Есеп мысалдары

 

1.200С температурада су буының ауа арқылы диффузиясының коэффициентін анықтау керек. Су молекуласының радиусы 0,21 нм. Азот моекуласы мен оттегінің молекулаларының радиустары 0,18 нм.

2.Сутегінің жылу өткізгіштігі ауаның жылу өткізгіштігінен неше есе артық. Сутегі молекуласының радиусы 0,14 нм. Азот моекуласы мен оттегінің молекулаларының радиустары 0,18 нм. Газдардың температуралары бірдей.

3.Қызған дене уақытта суыиды. Осы денеші өлшемдерін есе ұлғайтқанда қанша уақыттан соң суыиды?

4.А молекуласының В1 және В2 газдар арқылы диффузиясының коэффициенттері D1 және D2. Газдардың бірлік көлемдеріндегі молекула саны n. В1 газдың бірлік көлеміндегі молекулалардың саны n1, В2 газдың бірлік көлеміндегі молекулалардың саны n2 болатын қоспадағы А молекулаларының диффузия коэффициентін анықтау керек.

5. Қалыпты жағдайда гелий атомдарының орташа еркін жол ұзындығы 1,8*10-9м. Диффузия коэффициентін анықтау керек.

6. Қалыпты жағдайда азоттың ішкі үйкеліс коэффициенті 1,7*10-5кгм-1с-1. Атомдарының орташа жүгіру жолын анықта.

7. Молекулалардың жылдам қозғалысы нәтижесінде өтетін барлық тасымалдау құбылыстарының өте баяу өтетіндігі неліктен?