XV ТА Р АУ 8 страница

Тұжырым: Самай-төменгі жақ буынының жедел ағымды артриті кезінде науқастар жалпы жағдайының нашарлығымен қатар, құлағы мен самай буындарындағы қатты ауыру сезімге шағымданады. Ауызды ашу мен шайнаудың мүмкіндігі болмайды. Науқас тек сұйық тамақпен ғана қоректене алады. Буынның айналасындағы жұмсақ тіндер ұйыспа-инфильтраттанған, беткей терісі қызарған. Буын аймағын басқанда ауырады. Сыртқы дыбыс жолы тарылып, науқастың құлағы ауырлайды.

Дене қызуы жоғарылап, лейкоцитоз және ЭТЖ жылдамдайды. Көп жағдайда процесс іріңдіктер түзілуімен аяқталады. Ол көбінесе сыртқы дыбыс жолына жарылады. Сыртқа құлақмаңы аймағына сирек тесіліп шығады. Самай-төменгі жақ буыны қабынуын жедел ағымды отиттен, үшкіл жүйкенің невралгиясынан ажырату керек. Ауыру сезімінің құлаққа, самайға тебуі әсерінен науқастар отоларинголог, невропатолог мамандарына қаралып, бұл науқастарға жиі дұрыс нақтама-диагноз қойылмайды. Қиналып тіс жаруда төменгі жақ бұтағының бойымен және тіс қатарымен өтетін ауыру сезімімен ажыратылады.Жақтың функциялық ерекшеліктеріне байланысты емдеу қиынға түседі. Себебі емдеу кезеңдерінде буынды ұзақ уақыт мүмкіндігінше қозғалтпай қоюға тура келеді. Артроздар артриттік өзгерістердің одан әрі асқынуларымен қатар, буынның нейродистрофикалық және эндокринопатиялық зақымдануларынан да дамиды. Ондай жағдайларға дұрыс жасалмаған тіс протездері мен шайнау бұлшықеттерінің өзгерістері де жатады. Остеоартроздың негізгі себебі, буынның шеміршекті тінінің төзімділігі мен түсірілген күштің сай келмеуі болып табылады. Осыған байланысты буынның тіндерінде инфекциясыз дегенеративті өзгеріс басталады.

Жалпы жансыздандыру-наркоз арқылы төменгі жақтың астынан бұрышын айналдыра жарты ай тәрізді тілік жасалады. Төменгі жақтың бұтағы мен анкилозданған самай-төменгі жақ буыны жалаңаштанады. Бұрынғы буынның орнына неғұрлым жақын жерден остеотомия жасалады. Остеотомиядан соң төменгі жақ бұтағының дистальды ұшы босаған соң самай сүйегінде буын шұңқыры жасалады. Төменгі жақ дұрыс орнына қойылады. Жасаған ақауға алдын ала дайындалған ситалл имплантант қойып, оны сыммен бекітеді. Буын қапшығын айналасындағы жұмсақ тіндермен қалыпқа келтіріледі.

Тапсырманы қайталауға арналған тестілік және жағдайлық (ситуациялық) сұрақтар:

1. Төменгі жақтың буын өсіндісі мен самай сүйегінің буын

шұңқыры..........құрайды.

А) самай-төменгі жақ буынын

Б) иық буынын

В) жамбас буынын

Г) қол буынын

Д) тізе буынын

2.Қалыпты жағдайда самай-төменгі жақ буынының ........ белгілі.

А) үш түрі

Б) екі түрі

В) бір түрі

Г) төрт түрі

Д) бес түрі

3. Тік тістесулерге ......... сай келеді.

А) Тегіс буын.

Б) бұдыр буын.

В) жанама буын.

Г) ойық буын.

Д) көлденең буын.

4. Ртогнатиялық тістесуге .......... сай келеді.

А) Аздап томпақ шұңқыр буын.

Б) жалпақ шұңқыр буын.

В) тік шұңқыр буын.

Г) көлбеу шұңқыр буын.

Д) жазық шұңқыр буын.

5. Терең күрек тістің тістесуіне ................. сай келеді.

А) Томпақ шұңқырлығы қатты жетілген буын.

Б) жазық шұңқыр буын.

В) көлбеу шұңқыр буын.

Г) жұқа шұңқыр буын.

Д) қатты шұңқыр буын.

6. антиревматикалық комитетінің жіктеуіне байланысты артриттерді

.......... деп ажыратады.

А) инфекциялық, инфекциялық емес (дистрофиялық) және

жарақатты

Б) инфекциялық емес және созылмалы, арнайы

В) инфекциялық, және жарақатты, жедел

Г) инфекциялық емес және жарақатты, оқ тиген

Д) инфекциялық, оқсыз, және созылмалы

7. Инфекциялық артриттер ............ деп екіге бөлінеді.

А) арнайы емес және арнайы

Б) инфекциялық, және жарақатты, жедел

В) инфекциялық, оқсыз, және созылмалы

Г) инфекциялық емес және созылмалы, арнайы

Д) инфекциялық емес және жарақатты, оқ тиген

8. Инфекциялық емес артриттер (дистрофиялық және артроздар) .......

деп бөлінеді.

А) зат алмасу дистрофиялық, жүйке-дистрофиялық,

эндокринопатиялық және т. б,

Б) жүйке-дистрофиялық, жұқа шұңқыр буын.

В) эндокринопатиялық, жұқа шұңқыр буын.

Г) жүйке-дистрофиялық, көлбеу шұңқыр буын.

Д) эндокринопатиялық, көлбеу шұңқыр буын.

9. Жарақатты артриттер ........... әсерінен болады.

А) созылмалы микрожарақаттардың немесе жедел жарақаттардың

Б) іріңді жарақаттардың немесе жедел жарақаттардың

В) созылмалы микрожарақаттардың немесе іріңді жарақаттардың

Г) фиброзды жарақаттардың немесе жедел жарақаттардың

Д) созылмалы микрожарақаттардың немесе фиброзды жарақаттардың

10. Самай-төменгі жақ буынының арнайы емес инфекциялық

артриттері ...........деп бөлінеді.

А) жедел ағымды, созылмалы

Б) фиброзды жарақаттардың, жедел ағымды,

В) созылмалы, фиброзды жарақаттардың,

Г) фиброзды жарақаттардың, бұлшықеттердің жарақаттардың,

Д) созылмалы, бұлшықеттердің жарақаттардың,

11. Туберкулездік артрит аурудың .......... тарауынан дамиды.

А) төменгі жақтың бұтағынан, ортаңғы құлақтан, самайдың жұмсақ

тіндері мен сүйегінен

Б) самайдың жұмсақ тіндері мен иық буыны

В) төменгі жақтың бұтағынан мен тізе буыны

Г) ортаңғы құлақтан және тобық аймағынан

Д) фиброзды жарақаттардың және самайдың жұмсақ тіндері

12. Туберкулез қоздырушысының .......... арқылы тарауы мүмкін.

А) өкпеден, жоғарғы тыныс жолдарынан, қан мен лимфа жолдары

Б) жоғарғы тыныс жолдарынан және жүрек аймағы

В) қан мен бұлшықеттердің жарақаттардың,

Г) лимфа жолдары, фиброзды жарақаттардың,

Д) өкпеден, бұлшықеттердің жарақаттардың,

13. Гонореялық артрит самай-төменгі жақ буынында гонореяның

.........өршіген кезеңінде дамиды.

А) жедел немесе жеделдеу ағымында кейде созылмалы түрінің

Б) кейде созылмалы түрінің, бұлшықеттердің жарақаттардың,

В) жеделдеу ағымында, фиброзды жарақаттардың,

Г) жедел немесе фиброзды жарақаттардың,

Д) жеделдеу ағымында, бұлшықеттердің жарақаттардың,

14. Жедел және жеделдеу ағымдарының дамуы .......... жолының

тарылуымен көрінеді.

А) жедел ауыру сезімдермен, буынның ісінуімен, сыртқы дыбыс

Б) буынның ісінуімен, бұлшықеттердің жарақаттардың,

В) жедел ауыру сезімдермен фиброзды жарақаттардың,

Г) сыртқы дыбыс, бұлшықеттердің жарақаттардың,

Д) жедел ауыру сезімдермен фиброзды жарақаттардың,

15.Аурудың ақыры шеміршек бетінің ............. дамиды.

А) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, анкилоз

Б) анкилоз, жақын айналадағы тіндердегі гуммалардан

В) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, шетінде ақау

Г) анкилоз, ортасында деструкциялық ошақ

Д) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, мойын

16. Самай-төменгі жақ буынының арнайы артриті көбінесе

..........дамиды.

А) жақын айналадағы тіндердегі гуммалардан

Б) сыртқы дыбыс, бұлшықеттердің жарақаттардың,

В) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, мойын

Г) анкилоз, ортасында деструкциялық ошақ

Д) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, анкилоз

17. Рентгенограммада буын өсіндісімен төменгі жақтың

............байқалады.

А) ортасында деструкциялық ошақ, шетінде ақау

Б) жақын айналадағы тіндердегі гуммалардан

В) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, мойын

Г) сыртқы дыбыс, бұлшықеттердің жарақаттардың,

Д) жедел немесе фиброзды жарақаттардың,

18. Самай-төменгі жақ буынында ....... таралуынан дамиды.

А) мойын, бет актиномикоздарының асқынып буын қапшығына

Б) сыртқы дыбыс, бұлшықеттердің жарақаттардың,

В) ортасында деструкциялық ошақ, шетінде ақау

Г) дөрекі бұзылуларына әкеліп соғып, мойын

Д) жақын айналадағы тіндердегі гуммалардан

19. Бұл кезде буынмен бірге ......... қозғалысы бірден шектеледі.

А) шайнау бұлшықеттері ауруға шалдығатындықтан жақ

Б) сыртқы дыбыс, бұлшықеттердің жарақаттардың,

В) жедел ауыру сезімдермен фиброзды жарақаттардың,

Г) мойын, бет актиномикоздарының

Д) жеделдеу ағымында, бұлшықеттердің жарақаттардың,

20. Жарақатты артриттер ағымына қарай ....... болып бөлінеді.

А) жедел және созылмалы

Б) арнайы, жанама және созылмалы

В) арнайы емес және жеделдеу

Г) жеделдеу ағымында, бұлшықеттердің жарақаттардың,

Д) созылмалы және инфекциялық

21.Созылмалы жарақатты артрит ......... әсерінен болады.

А) Көбінесе созылмалы майда жарақаттардың ұзақ уақыт

Б) жедел және созылмалы

В) арнайы еме және жеделдеу

Г) арнайы, жанама және созылмалы

Д) жеделдеу ағымында, бұлшықеттердің жарақаттардың,

22. Созылмалы жарақатты артритте ..... ауыру сезіміне шағымдайды.

А) ауызды ашқанда және шайнау, сөйлеу кезінде үнемі үдей түсетін

Б) сөйлеу кезінде, жүгіргенді

В) ауызды ашқанда, ұйықтап жатқанда

Г) сөйлеу кезінде, көзін жұмғанда

Д) ауызды ашқанда, кірпіктері қимылдағанда

23. Артроздар артриттік өзгерістердің ..... зақымдануларынан дамиды.

А) одан әрі асқынуларымен қатар, буынның нейродистрофикалық

және эндокринопатиялық

Б) буынның нейродистрофикалық, сөйлеу кезінде, көзін жұмғанда

В) одан әрі асқынуларымен қатар, арнайы еме және жеделдеу

Г) буынның нейродистрофикалық, арнайы еме және жеделдеу

Д) одан әрі асқынуларымен қатар, сөйлеу кезінде, көзін жұмғанда

24. Артроздар сай буын компоненттерінде ......... деп бөлінеді.

А) склероздаушы және деформациялаушы артроздар

Б) деформациялаушы артроздар, сөйлеу кезінде, жүгіргенді

В) склероздаушы, сөйлеу кезінде, жүгіргенді

Г) деформациялаушы артроздар, ауызды ашқанда, ұйықтап жатқанда

Д) склероздаушы, ауызды ашқанда, ұйықтап жатқанда

25. Склероздаушы артроздар кезінде буынның ......... байқалады.

А) сүйек кемігінің терең және беткей бөліктерінің склероздары

Б) беткей бөліктерінің склероздары, сөйлеу кезінде, жүгіргенді

В) сүйек кемігінің терең, сөйлеу кезінде, жүгіргенді

Г) беткей бөліктерінің склероздары, ауызды ашқанда,

Д) сүйек кемігінің терең, ұйықтап жатқанда

26. Деформациялаушы артроздар кезінде .......... шығып кетеді.

А) төменгі жақтың буын өсіндісінде біз тәрізді сүйек өсінділері

Б) біз тәрізді сүйек өсінділері, ұйықтап жатқанда

В) төменгі жақтың буын өсіндісінде, ұйықтап жатқанда

Г) біз тәрізді сүйек өсінділері, ауызды ашқанда

Д) төменгі жақтың буын өсіндісінде, ауызды ашқанда

27.Анкилоз дегеніміз..... кететін самай-төменгі жақ буынының тұрақты

деформациясы.

А) төменгі жақтың қозғалысы жартылай немесе түгелдей шектеліп,

буын беттері фиброзды немесе сүйекті бітісіп

Б) төменгі жақтың қозғалысы, ұйықтап жатқанда

В) жартылай немесе түгелдей шектеліп, ұйықтап жатқанда

Г) буын беттері фиброзды, ұйықтап жатқанда

Д) сүйекті бітісіп, ұйықтап жатқанда

28. Самай-төменгі жақ буынының анкилоздарын туғызатын ........

жатады.

А) инфекциялық аурулардың қатарына қызылша, дифтерия, сүзек,

оспа, туберкулез, актиномикоз және жақтардың остеомиелиттері

Б) дифтерия, сузек, пневмония, гепатит

В) инфекциялық аурулардың қатарына қызылша, остит

Г) оспа, туберкулез, миозит

Д) актиномикоз және жақтардың остеомиелиттері, бурсит

29.Микрогнатия дегеніміз .............. деп аталады

А) төменгі жақтың денесі мен бұтағының қысқаруы.

Б) бұтағының қысқаруы, оспа, туберкулез, миозит

В) төменгі жақтың денесі, оспа, туберкулез, миозит

Г) бұтағының қысқаруы, дифтерия, сузек, пневмония, гепатит

Д) төменгі жақтың денесі, дифтерия, сузек, пневмония, гепатит

30. Төменгі жақтың контрактурасы бет-жақ аймағының ........ бұзылуы.

А) патологиялық өзгерістері мен жұмсақ тіндердің пластикалық

қасиетінің және самай-төменгі жақ буыны қызметінің

Б) самай-төменгі жақ буыны қызметінің, оспа, туберкулез, миозит

В) патологиялық өзгерістері мен оспа, туберкулез, миозит

Г) самай-төменгі жақ буыны қызметінің, пневмония, гепатит

Д) патологиялық өзгерістері мен пневмония, гепатит

 
XVІІ Т А Р А У

ПАРАДОНТ АУРУЛАРЫН ХИРУРГИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ЕМДЕУ

Парадонт ауруларын кешенді емдеу әдістерінің ішінде хирургиялық әдіс басты орын алады. Сондықтан үстіміздегі ғасырдың 60-80 жылдарынан парадонтитті хирургиялық жолмен емдеу кеңінен қолданылып келеді. Хирургиялық әдіс қызыл иектегі орнына келтіру, тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын жойып, осы қалталардан аққан іріңді тоқтату үшін және жақ сүйектің қырын орнына келтіріп, тістердің тіс ұясында қозғалмауы үшін қолданылады. Дер кезінде жасалған отаның нәтижесі жақсы әрі ұзаққа созылады. Терапиялық әдістермен емдеуден кейін кілегей қабықтың тіс қалталарына қараған бетінде ойдым-ойдым қабынған жерлер қалады. Оларды тек хирургиялық әдіспен ғана жоюға болады.

Хирургиялық емді қолданар алдында жақ сүйек қырының анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне назар аудару керек: қызыл иекте жұмсақ ет аз, жақ қыры бұзылып төмендеген, ал тіс ұясы мен ұялар арасындағы сүйектер де жұқа тін, осыған байланысты тіс босап, қан айналысы бұзылады. Тіс-иек, тіс-сүйек қалталары неше түрлі микробтармен, ас қалдықтарымен зақымданып, адам көбіне жүрек, өкпе, бүйрек ауруларымен ауырады. Осы айтылғандарды ескере отырып, дәрігерлер науқасты отаға жан-жақты даярлайды.

 

Науқасты отаға дайындау жұмысы мыналардан тұрады:

1.Науқас адам міндетті түрде терапевттің кеңесінен өтуі қажет. Ал керек болған жағдайда басқа мамандармен кеңесіп, олардың қорытындысын дайындық жоспарына енгізеді.

2. Стоматолог-терапевт, стоматолог-ортопед кеңестері мен терапевт мамандардың емдеу жоспары, сондай-ақ стоматолог-хирург жоспары бірін-бірі толықтыруы тиіс.

3. Хирургиялық әдіс ауыз қуысын толық тазалағаннан (санациядан) кейін қолданылады. Ол үшін: а) кариес пен пародонтит болған тістерді емдеп, жақсы бітеме-пломба қойылуы; б) қызыл иек-тіс, тіс-сүйек қалталарын тазалап, тіс түбірінің үстіңгі және астыңғы қабатында пайда болған тастардан тазартып, антисептиктермен жуылуы; в) тіс түбірін, және III,IV дәрежелі қозғалатын тістерді алу; г) барлық терапевтік әдістерді қолдана отырып ауыздың уылуын жою керек.

4. Жоқ тістердің орнын иммедиат (алмалы-салмалы) протезбен толтырып, қатты қозғалатын тістерге шина протез жасау қажет.

5. Аурудың түнгі ұйқысының тыныш болуын қадағалап, қажет болса ұйықтататын дәрі беру керек.

Ота алдында бір сағат бұрын қобалжуды басатын әдістер (премедикация) қолданған жөн. Ол үшін кіші транквилизаторлар: андаксин, триоксазин, седуксен қолданған дұрыс.

Ота жасарда оның көлеміне, ауыр-жеңілдігіне қарай жансыздандыру

әдісін белгілейді. Әдетте, ауырған жерді жансыздандыруға 2% новокаин, 2% тримикаин, 1% лидокаин, ал кей жағдайда жалпы жансыздандыру-наркоз қолданылады.

Қазіргі хирургиялық әдістерді үлкен үш топқа бөлуге болады.

I. Ол қызыл иек (гингивальная) хирургиясы;

1. Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау (кюретаж);

2. Қызыл иекті тілу (гингивотомия);

3. Қызыл иекті сылып тастау (гингивоэктомия);

II. Қызыл иек кілегей қабығының (мукогингивальная) хирургиясы;

1. Ауыздықты тілу (френулотомия);

2. Ауыздықты сылып алу (френулоэктомия);

3. Ауыздың кіреберісін жасау (формирования полости рта);

III. Жамау оталары:

1. Қызыл иек кенересін кілегей қабықпен көмкеру;

2. Парадонтты орнына келтіру үшін жасалатын құрақ (жамау) оталары.

Қызыл иек (гингивальная)хирургиясы. Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау (кюретаж).

Тіс-иек, тіс-сүйек қалталарын қасықшамен тазалау қалта тереңдігі 4 мм-ден асқанда қолданылады. Бұл отаны жасайтын арнаулы аспаптар кешені-комплексі медицина заводтарында дайындалады.

Аспаптар құрамына имек ілгіш, көтергіш, астауша (кюретки), түрпі, бұрышты көтергіш тәрізді аспаптар кіреді.

Отаның негізгі мақсаты — патологиялық қызыл иек және тіс-сүйек қалталарын жою. Мұны орындау үшін біріншіден, қызыл иектің үстіңгі және астыңғы жағында жиналған іріңді тұнбаларды қалдырмай алып тастап, екіншіден — бұзылған тіске жиналған тастарды (қақты), жұмсақ түйір еттерді, қызыл иек және тіс-сүйек қалталарына қарай өскен эпителийдің өскінін алып тастау керек (98-сурет). Сонда отадан кейін жарақатты таза ет пен сүйек қана қалады. Сөйтіп, бұл араларға қан келіп, ол ұйығаннан кейін қатты етке айналады да, тіс цементімен біргіп қалталар жоғалады. Алайда мұндай отаны қабыну процессі асқынғанда жасауға болмайды. В. Е. Крешкина 1973 жылы бұл отаның басты негізгі төрт принципін атады. Олар:

1. Ота жасалатын жерді жансыздандыру;

2. 2-3 тіс қалталарын ғана тазалау;

3. Сау ет пен сүйекке аса ұқыпты болып, оларды сақтай білу;

4. Таза сау тіс қалталарына толған қанды іріңді түрлі биологиялық дәрі-дәрмектермен залалсыздандыру.

Бұл отаның мынадай артықшылықтары бар:

а) оңай, б) жеңіл, в) аспаптар жеткілікті; г) аурудан тез арада жазылуға болады.

Қызыл иекті сылу (гингивотомия).Бұл отада қызыл иек қалтасын кесіп алып, тіс айналасын қасықшамен тазалайды. Отаны мынадай

көрсеткіштер бар кезде жасайды: а) тар және терең, біржақты тіс қалтасы болғанда; б) дара, 1-2 тістің парадонтальды іріңді тіс-иек қалталары болғанда. Отаны мына жағдайда жасауға болмайды: кең және терең тіс-иек және тіс-сүйек қалталары болғанда.

Ота жасау әдісі.Тиісті әдістер арқылы ота жасайтын жерді жансыздандырғаннан кейін, тіс өсімен параллельді қызыл иек қалтасын түбіне дейін кеседі. Осыдан кейін сүйек тазалайтын қасықшамен толған грануляцияны — тіс іріңдерін өте ұқыпты түрде тазалау керек. Қалта орнын антисептиктермен жуған соң, кесілген қызыл иекті кетгут жібімен тігеді. Тігісті қорғаныш-байлағышпен қорғайды.

Бұл отаның кемшілігі: а) ота жасаған жер жақсы көрінбейді; б) қызыл иек еттері отадан кейін жетіліп, дұрыс жазылмайды.

Қызыл иекті кесіп алып тастау (гингивоэктомия).Бұл отаның негізгі мақсаты — қызыл иек қалталарын кесіп тастаумен қатар, қасықшамен тіс айналасын тазалау. Отаның екі түрі бар. Ол: қызыл иекті жеңіл кесіп алу және қызыл иекті түбімен кесу.

Жеңіл кесу — тіс-иек қалтасының екі жағынан түбіне дейін кесіп, қызыл иектің іріңді етін алып тастауға арналған ота. Қалталардың тереңдігі бірдей еместігіне байланысты кесу жолы түзу емес, толқын тәріздес болады. Ота жасалатын жерді тиісті әдіспен жансыздандырғаннан кейін, қалталардың екі жағынан түбіне дейін және иектің қызыл іріңді етін кесіп алып тастайды. Тіс-сүйекке және тіс-сүйек қалталарына «соқыр» қыру- кюретаж жасалады. Оның себебі, бұл отада тек тіс-иек қалталары ғана кесіліп алынады. Отаны қорғаныш-таңғыш салумен бітіреді (56-сурет).

 

Сурет-98. Патологиялық қалтаға қыру-кюретаж жасау отасы (жоба)

 

Бұл отаның кемшілігі де өткен екі отадағыдай, бірақ артықшылығы – тіс-иек қалтасын бірден жояды.

Қызыл иекті түбімен сылып тастау.Бұл тәріздес оталардың негізгі мақсаты — тіс-иек, тіс сүйек қалталарын алып тастау және жақ қыры басының тігінен кемуін көлденеңінен кемуге айналдыру.

Жасалу әдісі:ота жасалатын жерді жансыздандырғаннан кейін, тіс өсіне параллель екі тілік тіледі. Бірі-ота жасалатын орынның алдыңғы, екіншісі артқы шекарасынан жасалады. Кесу тереңдігі тіс қалталарының түбіне дейін жетеді. Осыдан соң кесілген жердің төменгі жағын көлденеңінен кесіп қосады. Содан кейін қызыл иектің кілегей қабығын алады. Барлық қалталардың іші-сыртын тазалап, жақ қырының басын бор машинамен алып, тігінен семуді көлденең семуге айналдырады. Отаны қорғаныш-таңғыш салумен бітіреді. Бұл отаның кемшілігі-отадан кейін тістердің мойны ақсиып көрініп, адам сөйлегенде, ас жегенде көзге түсетін косметикалық кемшілік пайда болады.

Ауыздың кілегей қабық құрағын пайдаланып жасайтын операциялар.

 

Сурет-99. Қарапайым гингивоэктомия (жоба)

 

Бұл оталар қызыл иек және тіс-сүйек қалталарын жою үшін, қызыл иек ернеулерін толтырып көмкеру үшін, бұзылған жақ-сүйектің анатомиялық құрылыс өзгерісін қалпына келтіру үшін жасалады. Кілегей қабықтың құрағы (жамауы) екі түрлі болады.

1. Жай құрақ (жамау) — отадан кейін өз орнына қойылады.

2. Жылжымалы құрақ (жамау) —ота кезінде өз орнын алынып жаңа орынға жапсырылады. Біріншісі Цешинский-Видман-Нейман әдісі деп аталады. Бұл отаны бір-бірімен байланыссыз Цешинский 1914 жылы, Видман 1918 жылы, ал Нейман 1929 жылы жасап, баспа сөзде жариялаған. Ота мына жағдайларда жасалады.

Парадонттың қабынуы сүйек және қызыл иек қалталары мен жақ қырының тік семуімен қосылғанда, тіс қозғалуының I-II дәрежесінде, қызыл иектің кемуінде. Ота жасалатын жерді жансыздандырғаннан кейін, тіс өсіне қандауырмен параллель екі тілік жүргізеді.