Есеп мысалдары

 

1. Газдың көлемін 2 есе азайтып, температурасы 1,5 есе арттырғанда қысымы қанша есе өзгереді?

2. Ыдыстағы газдың температурасы 270С, қысымы 2 МПа. 500С-ға қыздырғаннан кейін ыдыста тек газдың жартысы қалды (массасы бойынша). Ыдыста қандай қысым орнайды?

3. Құмыраның ішіндегі ауаның қысымы 0,1 МПа, температурасы 70С. Тығыны ұшып шығу үшін құмыраны неше градусқа дейін қыздыру қажет?

4. Су тамшысында жылулық қозғалыс жасайтын, массаларының айырымы 4 есе болатын, екі бөлшектің орташа квадраттық жылдамдықтарының айырмашылығы қандай?

5. Маятниктің шаригінің жылулық қозғалысының нәтижесінде орын алатын тепе-теңдік күйден орташа квадраттық ауытқуын анықтау керек. Ауа температурасы 200 С. Шарик массасы 1мг., маятник ұзындығы 10 м.

6. 200 см3 және 100 см3 екі көлем бір-бірімен жылу өткізбейтін қозғалмайтын поршеньмен бөлінген. Бастапқыда газдың температурасы 300К, қысымы 1013 ГПа болды. Содан соң кіші көлемді мұздың көмегімен 273К-ге дейін суытты да, үлкенді будың көмегімен 373К-ге дейін қыздырды. Осы көлемдерде қандай қысым орнайды?

7. Не себепті электр шамдарын қысымы атмосфералық қысымнан көп төмен болатын инертті газбен толтырады?

8. Сиымдылығы 15 л баллонда 10г сутегіден, 54г су буынан және 60 г көмірқышқылынан тұратын қоспа бар. Газ қоспасының температурасы 270С. Баллондағы қысымды анықтау керек.

9. Көлемі 1 см3 ыдыстағы газда 109 молекула бар. Т1= 3К және Т2 =1000К темпетарураларға сәйкес қысымдарды анықта.

10. 1 кг азот пен 1кг гелийден тұратын газ қоспасының қалыпты жағдайдағы массасын анықтау керек.

 

2.3 Максвелше молекулалардың жылдамдықтары бойынша таралып бөліну заңы

 

Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығының формуласы белгілі

бірақ, әр жеке молекуланың жылдамдықтары әртүрлі. Сондықтан белгілі жылдамдықпен қозғалатын молекулалар санын көрсете алмаймыз.

Максвелл ықтималдық теориясына сүйене отырып жылдамдықтары (,) интервалында жататын молекулалар санының төмендегідей формуламен анықталатындығын көрсетті:

(2.3.1)

(2.3.2) – қатынасы үлестіру функциясы делінеді.

Ордината өсіне , ал абцисса өсіне жылдамдық -нің мәндерін салсақ Максвелл қисығы шығады (2.3.1-сурет). Максвелл қисығының максимумына – ықтималдық жылдамдық сәйкес келеді. Жылдамдықтары (, +) интервалында жататын молекулалар саны (2.3.1) -суреттегі штрихталған фигураның ауданы арқылы анықталады.

Ықтималдық жылдамдықты анықтау үшін (2.3.2) теңдеуден

деп ұйғарған жағдайда