред (АК-ның 70, 72-баптары);

- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшылары жарғылық қорға салымның төленбеген бөлігі шегінде салымдар толықтай төленбеген жағдайда серіктестіктің міндеттемелері бойынша ортақтас жауаптылық көтереді;

- кепілші басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немсе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді;

- бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленушінің алдында ортақтасып жауап береді (932-бап);

- кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттемелерде жалпы ереже ретінде үлесті емес, ортақтас жауапкершілік қолданылады (АК-ның 287-баптың 2-тармағы).

Борышкерлер ортақтасып міндеттенгенде несие беруші олардың барлығынан бірдей немесе әрқайсысынан жекелей міндеттің толық немесе бөлшектеп орындалуын талап етуге құқылы. Ортақтас борышкерлердің біреуінің толық қанағат алмаған несие беруші, ала алмағанын ортақтас борышкерлердің басқасынан талап етуге құқылы. Ортақтас борышкерлер міндеттеме толық орындалмайынша міндетті болып қалады. Ортақтас міндетті борышкерлердің біреуінің толық орындауы қалған борышкерлерді орындаудан босатады (287-баптың 3-тармағы). Бұл жерде әңгіме пәс ортақтастық жайында (тұлғалардың көптігі борышкер жағында). Мұндай міндеттеменің мақсат- орындай алатын борышқордан талап етуіне мүмкіндік тудыру үшін несие беруші мүддесін мүмкіндігінше толық қамтамасыз ету. Міндеттеме толық орындалғанға дейін (зиян толық өтелгенге дейін) борышкерлердің ешқайсысы (борыштың көпшілігін төлеген де, төлеуге ешбір қатыспаған да) ортақтас жауапкершіліктен босатылмайды.

Міндеттеме орындалғаннан кейін, оны борышкерлердің біреуі немесе барлығы орындағанына қарамастан, міндеттеме толық тоқтайды. Бірақ бұрынғы (борышкер мен несие беруші арасындағы) міндеттеменің орнына жаңа (міндеттемені орындаған борышкер мен басқа борышкерлер арасында) міндеттеме- регрестік міндеттеме туындайды.

Несие беруші жағында ортақтастық, практикада, көбіне міндеттеменің бөлінбейтін нысанына қатысты туындайды. Міндеттемені ортақтас несие берушілердің біреуінің алдында толық орындау онымен басқа ортақтас несие берушілер арасында үлесті регрестік міндеттеме тудырады.

Борышкердің міндеті немесе несие берушінің талабы тек ортақтас міндеттемемен байланысты болуға тиіс. Сондықтан да, несие берушіде (несие берушілерде) борышкерге (борышкерлерге) туындауы мүмкін басқа талаптар назарға алынбайды. Кепілдік шарты бойынша борышкер мен кепілші екеуі несие беруші алдында ортақтас жауаптылық көтереді. Егер несие беруші негізгі міндеттемені орындау туралы кепілшіге талап қойса, онда ол несие берушінің борышкер алдындағы басқа міндеттеме бойынша нақты бар борышына сілтеме жасауға құқылы емес.Басқа мысал. Егер борышкер бірнеше несие берушіге қарыз болып, несие берушілердің біреуінен орындауды кейінге қалдыруға рұқсат алса, ол басқа несие берушілер қойған талапқа қарсы сол рұқсатты тілге тиек ете алмайды.

Адамдары көп міндеттемелердің өзінше бір түрі- субсидиялық міндеттеме. Негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда, бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімделуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.

Субсидиялық міндеттеменің тегін дәл анықтау үшін оны пәс көптігі бар ортақтас міндеттемемен салыстыру керек. Олардың ортақтығы сол- міндеттеменің бір жағында бірлесіп жауаптылық көтеретін екі немесе одан көп борышкер болады. Ал, айырмашылығы сонда, егер ортақтас міндеттемеде борышкерлердің кез келгенін несие беруші толық көлемде орындауға тарта алса, субсидиялық міндеттемеде біреуі (негізгі борышкер) толық көлемде жауап береді, ал екіншісі тек қосымша жауап береді (негізгі борышкер орындамаған бөлікке).

Ортақтас міндеттемеде несие беруші орындауды өз қалауы бойынша кез келген борышкерден талап етуі мүмкін. Субсидиялық міндеттемеде субсидиялық борышкерге талап мұндай талап негізгі борышкерге қойылғаннан кейін қойылуы мүмкін, егер негізгі борышкер талапты толықтай немесе жарым жартылай қанағаттандырмаған болса. Бұл айырмашылықтар кепіл боушылық және кепілдік ұғымдарының арасын ашқанда анық байқалады, себебі олардың негізіне жауапкершіліктердің сипаты алынады. Кепіл болушы субсидиялық, ал кепілші- ортақтас жауап береді. Субсидиялық міндеттеменің мысалы:

- өндірістік кооператив мүшелерінің кооператив міндеттемелері бойынша жауапкершілігі;

- 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың келтірген зияны үшін ата-ананың немесе қамқоршының жауапкершілігі.

Үшінші жақтың міндеттемеде алатын орыны ерекше. Үшінші жақты міндеттеме шеңберіне кіргізу олардың міндеттемелердің туындау, орындалу және тоқтау процесіндегі алатын ерекше рөлімен байланысты. Үшінші жақтың маңыздылығының арқасында азаматтық құқықта үшінші жақ қатысатн міндеттемелер көзделген. Міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар үшінші жақтар деп аталады.

Үшінші жақтың бірінші белгісі сол, ол міндеттеменің тараптарының біреуімен қандай да бір құқықтық қатынаста болуы тиіс.

Үшінші жақтың екінші белгісі сол, оның міндеттеме тараптарының біреуімен ғана (не борышкермен, не несие берушімен) байланысты болуы.

Үшінші жақ қатысатын міндеттемелердің кемінде үш түрін бөліп алуға болады:

- регрестік;

- үшінші жақтың пайдасына міндеттемелер;

- үшінші жақ орындайтын немесе үшінші жаққа орындайтын міндеттемелер, яғни орындауды қайта жолдау немесе қайта тапсыру.

Регрестік міндеттеме. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышкер орындалған міндеттеменің мөлшерінде сол адамға кері талап (регресс) қоюға құқылы. Үшінші жақтың әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышкер сол жақтың шығынды төлеуін талап етуге құқылы.

Регрестік міндеттеме үшінші жақтар қатысатын міндеттемелердің бір түрі болып табылады. Регрестік құқықты, тағы да, кері талап құқығы, ал регрестік міндеттемені- кері міндеттеме деп атайды. Үшінші жақтың міндеттемесін орындаған немесе үшінші жақтың кінәсінен міндеттемені орындамаған борышкер регрестік міндеттемеде несие берушіге (регрредиентке) айналады, ал сол кері талапты қойған үшінші жақ борышкер (регрессат) болады. Мысалы, ортақтас міндеттемедегі міндеттеме орындаған адам негізгі міндеттеме бойынша борышкер, ал регрестік міндеттеме бойынша несие беруші болып табылады. 289-баптың 1-тармағында көзделген жағдайдың мысалы ретінде бас мердігердің күрделі құрылысқа мердігер шарты бойынша объектіні тапсырыс берушіге өткізу міндеттемесін әрлеу жұмыстарын бітіре алмаған қосалқы мердігердің әрекетінен орындай алмауын айтуға болады. Тапсырыс берушіге айыппұл төлегендіктен және оның шығынын жапқандықтан бас мердігер өзі тартқан шығынды регресс тәртібінде қосалқы мердігерге жүктелуі мүмкін.

Регрестік міндеттеме, жалпы ереже бойынша ортақтас емес, үлесті және АК-ның 286-бабының ережесіне бағынады. Ортақтас талапты орындаған борышкер барлық соманы қалған борышкерлердің біреуінен өндіріп ала алмайды. Өндіріп алу ортақтас борышкерлердің әрқайсысына теңдей үлесте және ортақтас міндетті орындағанның өзіне тиісті үлес келетіндігі ескеріліп жүргізіледі.

Регрестік міндеттемедегі үлестердің бірдейлігі принципінен, заңда белгіленген жағдайларда, АК-ның 286-бабына сәйкес шегініс жасауға болады. Кепілдік шарты бойынша қатынастарда борышкермен кепілші несие беруші алдында ортақтас борышкерлер ретінде жауап береді (АК-ның 329-бабы), бірақ, міндеттемені АК-ның 334-бабына сәйкес орындаған кепілші борышкерден борыштың барлық сомасын өндіртіп алу құқығына ие болады, ал несие берушіге өз борышын төлеген борышкер кепілшіден ешнәрсе өндіріп ала алмайды. Бұл кепілдік шартының ішкі мәнінен туындайды.Регрестік міндеттемелердегі үлестердің ортақтастықтан туындайтын теңсіздігі шартта белгіленуі мүмкін. Мысалы, борышкерлер өздерінің біреуінің материалдық жағдайының нашарлығына байланысты оның төлейтін сомасының мөлшерін азайтуға келісуі мүмкін.

Міндеттемені орындауды қайта тапсыру және қайта жолдау. АК-ның 276-бабына сәйкес, міндеттемені орындау үшінші жаққа толықтай немесе жартылай жүктелуі мүмкін, егер ол заңнамада немесе шартта көзделген болса, немесе үшінші жақ тараптардың біреуімен тиісті шартпен байланысты болса. Борышкердің міндеттемені орындауыды үшінші жаққа жүктеуін, әдетте, борышкердің орындауды үшінші жаққа қайта тапсыруы деп атайды. Несие иесінің борышкерге орындауды үшінші адамға беру міндетін жүктеуі орындауды қайта жолдау деп аталады. Бір қатынастың өзінде қайта тапсырудың да, қайта жолдаудың да болуы әбден мүмкін. Мысалы, орындауды үшінші жаққа жүктеу транзиттік жеткізу бойынша қатынастарда кең таралған.

5. Міндеттемеде тұлғалардың ауысуы. Қайта тапсырудан және қайта жолдаудан несие берушінің құқығының басқа адамға ауысуын және борышты аударуды (міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруінен) айыра білу керек. Қайта тапсырғанда борышкер қайта жолдағандағы несие беруші сияқты міндеттеме субъектісі болып қалады. Несие беруші құқығы ауысқанда және борыш аударылғанда міндеттеменің бұрынғы қатысушылары шығып қалады. Талаптан қайтқанда несие беруші алмасады немесе борышты аударғанда борышкер алмасады. АК-ның 339-бабының 1-тармағына сәйкес, несие беруші өзіне міндеттеме негізінде тиесілі құқықты (талап) басқа адамға мәміле бойынша бере алады (талаптан қайту) немесе құқық басқа адамға заң актісі негізінде өтеді.

Міндеттеме негізінде несие берушіге тиесілі құқықты басқаға беру жайында айтылады. Бірақ мұндай құқық басқа құқықтық қатынастарға да негізделуі мүмкін, мысалы, интеллектуалдық меншік қатынастарына. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Патент заңының 11-бабының 6-тармағына сәйкес патент иеленуші өзінің алған қорғау құжатын кез келген жеке және заңды тұлғаға еркімен бере алады.

Талаптан қайтудың бір мысалы АК-ның 325-бабында бекімін тапқан, ол бойынша кепіл ұстаушы кепіл туралы шарт бойынша өз құқығын, несие берушінің құқықтарын талаптан қайту жолымен беру туралы ережені сақтай отырып, басқа адамға беруге құқылы. Тура осындай ереже Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Жарлықта бекімін тапқан (16-бап). Регрестік талаптарда талаптан қайтуға жол берілмейді (АК-ның 339-бабының 1- тармағы). Мысалы, міндеттемеде борышқорлар көп болып, олардың біреуі несие берушіге міндеттемесін орындаса және басқа борышкерлерге регрестік құқық талабын иеленсе, ол бұл құқықты үшінші жаққа бере алмайды.

Құқықтан қайтуға борышкердің келісімі керек емес, себебі борышкерге, жалпы ереже бойынша, кімге орындау жасаса да бәрі бір. Бұл ережеден өзгеше жағдай заң актілерінде немесе шартта белгіленуі мүмкін. Мысалы, АК-ның 345-бабының 2-тармағында борышкердің келісімінсіз міндеттеме бойынша талаптан қайтуға жол берілмейтіндігі белгіленген, себебі борышкер үшін несие берушінің жеке басы елеулі рөл атқарады.

Кейбір құқықтар басқа адамға өтпейді. АК-ның 340- бабында мұндай құқықтардың екі мысалы келтірілген: алимент туралы талаптар және өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянды төлеу туралы талаптар. Бірақ, басқа да құқықтарды атауға болады, мысалы, жеке сақтандыруды шарт бойынша төлетуге, зейнетақымен қамсыздандыру шарты бойынша қосымша зейнетақыға құқықты.

Берілмейтін құқықтар тобына жеке мүліктік емес құқықтар да, атап айтқанда, интеллектуалдық меншікпен байланысты тек өзіндік құқықтар жатады.

Талаппен байланысты басқа құқықтар заңнамада ,341-бапта алынбаған сыйақыға немесе борышкер мен алғашқы несие беруші арасындағы шартта , шарттың күшінде болу мерзімін ұзартуға немесе оны мерзімінен бұрын тоқтатуға құқық белгіленуі мүмкін. с

Талаптан қайту борышкердің келісімінсіз болатындықтан онда, жағдайын нашарлатып алмау үшін, өз құқығын қорғайтындай мүмкіндік болуы тиіс.

Борышкер міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алып, кезінде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы (АК-ның 343-бабы). Борышкердің өз борышын басқа адамға аударуына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі. Борышты аудару деген- борышкердің өзгеруі. Бұрынғы борышкер міндеттемеден шығып қалады, ол жаңамен алмасады. Талаптан қайтуға қарағанда, борышты аудару несие берушінің келісімінсіз жүргізілмейді, себебі несие берушіге кімнің борышкер екендігінің бәрі бір емес Борышты аудару дегеніміз- алғашқы және жаңа борышкерлер арасындағы шарт. Мысалы, кәсіпорынның бір бөлігін басқа заңды тұлғаның құрамына бергенде ол жөніндегі қатынастарды рәсімдеу жаңа шарт жасасу арқылы емес, борышты аудару туралы келісім арқылы жасалады. Шарт, әдетте, ақылы.

Борышты аудару шарты ақысыз да болуы мүмкін (мысалы, әкесі баласының борышын, немесе досы қатты науқас жолдасының борышын төлеуге міндеттенеді). Борыш аударылғанда міндеттеме толық көлемде сақталады.

 

16- тақырып. Міндеметтеменің орындалуы.

Жоспар:

1. Міндеттемені орындау ұғымы.

2. Міндеттемені орындау нысаны және тәсілі.

3. Міндеттеме орындау мерзімі және орны.

1. Міндеттемені орындау – борышкердің несие беруші өзінен талап етуге құқылы әрекетті жасауы немесе әрекеттен тартынуы. Бұл әрекеттің нақты сипаты орындалуға жататын міндеметтеменің түріне байланысты оларға: тауарларды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету, шығынды өтеуді жатқызуға болады. Әрекеттен тартыну орындалуы әрқашан да белсенділікті керек ететін міндеметтелерге тән емес. Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндетемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді (АК-ның 273- бабы).

Шарт тең құқылы негізде, тараптардың еркін ықтияры негізінде жасалады, сондықтан ол екі жақтың өзара келісімімен тоқтауы тиіс. Шартты орындаудан біржақты бас тарту, шын мәнінде , шартты біржақты тоқтату, сондықтан оған жол берілмейді. Жекелеген жағдайлар үшін бұған арнайы рұқсат ету заңда белгіленген. Кейбір мұндай жағдайлар АК-да көзделген (404-бап). Тиісінше орындау принципі және нақтылай орындау принципі міндеметтемесі орындаудың негізгі рпинциптері болып табылады. 272-бапта былай делінген: Міндеттеме – міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс.

Нарықтық қатынастардың келуіне байланысты тиісінше орындауға қойылатын талаптардың көпшілігін шарттағы тараптардың өздері анықтайды. Сондықтан АК- да айтылатын міндеттемелердің шарттары тиісінше орындауды анықтаудың жиі қолданылатын тәсілі болып табылады. Заңнама тиісінше орындаудың талаптарын императивті белгілей алады, яғни біржола, үзілді- кесілді, басқа нұсқаларға жол бермей (мысалы, сапаға талап, жеткізілген тауардың түгелдігі). Тараптар бұл талаптарды өзгерте алмайды. Бірақ заңнамада да талап диспозитивті берілуі мүмкін, яғни тараптардың өзге ережелер қабылдауына мүмкіндік беріледі ( мысалы, өнімді жеткізу шарты бойынша жөнелту тәсілдері), бұл ретте, егер тараптар шартта өзгедей жағдайлар қарастырмаса, заңнама талабы қолданылады.

Заң актілерінде әкімшілік актілерінің талаптарын орындау үшін осы актілерде туралы Жарлықтың 13- бабында «мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндетті болып табылады. Кәсіпорын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметі) сатып алушы немесе сатушы ретінде шарт жасаудан бас тарта алмайды, егер мұндай шарттар жасасу мемлекеттің тапсырысында көзделген болса» делінген. Бұл ретте мемлекеттік кәсіпорын тиісінше орындаудың мемлекеттік тапсырыста келтірілген барлық талаптарын сақтауға міндетті (санын , сапасын, орындау мерзімін және т.б.).

Іскерлік айналым дағдысының міндеттемелерін орындағанда қолданудың ең жарқын мысалы инкотермс ережелері болып табылады, ол халықаралық сатып алу- сату шарттарын орындағанда қолданудың ұдайы қолданылады. Әдетте қойылатын талаптар ,көбіне , орындау нысаны болып табылатын тауар , жұмыс және қызмет сапасын анықтағанда қолданылады. Бұл талаптар заңнамада немесе шартта белгілі бір тауарлардың , жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің белгіленген сапа стандарттары болмаған жағдайларда да қолданылады. Сондай немесе ұқсас тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге ( түріне, сортына, т.б.) әдетте қойылатын талаптар қолданылады.

Тиісінше орындау барлық реттерде міндеттемені тоқтатады және борышкерді міндетін орындаудан босатады. Тиісінше орындамау несие берушіге міндеттеменің нақты орындалуын (АК-ның 354-бабының 1- тармағы ) және азаматтық – құқықтық жауапкершілік шараларын қолдануды талап етуге негіз береді. Нақты орындау принципі АК-ның 354- бабында келтірілген және оның мәні- залалдың өтелі ендігіне қарамастан міндеттемені заттай орындау керектігінде (яғни, міндеттеменің нысаны болып келетін сол әрекеттерді жасау). Сонымен қатар бұл бап заттай орындау принципінің қолдануының бұрыңғы заңнамамен салыстырғанда қатты шектеді. Тиісінше орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыппұлын төлеу және шығындарды өтеу борышкерді міндеттемені орындаудан босатпайды, яғни нақты орындау принципі күшінде болады. Бірақ міндеттемені орындамау жағдайында шығынды өтеу және тұрақсыздық айыппұл төлеу борышкерді міндеттемені заттай орындаудан босатады, яғни кері принцип қолданылады.

Екі принцип те диспозитивтік сипаттағы жалпы ереже ретінде қолданылады, бірақ заң актілері мен шартта өзгедей көзделуі мүмкін. Борышкерді міндеттемені заттай орындау міндетінен босату керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие беруші бас тартқан , сондай- ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай сома төленген жағдайларда орын алады( АК-ның 354- бабының 3- тармағы).

2. Міндеттемені орындау нысаны , ол- борышкер міндеттемеге сәйкес несие берушіге беруге, орындауға немесе көрсетуге тиісті зат, жұмыс немесе қызмет. Нысанға қойылатын тиісінше талап сапа және сан ұғымы арқылы көрініс табады. Сапа шартқа сәйкес анықталады. Егер ол затқа мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шарттар болса, онда сапа Госттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес, егер болмаса - әдетте қойылатын талаптарға сәйкес анықталады. Орындау нысаны, бұл- мүлік (Ак-ның 115-бабы). Бірінші кезектегі орындау нысаны- зат. Мысалы, жеке- белгілі бір зат жайынжа 355-бапта айтылған. Заттардың айрықша түрі болып табылатын орындау нысаны ретінде Ак- да ақша алынған (282-бап) . Орындау нысаны зат емес мүліктер де, атап айтқанда, міндеттемелік құқық та, интеллектуалдық меншік те болуы мүмкін. Орындау нысаны өзіне затты да, талап қою құқығын да, борыштарды да, интеллектуалдық меншікті де (айрықша құқықты) қамтитын мүліктік кешен болуы мүмкін. Сөз мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жайында болып отыр.

Міндеттемені зат түрінде орындау туралы , міндеттемені заттай орындау принципі туралы ереже бекітілген ретте де орындау нысаны жайында айтылады (254- бап). Міндеттеме тиісінше оындалуы үшін сақталуы тиіскейбір элементтер АК- ның арнаулы баптарында бекімін тапқан :мысалы, орындау субъектілері туралы (275,276-баптар); мерзім туралы (277-279-баптар), орындау орны туралы (281-бап), орындау (284-288,290,291-баптар)шарт.

Орындау нысанына қатысты айрықша талаптар ақшалай міндеттемелерді орындауға қойылады. Ақшалай міндеттеме Қазақстан Республикасының аумағында теңгемен көрініс табуы тиіс. Міндеттемелер бойынша есеп- қисапты Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырғанда шетел валютасын , сондай- ақ шетел валютасындағы төлемдік құжаттарды пайдалануға Қазақ Республикасының заң актілерінде анықталған реттерде және жағдайларда немесе оларда белгіленген тәртіпте жол беріледі.

Шетел валюталарын пайдаланудың мүмкіндіктері мен шектерін анықтайтын негізгі нормативтік акт 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Валюталық реттеу туралы Заң. АК –ның 282-бабында шетел валютасы туралы айтылған . ҚР аумағында міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырған кезде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға ҚР заң актілерінде көзделген реттер мен жағдайларда немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі. Сондықтан да, ҚР резиденттері өзара шарттар жасасқанда өз міндеттемелерін тек теңгеде көрсетулері тиіс және тауарларды сату бойынша ақшалай міндеттеменің сомасын шетел валютасына бара-бар белгілеуге олардың құқығы жоқ. Бұл талап ҚР резиденттері шығаратын бағалы қағаздардың номиналдық құнын көрсеткенде де қолданылады.