Созылмалы аутоиммунды тиреоидит

Аутоиммунды тиреоидит

ТИРЕОИДИТТЕР

Болжамы

Салыстырмалы диагностикасы

Туа біткен гипотиреозды транзиторлы гипертиротропинемиядан ажырата білу қажет, бұл кезде туа біткен гипотиреозға неонатальды скрининг жүргізу барысында өткінші ТТГ мөлшерінің жоғарылауы анықталады. Мұнымен қатар, Т4 гормонының транзиторлы мөлшерінің төмендеуі орын алса, транзиторлы гипотиреоз жөнінде ой түюге болады. Транзиторлы гипотиреоз себептері: йод тапшылығы, ұрықтың жетілмеуі, туылғанда дене салмағының аз болуы, құрсақішілік гипотрофия, құрсақішілік инфекциялар, жүктілік кезінде анасының тиреостатиктерді қабылдауы, анасындағы ҚБ-дің аутоиммунды аурулары. Жиі дамитын және жақсы зерттелген транзиторлы гипотиреоздың себептерінің бірі- йод тапшылығы (3.9 бөлімді қараңыз). Йод тапшылығы ауырлаған сайын скрининг нәтижесі бойынша транзиторлы гипертиротропинемия дамыған балалардың саны да жоғарылауда. Салыстырмалы диагностикасы жоғарыда көрсетілген алгоритм бойынша іске асады (3.21 сурет).

 

Емі

Орынбасушы терапияның мақсаты қанда тезірек Т4 мөлшерін қалыптастырып, Т4 және ТТГ деңгейлерін қалыпты мөлшерде болуын қамтамасыз ететін L-T4 мөлшерлемесін таңдау болып табылады. L-T4 бастапқы тағайындалатын мөлшері тәулігіне дене салмағына 10–15 мкг. Кейін L-T4 адекватты мөлшерін таңдау мақсатында үнемі бақылау зерттеулерін жүргізу қажет.

Сырқаттың болжамы ең алдымен L-T4 орынбасушы терапияның басталуына тәуелді. Орынбасушы терапия нәресте өмірінің бірінші-екінші апталарында басталса, психикалық және физикалық дамудың тежелуінің алдын алуға әбден болады. Емді дер кезінде бастамаса олигофренияның түрлі дәрежесінен кретинизмге дейін асқынулар көрініс береді.

 

 

«Тиреоидит» термині ҚБ қабынуымен өтетін гетерогенді аурулар тобын біріктіреді. Ең жиі кездесетіндері аутоиммунды тиреоидиттің әртүрлі варианттары.

 

Аутоиммунды тиреоидит(АИТ) – патогенезінің негізінде ҚБ фолликулалары мен фолликулярлық жасушаларының түрлі дәрежедегі деструкциясымен көрінетін, этиологиясы аутоиммунды ҚБ қабынуымен өтетін гетерогенді аурулар тобы.

 

Созылмалы аутоиммунды тиреоидит (Хашимото тиреоидиті, лимфоцитарлы тиреоидит) – созылмалы үдемелі лимфоидты инфильтрация нәтижесінде ҚБ ұлпасы деструкцияланып, салдары біріншілік гипотиреозбен аяқталатын, генезі аутоиммунды ҚБ-дің созылмалы қабынулық ауруы (3.16 кесте). Алғаш рет осы ауруды 1912 жылы жапон хирургі H. Hashimoto суреттеген. Ол лимфоидты инфильтрацияланған (лимфоматозды жемсау) ҚБ үлкеюімен өтетін бірнеше жағдайларды бақылаған болатын, сондықтан Хашимото тиреоидиті термині АИТ-тың гипертрофиялық түрін білдіреді, дегенмен ол жиі жалпы созылмалы АИТ ретінде таралған.