Леон Ф. Уитни Психология собаки. Основы дрессировки собак 1 страница

Лекция

Лекция

Лекция

1 Салық салу принциптері және салық түрлері.

2 Салықтың әлеуметтік функциялары.

3 Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтары.

4 Кәсіпорын салықтары.

 

  4 Кәсіпорынның жалпы салык жүйесінің негіздері

1 Салық салу принциптері және салық түрлері..

Салық жүйесі - салық қызметі органдарын, салық қатынастарын ретейтін құқықтық нормаларды қамтитын жүйе, салықтар түрінде бюджетке түсетін міндетті төлемдердің, сондай-ақ, олардың құрылымы, нысандары мен әдістерінің жиынгығы.

Салықтар мемлекеттік табыстарды құру үшін мемлекет тарапынан алынатын, жеке және заңды тұлғалардың міндетті төлемдер болып табылады. Салықтар әртурлі белгілері бойынша топталады: ол салық деңгейінің орнатылуы мен алынуына; салық салу нысанына байланысты; салықгы алу көздері және оны алу әдістеріне байланысты болады. Салыктың бекітілу деңгейі мен алынуы бойынша мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді.

Салық салудың нысаны болып нақты материалдық немесе ақшалай қаражат болып табылады (табыс, мүлік) және бұл салық атауын анықтайды. Салықтың әрқайсының сомасы былай анықталады

Сі = Бсі* Смөлі

мұндағы Сі - і-салықтың сомасы;

Бсі - салық құру базасы немесе і-салығы бойынша салық салуға жататын ақша қаражатының сомасы;

Смөлі-салығы бойынша салық мөлшерлемесі.

Салық төлеуге кететін ақша қаражаты салық түріне байланысты болады. Ол кәсіпорын табысы (табыс салығы), өнімді өткізуден түскен, Істелген жұмыс тан немесе көрсетілген қызметтен түскен табыс (қосылған құнға салы0); кәсіпорынның алып жатқан ауданы (жер салығы); негізгі

және айналым қаражатаның құны (мүлік салым) және басқалары болуы мүмкін.

Сонымен қатар әлеуметтік салық жұмысшылардың істейтін еңбек ақы қорынан алынатын салық түрі. Әлеуметтік салықты жинау мақсаты: азаматтық зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық көмекпен қамсыздандыру, бюджеттік табысты қалыптастару, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолданылады.

Салық мөлшерлемесі алынатын салық бірлігінің шамасын көрсетеді. Мемлекеттік немесе жергілікті басқару органдарымен салық түріне байланысты бекітіледі.

Әртүрлі деңгейдегі бюджет құруға кететін салықтан басқа, кәсіпорын бюджеттік емес қорларға да қаражат бөледі: мемлекеттік және медициналық сақтандыру қоры, зейнетақы қоры. жалпы мемлекеттік білім беру қоры және басқалары.

 

2. Салықтың әлеуметтік функциялары

Кәсіпорынға салық салу жүйесі әрқашан жаңарып және өзгеріп өтырады. Бір салық тоқтағанымен, жаңасы пайда болады. Сондықтан салық салу жүйесі жылжымалы экономикалық механизм болып табылады, мақсаты кәсіпорынның тиімді дамуы үшін тиімді шарттар жасау және мемлекет бюджетінің пайда бөлігін құру.

Салық механизмі мемлекет заң шығару жолмен белгілейтін салық салу ережелерінің жиынтығы. Салық тетігі салықты кімдер төлейтінін, не нәрселерге салық салынатынын (пайда, мүлік, тауарлар) салық қандай пайдадан төленетінін (жалақы пайда, дивиденд) салық салынатын нысан қандай өлшемдермен өлшенетін (пайда салығы - ақша өлшемінде, жер салығы -гектар елшемінде, т.б.) айқындайды.

Қосылған құнға салынатын салық жанама салық түрі болып есептеледі. Түпкілікті тұтынушылар тауарлар мен қызметтерді сатыл алу кезінде. сондай-ақ, тауарлар мен өткізудің түрлі сатыларында төлейді. Осы салық сатылатын айналымға түсімнін бәрі емес, тек өндіру мен өткізудің осы буынында қосылатын құнга кіреді. Қосылган құнның кұрамына амортизация, үстемелер мен қоса енбек қкы, басқа да кейбір шығындар (сонын ішінде несие үшін пайыз) кіреді. Тауардың бағасына тауарда соңғы тұтынушыға жеткізудің барлық сатыларына төленетін салыктың жалпы сомасы кіреді. Салық бюджетке түсетін қаражаттың тұрақты көздері болып табылады, өндіріс пен айналыс шығындарын төмендетуге, сондай-ақ, өткізуді жеделдетуге ынталандырады.

Транспорт құралдарына салынатын салық- мемлекеттік есепте тұратын транспорт құралдары, басқа да өздігінен жүретін машиналар мен механизмдері бар заңды ұйымдардан, азаматтардан, шетелдік заңды тұлғалардан, азаматтығы жок адамдардан алынатын салық. Салық ат күшімен есептегендегі транспорт құралдары мен басқа да өздігінен жүретін машиналар мен механизмдердін қуат өлшеміне қатысты жылдық мөлшерлеме бойынша белгіленеді. Мүлікке салынатын салықтың нысаны болып тұрғын үй, саяжай, гараждар, құрылыстар т.б. жатады.

 

3. Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтары

1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.

Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.

Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.

Біріншіден , барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау.

Екіншіден , кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету.

Үшіншіден , салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру.

Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.

Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.

 

4 Кәсіпорын салықтары.

Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады. Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
Салықтар тауар – ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Салықтарға экономикалық әдебиеттерде әртүрлі анықтама мен түсініктеме берілген. Мәселен, Салық Кодексінде «Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар» деп атап көрсетілген.
Салық – заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем.
Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем.
Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Қорыта айтқанда, барлық анықтамалар бір негізгі құраушы жүйе екендігін байқауға болады. салықтарды басқа да төлемдерден ажыратуымыз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар, салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінде салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.
Салықты материалдық тұрғыдан алғанда - бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады. Салықтың материалдық белгісі – салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді. Сатериалдық салықтық қатынастар – ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді.
Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық – салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қозғалысы болып саналады. Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін көздейтін міндеттеме. Салық құқығы – мемлекеттің салықтық әрекеті үрдісінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салық материалдық тұрғыда белгілі бір ақша сомасын немесе салық төлеушілердің мемлекетке бекітуі тиіс белгілі бір заттардың санын білдіреді. Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
Материалдық категория жағынан – бұл белгілі бір ақша сомасы балса;-
Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;-
Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады;-
Қорыта келгенде, салықтар көптеген елдерде әртүрлі аталғанымен, кейде оларға салық салу және алыну жолдары ұқсас болып келеді. Салық төлеуші ретінде салық төлеу жауапкершілігі жүктелген заңды және жеке тұлғалар танылса, ал салық салу объектілері болып салық төлеушінің есепті кезеңде алған табыстары, тауарлары, мүліктері, көлік құралдары, пайдасы және тағы басқалар табылады. Салық ақшалай және заттай түрде әділеттілік, теңдік және тұрақтылық тәрізді салық салу принциптері негізінде құрылған салық ставкаларын қолдану арқылы алынады. Салық ставкалары тұрақты немес пайыз түрінде тағайындалады. Пайыздық ставкалар үйлесімді, үдемелі және кемімелі болып бөлінеді. Ал салық жеңілдіктері сол мемлекеттің қазыналық саясаттың бағыттары мен бағдарламаларын ескере отырып жүзеге асырылады.

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Салық салу принциптері және салық түрлері.

2 Салықтың әлеуметтік функциялары.

3 Қазақстан Республикасының жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтары.

4 Кәсіпорын салықтары.

Әдебиеттер:

1 Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М.Высшая школа. 2006

2 Котлер Ф. Основы маркетинга. М.Экономика. 2007г.

3 Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ6 2005.

4 Ускенов М., Мархаева Б.А., Абилгазиева Ж.Е. Шаруашылық қызметтерін талдау. Оқу құралы. Шымкент. «Нұрлы бейне». 2007. 156 б.

5 Экономика и управление в энергетике: Учебное пособие по ред. Н.Н. Кожевникова.-М.: Изд.Центр «Академия». 2006г.

6 Экономика электроэнергетики: рыночная политика: Сб./Отв.ред.Э.Хоуп и др. Сибирское отделение Российской академии наук, 2006г.

7 О.Лукша, П.Сушков, А. Яновский. Центр коммерциализации технологий - организационное развитие: как создать, руководить, организовать мониторинг и оценку деятельности. Проект Europeaid «Наука и коммерциализация технологий», 2006.

8 Инновационный проект: подготовка для инвестирования/К.А. Хомкин. – М.: Издательство «Дело» АНХ, 2010. - 120 с.

9 Есиркепова А.М., Исаева Г.К., Ускенов М.К. Коммерциаландыру және бизнес-жоспарлау. ЖОО экономикалық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары студенттеріне СӨЖ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. М.Әуезов ат. ОҚМУ баспасы. Шымкент. 2012. 15 б.

 

 

Тақырып: Жобалық талдау

29 лекция

1 жобалық талдау.

2.энергетикадағы техника- экономикалық есептеулер

 

1 жобалық талдау

Жобаның және жаңа техниканы енгізудін техника-экономикалық тиімділігін бағалау әдістері

Елдің экономикасын дамыту халық шаруашылығының барлық салаларының техникалық және технологиялық жетілдірілуін талап етеді. Электр энергетикасын энергия өндіруші және тасымалдаушы кәсіпорындардың техникасы мен технологияларын жетілдіруді қарастыратын ғылыми-техникалық дамыту маңызды орын алады. Кез келген кәсіпорынның техникалық және шаруашылық жағынан да дамуы үшін қандай да бір қаржы салымдарын қажет етеді. Сондықтан қаржыны салудың ұтымды бағытын анықтау, сондай-ақ қаржының экономикалық тиімділігін негіздеу қажет.

Қаржыны қажет ететін кез келген жетілдіруге бағытталған жұмыстар үшін міндетті түрде техника-экономикалық негіздеуді қажет етеді.

 

2. энергетикадағы техника- экономикалық есептеулер

Экономикалық тиімділікті есептеу әдістері әртүрлі болып келеді. Олар экономикалық негіздеудің мақсаттары мен міндеттеріне, сондай-ақ қаржы салымдарының шарты мен бағыттарына байланысты болады.

Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу әдістері

Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу нысандарды жобалау кезіндегі алға қойылған мақсаттардың ішінен ең тиімді нұсқасын тандап алу кезінде қолданылады.

Техника-экономикалық есептер бұл жағдайда нұсқалардың техникалық және құндық параметрлеріне сүйене отырып жүргізіледі.

Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу кезінде келесі шарттарды сақтау керек:

- жоба бойынша қаралып отырған нұскалар біртұтас өндіріс көлемін, өнім сапасын немесе жобаның мақсатын (жылдамдық, қуаты, сенімділік) анықтайтын өндірістік басқа параметрлерді қамтамасыз ету керек;

- барлық нұсқалар жобаны жүзеге асыру мерзімімен сәйкес болуы

керек;

- әр бір нұсқаны қолданудың мақсатқа лайықтылығын экономикалық негіздеу бірыңғай техника-экономикалық есептеу әдістерімен жүргізілуі керек;

- барлық нұсқалар пайдаланудың біріңғай экологиялық нормасын, қәуіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға біріңғай талаптарды және басқа да өндірісті ұйымдастырудың нормативтік актілерін қамтамасыз етуі қажет.

Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу әдісі көбінесе нивестициялық жобаларды негіздеу кезінде, егер қаржы ішкі өндірістік мәндегі шараларға салынатын болса, өндірісті жақсартудың сөңғы қаржылық көрсеткіштерін (пайда немесе табыс) есептеу қиынға түседі. Отандық пра ктикада бұрыннан қолданылып келген сондай көрсеткіш - келтірілген құрылыстық-пайдалану шығындары

 

Шкелтр= Шағым + ЕН К

 

Немесе

Шкелтр= Шағым + К/Төтелу

 

мұндағы Шкелтр - нақты бір нұсқаның құрылыстық-пайдалану шығындары;

Шағым - инвестициялық жобаның нұсқасындағы өндірістік пайдалану шығындары;

К - нұсқа бойьшша қаржы (капитал) салымдары;

 

Ен және Төтелу - нормативтік тиімділік коэффициенті немесе қаржы салудың нормативтік өтелу мерзімі.

Тиімді нұсқаны таңдау ең төменгі келтірілген шығындар бойынша жүзеге асады, яғни барлық қарастырылған нұсқалардың ішінен қайсысы төмендегіні қанағаттандырады сол тандалатын болады

 

Шкелтр =Ші+Ен*Кі→min

 

мұндағы Шкелтр, - і-шы нұсқаның келтірілген шығындары.

Егер жобаның нұскалары инвестииияны салу мерзімі бойынша және жылдық пайдалану шығындары сол мерзімдерде әртурлі болатын болса, онда келтірілген шығындар уақыт факторын есепке алып есептеледі

 

 

мұндагы Шt - t-шы жылдағы агымдағы пайдалану шығындары; Kt-шы жылдағы капитал салымдары; Вt - дисконттау коэффициенті.

Бұл жағдайда да тиімді нұсқаны таңдау келтірілген дисконтталған шығындардың ең азы бойынша жүзеге асады.

Шетел практикасында инвестициялық жоба нұсқаларыныцң салыстырмалық тиімділігін бағалауда негізгі критерий ретінде тиімділіктің абсолюттік көрсеткіштерін қолданады - барлық нұсқалардың ішіндегі ең теменгі өтелу мерзімін немесе ең жоғарғы таза дисконтталған құнды тандайды.

Мысал 1. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың үш нұсқасы бар делік. Бірінші нұсқа бойынша жобаның құны К1 = 1200 мың теңге, үш жылдың ішінде одан түсетін қаржының сомасы 1530 мың теңге құрайды. Бірінші жылы П1 = 400 мың теңге, екінші жылы П2 = 680 мың теңге, үшінші жылы Пз = 450 мың теңге пайда түсті.

Екінші нұсқа бойынша жобаның құны К1 = 1300 мың теңге, үш жылдың ішінде одан түсетін қаржының сомасы 1700 мың тенге: бірінші жыл бойынша П1 = 500 мың теңге, екінші жылы П2 = 700 мың теңге, үшінші жылы Пз = 500 мың теңгені құрады.

Үшінші нұска бойынша жобаның құны К1 = 1300 мың теңге, үш жылдың ішінде одан түсетін қаржының сомасы 1700 мың теңге: бірінші жыл бойынша П1= 350 мың теңге, екінші жылы П2 = 350 мың теңге, үшінші жылы Пз = 1000 мың теңгені құрады.

Осылардың ішінен таза дисконтталған құн шамасы бойынша тиімді нұсқаны таңдап алу керек. Мысалды кесте түрінде шешіп көрейік.

 

1 Кесте - Таза дисконтгалған құнды есептеу, мың тенте    
Жылдар Таза ақша ағымы Дисконттау коэффициенті Дисконтталған ақша ағымы
  Bt ---------- ------------
-1200 -1300 -1300 -1200 -1300 -1300
T1 0,909 363,6 454,5 318,15
T2 0,826 561,68 578,2 289.1
T3 0.751 337,95 375,5
Нәтиж 63,23 108,2 58,25
                 

 

Нәтижелерден көріп отырғандай, қаржы салымы бірдей екінші және үшінші нұсқаларды салыстыратын болсақ, капиталдан түсетін пайда 400 мың теңге, дегенмен таза дисконтгалған нәтижеге қарайтын болсақ екінші нұсқа ең тиімдірек болып шығады. Салынған қаржы аз болса да бірінші нұсқа үшінші нұсқадан артық болып шығады.

 

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1 Жобалық талдау 2.энергетикадағы техника- экономикалық есептеулер

3. Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу әдістері

Әдебиеттер:

1 Е.М. Шабалин. Финансы энергетики. Учебник. М.Высшая школа. 2006

2 Котлер Ф. Основы маркетинга. М.Экономика. 2007г.

3 Ержанов С.И. Сала экономикасы: оқу құралы.- Алматы: АЭжБИ6 2005.

4 Ускенов М., Мархаева Б.А., Абилгазиева Ж.Е. Шаруашылық қызметтерін талдау. Оқу құралы. Шымкент. «Нұрлы бейне». 2007. 156 б.

5 Экономика и управление в энергетике: Учебное пособие по ред. Н.Н. Кожевникова.-М.: Изд.Центр «Академия». 2006г.

6 Экономика электроэнергетики: рыночная политика: Сб./Отв.ред.Э.Хоуп и др. Сибирское отделение Российской академии наук, 2006г.

7 О.Лукша, П.Сушков, А. Яновский. Центр коммерциализации технологий - организационное развитие: как создать, руководить, организовать мониторинг и оценку деятельности. Проект Europeaid «Наука и коммерциализация технологий», 2006.

8 Инновационный проект: подготовка для инвестирования/К.А. Хомкин. – М.: Издательство «Дело» АНХ, 2010. - 120 с.

9 Есиркепова А.М., Исаева Г.К., Ускенов М.К. Коммерциаландыру және бизнес-жоспарлау. ЖОО экономикалық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары студенттеріне СӨЖ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау. М.Әуезов ат. ОҚМУ баспасы. Шымкент. 2012. 15 б.

Тақырып: Жобалық талдау

1 Инвестициялардың мәні мен түрлері. Бизнес жоспардың құраушылары