XV ТА Р АУ 5 страница

Көбінесе ұстама кезінде мимикалық шайнау бұлшықеттерімен қатар, мойын еттері рефлекторлы жиырылуы мүмкін. Ұстаманың алдында (30-35%) парестезия, бет жыбырлау, тісте және жақ сүйектерінде сыздағандай ауыру, жансыздану, гипергидроз, «тіс ұзару», ыстық немесе суық әсері; қышыну, беттің қызаруы тәріздес көріністер пайда болады. Бұлар бірнеше күннен 1,5 айға созылады. Сондықтан осы арада науқастар тіс жұлғызу, басқа стоматологиялық әрекеттер жасатуға стоматологтарды мәжбүр етулері мүмкін. Нақты-объективті белгілердің қатарына Ваилл нүктелерін басқанда пайда болатын ауырсынулар жатады.

Үшкүл жүйкенің II, III тармақтары қосылып ауыруы мүмкін, ал I тармағы бөлек ауырады. Бірінші тармақ невралгиясының нақтамасын-диагнозын қойғанда өте мұқият болу керек. Өйткені онда фронтит, тромбоз, жергілікті қабыну процесстерінің белгілері болуы мүмкін.

Негізінде невралгия тек біржақты болады, кейде екіжақты да кездеседі.

Емі.Емдеу әдістері отасыз-консервативті және хирургиялық болып бөлінеді.

1. Дәрілер арқылы емдеу тәсілдерінде тырысуға қарсы (финлепсин, тегретол, стазепин), антидепресанттар, седативті препараттар, ми қан айналымын күшейтетін, спазмалитиктер, қан тамырларын ұлғайтатын, никотин қышқылы, алоэ т. б. дәрілер қолданылады.

2. Физикалық әдістер: Дарсонвализация, Бернар тогі, электрофорез, иглорефлексотерапия.

Отасыз-консервативтік әдістер нәтиже бермеген жағдайда хирургиялық әдістерді қолданылады.

1. 0,5-1% новокаин немесе тримикаин ерітінділерін нерв шығатын тесіктерге жеткізу арқылы инъекциялық емдеу. Ол үшін 5 мл ерітінді жетісіне 2-3 рет, курсына 15-20 инъекция жасау.

2. Гемоновокаин тежеу-блокадасын жасау. Ол үшін гепаринделген 20

мл шприцпен тамырынан 10 мл қан алып оған 0,5% новокаин ерітіндісін қосады. Осыдан кейін өткізгіштік жансыздандыру тәсілін қолданып ауырған сүйектен шығатын жеріне инъекция арқылы жеткізеді. Жетісіне 2 рет, курсына 5-10 инъекция. Бұл әдіс өте жақсы нәтиже береді.

3. Алкоголизация. 2% новокаин ерітіндісін 80% спирт ерітіндісіне қосып ауырған жүйкені шығатын жерде химиялық әдіспен күйдіру. Ескерте кететін жағдай, бұл әдісте жүйкенің химиялық күйдірген жерінде біртіндеп фиброз тінімен қатар, нерв тіні пайда болады, сондықтан келесі жіберілген дәрілер жүйке өткізгіштігіне әсер етпей ауыру қайталанады.

4. Гидротермиялық деструкция. Бұл әдісті біздің елде бірінші болып Изаков қолданды. Екі рет дистилляция жасалған ыстықтығы 95-100° суды үшкүл жүйкенің жалпы ядросы жатқан Меккель қойнауына, рентген сәулесі арқылы қадағалап, инъекция арқылы жібереді.

5. Қазіргі кезде жүйке шығатын сүйек тесіктерін кеңейту отасы кеңінен қолданылып келеді. Ал жүйке бағанын кесу отасын өте қажет болғанда ғана нейрохирургтер жасайды.

Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан үшкүл жүйке невралгиясы.Бұл невралгия патологиялық процесстердің үшкүл жүйкенің әрбір бөлігіне әсер етуінен пайда болады. Оның орталық жүйке жүйесінде орналасқан үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясынан келесі клиникалық айырмашылықтары бар.

1. Әдетте ауыру сезімі патология орналасқан аймақтан басталады (ісік, қабынған жерде, жарақат т.б.).

2. Үшкүл жүйке тармақтарының бойымен таралатын ауыру сезімі ұстамадан бұрын науқасты көп уақыт өте қажытады.

3. Ауру ұстамасы күшейіп көпке (сағат, тәулік) созылып бірте-бірте баяулайды.

4. Новокаин және спирт-новокаин тежеу-блокадалары аз уақытқа ұстаманы тоқтады, кейін қайта басталады.

5. Аналгетиктер жақсы терапевтік әсерін тигізеді. Ал фенлипсин, тегретол қабылдағанда, олардың нәтижесі аз, кейбір науқастарға ешбір әсер етпейді.

6. Жұмсақ тіндер қозғалмайды және алгогендік (шүріппе) нүктелер жоқ.

7. Тригиминалды синдромның себебін жойғанымен ұстамалы ауыру сезімі тоқталмайды. Бұл жағдайдың мәнісін В, Н. Крижановский (1976) эксперимент арқылы шешті. «Қандай бір невралгияның түрі болмасын ол соңғы кезеңінде себепті түрде орталық жүйке жүйесіне ауысады» деп жазды. Бұл өте қажет тұжырым, өйткені стоматолог өзінің күнделікті жұмысында түсініксіз жағдайға кезігеді. Аурудың себебін, мысалы ауру тісті жұлғанмен, науқас ауыру сезімімен дәрігерге қайта келеді.

Негізгі себебі шеткі жүйке жүйесінде орналасқан үшкүл жүйке жүйесі невралгиясының келесі негізгі түрлері: одонтогенді үшкүл жүйке жүйесі

невралгиясы, тіс плексалгиясы, герпестен кейінгі үшкүл жүйке жүйесі невралгиясы, Гассер түйінінің бұзылуынан болған невралгия, үшкүл жүйке жүйесінің басты тармақтарының невралгиясы.

Одонтогенді үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы.Бұл көбінесе 60-70 жастар аралығындағы әйелдерде кездеседі. Невралгияның басты себептері: тістің қиын жұлынуы (көбінесе «ақыл» тіс); тіс ұясында түбір немесе сүйек жарқыншағьшың қалуы; пульпит, периодонтит; ауыз қуысында гальванизм құбылысы, ауыз қуысының кілегей қабығын зақымдайтын немесе тістесуді бұзатын нашар салған бітемелер-пломбалар мен протездер; парадонтит, гингивит.

Одонтогендік невралгияның негізгі клиникалық белгісі тұрақты ауыру сезімі. Науқас ауыру сезімінің мына түрлеріне шағым жасаулары мүмкін: сыздау, сырқырау, шаншу, қышу. Ауру адамды қатты қинайды.

20 минуттан бірнеше сағатқа тіптен тәулікке созылатын ұстама пайда болады. Ауыру сезімі біртіндеп күшейіп барып басылады.

Ауыр жұмыс, ауа райы, жағымсыз жағдайлар ауыру сезімін қоздырады. Ұстама аралығында аздап сыздап ауыру сезімі қалады.

Емі.Аналгетиктерді транквилизаторлармен қосып тағайындаумен қатар, В және С тобындағы витаминдер, КІ электрофорезі, ұстама кезінде вегетативтік белгілер пайда болуы мүмкін. Ауыру сезімі тек бір жүйке иннервациялайтын аумаққа тарайды. Оны дентальды плексалгия деп 1973 жылы В. А. Гречко енгізді. Көбінесе 30-70 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі.

Этиологиясы. «Ақыл» тістердің қиын жұлынуы, жақ сүйектеріндегі оталар, бір уақытта бірнеше тістердің жұлынуы, бітеме-пломба жасаған заттардың жүйке тіндерін зақымдауы т. б.

Ауыру сезімі тек тістерде немесе олардың орындарында пайда болып, басқа жақтарға таралмайды және үнемі сыздап ауырады, көбінде түнде басылады.

Одонтогенді невралгия мен дентальды плексалгия емдері кешенді. Ауруларды мұқият зерттеп, себеп болған факторларды жояды. Айта кететін жағдай, осыдан кейін ауыру сезімі басылмайды. Сондықтан науқастарға аналгетиктер, антигистаминді препараттар, В витаминдері тағайындалады. Иглорефлексотерапия жақсы нәтиже береді.

Физикалық әдістер ішінен диадинамика тогын, ультрадыбыс, УЖЖ-терапия, УКС, новокаинмен электрофорез тағайындауға болады. Айығу кезінде лаймен емдеу, парафин, озокерит биостимуляторлар (алоэ экстрактісі, шыны тәріздес зат) қолданылады.

Үшкүл жүйке жүйесінің қозғағыш тобының бұзылуы.Бұл аурудың негізгі белгісі салдану, жақтың қарысуы (тризм) болып табылады. Ми бағаны аймағында орналасқан ісік, қан жүйесінің бұзылуы, кене энце-фалиті, күшпен зақымдану салданудың негізгі себептері болып табылады.

Науқастарда шайнау бұлшықеттерінің салдануы ауырған жағында пайда болады. Ауызды ашқанда төменгі жақ ауырған жаққа

қарай жылжиды. Көпке созылған аурудың әсерінен шайнау, самай бұлшықеттері солып, семеді. Оларды көзбен көріп, саусақпен ұстап анықтауға болады. Бұлшықеттердің көлемін сау жағымен салыстырып көрген жөн. Үшкүл жүйке жүйесінің қозғағыш тобының бұзылуы екіжақты болуы ықтимал. Ол кезде төменгі жақ қозғалысы шектеліп, төмен түсіп ауыз жабылмайды. Екіжақты зақымдану үшкүл жүйкенің орталық нейронының ядро үстіндегі жолының бұзылуынан болады. Бұл нейрон орталық мидың алдыңғы қатпарын үшкүл жүйкенің ми өткелінде орналасқан қозғалту ядроларымен қосады. Үшкүл жүйке жүйкесінің қозғалтқыш талшықтарының қоздыру синдромы шайнау және самай бұлшықеттерінің қары-суымен сипатталады. Тризм үшкүл жүйке жүйкесінің невралгиясы қозуының, сіреспенің, құтыру ауруларының белгі-синдромының бірі болып есептеледі. Бірақ көбінесе бұл белгі бет-жақ аймағының бұлшықеттерінің қабынуы және ішкі қанатша еттің жансыздандыру кезіндегі зақымдануынан болады. Бұл уақытта шайнау бұлшықеттері жанды қинап, сіресіп, жиырылады. Төменгі жақтың қозғалуы шектеліп, тістері тістесіп, аурудың тамақтануы, сөйлеуі бұзылады. Ауыздың ұзақ уақыт жабылуына байланысты ауру жүдеп, әлсіреуі мүмкін.

Емді психотерапиялық әңгімеден бастаған жөн. Седативті, бұлшықет релаксанттарын тағайындайды. Ал шайнау бұлшықеттерінің қабынып қарысуында негізгі аурудың емі механо және физиотерапия.

 

15.2. Үшкүл жүйкенің қабынуы (неврит)

Бұл аурудың себептері жарақаттану, жүйке маңындағы тіндердің қабынуы, одонтогендік қабыну, көптеген инфекциялық аурулар, организмнің жалпы улануы және аллергиялық жағдайлар болып есептеледі.

Негізгі клиникалық белгі тұрақты ауыру сезімі үшкүл жүйкенің ауруға шалдыққан тармағының иннервация жасайтын тіндерінде болып, тістерге, қызыл иекке, бет терісіне тарайды.

Нақты-объективті әдістермен тексергенде үшкүл жүйке тармақтарының сезімталдық қасиеті гиперестезия, гипоестезия, анестезия немесе парестезия тәріздес болып табылады.

Емі.Үшкүл жүйкенің невритін емдеу әдістері оның келіп шығуына-этиологиясына байланысты болып, қабынуға қарсы ем бірінші орында тұрады. Сүйек сынығынан не басқа жарақаттанудан пайда болған невриттерді тексерген уақытта олар сүйек арасында қысылып қалғандығын анықтау қажет. Бүл жағдайда жүйкені қысқан сүйектен босатып, басқа заттарды алып тастау қажет.

Егер жүйке үзілсе оны бір-бірімен тігіп жалғастыру қажет. Невриттердің келіп шығуы-этиологиясы жалпы инфекциялық аурулар немесе аллергия, уланудан болса, онда оларға жалпы ем қолдану қажет.

Бет жүйкесінің невриті. Барлық сыртқы жүйке жүйесінің арасында

бұл жүйкенің қабынуы 2-5%-ке дейін кездесіп, көбінесе әйелдер арасында болады.

Этиологиясы мен патогенезі. Топикалық нақтамасы-диагностикасының қойылуына байланысты «бет жүйкесінің невриті» терминінен көрі бет жүйкесінің салдануы (парез, паралич) деген дұрыс. Өйткені жүйке жұмысының бұзылуы тек қабынуға байланысты емес, басқа этиологиялық себептерден де болады.

Неврит жүйке тіндерінің бүтінділігі сақталғанда және олардың зақымдануына байланысты. Жүйке тіндерінің сақталуына байланысты невриттердің себебі инфекция (грипп, ангина), қатты тоңу (мұздау), қанмен қоректенуінің бұзылуы, гипертония, атеросклероз болуы мүмкін. Кейбір жағдайда отит, паратит ауруларының асқынуынан да пайда болады. Бет жүйкесінің салдануы төменгі жақ жүйкесін жансыздандырған кезде кенеттен пайда болуы мүмкін (нейроаллергия тәріздес).

Клиникалық белгілер көрінісі мимика еттері жұмысының өзгеруіне байланысты. Сонымен қатар адам денесіндегі жалпы сезімталдық және вегетативті қан тамырлары жұмыстарының өзгеруі белгілер көрінісі болуы ықтимал. Дәмнің сезімталдығын білдіретін тілдің алдыңғы 2/3 бөлігі бұзылып, көзден жас ағады және т. б. белгілер пайда болады.

Барлық жағдайда мимикалық еттер жұмысының өзгеруі негізгі белгі болып табылады. Кәдімгі жағдайда бет әлпет өзгеріп мимика қозғалысы кезінде ауырған жағына тартылады. Бұл жағдайда бет қатпарлары тегістеліп, ауыз бұрышы төмен түсіп, сілекей ағып, ас алу қиындайды. Ұрттары үрленбейді. Көз шарасы кеңіп (лагофтальм), одан жас ағады да кейінірек көздің мүйізді қабығы құрғап, көру нашарлайды. Бұл айтылған құбылысты білудің блефорорафия отасын жасауда көп маңызы бар. Бірінші және екінші топтардағы қозғалыста блефорорафия жасауға болады, ал үшінші топтағы қозғалыста болмайды.

Құлақ манында және бетте пайда болатын жеңіл ауыру сезімі, гипостезия, гиперестезия, парестезия сезімтал жүйке жүйесі жұмысының бұзылу белгілері болып есептелінеді. Конъюнктиваның қызаруы, бет терісінің әркелкі боялуы, ауыз қуысы кілегей қабығының домбығуы, вегетативті қан жүйесі жұмыстарының бұзылу белгілері жатады.

Емі. Алдымен невритке себеп болған жалпы ауруды емдеу қажет.

Аурудың жедел даму уақытында қабынуға қарсы күресіп, дене қызуын басатын, ауыру сезімін жоятын дәрілер тағайындау керек. В тобындағы витаминдер, 0,015г прозерин тәулігіне үш мезгіл ішу. Немесе 0,05% прозерин ерітіндісін инъекция арқылы тері астына енгізу қажет. Оның сызбасы-схемасы 0,1 мл-бірінші күні, 0,2 мл екінші күні, сөйтіп 1,0 дейін, содан соң дозасын 0,9; 0,8; 0,7; ... 0,1 мл-ге дейін төмендетеді.

Невриттің патогенезді факторларының негізі тін домбығуы болғандықтан дегидротация терапиясын (фуросемид 40 мл) және кортикостероид препараттарын беру қажет. 3-5 күннен бастап физио-терапия тағайындаған жөн, оның ішінде УЖЖ, парафин, ультрадыбыс, йонофарез т. б. физиотерапия қабылдаған жөн, 10-15 күннен кейін маңдай терісін жиыру, қасты көтеру, көз жұму, тісті ақситу, ұртты толтыру сияқты мимикалық еттердің жұмысын жақсартатын емдеу гимнастикасын қолданып, оларға массаж жасау қажет. Иглорефлексотерапия жақсы нәтиже береді.

Егер осы айтылған емдер 3 жылға дейін нәтижесіз болса, онда емші хирургиялық әдістер қолдануға мәжбүр болады. Олар келесі топқа бөлінеді;

1).Кесілген немесе жарақаттанған жүйке ұштарын бір-бірімен, микрохирургиялық құралдарды пайдаланып, тігіп жалғастыру.

2). Невриттің әсерінен төмен түсіп кеткен тіңдерді кинетикалық және статикалық әдістерді қолдану арқылы жоғары көтеріп сүйекке бекіту. М. Э. Ягизаров төмен түскен ауыз жұмсақ тіндерін тәжді өсіндіге асу және самай етін қолдануды ұсынды. Соңғы кезде бұл әдіс кеңінен қолданылып жүр және жақсы нәтиже беруде.

3). Бұл топқа ауырған жүйкенің ұшын басқа (тіласты, диафрагма, қосымша жүйкелер) қозғалтқыш жүйкелерімен тігіп жалғау.

 

15.3. Мимикалық бұлшықеттердің салдануы

Стоматологтың тәжірибесінде бет жүйкесінің әртүрлі зақымдануы жиі кездеседі. Әсіресе оның жарақаттанып зақымдануы, бүтіндігінің бұзылмай зақымдануы жиі байқалады. Нәтижесінде мимикалық бұлшықтердің салдануы мен парезі түрінде қимыл бұзылыстары пайда болады.

Бет жүйкесінің біріншілік невриті (Белл салдануы)ангина, тұмау және т. б. аурулардың нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдайдың ақыры жақсы, 1-3 аптадан соң бұл құбылыс жоғалып кетеді. Жүйке қызметінің бұзылуы ортаңғы құлақтың іріңді қабынуы, арахноидиттің салдарынан дамиды.

Клиникалық көрінісі.Беттің аталған жағында барлық бұлшықеттер қимылсыз қалады. Ерін-ұрт қатпары тегістеліп, ауыздың бұрышы төмен түскен одан сілекей ағып тұрады, беттің табиғи сайлары — әжімдер жойылған, көз саңыауы кеңіген. Бұл құбылыстар — дәм сезудің бұзылуы, көзден үнемі жастың ағып тұруы немесе көздің құрғауы. Кейде парезден бұрын ауыру сезімі болады. Ол көбіне сезімталдықтың жойылуымен ұштасады.

Емі.Негізі күш бет жүйкесі невритін тудыратын негізгі ауруды емдеуте бағытталады. Аурудың бірінші күндері ыстықты және ауыру сезімін басатын (амидопирин, анальгин, ацетилсалицил қышқылы) дәрілер белгіленеді. В тобының витаминдері, антихолинэкстеразалық препараттар: прозерин ішке 0,015 күніне 3 рет, және тері астына 1 мл-0,05% ерітіндісі, 1 мл 1% галатамин ерітіндісі, барлығы 20-30 инъекция және биогенді стимуляторлар белгіленеді.

Аурудың бірінші күндерінде жергілікті құрғақ жылумен, парафин қолданылады. 5-6 күн өткен соң қысқа толқынды диатермия, салицилаттар, кальций хлоридімен гальванизациялауға болады. Жеңіл

массаж, ем-дік денешынықтыру және электростимуляция қолданған жөн.

Ымдау бұлшықеттерінің қайтпайтын тұрақты салдануында хирургиялық ем қолданылады. Ол бұлшықеттердің қызметін қалпына келтіруге және босаңсыған тіндерді статикалық және кинетикалық ұстатуға бағытталады. Зақымданған бұлшықеттерді коллатеральды қанмен қамтамасыз ету үшін зақымданған жүйке ұштарын басқа жүйкемен біріктіріп тігеді (мысалы, қосымша, диафрагмальды немесе тіласты), жүйке-бұлшықеттік пластика, яғни кез келген жүйкені салданған бұлшықетке тігеді және сау бұлшықетті салданған бұлшықетке тігеді.

Қазіргі кезде М.Э. Ягизаров бойынша ымдау бұлшықеттердің салдануы кезінде босаңсыған жұмсақ тіндерді жақ бұтағының тәжді өсіндісіне кинетикалық іліп қою әдісі және бұлшықеттік пластика қолданады. Бұлшықет пластикасында шайнау бұлшықетін төменгі жаққа бекіген жерінен ажыратып, аяқша тәрізді етіп ауыздың босаңсыған бұрышына тігеді немесе барлық шайнау бұлшықеттерін бекіген жерінен кесіп алып ауыз бұрышы аймағына орын ауыстырады (П. В. Наумов).

Ауыз бұрышының миопластикасы үшін төс-бұғана-емізікше және самай бұлшықеттерін қолданады.

Көз саңылауын (лагофтальм) азайту үшін жоғарғы және төменгі қабақтың латеральды бөліктері тігіледі. Сонымен бірге склероблефарорафия отасы жасалады (М. Э. Ягизаров).

Тұжырым:Қазіргі кездегі көзқарас бойынша үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы көпэтиологиялық болып есептеледі. Көптеген ғалымдар этиологиялық факторлардың көбісін жүйке шығатын сүйек көзінің тарылуынан деп есептейді, Өйткені үшкүл жүйкенің екінші тармағында кездесетін невралгия ауруларының ішінде 31% көзасты тесігінің тарылуынан пайда болған, ал үшкүл жүйкенің үшінші тармағының невралгиясында 0,25% төменгі жақ өзегінің тарылуы-стенозы байқалған. Кейбір жағдайда ұстамалы ауыру белгілі біртригерлік немесе алгогендікдеп аталатын аймақты қоздырғанда пайда болады. Бұл аймақты «шүріппе аймағы» деп те атайды. Олар бет, терісінде, ауыз қуысының кілегей қабығында, тіптен тістерде де орналасуы ықтимал. Бұл нүктелерді сәл ғана сипаса, тіптен аздап жел тисе болғаны ауру ұстамасы басталып кетеді. Сол себептен ұстама кезінде бұл науқастар сөйлей алмай, ауру қоздыратын нүктені тек саусақпен нұсқап көрсетеді. Үшкүл жүйкенің II, III тармақтары қосылып ауыруы мүмкін, ал I тар-мағы бөлек ауырады. Бірінші тармақ невралгиясының нақтамасын-диаг-нозын қойғанда өте мұқият болу керек. Өйткені онда фронтит, тромбоз, жергілікті қабыну процесстерінің белгілері болуы мүмкін. Негізі күш бет жүйкесі невритін тудыратын негізгі ауруды емдеуте бағытталады. Аурудың бірінші күндері ыстықты және ауыру сезімін басатын (амидопирин, анальгин, ацетилсалицил қышқылы) дәрілер белгіленеді. В тобының витаминдері, антихолинэкстеразалық препараттар: прозерин ішке 0,015 күніне 3 рет, және тері астына 1 мл-0,05% ерітіндісі, 1 мл 1% галатамин ерітіндісі, барлығы 20-30 инъекция және биогенді стимуляторлар белгіленеді.

Аурудың бірінші күндерінде жергілікті құрғақ жылумен, парафин қолданылады. 5-6 күн өткен соң қысқа толқынды диатермия, салицилаттар, кальций хлоридімен гальванизациялауға болады. Жеңіл массаж, ем-дік денешынықтыру және электростимуляция қолданған жөн.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. Бет-жақ аймағында кездесетін ......... нейро-стоматологиялық

аурулар деп атайды.

А) жүйке жүйесі ауруларын

Б) бас ауруларын

В) желке ауруларын

Г) жамбас ауруларын

Д) самай ауруларын

2. жүйке жүйесі ауруларын зерттейтін медицина ғылымының саласын

.................. деп атайды.

А) нейростоматология

Б) психология

В) психиатария

Г) гематология

Д) урология

3. Жүйке жүйелері ауруларынан пайда болатын беттің ауыруын........

деп атайды.

А) прозопалгия

Б) соматоалгия

В) симпатоалгия

Г) нейростоматология

Д) паразитология

4. В.Е.Гречко (1990) барлық нейростоматологиялық аурулармен

белгілерді-синдромдарды, физиологиялық принципті негіз ете

отырып ...... бөледі.

А) 6 топқа

Б) 5 топқа

В) 4 топқа

Г) 3 топқа

Д) 7 топқа

5. Көзқарас бойынша үшкүл жүйке жүйесінің невралгиясы

........ болып

есептеледі.

А) көпэтиологиялық

Б) бір этиологиялық

В) этиологиялық жағдайларға жатпайды

Г) зат алмасудың күшеюі

Д) зат алмасудың азаюы

6. Үшкүл жүйке жүйесі невралогиясының негізі..... бұзылуынан болады.

А) афференттік, анималдық, вегетативтік жүйке тіндерінің

Б) шеткі, артқы, жанама жүйке тіндерінің

В) вегетативтік, орталық жүйке тіндерінің

Г) анималдық, шеткі, алдыңғы, орталық жүйке тіндерінің

Д) афференттік, орталық, жанама жүйке тіндерінің

7. В. А. Карлов (1991 ж.) жүйке жүйесінің невралгиясын

компрессиялы ....... деп атайды.

А)радикулоневропатия

Б) гепатология

В) этиологиялық жағдайларға жатпайды

Г) шеткі, артқы, жанама жүйке тіндерінің

Д) афференттік, анималдық, вегетативтік жүйке тіндерінің

8.невралгияны келесі ....... топтарға бөледі:

А) эссенциалды, идиопатиялы, таға тәрізді, әдеттегі және

симптоматикалық.;

Б) таға тәрізді, еңбекке жарамсыз, әдеттегі

В) симптоматикалық, ауыру сезімі айтарлықтай емес, таға тәрізді

Г) идиопатиялық, еңбекке жарамсыз, ауыру сезімі айтарлықтай емес

Д) эссенциалды, таға тәрізді, әдеттегі

9. В.Е.Гречко үшкүл жүйе жүйесінің невралгиясын ....... топқа

бөледі:

А) негізгі екі

Б) негізгі үш

В) негізгі төрт

Г) негізгі бес

Д) негізгі жеті

10. В.Е.Гречко үшкүл жүйе жүйесінің невралгиясын ...... топқа