Есеп мысалдары

 

I) Ара қашықтығы 0,1м екі параллель шексіз өткізгіштермен бір бағытта тоқ жүреді. Өткізгіштердің әрқайсысынан 0,1м қашықтықтағы өріс кернеулігі 6,33А/м. Өткізгіштердің біреуімен 0,5А тоқ жүреді. Екінші өткізгіш арқылы қандай тоқ жүреді?

2) Бір жазықтықта жатқан екі дөңгелектік тоқтар бағыттас болғанда, центріндегі кернеулік 50А/м, ал тоқтар қарама- қарсы бағытталғанда кернеулік нөл болады. Дөңгелек тоқтардың орамының радиустары 0,12м және 0,08м. Тоқтардың шамасын анықтау керек ?

3) Ұзындығы l өткізгіш арқылы 20А тоқ жүреді. Осы өткізгіштің ортасына түсірілген, одан 0,05 м қашықтықтағы перпендикулярға орналасқан С нүктесіндегі кернеулікті анықтау керек. l өткізгіш С нұктесінен 600 бұрыш арқылы көрінеді.

4) Түзу сызықты параллель екі ұзын өткізгіш бір-біріне 0,1 м қашықтықта орналасқан. Өткізгіштер арқылы I1=20А, I2=30А тоқ бір бағытта өтеді. Өткізгіштің бірлік ұзындығына келетін тарту күштері қандай болады?

5) Энергиясы 25,6*10-13 Дж зарядталған бөлшек индукциясы 2,4 Тл болатын біртекті магнит өрісінде радиусы 0,24 м болатын шеңбер бойымен 2,7*107 м/с жылдамдықпен қозғалады.. Осы бөлшектің заряды қандай болады?

6) Электрон 8*106 м/с жылдамдықпен индукциясы 10-3 Тл болатын біртекті магнит өрісіне 200 бұрыш жасай енеді. Электронның траекториясын анықтау керек.

7) Көлденең қимасының ауданы 7,5 *10-4 м2, индуктивтілігі 0,01 Гн жалаң қабатты соленоид жасау үшін диаметрі 0,001 м болатын сымның ұзындығы қандай болады?

8) Әрқайсысының ұзындығы 1м болатын екі параллель өткізгіштермен тоқ жүреді, олардағы тоқ күші бірдей. Өткізгіштердің ара қашықтығы 0,01 м., әсерлесу күші 9,8 *10-4 Н. Өткізгіштердегі тоқты анықтау керек.

9) Ұзындығы 0,4 м түзу өткізгіш 5 м/с жылдамдықпен магнит өрісі күш сызықтарына перпендикуляр қозғалады. Өткізгіш ұштарындағы индукциялық э.қ.к-і 0,6 В. Магнит өрісінің индукциясын анықтау керек.

10) Индуктивтігі 0,2 Гн және кедергісі 1,64 Ом болатын катушка берілген. Э.қ.к. –ін үзіп тастап, катушканың қысқа тұйықталуынан 0,05 с уақыттан кейін, катушкадағы тоқтың күші неше есе кемитіндігін табу керек,

11). Ара қашықтығы 10 см екі шексіз параллель өткізгіштермен бір бағытта І=60 A тоқ жүреді. Өткізгіштердің біреуінен r1=5 см , ал екіншісінен r2=12 см қашықтықтағы А нүктесіндегі магнит өрісінің индукциясын анықтау керек.

12) Шексіз ұзын өткізгіштің ұзындығы 60 см кесіндісінің дәл ортасынан

20 см қашықтықтағы магнит өрісінің индукциясын анықтау керек. Кесінді арқылы 30 А тоқ жүреді.

13) Ара қашықтығы 10 см екі шексіз параллель өткізгіштермен қарама – қарсы бағытта I1=10А, I2=15 А тоқтар жүреді. Өткізгіштің біреуінен r1=8 см, ал екіншісінен r2=6 см қашықтықтағы магнит өрісінің кернеулігін анықтау керек.

14) Орам саны 1200 болатын соленоидпен 4 А тоқ жүреді. Магнит ағыны 6*10-6 Вб. Соленоидтың индуктивтігін және соленоидтың магнит өрісінің энергиясын анықтау керек .

15) Қабырғалары 4 см және 6 см тік бұрышты рама арқылы 5 А тоқ жүреді. Рама центіріндегі магнит өрісінің кернеулігін анықтау керек .

16) Кедергісі 2 Ом соленоиды э.қ.к. –і 8 В тоқ көзімен қосылғанда 0,01 с уақыттан кейін тізбектегі тоқ 1 А–ға жетті. Тоқ көзінің ішкі кедергісін ескермей соленоидтың өздік индукция коэффициентін анықтау керек.

17) Протон магнит өрісіне перпендикуляр болып еніп қисықтығының радиусы R=10 см доға жасады. Егер магнит өрісінің индукциясы 1 Тл болса, онда протонның жылдамдығы қандай болады.

18) Ұзындығы 1 м өткізгіш 5 м/с жылдамдықпен біртекті магнит өрісіне перпендикуляр болып енеді. Егер өткізгіштің ұштарындағы пайда болған потенциялдар айырмасы U=0.02 В болса, магнит индукциясы қандай болады?