Курс пререквизиттері мен постреквизиттері 11 страница

Арнаулы мерзімдердің барлығы жалпы ережеден өзгеше болатындықтан, олар заң актілерінде көрсетілген қатынастарға ғана қолданылуы тиіс. Бұл мерзімдер туралы нормаларды кеңейте түсіндіруге болмайды. Заң актілері жеке, заңда ерекше бөлініп көрсетілген тараптар үшін арнайы мерзім белгілейді. Сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты талап қою мерзімінің өтуіне қарамастан қабылдайды. Басты талап бойынша талап қою мерзімі өткенде қосымша талап бойынша (тұрақсыздық айыбын өндіру туралы, кепіл болуышының жауапкершілігі туралы және т.с.с.) талап қою мерзімі де аяқталады. АК-ның 180- бабы талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады деп белгілейді. Егер уәкілетті адам өз құқығының бұзылғаны туралы білмейтін болса, онда ол, әрине, қорғану құқығын пайдалана алмайды, сондықтан мұндай құқық адам өз құқықтарының бұзылғаны туралы білген кезден бастап пайда болады. Егер талапкердің салақтығынан өз құқығының бұзылғаны туралы білмегендігі шынында анықталатын болса, талап қою мерзімі талапкер істің мән-жайы бойынша құқық бұзушылық туралы білуге тиіс болған кезден басталады. Кері талап қою міндеттемелері бойынша талап қою мерзімі негізгі міндеттеме орындалатын сәттен басталады. Бұл ережеден өзгешелікті өзге заң актілері белгілейді. Кейбір мысалдар келтірейік:

- кепіл болушылық немесе кепілдік шартын жасаған күннен бастап кепл болушыға немесе кеплге талап бойынша екі жылдық талап қою мерізімі белгіленген.

- АК-ның 159- бабының 9 және 10- тармақтарында көзделген негіздер бойынша мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзімі зорлық немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып, сол зорлық немесе қорқыту тоқтатылған күннен бастап не талап қоюшы мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл болады.

- жекешелендіру процесі барысында жасалған сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты даулар бойынша алты айлық талап қою мерзімі шартқа қол қойылған күннен басталады.

Міндеттемедегі адамдардың өзгеруі (талапты беру және борышты аудару) талап қою мерзімі мен оны есептеу тәртібін өзгертуге әкеп соқтырмайды. Талап қою мерзімі көптеген жағдайларда басталысымен үздіксіз өтеді. Алайда өмірде уәкілетті адамның белгіленген мерзім шегінде талап қоюына кедергі жасайтын мән-жайлар тууы да мүмкін. Мұндай мән-жайлар түрлі сипатта болады және талап қою мерзімін тоқтата тұру, үзу немесе қалпына келтіру үшін негіз болады. Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұрудың мәні бұзылған құқықты қорғауға кедергі жасайтын мән-жай күшінде болатын уақыт заңда белгіленген талап қою мерзіміне есептелмейді. АК-ның 182- бабына сәйкес талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұратын негіздердің қатарына мыналар жатады:

- бой бермейтін күш – бұл осы жағдайларда ойда болмаған және болмай қоймайтын төтенше мән-жайлар (су басу, жер сілкіну ғана емес, сондай-ақ тәртіпсіздіктер, азамат соғыстары, ереуілдер) бұлар көліктің, байланыстың және т.с.с. қалыпты жұмысын бұзатын мән-жайлар болып табылады. Ал жалпы талап қою мерзімі дегеніміз қойылған талапты қанағаттандыру арқылы бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың негізгі құралы болатын мерзім.

 

10- тақырып. Меншік құқығы.

Жоспар:

1. Меншік құқығының ұғымы.

2. Меншік құқығының мазмұны.

3. Меншік құқығының формалары мен түрлері.

1. Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,пайдалану және оған билік ету құқығы.

Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады.Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен,олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады.

Меншік қатынастарын реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Соған байланысты, сондай-ақ проблеманы зерттеу тұрғысынан алғанда меншік құқығы ұғымы көп мағыналы.Оны түсінудің екі қырына тоқталайық.Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылады, ол материалдық игіліктердің белгілі бір адамға берілгендік, яғни тиесілі жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды.Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр.Заңдық биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтік мәндегі меншік құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді.Меншік құқығы мүліктік,абсолюттік, заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді,ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының болуымен сипатталады. Қолдану және артықшылық құқығы меншік құқығына ілесе жүреді.

Меншік құқығы – негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланысты болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар, негізінен әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады.Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда оның жалдаушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған, үшінші жаққа қатысты ол – тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Меншік құқығының міндеттемелік нышандарының бірі – оны заңмен белгілеу қажеттігі.Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188- бабында келтірілген «заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады.

Меншік құқығы мемлекет таныйтын шекте ғана болады. Бұл дегеніміз меншіктің абсолюттік құқығы заң құжаттарымен шектелуі мүмкін деген сөз. Бір қатар жағдайларда меншік құқығын шектеуде арнаулы сипат болады, ол меншіктегі мүліктің ерекше құқықтық режимімен байланысты. Мысалы, азаматтық құқықтың кейбір нысандары азаматтық айналымнан толықтай немесе ішінара алынып тасталуы мүмкін, оны мұндай мүлікке (мысалы, жерге, орманға, радиоактивтік заттарға, т.б.) құқықты шектеу бар екендігімен түсіндіруге болады. Шет елдік құқық меншік құқығын мойындауы, ал қазақстандық құқық мойындамауы мүмкін. Бұл жағдайда халықаралық жеке құқық нормалары қолданылады, және қазақстандық заңнама юрисдикциясы шегінде меншік құқығы жоқ жағдайлар да болуы мүмкін. Меншік құқығын қорғаушылық нышаны оны азаматтық-құқықтық тәсілдерімен қорғау мүмкіндігін білдіреді.

Меншік құқығы- неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек заң ырқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан туындайды. Меншік иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін тек өз қалауы бойынша жүзеге асырады.Сондықтан меншік құқығы ең «күшті»заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеттігін өзі шектей алады. АК-ның 188-бабының 3-тармағы «өз қалауы бойынша»әректке жуықтау анықтама береді. Мысалы, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет жасай алады, яғни ол мүлікті басқа адамның меншігіне береді, меншік иесі бола тұрып өзінің мүлікті иемдену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігін береді,мүлікті кепілге береді және оған басқа тәсілдермен ауыртпалық түсіреді,оған басқадай түрде билік жасайды.

Меншік иесінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы басқа адамдар мен мемлекеттің құқықтары мен заң қорғайтын мүдделерін бұзбауы тиіс. Құқықтармен заңды мүдделерді бұзу басқа формалармен қатар меншік иесінің өзінің монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрінуі мүмкін (АК-ның 188-бабымен 4- тармағының 1-бөлігі). Монополиялық жағдайымен қиянат жасау фактісін анықтауға мүмкіндік беретін критерийлер монополияға қарсы заңнамада анықталған. Монополияға қарсы заңнама рыноктағы басымдық жағдайға бақылау жүргізетін органдарды және монополияға қарсы заңнаманы бұзушыларға қолданылатын санкцияларды анықтайды.

Сонымен, меншіккер құқығына заң пәс міндет артқан. Жоғарыда айтылғаннан басқа «меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті» (АК-ның 188-бабы 4-тармағының 2-бөлігі). Меншік иесінің қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін қолданатын шаралары табиғат қорғау заңнамасында анықталған. Онда, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасының бұзылғандық критерийлері, оның сақталуына бақылау жүргізетін органдар, табиғат қорғау заңнамасын қамтамасыз ететін басқа да құқықтық тетіктер көзделген.

ҚР Конституциясы 6-бабының 2-тармағына сәйкес «меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Келтірілген баптардың барлығын нақтылау заңнамада бекімін таппауы да мүмкін. Сондықтан, меншік иесі өз әрекеттерінде заңнамамен құқықтармен және басқа адамдар мен мемлекеттің қорғалатын мүдделерімен, қоғам игілігіне қызмет етумен, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірмеумен шектелген деп қортынды жасауға болады. Жалпы алғанда шектеу қандай да бір шамада кез келген меншік құқығына ілесіп жүреді. Оны басқаша да айтуға болады: меншік құқығы өзі үшін белгіленген шектеулер шегінде ғана болады. Оларға байланыссыз-ақ меншік құқығы кейде өз шектерінің ішінде жатқан әртүрлі негіздемелер бойынша шектеледі, ол негіздемелер не меншік құқығының кейбір субъектілерінің жеке басына немесе субъектінің жеке басынан тысқары жатқан мән-жайларға байланысты болуы мүмкін. Шектеу меншік құқығының құрамдық бөлігінің әрқайсысына- иемденуге, пайдалануға және билік жасауға қатысты болуы мүмкін,бұл ретте ол меншік құқығының құрамдық бөлігінің тек біреуіне ғана,немесе басқаларына да таралуы мүмкін.

Меншік құқығының өзін шектеуі меншік иесі жасай алатын әрекеттер ауқымы шектеуден ажырату керек.Атап айтқанда меншік иесінің бірқатар әрекеттеріне тыйым өртке қарсы, санитарлық, ветеринарлық, эпидемиологиялық және басқа ережелерден туындайды. Мысалы, азық-түлік тауарларымен сауда жасайтын меншік иесі тиісті медициналық тексеруден өтуі тиіс.

Қазақстандық тұжырымдамаға сәйкес меншік құқығы мерзімсіз болып саналады (АК-ның 5-тармағы). Мерзімсіздік принципі меншік құқығының оның уақытша туындай алмайтындығын, яғни уақытша меншік иесі болмайтындығын білдіреді. Егер заң құжаттарында немесе шарттарда басқадай көзделмеген болса меншік иесі өзіне тиесілі мүлікті ұстаудың ауыртпалығын көтереді және ол біржақты тәртіпте ондай ауыртпалықты үшінші жаққа жүктей алмайды. Мүлікті ұстап тұрудың ауыртпалығы дегеніміз меншік иесінің мүлікті заңнамада талап етілген параметрлер бойынша тиісті күйде сақтап тұру міндеті. Мысалы, үйдің меншік иесіне салықтарды төлеу, күрделі және жеңіл жөндеу жүргізу, сақтандыру, тіркеу, күзету, үшінші жақтың құқықтарын сақтаумен байланысты мүлік бойынша шығындар, оны ұстау шығындары және басқалар жөніндегі міндеттер жүктелген. Мүлікті ұстау ауыртпашылығы үшінші жаққа тек шарт бойынша ғана берілуі мүмкін.

2. Меншік құқығының мазмұны. Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдлану және билік ету тәрізді өкілеттіктері құрайды. Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғышарт жасайды. Пайдаланудың өкілеттілік құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Мүліктің заңдық тағдыры көбіне мәмілемен белгіленеді. Сонымен қатар мүлікке басқадай заңдық факторлар арқылы билік ету дағдылы жағдайға айналған. АК- ның 188- бабының 3- тармағына сәйкес меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адмдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз құқығын тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

Меншік иесі өз мүлкіне толықтай билік етуге құқылы. Басқа құқықтар меншік құқығынан туындайды, оған тәуелді және көлемі жағынан бастапқы құқықтан кең болуы мүмкін емес. Егер заңнама талаптары, сондай –ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделері бұзылмайтын болса меншік иесі өз мүлкін тіптен жойып жіберуге құқылы. Меншік құқығы оның нысанының ерекшелігіне қарай тоқтауы мүмкін, мысалы, пайдалану және билік ету өкілеттіктері біріккенде. Әдетте бұл тұтыну заттарын тұтынғанда болады, мысалы тағамды жеп қою. Бұл ретте пайдалану құқығын жүзеге асыру процесі билік ету өкілеттігін іске асыруға, соның нәтижесінде меншік құқығының тоқтауына әкеп соғады.Меншік иесі бірден иемдену, пайдалану және билік ету құқықтарынан заңды негізде айырылатын жағдайлар да болады ( мысалы, мүлікке тыйым салғанда немесе меншік иесі шарт бойынша барлық үш құқық өкілеттігін де басқаға бергенде). Мұндай жағдайда да меншік иесі меншік құқығын жоғалтпайды. Бұл дегеніміз – АК-ның 188- бабында аталған үш заттық құқық өкілеттіктерінен басқа меншік иесінде титулдық құқық болады деген сөз, одан тек өз еркімен меншік құқығын шарт бойынша жоғалтқан жағдайда ғана не меншік құқығын АК-да көзделген негіздер бойынша мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты алған жағдайда ғана айыруға болады.

Жаңадан жасалып жатқан жылжымайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуының өзіне тән ерекшеліктері болады. Яғни, салынып жатқан үйлер, құрылыстар, өзге де мүлік кешендеріне қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады.

3. Меншік құқығының формалары мен түрлері.

ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Бұл меншіктің формалары. әртүрлі әлеуметтік мақсат пен құқықтық режим оларды бөліп алуға негіздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісі ретінде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргізіледі. Жеке меншікке жататындықты заң өте оңай анықтайды – мемлекетке тиісілі еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттік емес меншіктер жеке меншік болып табылады. Меншік формаларына меншік құқығы формалары сәйкес келеді. Өз кезегінде формалар да түрлерге бөлінеді. Форма меншіктің арналған мақсаты мен әлеуметтік бағыттылығына қарай оның сапалық ерекшелігін бейнелейді, ал түр – меншік формалары ішіндегі субъективтік айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншік құқығының субъектісі бола алады. Азаматтың әрекет қабілеті шектеулі болған немесе, тіптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесін заң немесе шарт бойынша өкіл қорғайды. Мемлекеттің меншік құқығының субъектісі ретіндегі ерекшелігі сол – оның құқығы уәкілетті мемлекеттік органдар немесе мемлекеттік заңды тұлғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайларда – мемлекеттік емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.

Конституцияға бағдар алып Азаматтық кодекс меншік формасы ретінде жеке және мемлекеттік меншікті бөліп қарастырады.

АК-ның 191- бабында жеке меншіктің екі түрі белгіленген, олар- азаматтар меншігі және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі. Өз кезегінде АК – ның 192- бабы мемлекеттік меншіктің екі түрін белгілейді, олар – республикалық және коммуналдық меншіктер. Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының меншік құқығы туралы заңнама қолданылады.

Меншіктің кейбір объектілері меншіктің белгілі бір формалары мен түрлеріне ғана тән. Жер және оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар меншіктің ерекше объектісі болып табылады. ҚР Конституциясының 6- бабының 3- тармағына сәйкес олар мемлекет меншігінде болады. Бірақ, жер заңда белгіленген негіздерде, жағдайларда және шекте жеке меншікте де болуы мүмкін. Жерге қарағанда қойнаудың жеке меншікте болуы мүмкін емес, себебі жоғарыға шығарылған жыныс қойнау болудан қалады, яғни ол жеке меншік объектісі бола алады. Басқа объектілердің тиесілігін анықтағанда әңгіме жалпы су, өсімдік және жануарлар әлемі жайында екенін ескеру қажет. Олар тек мемлекет меншігінде ғана болады. Ал, нақты бір ағашты немесе жануарды бөліп алсақ, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке меншік объектісі бола алады. Жеке және мемлекеттік меншіктің сандық ара қатынасы бастапқы кезде мемлекеттік меншікті жекешелендіру қарқынымен анықталды. Бұл процесс ТМД-ның басқа елдеріне қарағанда Қазақстанда белсенді жүргізілді,ондағы мақсат мемлекеттік меншікті ең төменгі қажетті деңгейге жеткізу еді. Қазір бұл арақатынас мемлекеттік мүдделер бойынша анықталуда.

Мемлекеттік меншіктің басымдылығынан бас тарту,мүлікті нарықтық айналымға тарту және меншік құқығының заттық сипаттамасын дамыту норманың әртүрлі топтарында, оның ішінде меншік құқығының туындауын реттейтін топтарында көрініс тапты.

 

11- тақырып. Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы.

Жоспар:

1.Меншік құқығының пайда болуының негізгі тәсілдері.

2. Меншік құқығы пайда болатын кез.

3.Меншік құқығының және өзгеде заттық құқықтардың туындауының жекелеген негіздері.

4. Меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың тоқтауы.

1. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иеленудің және олардың тоқтатуының негіздері. ҚР АК-ның 195-бабына сәйкес заттық құқықтарға, меншік құқықтарынан басқа, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы, жер пайдалану құқығы, сондай-ақ АК-да немесе өзге заң актілерінде көзделген өзге заттық құқықтар жатады.

Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иеленуді және тоқтатудың негіздерін АК және өзге нормативтік құқықтық актілер реттейді. АК-ның 13 және 14-тарауларында жалпы ережелер бар және де меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иеленудің және тоқтатудың бірқатар арнайы негіздері (тәсілдері) көзделген. Бірақ, ескеретін бір жағдай, бұл көрсетілген тарауларда, біріншіден, заттық құқықтарды иеленудің және тоқтатудың барлық негіздері түгелдей белгіленбеген, екіншіден, көзделген тәсілдердің барлығымен заттық құқықтарды түгелдей иеленуге болмайды. Атап айтқанда, АК-ның 13-тарауында меншік құқығын иеленудің тәсілдері толық берілмеген. Кейбір заттық құқықтар, сонымен қатар, меншік құқығын иеленуге болмайтын тәсілдермен иеленуі мүмкін. Мысалы, АК-ның 198-бабының 1-тармағына сәйкес шаруашылық жүргізу құқығы кәсіпорында, егер заңнамамен немесе меншік иесінің шешімімен өзгедей көзделмесе, мүлікті кәсіпорынның дербес балансына бекіткен кезден бастап туындайды. АК-ның бұл қарастырып отырған тарауы меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды иеленудің нормативтік құқықтык акт, құқықтың нормативтік құқықтык актілер негізінде бір түрден екінші түрге өзгеруі, әкімшілік акт сияқты негіздерін көздемейді. АК нормаларына және өзге нормативтік құқықтык актілерден осы көрсетілген және өзге заңдық фактілер (заңдық құрамдар) негізінде меншік құқығын және басқа заттық құқықтарды иелену мүмкіндіктері туындайды. ҚР Жер кодексінің 68-бабында көзделген сервитуттың туындау негіздері нормативтік құқықтық акт негіздерінде заттық құқықтардың мысалы бола алады.